К. К. Карменов 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығына арналған «Қызметті және дайындықты ұйымдастыру» пәні бойынша дәріс курсы



бет8/9
Дата25.08.2017
өлшемі1,7 Mb.
#26004
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1-кезең – жобалау алды (кейде аванжобалау деп атайды). Бұл кезеңде өрттен күзет гарнизонының қазіргі ұйымдық жобалау мен қызметіне және болашақ гарнизонның жұмыс істеу ортасына (жаңадан салынаты қалалар үшін) түбегейлі талдау жүргізіледі. Статистикалық әдістермен гарнизон қызметінің ағымдағы көлемін анықтайтын жедел жағдай параметрлері зерделенеді. Өрт сөндіру депосы мен өрт сөндіру техникасының, гарнизон жеке құрамының Тактикалық-арнайы даярлығы, оның әлеуметтік құрылымы (кәсіби даярлығы, біліктілігі, жасы, білім деңгейі, отбасы жағдйы бойынша бөлу) талданады. Ұйымдық жобалаудың осы кезеңінде мақсатты құрылымдау мен сараптамалық талдау әдістері елеулі көмек көрсете алады. Сарапшылар қаланың әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясын, оның экологиялық сипаттамаларын талдауы қажет, қала өмірінің сапасына ықпал ететін нақты қауіптер, оны жүзеге асыру мүмкіндігінің тізбесін алуы қажет. Бұл талдау өртке қарсы қызмет гарнизоны мақсатының жүйесін, оның функцияларын (әлемде өсу тенденциясы байқалады) нақтылауға, гарнизон ұйымдық жобалауын және оны басқаруды жетілдіру жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде қаладағы шұғыл жағдайлардың (нақты, гипотетикалық, бір уақыттағымен қатар, күрделі де көлемдіні де) мүмкіндігі мен жиілігін бағалау және талдуа маңызды. Жобаланатын және салынатын қалалар үшін болашақ қалаға ұқсас, қалалардың бірқатарын таңдап алып, ұқсастық әдісін пайдаланған дұрыс.

2-кезең - өртке қарсы қызмет гарнизонының жұмыс көлемін және жедел жағдай параметрлерін болжау. Бұл кезең алдындағыны жалғастырады. Статистикалық тәсілдермен (ең бірінше уақытша қатарларды талдау көмегімен) 10-15 жылдағы өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік шығулар, өрттер, авариялар, қаза болғандар мен зардап шеккендер, материалдық шығын динамикасы зерделенеді. Динамиканың барлық қатарларында өрттерді есепке алу жүйесіндегі өзгерістермен байланысты (мұндай өзгерістер көбіне 5 жылда бір рет болады) қатардың жекелеген деңгейлерін дереу шығарудан бөліп, тұрақты ұзақ уақыттық тенденцияларды айқындау қажет. Бұдан әрі, өрттен күзет функциясының мүмкін кеңейуіне тиісті түзетулер енгізу, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын, рның халқының, аумағының өсіын және басқа да факторларды ескеру қажет. Осы негізде өрттен күзет гарнизонының болашақ жұмыс көлеміне және жедел жағдай параметрлерінің мәніне болжау жасауға болады. Бұнда орта мерзімді де, ұзақ мерзімді де болжаулар (10-15 жыл алға) жасаған дұрыс.

3-кезең – бұл кезеңде жедел жағдайдың жекелеген параметрлеріне (бір уақытта болатын өрттер мен өрт сөндіру бөлімшелерін шақырулар саны)және қала (және оның түрлі кіші жүйелері) өртке қарсы қызметінің жұмыс істеу процесіне математикалық модельдеу жүргізіледі. Математикалық модельдер негізінде жедел жағдайдың негізгі параметрлерінің ағымдағы және болжамдық мәндеріне ескере отырып, қазіргі уақытта және болашақта қалаға қажет өрт сөндіру деполарының, негізгі және арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің, өрт сөндіру жеңдерінің және байланыс желілерінің қажетті саны анықталады. Депо санын негіздеу келесі парашрафта қаралатын болады.

4-кезең – осы қала үшін оның өртке қарсы қызмет құрылымын реттейтін нормативтік базаны (нормативтер базасын) әзірлеу. Бұл нормативтер ұйымдық жобалаудың алдыңғы кезеңінде орындалатын көп нұсқалы математикалық модельдеу нәтижесі болып табылады және қала өртке қарсы қызметінің кіші жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігінің түрлі өлшемдерін ескереді. Содан кейін олар мемлекеттік нормативтермен салыстырылады, оларды экономикалық негіздеу жүргізіледі. Ірі қалалар үшін өрке қарсы қызметін құру үшін жиі ведомстволық құрылыс нормалары нормативтік база болып табылады.

5-кезең - қала өртке қарсы қызметін ұйымдастыру (не қайта ұйымдастыру) және оны қала дамуының (оның әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы) бас жоспарының арнайы тарауы тәрізді ұзақ келешекке әрі қарай жетілдіру жобасын әзірлеу. Бұнда құрылған нормативтік базадан шығатын, қаланың өрттен күзет гарнизоны ұйымдық құрылымының негізгі параметерлері ғана көрсетіледі.

6-кезең – ұйымдық жобаны толықтыратын және нақтылайтын ұзақ келешекке өртке қарсы қызметті әлеуметтік және экономикалық дамыту кешенді жоспарын әзірлеу. Оның негізгі бөлімдері:

1) депо салу және қайта жаңарту (ауыстыру не ескілерін қайта орналасытру);

2) жең базаларын салу;

3) өрт сөндіру техникасы паркін жаңарту;

4) техникалық қызмет, байланыс жүйелерін дамыту;

5) қала өртке қарсы қызметін басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру және дамыту;

6) барлық деңгейдегі кадрларды даярлау;

7) қала өртке қарсы қызметінің жеке құрамы үшін тұрғын ғимараттар салу;

8) жеке құрамды әлеуметтік қорғаудың түрлі мәселелерін шешу (медициналық оңалту, демалыс базаларын құру).

Осы іс-шаралардың барлығын қаржыландыру мәселесін бұл жерде қарастырмаймыз.



7-кезең– жобалаудан кейін. Бұл кезең ұйымдық жобалаудың барлық негізгі кезеңдері аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.Ол гарнизон жұмысының нәтижелеріне, олардың динамикасына үздіксіз бақылау, гарнизон параметрлеріне тиісті түзетулер енгізу, өрттен күзет гарнизонын және оның кіші жүйелерін басқаруды жетілдіру түрінде көрінеді. Осында ірі және күрделі, бірақ уақыт пен кеңістікте оқшауланған жедел міндеттерді (ірі өртті сөндіру, авария салдарын жою) шешу және оларды басқару үшін уақытша құрылымы құру тәртібі әзірленеді; құрылымдық бөлімшелердегі түрлі лауазымдардың уәкілеттік ара-қатынасы белгіленеді, нақты басшылар мен орындаушылар үшін лауазымдық міндеттер белгіленеді.
Бақылау сұрақтары:

1. Ұйымдық жобалау дегені не?

2. Ұйымдық жобалау нәтижесіндене құрылады?

3. Ұйымдық жобалаудың маңызды кезеңдеріне не жатады?

4. Жобалау тәсілдерінің қалай топтастырады?

5. Қаланың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне не жатады?

6. Өртке қарсы нормалармен ретке келетін инженерлік іс-шараларға не жатады?

7. Ұйымдық жобалау процессінің кезеңдерін атап шығыңыз.


Әдебиет:

1. Брушлинский Н.Н., Микеев А.К., Бозуков Г.С. және т.б.; Брушлинский Н.Н. редакциясымен.Совершенствование организации и управления пожарной охраной. - М.: Стройиздат, 1986. 192-200 б.


Сабақ 6/2. Қала, ауылдық елді мекендерде, ұйымдар мен өнеркәсіптерде өртке қарсы қызметті ұйымдастыру.

1. Қала және ауылдық елді мекендерде өртке қарсы қызметті ұйымдастыру процессіне әсер ететін факторлар.

2. Қала және ауылдық мекендерде өртке қарсы қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайтын негізгі құжаттары.

Дәрістің мақсаты: қала, ауылдық елді мекендерде,ұйымдар мен өнеркәсіптерде өртке қарсы қызметті ұйымдастыру процессіне әсер ететін факторлары, өртке қарсы қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайтын негізгі құжаттары туралы жалпы мәліметті жеткізу.


1. Қала және ауылдық елді мекендерде өртке қарсы қызметті ұйымдастыру процессіне әсер ететін факторлар.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі маңызды ұйымдастыру шараларының ішінде күзетілетін қала, елді мекен жәненысандарға профилактикалық және жедел қызмет көрсету үшін өртке қарсы қызметін ұйымдастыру бірінші орында тұр. Қалалар мен облыстардың өртке қарсы қызмет штат санын ұлғайту және ұйымдастыру мәселесін шешу үшін келесі мәліметтер қажет:

- қала (облыстың) экономикалық анықтамасы;

- штат жобаласы;

- бар және салынып жатқан өрт сөндіру деполарының орналасу сұлбасы;

Экономикалық анықтамада мыналар көрсетіледі:

- қаланың географиялық орналасқан жері;

- қала экономикасы, оның ішінде халық саны;

- аудандар бойынша құрылыстар сипаттамасы;

- қаланың жеке имараттарының сипаттамасы;

- қала өнеркәсіп объектілерінің, ғылыми-зерттеу және өзге де мекемелерінің өрт-тактикалық және экономикалық сипаттамасы;

- қаланың шаруашылық мақсатқа және өрт сөндіру мақсатына арналған сумен қамтамасыз етілуі;

- қаланың негізгі және магистральді жолдары, олардың ахуалы;

- қаланың негізгі құрылысынан бөлінген, бірақ қаланың шекарасына кіретін жеке кенттер мен объектілердің сипаттамасы;

- бар өртке қарсы қызметтің сипаттамасы (сапалық және сандық құрамы, өрт сөндіру техникасының бар болуы мен ахуалы);

- соңғы 5-10 жылдағы өрттер саны мен одан келген шығын;

- МӨҚҚ бөлімшелері орналасатын бар және салынып жатқан өрт сөндіру деполарының қысқыша сипаттамасы;

- өртке қарсы қызметті ұйымдастырудың мақсатқа лайықтылығы.

Құрылатын МӨҚҚ бөлімшелерінің санын шартты өрттерді сөндіру үшін қажетті құралдарды негіздеу ретінде«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенттің талаптары басшылыққа алынады.

Өрт сөндіру деполарын жобалағанда ҚР ҚН 2.02-30-2005 Өртке қарсы қызмет органы объектілерін жобалау нормаларына сәйкес қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды, гараждар мен тұрғын үй-жайларды енгізу қажет.


2. Қала және ауылдық мекендерде өртке қарсы қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайтын негізгі құжаттары.

Қалаларда, елдi мекендерде және аса маңызды мемлекеттiк меншiк объектiлерiнде өрт сөндiрудi және басқа төтенше жағдайларды жоюды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.

Қала және елдi мекен аумағына өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн орналастыру қаладағы шақыру жасаған орынға алғашқы өрт бөлiмшесiнiң жету уақыты 10 минуттан аспауға, ал елдi мекен үшiн - 20 мин аспауға тиiс деген шартқа сүйенiп анықталады.

Қалалар мен елдi мекендер үшiн өрт деполары мен өрт сөндiру автомобильдерiнiң саны Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген құрылыс нормалары талаптарына сәйкес анықталады.

Қалалар мен елді-мекендерде өртке қарсы қызметті ұйымдастырғанда елді-мекенде өрт сөндіру бөлімдері мен техниканың қанша саны шоғырланатынын білу қажет және осыған негізделіп МӨҚҚ ұйымдастыру құрылымы құрылады. Өрт сөндіру автомобильдерінің санын анықтау үшін келксі әдістер қолданылады:


1. Қаланың немесе елді-мекеннің халқының саны және ауданы бойынша.

1 кесте. Арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің саны


Арнайы автомоильдер атауы

Қала (елді-мекен) тұрғындарының саны, мың адам




5 дейін

5-50

50-100

100-500

500-1000

1000 аса

Автосатылар және автокөтергіштер

1*

2

3

6

8

**

Газтүтінненқорғау қызметінің автомобильдері

1

1

2

3

4

**

Байланыс және жарық түсіру автомобильдері



1

1

2

2

**

* Биіктігі 4 қабат және артық ғимараттар болғанда

** Әр ауданға бір автосаты және автокөтергіш, газтүтінненқорғау қызметінің автомобилі, байланыс және жарық түсіру автомобилі есебінен әкімшілік аудандар саны бойынша анықталады.




2 кесте. Қалалар мен елді-мекендерге арналған

өрт сөндіру деполары мен өрт сөндіру автомобильдерінің саны


2 кесте жалғасы

Қалаларды күзету жөніндегі өртке қарсы қызмет органы мен арнайы құрамалар жарағында тұрған негізгі, арнайы және көмекші өрт сөндіру автомобильдері мен байланыс құралдары бірліктеріның санына байланысты, техникалық қызмет бөлімшелері құрылады:

- өндірістік-техникалық орталықтар — 200 бірліктен астам;

- техникалық қызмет отрядтары — 100-ден 200 бірлікке дейін;

- ӨТО мен отрядтар құрамына кірмейтін, техникалық қызмет бөлімдері – 20-дан 100 бірліккедейін;

- техникалық қызмет жеке посттары — 20 бірлікке дейін.


2. Халық санына және сыртқы өрт сөндіруге су шығынына байланысты, бір уақыттағы өрттердің есептік саны бойынша өрт сөндіру автомобильдерінің санын анықтау әдістемесі.

Мына формуланы пайдаланамыз:



(1)

бұнда N - өрт сөндіру автомобильдерінің саны, Q – өрт сөндіруге судың жиынтық шығыны, q – бір өрт сөндіру автомобильінің өнімділігі – 14 л/с, өйткені бір бөлімше негізгі өрт сөндіру автомобильінде «Б» 2 оқпанын немесе «А» 1 оқпанын береді.

Сыртқы өрт сөндіруге судың жиынтық шығыныжәне бір уақыттағы өрттердің есептік саны «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті талаптарына сәйкес анықталады.

Штатты әзірлеген және бөлімнің әр өрт сөндіру техникасына жауынгерлік есептоп санын анықтау кезінде негізгі және арнайы өрт сөндіру автомоильдері үшін үлгі штат пайдаланылсын, ал профилактикалық құрам қызметкерлерінің саны халық саны мен меншік нысанына қарамастан қызмет көрсету ауданында өнеркәсіп және басқа да объектілердің бар болуына байланысты анықталады (шамамен 10-12 мың халыққа бір МӨБ қызметкері).


Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> BIBLIOTEKA -> RMEB
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Іім төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы Бекітілді
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
OBNOVLENIE SAITA 2015 -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет