К. Д. Ушинкий былай деген екен: Оқушының ақыл-ой еңбегі, оқудағы жетістіктері мен сәтсіздіктері-оның ішкі жан-дүниесінің айнасы. Оқушы жаңалықты біліп, меңгеріп қана қоймай, өз әрекеті үшін уайымдайды, қолынан кел



Дата12.03.2018
өлшемі127,49 Kb.
#38734
Талдықорған қаласы №12орта

мектеп- гимназиясының қазақ

тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Қабылқызы Сымбат

Оқыту үрдісінде жетістікке жету мотивацияларын

дамытуға жағдаяттар туғызу.


Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Білім берудің басты өлшемі-білім мен білік алған кез-келген азамат әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады»деген болатын. Бүгінгі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор. Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.

Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім ең алдымен оқушының өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениеттің үйлесуіне апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтерін пайдалы іске асыра алатындай дәрежеде ойланулары керек.

Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге жан - жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр. Біз еліміздің болашағы үшін қандай оқушы дайындаудамыз?

К.Д. Ушинкий былай деген екен: «Оқушының ақыл-ой еңбегі, оқудағы жетістіктері мен сәтсіздіктері-оның ішкі жан-дүниесінің айнасы. Оқушы жаңалықты біліп, меңгеріп қана қоймай, өз әрекеті үшін уайымдайды, қолынан келетін және келмейтін әрекеттерге өзіндік көзқарасын білдіреді».

Бұндай жеке тұлға қалыптастыру барысында біз қандай сұрақтарды басшылыққа алу керекпіз?
***Оқушыларды сабаққа қалай қызықтыруға болады?

***Жетістікке жету мотивацияларының рөлі қандай?

***Жетістікке жету мақсатында жағдаяттар туғызу тәсілдерін білеміз бе?

*** Білсек, оны іс-тәжірибеде жиі пайдаланамыз ба?


Оқушылардың оқу үлгеріміне ең көп әсер ететін фактор-оқу мотивациясы.
Оқу мотивациясы- (латын тілінен ‘moveo’-қозғалтамын)-белсенді әрекет жасауға итермелейтін ішкі қозғалтқыш күш. Менің түсінігімше, бұл қазақша шабыт сөзімен мәндес келетін сияқты.

Жетістікке жетудің негізгі бағыты-білім беру үрдісін адамгершілікке негіздеу. Бұл бағыт сыйластыққа, оқушының сеніміне, мектеп өміріндегі іс-әрекет мазмұнына, қарым-қатынасқа да өз әсерін тигізеді.

Келесі бағыты-ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. Білімнің қайнар көзі-ұстаз болса, ал жетістіктің көрсеткіші-оқушылардың жауапкершілігі мен тәртібі. Мұғалімнің негізгі бағдары-оқушыға беретін білім көлемі.

Оқушы мен ұстаз арасындағы ынтымақтастықтың жемісі-қуанышты көңіл күй арқылы білінеді. Қуанышты кезеңді күту-баланың өмірі мен іс-әрекетіне сіңіп қалыптасуы керек. Себебі, қунышты кезді күту-баланың алдыға жылжуына, дамуына ықпал етеді. Нәтижені күту болмаса-шығармашыл тұлға да жоқ. Қуаныш өз-өзінен келмейді. Оның негізгі көзі-жетістік. Міндетті және үздіксіз жетістікке жету-адамды қанаттандырады.

Оқытудағы жетістік-оқушының кездескен қиыншылықтарды жеңу жолында туындаған энергия мен білімге деген құлшынысының көрінісі. Балаға деген жылы жүрек, оны жеке тұлға ретінде қабылдау-ынтымақтастықтың туындауына,ең негізгісі-оқу үрдісінде жетістіктерге жетуге түрткі болады. Жетістікке жету мотивациясын дамыту жағдаяттарын көбіне оқуда бір қиыншылықтар туындайтын оқушылар қажет етеді. Соған байланысты оларға еш қиындықсыз шеше алатын тапсырмалар беру керек, орындаған соң ауызша мадақтау, жақсы сөздер оның өзіне және өз күшіне деген сенімін арттырады. Алған бағасына сай болуға талпынады. Оқушының оқу мотивациясына тиімді әсер бергіңіз келсе, мына кеңестерге құлақ түріңіз:
1.Жағымсыз көзқарас тудырмаңыз, жиі күліп жүріңіз, жеңіл әзілдер қолданыңыз.

2. Оқушыларыңызға кеңпейілділік танытыңыз.

3. Оқушыға лақап ат қоймаңыз.

4. Өзге оқушылармен салыстырмаңыз.

5. Оқушының іс-әрекетін елеусіз қалдырмаңыз, қойған бағаның әділдігін дәлелдеп беріңіз.

6. Балалар үшін өзіңіз сөйлемеңіз, диалогқа шақырыңыз, өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріңіз.

6. Ренішіңізді барлық оқушылардың алдында көрсетпеңіз, қорқытпаңыз.
Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін алатын болсақ:

Абайдың "Қыс" өлеңін мәнерлеп балаларға оқытып, жаттап алуларын талап ету. Біздің жоспар бойынша бұл тақырыпты бағалау бағыттары:

1. Оқушылармен біріккен-диалогтық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін, осы өлең мазмұнын түсініп, меңгеріп, каншалықты меңгергендіктерін тексеріп "Мазмұнына қарай сурет сал" тренингін өткізу. Әрбір бала суретті салып, әрі әңгімелеп береді, осы суреті және әңгімесіне қарап бағалар қойылады.

2. Белсенді оқыту әдісі ретінде Абай Құнанбаевтың ерекше бақылағыштық қасиетін мысал ретінде айта кетіп, окушылардың зейінін шоғырландыру қажет. Мысалы, қыс мезгілін үлкен ақ киімді шалға теңеу.

3. Оқушылардың пәнге деген жағымды мотивациясын қалыптастыру үшін "Шағын - сұрақтар" тренингісін өткізу, яғни шеңбер жасай отырып, ортаға үш оқушы шығады. Үшеуіне үш әлеуметтік рөл беріледі, таңдап алады (Аяз ата, боран, қар). Басқа қатысушы-оқушылар бір сұрақты барлығына қояды. Сұрақ аяқталғаннан кейін 3 секундтан соң, әр бала өзінің рөліне тиісті сұраққа жауап берулері тиіс.

4. Жауап бергенде сөйлем көлемі, сөйлемдегі сөздер саны шақталып бағаланады. Уақытты қатаң қадағалап отырады.


Тақырып: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен олардың әріптері.

Мәтін бойынша жұмыс.

1. Біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет орнату үшін, "Әріптер әлеміне саяхат" тренингісін өткізу. Жуан, дауысты дыбыстарды бөліп беремін немесе әрбір әріпті балалар өз аттарына сәйкес таңдайды да,ортаға шығып өздерін сипаттайды. Әріпті көп атаған және өзінің әрпін қиын жасырған балалар еңбектері бағаланады.

2. Белсенді оқыту ретінде "Қатесін тап!" деген миға шабуыл жатттығуын ұсынуға болады, яғни тақтаға бірнеше жуан, жіңішке дауыстылардың қатысуымен сөздер жазылады. Балалар қателерін өңдеулері тиіс.

3. Оқуға ынталарын дамыту мақсатында жуан, жіңішке дыбыстарды қосып, яғни үш мазмұны алыс сөздер беріледі де, сол сөздерден сөйлем құраулары тиіс. Кімнің сөйлемі мазмұнды, мәнді болатын болса, сол баланың білімі ерекше аталып бағаланады.
Тақырып: Зат есім. Етістік.

1. Біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет орнату үшін, осы екі тақырыптан алған білімдерін тексеру мақсатында "Көлеңке" тренингісі өткізіледі. Яғни, шеңбер ортасына бір бала "жолаушы, екінші бала оның "көлеңкесі" болып шығады. Жолаушының артынан 2-3 қадам кейінірек оның көлеңкесі жүріп отырады. Соңғысы, яғни көлеңке жолаушының бүкіл қимылдарын (билеу, гүл теру, отыру, аяғын бүгу т.б.) айна-қатесіз қайталауы қажет.

Қалған балалар не қимылдар екенін жазып отырады да, зат есім, етістіктерді сызып белгілейді.

2. Белсенді оқу әдісі ретінде "Суретті жұмбақтар" ойыны өткізіледі. Яғни балаларға түрлі заттар бейнеленген суреттер таратылады (алма, гүл, саңырауқұлақ, бала, құс, шөп т.б.).

Олардың негізгі міндеті: осы зат есімді білдіретін сөздерге етістікті дұрыс тауып, сөз тіркестерін жасау.

Мысалы: шөп жинау, доп тепті, алма теремін, саңырауқұлақ өсіру .

Қазақ тілі пәніне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатының тәрбие сағаты ретіңде "Зат есімнің жекеше және көпше түрі тақырыбын меңгерту үшін "Кім дегеніміз кім", "Не дегеніміз не? ойынын өткізу.

Балалармен бірге зат есім туралы ережелерді еске түсіру және мысалдар келтіру. Және кейбір сөздерді белгілі бір нақты белгі сипаттарына қарай топтарға, кластарға жинақтап бөлуге болатындығын еске түсіру.

Балалардьщ қандай топтарды (жабайы және үй жануарлары, жемістер, көкөністер, ағаштар т.б.) білетіндігін анықтау.

Оқушылар барлығы шеңбер жасай тұрады. Ойынды жүргізуші ортаға шығып, ойын шартын түсіндіреді. Яғни, жүргізуші кез-келген балаға допты лақтырады. Ол бала ағаштар тобына жататын немесе ойыншықтар тобына кіретін заттарды, жануарларды допты кері лақтыра отырып атауы тиіс. Кім көп сөз атаса сол баланың жауабы жоғары, ал түк атамаған бала жауабы төмен бағалармен бағаланады.

Алдыңғы сабақтың рефлексиясы: өткен қазақ тілі сабағында нендей тақырып өткендігін еске түсіру "Етістік" тақырыбы. Келесі тәрбиелік сағатының тақырыбы - "Дара және күрделі етістіктер". Бұл тақырыпты бекіту үшін алдымен етістіктің өзін еске түсіру. Етістіктің дара, күрделі болып бөлінетіндігін айта кету, мысалдар келтіру. Балалардың өздері мысалдар келтіргені жөн. Енді осы дара, күрделі етістіктер түрлерін меңгеру мақсатында "Суретті жұмбақтар" ойыны өткізіледі.

Ойын мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, тілінің дамуын, қимылдарының ептілігінің қалыптастыру.

Мұғалім столында үлкен қорапта көптеген кішкентай түрлі жайттар бейнеленген суреттер жатады. Балалар кезекпен шығып, тақта алдында сол алған суреттерін қимылмен көрсетеді. Қалған балалар заттың жауабын атаулары тиіс. Дұрыс атаған бала тақтаға ойынды жүргізуші ретінде шығады. Аса белсенділік танытқан балалар еңбегі ескеріледі. Оқыту мотивациясына түрткі болуға жаңа технологиялардың, соның ішінде СТО ,ЖИГСО, Инсерт, еркін жазу , Т кестесі, Қос жазба күнделігін толтыру әдістері көмектеседі деп ойлаймын.

Талдықорған қаласы №12орта

мектеп- гимназиясының қазақ

тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Қабылқызы Сымбат
Өз мотивацияңызды сынап көріңіз...
Жас ұрпаққа сапалы білім беру үшін ерінбей еңбектену керектігі айдан анық. Сапалы білім беруде оқушының қызығушылығын ояту-басты мақсаттардың бірі. Қазіргі заман тілімен айтқанда оқушының оқу мотивациясын арттыру. Оқу мотивациясы- (латын тілінен ‘moveo’-қозғалтамын)-белсенді әрекет жасауға итермелейтін ішкі қозғалтқыш күш. Менің түсінігімше, бұл қазақша шабыт сөзімен мәндес келетін сияқты.Яғни, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығын арттырып,шабытын , қызығушылығын ояту. Әр ұстаз өз білімін үнемі ұштап, өз мотивациясын жетілдіріп отырса, өзі де , шәкірті де жетістіктерге жетіп, биіктен көрінері хақ. Оқушының оқу үрдісінде жетістікке жету мотивациясын жетілдіру жұмысына кіріспес бұрын өздеріңізге сын көзбен қарап, өзіңізді сынақтан өткізіп алсаңыздар дұрыс болар деп ойлаймын.
Енді сіздерге Т. Элерстің жетістікке жету мотивациясын зерттеу әдістемесін ұсынамын.

Нұсқау: Қазір сіздерге 41 сұрақ беріледі, оның әрқайсысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап берулеріңіз қажет.


Мақсаты: тұлғаның жетістікке жетуге деген құлшынысын анықтау.

Егер сізге екі жауаптың бірін таңдау керек болса, көп уақыт өткізбей бірден шешім қабылдайсыз ба?

Өзіңізге берілген тапсырманы 100% орындай алмаған жағдайда қобалжисыз ба?

Сіз жұмысты бастар кезде бәрін алдын ала жоспарлап аласыз ба?

Қиын жағдай пайда болған кезде, сіз үнемі соңғы жауаптардың бірін қабылдайсыз ба?

Екі күндей ешқандай жұмыссыз жүрсеңіз, үшінші күні мазаңыз кете бастай ма?

Кей кездері сіздің жетістіктеріңіз ойлағаныңыздан төмен бола ма?

Өзгелерге қарағанда, сіз өзіңізге қаталырақ қарайсыз ба?

Сіз басқаларға қарағанда қайырымдысыз ба?

Кейбір қиын тапсырмалардан бас тартқан кезде, сіз «Бәлкім сол тапсырмалардан мен белгілі бір жетістікке жетер едім» деп ойланасыз ба?

Жұмыс жасаған кезде сіз түрлі демалысты қажет етесіз бе?

«Талпыныс»- сіздің мінезіңіздегі басты қасиет пе?

Сіз үнемі еңбегіңіздің жетістігін көресіз бе? бірдей бола ма?

Өзіңіздің жұмыстарыңыздан гөрі басқа жұмыстар сізді әлдеқайда қызықтырады ма?

Сізді мақтағаннан гөрі, өз еңбегіңізбен биіктегенді қалайсыз ба?

Әріптестеріңіз сізді іскер адам деп есептей ме?

Кейбір қиындықтар сіздің жауабыңызды нақтыландыра түсе ме?

Сіздің бойыңызда шыншылдық қасиеті басым ба?

Сіздің демалыссыз жұмыс жасағаныңыз білініп тұра ма?

Жұмыс жасаған кезде өзгелердің көмегіне сүйенесіз бе?

Сіз кей кезде қазір жасау керек жұмысты кейінге қалдырасыз ба?

Әрдайым өз күшіңізге сенесіз бе?

Өмірде ақшадан маңызды заттар бар ма?

Маңызды тапсырманы орындар кезде, ештеңе ойлай алмайсыз ба?

Басқаларға қарағанда аздап шыншылдаусыз ба?

Демалысыңыз аяқталғанда, сіз жұмысқа шығуға асығасыз ба?

Өзгелерге қарағанда сіз жұмысқа бейімдісіз бе?

Жұмысқа құлшынысы жоқ адамдармен қарым қатынасқа оңай түсесіз бе?

Жұмыссыз болған кезде сіз өзіңізді қызық сезінесіз бе?

Жауапты жұмыста сіз басқаларға қарағанда көп орындайсыз ба?

Шешім қабылдар кезде оның тиімді жағын қарастырасыз ба?

Кейбір достарыңыз сізді еріншектеу деп ойлай ма?

Сіздің табысыңыз әріптестеріңізге байланысты ма?

Басшының қалауына қарсы тұра алмайсыз ба?

Кей кезде қандай жұмыс істейтініңізді білмейсіз бе?

Жұмысыңыз өз мақсатына жетпей жатса, сіз шыдамсыздық танытасыз ба?

Сіз өз жетістіктеріңізге көп көңіл бөле бермейсіз бе?

Басқаларға қарағанда сіздің жұмысыңыз нәтижелі бола ма?

Бастаған ісіңізді аяғына дейін жеткізбейсіз бе?

Жұмысы аз адамдарға сіз қызығасыз ба?

Билік пен дәрежеге таласқан адамдарға қызықпайсыз ба?

Дұрыс жолда екеніңізге сенімді болған кезде, соңына дейін өзіңіздің адалдығыңызды дәлелдейсіз бе?



Кілті: сіз «иә» деген жауаптар үшін 1 балдан аласыз: 2, 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10, 14, 15, 16, 17, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 37, 41. Сіз «жоқ» деген мына жауаптар үшін 1балдан аласыз: 6, 13, 18, 20, 24, 31, 36, 38, 39.

Ал мына сұрақтардың жауаптары есептелмейді: 1, 11, 12, 19, 33, 34, 35,40.

Енді жинаған балдарыңызды есептеңіз.

Қорытынды:

1-10 балға дейін жинағандар: Жетістікке деген құлшынысы төмен адамдар.

11-16 балға дейін жинағандар: Жетістікке деген құлшынысы орташа адамдар.

17-20 балға дейін жинағандар: Жетістікке деген құлшынысы жоғары адамдар.

21балдан жоғары жинағандар: Жетістікке деген құлшынысы өте жоғары адамдар.


Өз-өзімізге мотивация жасаудың 15 қағидасы

Өз-өзімізге қалай шабыт бере аламыз? Бізге басқа біреу емес, өз-өзімізге қалай мотивация береміз? Осы сұрақтарға жауапты оқыңыздар.

1. Визуализацияны, яғни көзбен шолуды қолданыңыз

Бұл қағида жетістікке тиімді, әрі тез жетуге ықпал етеді. Себебі визуализация арқылы сіздер тамаша өмірді көре аласыздар. Бір-екі минуттық бұл көріністерден кейін жерге түскенде, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болып, одан сайын көп жұмыс істегіңіз келе береді.

2. Ешқашан өзіңізге шектеу қоймаңыз.Есте сақтаңыз: өз дегеніңізге жете алмасаңыз, өзіңіз кінәлісіз. Алдына қойған мақсатқа жету жолында аз жұмыс істегені немесе ынтасын аз салғаны үшін кінәлі емес, өздеріне шектеу қойғандары үшін кінәлі.

Шектеу қою арқылы, өздеріңізді тоқтатасыздар, өйткені адам баласы алмайтын қамал жоқ. Ол үшін өзіңізді дайындау керек, бастысы сан емес, сапа ғой!

3. Есте сақтаңыздар: өмір бойы оқу керек

Сіздер білесіздер, жекелеген дағдыны меңгеру арқылы жақсы жұмыс көрсете аласыздар. Ал егер мансап қуғыларыңыз келсе, өмір бойы оқу шарт. Кейде, қажетті білімді жұмыс барысында аласыздар, бұл да жақсы. Кейде жұмыстарыңызда ондай мүмкіндіктер жоқ, сондықтан уақыт бөліп білімді шыңдау керек.

4. Өз-өзіңізді ұйымдастыра алудың маңыздылығы

Егер сіздер өз уақыттарыңызды, демалысыңызды, жұмысыңызды, әр күніңізді дұрыс ұйымдастыра алсаңыздар, онда уақытты тиімді түрде жұмсап, қалаған нәрселеріңізге тез арада қол жеткізесіздер.

5. Ескертпелер жасаңыздар

Ескертпе – сіз жасау керек немесе жасайтын іс-әрекеттерді ескертеді. Жанұялық суретті де ескертпе қатарына жатқызса болады, өйткені оған қарап сол кездер еске түсіп, көңіліңіз көтеріледі.

Қолдан жазып көрінетін жерге ескертпелерді тізіп қойған жөн. Бұл мақсаттарыңызды дұрыс қоюға және орындауға көмектеседі.

6. Өзге адамдарға көмектесіңіздер

Сіздер басқа бір жандарға көмектескенде, көңіліңіз жай табады, әйтпесе ешкімге керексізбін деген сезім бойды билейді. Басқа адамдарға нәтижеге қол жеткізу үшін көмектесе аласыздар, біреулер сіздің көмегіңізге мұқтаж екенін ұмытпағайсыздар.

7. Балалармен жиі араласуға тырысыңыздар

Егер сіздердің балаларыңыз болса, бұл жақсы. Болмаса ол қиын емес. Жай ғана таныстарыңыздын үйіне кіріп, балаларымен араласуға болады. Себебі балалар үлкендерге қарағанда әлемді қарапайым түрде көреді. Кейде олармен араласу арқылы мәселелерді бір-ақ сәтте шеше аласыздар. Балалар көмегімен жаһандық мәселелер де шешілген кездер болған!!!

8. Сіздер сияқты үлкен жетістікке жеткісі келетін адамдармен араласыңыздар

Табысқа жетуде сіздің әдісіңізге ұқсас әрекет ететін адамдармен қарым-қатынаста болыңыз. Бұл көмектеседі, сіздер бір-біріңізбен тәжірибе алмасып, бірге мәселелеріңізді шеше аласыздар, қолдау көрсете аласыздар.

9. Демалуды ұмытпаңыздар

Демалысты әрдайым есте ұстаңыздар, демалыс уақытын орынды пайдаланыңыздар. Ұйықтар алдында қыдыруды әдетке айналдырыңыздар. Жұмыстан шаршағанда, жарты сағат тынығып алу керек. Егер қыдыратын уақыт болмай жатса, жақсы көретін музыкаңызды тыңдау да жақсы әсерін береді.

10. Басқа адамның тәжірибесі туралы ұмытпаңыздар

Брайан Трейси беделді адамдар туралы көп оқып, олардың жетістіктерін, кемшіліктерін, қылықтарын зерттеп, барлығын өзіне керекті түрде пайдаланды.

11. Әр кез ақпаратпен сусындап отырыңыздар

Мотивация туралы бір мақала немесе бір кітап оқу әр кез оң нәтижеге апармайды. Өйткені бірдеңені ұмытып, түсінбеуіміз әбден мүмкін. Осы тақырыпқа байланысты ой-өрісіңізді кеңейтіп отырғаныңыз жөн.

12. Өзіңізді мақтауды ұмытпау

Иә, мақтауды ұмытпау. Кез-келген мақсатқа жеткенде, мейлі, болмашы нәрсе болсын, өзіңізді мақтауды ұмытпаңыздар. Егер сіздерді өзіңіздің көрсеткен нәтижеңіз қанағаттандырса, ары қарай биік шыңдарға да шыға аласыздар.

13. Оптимист болыңыздар

Кез-келген нәрсеге позитивті көзқараспен қараңыз. Тіпті сізде проблема болса да, осы жағдайдан жақсы нәрсе көре біліңіз.

14. Тәжірибелі адамның сөздеріне құлақ салыңыздар

Біз жиі өзімізді үлкен санап, ақыл-кеңес тыңдаудан бас тартамыз. Егер ақыл-кеңес беруші бізден жасы кіші болса, намысымыз тіпті жібермейді. Ол дұрыс емес. Өзгенің тәжірибесін пайдалана отырып, уақыт пен күшімізді үнемдей аламыз. Біздің өміріміз аға буынның тәжірибесін үйренуден құралады.

15. Өзіңіздің күшіңізді және уақытыңызды үнемдеңіз.

Бос уақыттарыңызды алып қоятын адамдармен көп араласпаңыз, олар өзінің де, өзгенің де уақытын сарп етеді. Нәтижесінде не бітірген шаруа жоқ, не дем алып үлгермейсіздер.

Жоғарыдағы қағидаларды ұстану арқылы өзіңізді мотивациялай аласыздар. Барлығы өз жөнімен жүзеге асатын болады.



Өмірде жолыңыз болып, сәттіліктерге жете беріңіз!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет