Жүргізуші



Дата20.06.2018
өлшемі19,66 Kb.
#43708
Жүргізуші: – Біздің студиямызда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты – Фазылжан Анар ханым. Енді жиі қолданылатын, алайда қате болып жататын тағы бір-екі мысал қарастырсақ. Соның бірі "сексен екі жастағы" я болмаса "сексен екі жасар", "алпыс екі жастағы" - "алпыс екі жасар" деп айтып жатамыз. Қайсысы дұрыс негізі?

Анар ханым: – Сіз өзіңіз айтып отырғанда, Самат, "сексен екі жасар", "алпыс екі жасар" дегенде біраз ойланып қалған жоқсыз ба? Өйткені үлкен кісіге қатысты, жасы үлкен адамға қатысты, енді "жасар" деген форма әдетте қолданылмайды қазақта. Әдетте, "жасар" деп балалалық шақтағы, жасы кішкентай балаларға айтылады. Мысалы, бес жасар, төрт жасар, үш жасар, екі жасар бала деп айтып жатады. "Жасар" деген сөзден кейін міндетті түрде "бала" деген сөзді айтқың келіп тұрады. Ал, үлкен кісілерге қатысты, жасы үлкен адамдарды, енді "сексен екі жастағы", "сексен екі жасқа толған", "жасы сексен екіге келген" деген қазақи қолданыстар бар. Сондықтан осы "жасарды" балаға қатысты ғана айту керек.

Жүргізуші: – Кей жағдайда, "бару керекпіз" дейміз, "баруымыз керек" дейміз қайсысы дұрыс осының?

Анар ханым: – Біздің "дұрыс сөйлейік" деп үйретіп отырғандағы мынау нормалар бұл ауызша сөзге қатысты. Енді қайта-қайта қайталап айта берем, себебі сөйлеп тұрған кезде ресми қарым-қатынас пен бейресми қарым-қатынасты жақсы ажырата білу керек және соған қарай қолданыстарды да дұрыс таңдай аласыз сол кезде. Мынау "барeымыз керек" деген ол қазақ тілінің нормасына сәйкес келеді. Нормасы бойынша біз "баруымыз керек" деп қолдану керек, "мен баруым керек" деп. Енді мына жерде "менің баруым керек", "біздің баруымыз керек" деседе артық болмайды. Бұл жерде тәуелдікті қажет етіп тұрады өзі бұл форма. Ал, енді "мен бару керекпін", "біз бару керекпіз" деген қолданыс, мынау бейресми тұрмыстық қарым-қатынаста жиі естіліп қалып жатады. Ондай кезде біз енді "Сіз олай айтпаңыз, бұл дұрыс емес" деп айта алмаймыз. Себебі бейресми қарым-қатынастағы ауызша тіл мынау жазба тілдің жүйесінен мүлде бөлек. Ол әртүрлі жағдаятқа қарай өзі әртүрлі формаға құбыла береді. Өзі әрбір форманың қолданатын негізгі мақсаты болады. Бірақ ауызша тұрмыстық қарым-қатынаста ол мақсаттан бөлек мақсатты көздеп, бөлек мазмұн алып кетіп жатады. Дегенменде егер сіз осы ауызша қарым-қатынастың ресми түрінде белгілі бір жанрында, стилінде, кітаби стилдердің бірінде яғни ғылыми стилде, публицистикалық, көркем әдебиет стилінде ауызша түрде сөйлеп тұрсаңыз сіз әдеби тілдің нормасына сәйкес, қазақ тілінің грамматикалық нормасына сәйкес "баруымыз керек" деп айтуыңыз керек.

Жүргізуші: – "Отырықшы салтты ұстанған", болмаса, "көшпелі салтты ұстанған" дейді, кейді "көшпелі" дегенді "көшпенді салтты ұстанған" деп жатады. Қайсысы дұрыс негізі?



Анар ханым: – Кейде "көшпенді" демейді "әдетте көшпенді" дейді. "Көшпелі" деп кейде ғана айтып жатады. Бәлкім, сіз енді байқамай қалған шығарсыз. Себебі қазақ тілінде "отырықшылыққа" қарама-қарсы қойылып жүрген "көшпенді мәдениеті" бар ғой енді. Сол мәдениетті атайтын сөз сол "көшпендінің" өзі ғана, "көшпелі мәдениет" деуге тіпті аузым бармай отыр. "Көшпелі" деген сөз қазақ тілінің нормасына сәйкес жасалған, нормасына сәйкес келеді, жүйе бойынша жасалған. Алайда, біз айттық қой, тілде қалыптасқан дәстүрдің бәрі жүйеге сәйкес келе бермейді. Ішінара бейлогикалық қолданыстар болады. Бірақ ол бейлогикалық болғанымен ол әбден сіңісіп, дәстүрге айналып кеткен қолданыстар болады. Сондықтан "көшпенді", "қазақ көшпенді халық", "көшпенді мәдениет", ал "көшпелі" болса қазіргі кезде енді "көшпелі вагондар" деген сияқты қолданыстарға ол сөздің де ретін тауып, оған да белгілі бір жүк арқалатып қоюға болады. Ал енді мәдениетімізге қатысты айтатын болсақ ол "көшпенді", "отырықшыға" қарсы қойылатын осы бір мәдениетті "көшпенді" дейді.

Жүргізуші: – Қалай ойлайсыз "америкалық", "американдық" деп жатамыз, я болмаса "итальяндық", "италиялық" деп жатамыз. Қалай айтқан дұрыс негізі?

Анар ханым: – "Америкалық", "италиялық" дұрыс. Ал енді арасындағы "н" дыбысы қосылып кеткен "американдық", "итальяндық" деген қолданыстар бұл орыс тіліндегі сындырылған сөзді тура қазақша алу. Орыс тілінде бұларды "интерфикс" дейді. Яғни "аралық сынама дыбыс" дейді. Олар, мысалы, "американский" дейді "америкаский" демейді, ол жерге апарып "н" жалғайды. "Итальяский" демейді "итальянский" деп "н-ды" жалғайды. "ский" деген сын есім жасайтын жұрнақтың алдына интерфикс қолданылады. Біз соны дәл солай аударып "американдық", "итальяндық" де айтып жатамыз кейде, бұл қате, қате. Таза қазақша сол түбірге апарып сын есімдік жұрнақты жалғау керек. "Америкалық", "италиялық" деп.

Жүргізуші: – "Күлкілі" я болмаса "күлкінішті" деген сөздер, қайсысы дұрыс?

Анар ханым: – Өте қызық сұрақ, бұл бала тілімен байланысты. Мынау "қорқынышты" деген сөздің жасалу формасына ұқсатып, көбіне балалар "күлкінішті" деп қолданады. Дәл сондай бала тілінен ересек тіліне көшкен қолданыстар бар. Соның бірі осы "күлкінішті". Осыған тағы мысалдар келтіретін болсақ, онда мынау "қуыспақ" деп айтып жатады. Ол "қуаласпақ" болу керек. "Тығылспақ" дегенді "тығылмақ" деп айтып жатады. Ал тілде ол ойынның аты бекітілген, бәріне белгілі нормадағы нұсқасы "қуаласпақ", "тығылыспақ". Дәл сол сияқты "күлкілі" болу керек. "Күлкінішті" емес. "Күлкінішіті" енді бала тілінен ересектің тіліне көшіп, қазір ауызша сөзде қате қолданыс ретінде жүр.

Жүргізуші: – Дұрыс айтасыз, Анар ханым. Біз бағдарлама барысында, құрметті тыңдармандар, біраз сөз үйрендік деп ойлаймын. "Сексен екі жасар" емес "сексен екі жастағы" деп айтуымыз керек. "Бару керекпіз" емес "баруымыз керек", я болмаса "көшпелі" емес "көшпенді", я болмаса "американдық" емес "америкалық", "итальяндық" емес "италиялық". Осындай мәліметтерге қанық болдық. Көп рақмет сізге Анар ханым!

Басқа да подкасттарды тыңдау үшін Мемлекеттік тіл порталы tilgov.kz сайтынан тыңдай аласыздар. Сұрақтарыңыз болса, info@kitap.kz почтасына жолдай аласыздар.
Каталог: static -> electronic book -> text80
text80 -> 56. Көркем әдебиет стилінің ауызша формасы Жүргізуші: Сіздер «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 30. Уәжcіз ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 6. Ауызша сөз нормаларын қайдан білеміз? Жүргізуші: «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 11. Сөз ағымы бірліктері Жүргізуші: Бұл «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 29. Уәжді ауытқулар Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 73. Грамматикалық қателер Жүргізуші
text80 -> 23. Бата беру Жүргізуші. Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»
text80 -> 72. Сөздерді дұрыс айтпау Жүргізуші: Қадірменді тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 64. Дайындықсыз ауызша сөздегі қателер Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік!»
text80 -> 41. Ауызша сөздің үлкен 2 типі: дайындықты және дайындықсыз Жүргізуші: Құрметті тыңдармандар, бұл – «Дұрыс сөйлейік»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет