Жұрт жүрген баламын мақтап, Тақпақты аламын мен жаттап



бет8/20
Дата07.02.2022
өлшемі5,44 Mb.
#82271
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
жумыс!!!!!

«Балықтар сөйлейді»
Көрдім мен байқап
Еріндерді тақап
Балықтар сөйлейді
Ешкім бірақ сенбейді.
Сипаттама: еріндерді бір-біріне жақындатып, тарсылдату.



«Өкпелі ат»
Мініп едім атқа
Өкпелеп қапты қасқа,
Ешкімге жүрмейді
Атамнан басқа.
Сипаттама: дем шығарып ауа ағысын еріндерге жіберіп, еріндерді дірілдету.


«Атжалман» (хомяк)
Беттерімді үрлеп
Атжалман болдым
Танымады ешкім
Ұқсамадым бәлкім
Сипаттама:Екі бетті қатар, кейін бір-бірден үрлеу.

«Балапан»
Көрінді балапан,
Жүреді батпандап
Аузымды ашамын,
Балапан боламын .
Сиапаттама: ауызды кең ашу, еріндер күлімсірейді, жалпақ тілді ауыз қуысында босаңсыту, тілдің тарылмауын және тілдің ұшының төменгі тістерге тиіп тұруын қадағалау.

«Маймыл»
Болдым мен маймыл,
Жасадым қызық қимыл
Еріннің артына оңай,
Кетті тілім бұлай!
Сипаттама: жоғарғы ернінің артына тілді жіберіп, ұстап тұру.

«Жылан»
Айналды тілім жыланға,
Оңай жаттығу, сен де жаса,
Тілді бұр алға, артқа,
Жаттығуды орында.
Сипаттама: ауызды кең ашу, жіңішке тілді алға шығарып, артқа ауыз қуысына кіргізу.

«Мылтық»
Ойыншықтар ішінде мылтық ,
Бәрінен артық,
Себебі мен қолғанат,
Отан қорғайтын азамат.
Сипаттама: ауызды кең ашу, еріндер күлімсірейді. тілдің қырлары жоғарғы тістің қырларына тиеді.Тілдің ұшымен таңдайға «д-д-д» деп тигізіп, төменгі жақтың қозғалмауын қадағалау керек.Дем алғанда ауа ағысы сезілуі тиіс. Осы жатғығулардан кейін «ды-ды-ды» деп айтқызу қажет. Тек қана тіл жұмыс істейді. Ауа ағысын қадағалау үшін ауызға қағаз жақындатып қояды. Жаттығуды дұрыс орындаған кезде қағаз қозғалады.



«Дөнгелек.»
Тілмен саламын доңгелек,
Салуға ептілік керек,
Тілді бұрдым оңға-солға
Дөнгелетіп тарттым артқа.
Сипаттама:ауыз қуысы жабық, тілмен дөнегелек салу.

«Құймақ»
Әжем құйды құймақ
Тілді үйіріп ақ,
Дәмі қандай,
Тәп-тәтті – ақ.
Сипаттама: ауызды кең ашу, еріндер күлімсірейді, жалпақ тілді төменгі еріндерге қою, 5-10 дейін санап осы қалыпта ұстап тұру. «Құймақты» (тілді) ақырын тістеуге болады.



«Ет тартқыш»
Әкем әкелді бір құралды,
Анам оны қолға алды,
Ас үйде ет ұсатты,
Диерменге оны ұқсаттым.
Сипаттама: тілді ұшынан ортансына дейін тістеу керек. Тестеу кезінде еріндер күлімсіреген күйде. Тілге тістер арқылы массаж жасау. Тістегеннен кейін тілді тіспен қасу.

«Акула»
Акула мұхиттитта
Бізден әрине алыста,
Жоғары-төмен аузымды аштым,
Өзімді акулаға ұқсаттым.
Сипаттама: «Бір» дегенде жақ төмен түседі, «екі» дегенде жақ оңға бұрылады, «үш» дегенде жақ орнына түседі, «төрт» дегенде жақ солға бұрылады, «бес» дегенде жақты төмен түсіреді, «алты» дегенде алға шығады, « жеті» дегенде жақ ыңғайлы қалыпқа келтіру. Жаттығуды байыппен орындап, жақты кенет бұрмау қажет.





«Маймыл -2»
Хайуанатта маймыл,
Жасады неше түрлі қимыл,
Аузы ашылып қалған,
Сәлем берді маған.
Сипаттама: жақ төмен түседі, тілмен иіккедейін жеткізу керек.

«Тоқаш»
Тоқаш тәтті нан
Дәмі кетпес ауыздан.
Сипаттама: еріндерді дөңгелектеу (сыбырлып «о» дыбысын дыбыстау) және алға қарай шығару. Күш салмай еріндермен ғана жаттығуды орындау. Ауыз ашық, тек төменгі жақ алға жылжымауы қажет.



«Кәмпит»
Біз бардық қонаққа,
Әжемнен басқа
Інім ерді қасыма,
Кәмпиттер бердік сыйлыққа.
Сипаттама: күш салып бір бетті, кейін екінші бетті кезек-кезек үрлеу.

«Тәтті тосап»
Қайнатты апам тосап,
Қант пен алманы қосып,
Қарындасым кішкентай
Қайнағанын отыр тосып.
Сипаттама: жалпақ тілмен жоғарғы ерін мен төменгі еріндегі «тосапты » жалап ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау.



«Шар»
Қызыл, жасыл ұшты шарлар,
Жақсы көңіл-күй сыйлар,
Ұшқанда шарлар,
Қуанды балалар.
Сипаттама: ауыз қуысына ауа толтырып, шығару.
«Парашют»
Десантшы ағам,
Парашютпен секірген,
Ұқсап ағама,
Жауынгер болам мен.
Сипаттама: тілдің ұшына мақта қою, жалпақ тілді «кесе» қалпында мақтаны жоғарға ұшыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет