Кафедра Философия


Бекітуге арналған сұрақтар



бет11/22
Дата01.04.2017
өлшемі3,41 Mb.
#13081
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Дін философиясының мәні

  2. Діннің тарихы

14 Дәріс тақырыбы: Диалектика теориясының мөселелері.



Дәріс жоспары:

1. Диалектика ұғымының тарихи қалыптасуы.

2. Неміс классикалық философиядағы диалектика мәселесі.

3. Даму ұғымы.



Диалектика – болмыстың әмпебап байланыстары, оның өзгеруі мен дамуы жөніндегі ілім. « Диалектика» ұғымының пайда болуының мәселесі дербес, өз алдына бір философиялық мәселе болып табылады. Диалектиканың ғылыми тұрғыда ұғыну ұзақ уақытты қажет етті және бұл ұғымның өзі терминінің әуелгі мағынасын өңдеу тіпті одан бас тарту барысында пайда болды. Ежелгі философияда дүниедегі нәрсенің бәрі де құбылмалы екендігі атап айтылған шындықты процесс деп есептеп, бұл процеске кез келген қасиеттің қарама-қарсы айналуының қандай роль атқаратыны тұжырымдалған. Бұл сияқты зерттеулерде диалектика термині әлі қолданылмады. Диалектиканың алғашқы мәні сұхбаттасу, әңгімелесу / грек тілінен dialegu mai/ деген ұғымды білдіреді. Аристотель диалектиканы ойлап тапқан Зенон Элейский деп есептейді, ол көптік және қозғалыс ұғымдарын ой елегінен өткізгенде келіп шығатын қайшылықтарға талдау жасаған болатын Аристотельдің өзі дәлелдеу туралы ғылым – аналитикадан диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым ретінде ажыратады.

Элеаттардың ізінше Платон шынайы болмысты бір қалыпты әрі өз өзімен барабар болады деп анықтайды. Әрі қарай диалектика қарама-қайшылықтар приципінен негізделеген шындықты меңгерудегі тәсілдер мен әдістер жүйесі деген мәнге ие болып, дамудың жалпы заңдары жөніндегі ілім деп анықталды. “Софист” және “Парминид” сұхбаттарында жаратылыстағы жоғарғы буындағылардың кез келгенін бар әрі жоқ, өз-өзіне барабар әрі барабар емес, өзіне тепе-тең және өзінің “басқа ” түріне өтіп отырады деп қана ойда көрсетуге болады деген диалектикалық тұжырымға келеді. Сол себепті болмыстың өзінде қайшылықтар болады: болмыс бірегей әрі көпше, мәңгі әрі өткінші, бірқалыпты әрі құбылмалы, тыныштық күйінде әрі қозғалыс үстінде болады. Қайшылық – рухты ойландырып – толғандыруға түрткі болатын қажетті шарт. Және бұл өнер, Платонның пікірінше, диалектикалық өнер болып табылады.

Неоплатоншылдар диалектиканы дамыту ісін жалғастырды. Феодалдық қоғамның философиясы – схоластикада – диалектика деп риторикаға қарсы қойылған формалдық логиканы атай бастады.

Қайта өрлеу дәуірінде қарама-қарсылықтардың үйлесімі туралы диалектикалық ойларды Н.Кузанский мен Бруно ұсынды. Жаңа тарих кезеңінде метафизиканың үстемдігіне қарамастан Декарт пен Спиноза диалектикғалық ой үлгілерін жасады.

18 ғасырда Францияда диалектикалық идеяларының сонылығымен Руссо мен Дидро ерекшеленді. Диалектикалық дамудың аса маңызды кезеңі неміс классикалық идеализмі болды, оның метафизикалық материализмнен айырмашылығы – шындықты танылу объектісі деп қана емес, іс-әрекет объектісі ретінде де қарастырғандығы еді. Сонымен қатар субъектінің танымы мен іс-әрекетінің шынайы материалдық негізін білместігі неміс идеалистерінің диалектикалық идеяларының өресіздігіне, жаңсақтығын көрсетті. Лейбниц монадаларының өздігінен дамуы туралы және таным принциптерінің қайшылықты бірлігі туралы ілімінде Кант физикалық және космогониялық процестердегі қарама-қарсы күштердің маңызын көрсетіп, алғаш рет метафизиканың шебін бұзды әрі Декарттан соң бірінші болып – табиғатты танудағы даму идеясын енгізді.

Классикалық неміс философиясы диалектиканы жеке мен жалпының, құбылыс пен мәннің, бөлік пен бүтіннің, элемент пен құрылымның, ұғым мен жүйенің, кездейсоқ пен қажеттіліктің, мүмкіндік пен шындықтың контекстінде, яғни детерминизм және диалектикалық заңдар концепциясында қарастырады.

Таным теориясында Кант диалектикалық идеяларды «антиномиялар» туралы ілімінде дамытты. Бірақ ақыл парасат диалектикасы Канттың пікірінше, алдамшы нәрсе және ойдың өзі құбылыстарды ғана танумен шектелген қолдану аясына оралысымен ақ диалектика жойылады. Бұдан кейін таным теориясында Фихте маңызды диалектикалық идеялары бар категориялар жасаудың «антитетикалық» әдісін жетілдіреді. Шеллинг Канттың ізінше табиғат процестерін диалектикалық тұрғыда ұғынуды ұсынды.

Диалектиканың асқар шыңы Гегельдің идеалистік диалектикасы болды. Гегель «тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуа деп таныды, сөйтіп осы қозғалу мен дамудың ішкі байданысын ашуға тырысты». Гегельдің ойынша диалектика бір анықтаманың басқа анықтамаға айналуы, онда бұл анықтамалардың сыңаржақты әрі өресіз екендігі, яғни олардың бойында өздерін өздері терістеу бар екендігін көрінеді, пайымдаудың дерексіздік анықтамаларынан диалектиканың ерекшелігі осында Гегель ілімі бойынша, сол себепті диалектика ойдың ғылыми тұрғыда өрістеуінің қандайының да болсын қозғаушы күші және ол ғылымның мазмұнына ішкі байланыс пен қажеттілік енгізетін бірден бір принцип болып табылады. Дүниедегінің бәрінің өзін өзі терістеуге келуінің қажеттігі туралы Гегель ілімінде, өмірді де ойды да революцияландыратын негіз болады, сол себепті алдыңғы қатарлы ойшылдар Гегель диалектикасын «революция алгебрасын» көрді.

Гегельдің диалектикалық жүйесі сандық және сапалық өзгерістердің табиғатын көрсетеді:қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, терістеуді терістеудің қайшылығы кез-келген жүйенің немесе құбылыстың даму процесі «прогресс», «регресс», «даму» ұғымы мен тығыз байланысты.

Сонымен бірге оның сыни – рефлексивтік фунциясын да айта кету керек. Диалектикадан басқа ойлаудың басқа да тәсілдері бар, олар: метафизика, софистика, эклектика. Болмыстың универсалды байланыстары диалектиканың заңдары мен катергорияларында көрініс береді. Диалектиканың негізгі заңдары бар, олар: сандық және сапалық өзгерістердің бір-біріне өту заңы; қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы , терістеуді терістеу заңы.

Қайшылық диалектиканың басты категориясы болып табылады. Диалектиканы қайшылықтар туралы ілімде дамудың қандай түрінің болса да қозғаушы күші мен қайнар көзін ашып көрсетеді: диалектикалық дамудың басқа да категориялары мен принциптерінің кілті осы ілімде, сандық өзгерістерінің сапалық өзгерістерге айналуы арқылы даму, біртіндеушіліктің үзілуі, секірістер, дамуың бастапқы сәтіне қатысты терістеудің өзін терістеу, бастапқы күйге тән белгілердің, қасиеттердің кейбірінің жоғары негізде қайталануы. Дамуды нақ осылайша түсіну диалектиканы реформистік теорияларға тән неше түрлі анайы - эволюционистік көзқарастардан ажыратады.

Даму – мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс. Кеңістіктегі орын ауыстырудың даму болатын себебі, онда уақыттағы өзгерістің түсірілген түрде сақталатындығында. Материяның өмір сүру тәсілі түріндегі қозғалыс еш нәрседен пайда болмайды және жоғалып та кетпейді,мәңгі өмір сүреді, басы да, аяғы да жоқ.

Жоғары өрлейтін және төмен түсетін даму болады. Сырттан ішке қарай, іштен сыртқа қарай, ескіден жаңаға және жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге және күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарғыға және жоғарғыдан төменгіге, кездейсоқтықтан қажеттілікке және қажеттіліктен кездейсоқтыққа дамулар болады. Даму спираль тәрізді, қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінде, санның сапаға ауысуы түрінде және керісінше өрбиді.

Дамудың әрбір жеке процесінің баспалдақтары: оның пайда болуының алғышарттарын әзірлеу, яғни, негізінен сыртқы қозғалыс; туу, яғни, ішкі қозғалысқа көшу; қалыптасу, Яғни дамудың жаңа процесі мен ол туған жағдайды өзгерту; өзіндік даму; немесе даму процесінің пісіп-жетілуі, яғни, оның өз бетінше өмір сүруі; процестің өшуі, күйреуі. Дамудың түпкі процесс ретінде әуел бастан ақ төмендегіден жоғарыға және жоғарыдан төменгіге жеткізетін тенденциялары жасырын күйде болады.

Диалектика табиғатты, қоғамды және танымды зерттеудің философиялық әдісі болып табылады. Тек диалектика тұрғысынан ғана объективтік ақиқаттың күрделі, қайшылықтарға толы қалыптасу жолын, ғылыми дамудың барлық сатыларында абсолюттік пен шарттылық, тұрақтылық пен құбылмалылық элементтерінің байланысын, тұжырымдаудың бір түрінен басқа, неғұрлым мазмұнды түріне өтуін түсінуге болады. Диалектиканың тоқырау мен сылбырлықтың қандайымен болса да ымыраласпайтын революция табиғаты оны қоғамдық дамудың тарихи мұқтаждарын, жаңа мазмұнға ескі формалардың үйлеспейтіндігін, адамзат прогресіне жағдай жасайтын жетілген формаларға өту қажеттігін объективті тұрыда ескеріп отыруға көмектесетін, қоғамды практика жүзінде қайта құрудың қаруы етеді.



Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Диалектика элементтері жөнінде.

  2. Диалектиканың заңдары мен категориялары.

15 Дәріс тақырыбы: Эпистемология.



Дәріс жоспары:

1. Ғылыми таным ерекшелігі.

2. Гипотеза ұғымы, түрлері.

Адамзат тарихының ұзақ уақыты барысында сана мәселесіне деген қызығушылық үздіксіз бақыланып келді, адамды өзінің мәні, дүниеге келуінің себептері және оның көптеген формалары қызықтырды. Бұл мәселенің философиялық аспектісі адамның саналы қызметінің тұтастығымен құндылығына бағытталған. Философия сананың адамның өмірлік қызметінің формасы, рухани бағыт-бағдардын тәсілі және танымдық қызметінің құралы ретінде қарастырады. Сананың пайда болуы жөнінде әртүрлі концепциялар бар, олар: 1. Теологиялық. 2. Идеалистік 3. Ғылыми-материалистік.

Теологиялық концепция бойынша сананың негізі мен бастамасы құдай. Идеализм рухтың бастамасы мен абсолюттілігін көрсетеді.

Материализм болса ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, сананы материаның ең жоғарғы ұйымдасқан қасиеті ретінде қарастырады.

Ғылыми тәсілдер бойынша материя сананы қалыптастырудың негізінде жатқан бейнелеу қасиетіне ие. Бейнелеудің эволюциясы оның жоғарғы формасы болып табылатын сананың пайда болуына әкеледі. Сана ойлау, жады, ерік, эмоция сияқты психикалық қызметтердің басқада формаларымен тығыз байланысты. Ең күрделі мәселелердің бірі санамен тілдің қатынасы жөніндегі мәселе болып табылады. Сананың өз құрылымы бар, оның негізгі элементтері қоғамдық және индивидуалдық сана. Қоғамдық сана өзін түрлі формаларда көрсетеді:


  1. Адамгершілік сана, моральдық қатынастар саласын қарастырады.

  2. Эстетикалық сана, әсемдік пен ұсқынсыздық саласын қарастырады.

  3. Діни сана, әлемді құдайға сенімнің символы арқылы бейнелейді.

  4. Саяси сана, қоғамдағы саяси қатынастарды идеологиялық және психологиялық тұрғыдан бейнелейді.

  5. Құқықтық сана, адамдардың қатынастарын заңда бектілген құқықтық ерекшелер арқылы бейнелейді.

Танымды жалпы түрде адамның әлемге әлеуметтік, тарихи тұрғыдан дамыған қатынасы деп анықтауға болады.Танымның деңгейі мен мәні қоғам дамуының деңгейіне байланысты. Сондықтан ол тарихи тұрғыдан өзгермелі болады. Танымдық процестің негізгі элементтеріне танымның объектісі мен субъектісі жатады. Осының барысында танымның объектісі табиғи объектімен сәйкеспейді, қайта адамның субъективтік мүдделері мен мақсаттары көрініс беретін бөлігі болып табылады. Таным сезімдік және рационалдық болып табылатын екі түрлі негізгі деңгейлерде жүзеге асырылады. Танымның сезімдік деңгейі мына формаларға ие – түйсік, қабылдау, елестету. Ал, танымның рационалдық деңгейіне ұғыну, пайымдау,ой қортындылау жатады.Танымның осы деңгейлерінің арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Таным процесіндегі негізгі мәселе ақиқат болып табылады. Ақиқат өзін абсолютті және салыстырмалы формада көрсетеді. Таным ғылыми және ғылыми емес деңгейлерде де жүзеге асырылады. Танымның ғылыми емес деңгейі- қарапайым, діни, көркемдік.

Ғылыми таным дегеніміз- жүйелілік, білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады. Ғылыми таным танымның әдістерімен формаларын екі түрлі деңгейде қолданады, олар:



  1. Эмпирикалық таным әдістері

  2. Теориялық таным әдістері

Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дәлділігімен ерекшеленеді деп айтылады. Бұл рас болғанымен шешуші роль атқармайды. Дәлдәі нақтылыққа қатынастың белгілі бір тәсілі ретінде күнделікті өмірге де енеді. Ғылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыда қарастырады деген пікір қалыптасады. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанымен, ол да ғылыми таным ерекшелігін көрсете алмайды. Бір жағынан, күрделіғылыми абстракциялар құрастырумен айналысатын ғылымға көрнекі бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан, суретшілер өз шығармашылықтарында дәл, логикалық, кіршіксіз ұғымдарға, пікірлер мен әдістерге сүйеніп отырады. Білім формасы түріндегі және оның өзге формалардан артықшылығын, ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Ғылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.

Теория – бұл тәжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Осы дұрыс па? Мысалы, суық бөлменің ішінде пешке от жаққанда, уақыт өте келе пештің суи бастағанын, ал бөлмедегі ауаның қыза бастағанын аңғарамыз. Біз мұны қорытындылай отырып мынаған келеміз: а) қыздырылған пеш жалыны жеткіліксіз болғандықтан суи бастайды; б) бөлмедегі ауа мен пештің температурасы бірдей болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл білім де қорытындылау нәтижемсінде алғанымен, оны теориялық деп айтуға келмейді. Кезкелген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және үрдістермен бірқатар бақылаулар, эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.

Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды. Оның себебі, ғылыми қорытындылар бақылаулар мен эксперименттердегі ортақ жалпылылықтарды ерекшелеп қана қоймай, бірқатар ерекше логикалық тәсілдерді қолдануында да болып шығады.

Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза формасында көрінеді. Гипотезалар бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өзінің логикалық формасында олар, әдетте мына түрдегі пікірлер кейпінде болады: «егер А және В арасында R қатынасы болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады» және т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: айғақтық және теориялық. Алғашқылары – жекелеген заттар, жағдайлар мен үрдістер туралы болжамдар мен жорамалдар. Екінші топтағы гипотезаларға, мысалы, Д.И.Менделеевтың химиялық элементтер қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы жорамал негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжанады. Бұл болжамдар дәлелденгенннен кейін гипотезаны ұсыныс ретінде емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады.

Теориялық білімдер өз құрамына практикада дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған, бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық гипотезаларды да, әр түрлі эмпирикалық түйіндерді де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғарғы дәрежеде дәлелденген гипотезалар ғана белгілі бір теория құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Логикалық формасы жағынан өзара бір-бірімен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастар қатарына ең алдымен эквивалентті және туындамалы немесе логикалық жалғастық қатынастар жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз, дәлелденген, объективті шынайы болуы тиіс. Олар өздерінің шынайылығы мағынасында эквивалентті. Теорияның негізгі маңызы оны құрайтын пікірлердің бастапқы, түпкі ұсыныстардан таза логикалық немесе математикалық жолмен шығарылатындығында. Мұндай түйін нәтижесінде алынған пікірлер теория салдарлары деп те аталады.

Салдарлар өз мазмұны жағынан қарастырылар теорияның заңдары болуымен қатар, белгілі бір жағдайларды, ахуалдар мен үрдістерді сипаттайтын эмпирикалық тұжырымдар да болуы мүмкін. Салдардар туындайтын ұсыныстар әдетте теория постулаттары, принциптері немесе аксиомалары деп аталады.

Танымның ерекше түріне әлеуметтік танымды жатқызамыз. Мұндағы ең маңыздысы зерттелетін объектілерге объективті түрде сипаттама беріліп қана қоймай адамның құнды мәніне де көңіл бөлінеді.

Ғылым адамзат қызметінің басқа да салаларымен тығыз байланысты және қазіргі замандағы жалпы адамзаттық мәселелерді шешудегі жетістіктерді анықтайды.

Ғылыми танымның қандай артықшылықтары бар екенін айқын аңғаруға болады. Адамның кезкелген әрекеті қандайда бір міндеттерді және мәселелерді шешуді білдіреді.

Қазіргі ғылыми таным қалыптасуы барысында ғылыми теориялар көмегімен мұндай шешімдердің іске асу уақытын ондаған және жүздеген есе қарастыруға мүмкіндік туды. Ол үшін тек ғылыми теория ғана құру қажет, онан белгілі ережелерге сәйкес салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде көптеген берік салдарларды алуға болады. Шындығында теория құрудың өзі орасан зор күш-жігерді талап етеді және қоғам үшін қымбатқа түседі, яғни ғалымдарды дайындауға, құрал-жабдыққа, экспериментке орасан зор шығын кетеді. Оның есесіне, ең құнды нәрсе уақытты ұтуға болады. Бүгінгі күнгі техникалық дамудың өте жедел қарқыны күннен күнге ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар үдемелі жылдамдықпен өндіріске еніп жатуымен де сипатталады.



Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Ғылыми таным логикасы мен методологиясы.

  2. Ғылым этикасы.

16 Дәріс тақырыбы: Глобалдық мәселелер философиясы



Дәріс жоспары:

1. Жаһандану (глобализация) үрдістерінің философиялық астары

2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер

Мыңдаған жылдар бойы өркениеттік даму шеңберіндегі адамдардың арманы, бір жағынан, басқа ұлттар және ұлыстармен кездесу, мәдениет үлгілерімен алмасу, бірге бейбіт өмір сүру т.с.с. болса, екінші, шамасы, ешқашанда орындалмайтын – Ғарыштағы басқа саналы тіршілікпен, яғни рухпен жүздесу қиялы болатын. Осы тұрғыдан алғанда, көне заманның атақты императоры, ғұлама Аристотельдің тәрбиесінде болған Ескендір, Орта ғасырдағы теңдесі жоқ ұлы Шыңғыс хан, Иван Грозный т.с.с. саяси қайраткерлердің іс-әрекеттерінің астарында «жаһандану идеясы» жатса керек. Мүмкін, олар оны саналы түрде пайымдамаса да, ішкі «көкей көзімен» сезген болар.

Тек бүгінгі таңда, ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. Басында бұл идея бүкіл адамзаттың жан дүниесінде тұрақты орын алған сияқты. Кейбіреуге ол ұнауы, я болмаса ұнамауы да мүмкін, бірақ бірде-бір мемлекет одан оқшау өмір сүре алмайды. Олай болса, жаһандану идеясы философиялық тұрғыдан қажетті түрде қаралып, сарапталуы керек.

Жаһандану дегеніміз – бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол – біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым –қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Сонымен қатар біз басқа елдерге мұнай мен газды, жүн мен мақтаны, қара және түрлі түсті металдар мен таскөмірді т.с.с. жіберіп жатқан жайымыз бар.

Бұл сауда-саттықтың құрылымына қарағанда, әрине, көкірегі ояу азаматқа неше түрлі ауыр ойлар келеді. Мүмкін, біз, шынында да, «жаңа бодандық» ауруына шалдыққан болармыз? Алайда ондай тұжырымға келуге әрі ертерек сияқты. Өйткені біздің дербестік алып, дамып жатқанымызға басы-аяғы он жылдан сәл артық қана уақыт болды ғой. Бүгінгі өкімет неше түрлі инновациялық бағдарламалар қабылдап, «ұлттық қаржы қорын» жасап, өндірісті дамытуға бел байлап, сол жұмыстарға нақтылы кірісіп жатқан жайы бар. Оған халқымыз да дайын.

Енді саяси салаға келер болсақ, Қазақ елі бүкіл дүниежүзілік қауымдастықпен терезсі тең қарым-қатынас орнатуда. Біздің ел дербес мемлекет ретінде мойындалады. Саяси салаға «көп партиялық», «адам құқтары», «құқтық мемлекет» т.с.с. ұғымдар кіріп, өзгеріске ұшырап жатыр. Біз тек қана БҰҰ-ға ғана кіріп қоймай, басқа да халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесіне айналып жатырмыз.

Бүгінгі таңда Қазақ елі өз төл мәдениетімен біршама халықтарды таныстырып, солардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар «бұқара мәдениеті» деген ұғым сөздігімізге кіріп қана қоймай, соның «отандық үлгілері»жасалуда.

Жоғарыда келтірілген Қазақ елі өмірінен алынған деректердің бәрі де Жер бетінде жүріп жатқан жаһандану үрдістерімен байланысты екенін бір қарағанда-ақ байқауға болады.

Қоғамды материалистік тұрғыдан қарау методологиясының тұрғысынан алып қарағанда, жаһандану үрдісінің негізінде ғылыми-техникалық революция жетістіктерін пайдалану арқылы өндіргіш күштердің күрт дамуы (тек ХХ ғ. өндіргіш күштердің дамуы өткен 5000 жылдан асып түсті!), млрд. тонна тауарлардың бір елден екінші елге өтуі, байланыс жүйелерінің жетілуі т.с.с. құбылыстар жатыр. Екінші жағынан, табиғи ресурстардың Жер бетінде әртүрлі шоғырлануы, сондықтан елдердің бір-бірімен осы байлықты бөлісу, алмасу мәселері де жаһандану үрдісіне өз ықпалын тигізбей қоймайды.

Жер бетіндегі мемлекеттердің бір-бірімен жақындасуына, олардың арасында пайда болатын қайшылықтарды шешуге екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), оның әртүрлі салаларды бақылауға арналған мекемелері (ЮНЕСКО, ЮНКТАД т.с.с.) үлкен ықпал жасауда. Бүгінгі таңда жүздеген аймақтық ұйымдар жұмыс істеуде (Еуропа Одағы, ТМД, АСЕАН, ОАЕ т.с.с.)

Жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстардың бір-бірімен жақындасуына бұқаралық ақпарат тарату мекемелері (БАҚ) өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда бірді-бір алыс-жақындағы ел, тіпті сонау Тынық мұхитында орналасқан аралдардағы халықтарға дейін адамзаттың назарынан тыс қалмайды. Жұмыстан кейін үйге келіп, теледидар, я болмаса радио, интернет арқылы сол күні тек өз елінде ғана емес, бүкіл жер бетінде қандай маңызды оқиға болғаны жөнінде ақпарат алып, соны өзімізше сараптаймыз, өйткені біз оларға немқұрайды қарай алмаймыз. Адамзат жетістіктеріне сүйсіне қараймыз да, қателіктеріне бірге өкінеміз. Бүгінгі адамзат – «Ғарыш кеңістігінде Жер деген «кемемен» ұшып жатқан біртұтас астронавтар командасы», - дер едік.

Келесі назар аударатын нәрсе – жаһандану үрдісі бүкіл адамзатты «бір қалыпқа» салғандай әсер етіп жатыр. Өйткені барлығы да компьютерлік есептеуден өтіп, белгілі бір стандарттарға сай болуы керек. Олай болмайынша, сіз өндірген тарауды сырт елдерге шығаруға болмайды. Сондықтан миллиондаған адамдардың киген киімінде, жүретін машиналарында, үйіндегі жиһаздарда, тіпті демалатын орындарда, музыка мен өнерде әсіресе бұқаралық мәдениетте біркелкілікке деген ұмтылысты байқаймыз.

Сонымен қатар бүгінгі адамзат әртүрлі мата қиықтарынан жасалған кәдімгі қазақтың көрпесіне де ұқсас. Өйткені әр елдің, халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған мәдениет үлгілері, тілі, діні, әдет-ғұрпы бар. Ол оған аса қымбат. Біз оның тіпті бағасы жоқ дер едік, өйткені өз төл мәдениетінен айырылған халық тарих асхнасынан жоғалып кетеді. Ал ондай жағдайдың болуы адамзаттың өшпес күнәсі болар еді. Әр халық басқа елдерге ең алдымен өз мәдениеті, өмір салтымен қызықты. Бүгінгі таңдағы адамзатты шыны мен бетоннан жасаған биік ғимараттармен таңғалдыра алмайсың, ол оған таңсық емес. Ал Біржан-сал, Тәттімбет, Сегіз-серінің т.с.с. ұлы перзенттердің өлеңдері, ғұлама Абайдың қара сөздері, көне заманнан сақталған эпос, дастандар оларды, шынында да, таңғалдырып, осындай бабаларымызды тудырған халыққа деген ізгі ықыласын оятатынына біздің күмәніміз жоқ.

Жаһандану үрдісі әртүрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың ортақ тағдырын сезіну, ұлттық мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялармен алмасуға әкеледі.

Сонымен қатар жаһандану үрдісі біршама бүкіл адамзаттық теріс салдары бар проблемаларды тудырады. Енді оларды қысқаша сипаттайық.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет