Кафедра: Терапия кафедрасы


q Стенокардия ұстамасының ұзақтығы, ауырлығы, жиілігінің ұлғаюы



бет14/16
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#80094
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Реферат Зубина А

q Стенокардия ұстамасының ұзақтығы, ауырлығы, жиілігінің ұлғаюы;
q Стенокардия әдеттен аз физикалық жүктемеде туындайды;
q 2 аптадан 2 ай аралығында туындаған алғаш пайда болған стенокардия;
q ЭКГ өзгеріссіз немесе динамикасыз

Коронарлы ауырсыну ұстамалары жиілігі, ұзақтығы, интенсивтілігіне байланысты жоғарылайды; физикалық жүктемеге төзімділігі кенет төмендейді, ауырсынуды басу үшін нитроглицеринді қайтадан қабылдауына тура келеді. Кейбір науқастарда қосымша ЖСЖ жоғарылайды, тұншығу кездеседі. Егер де бұрын ұстама тек физикалық жүктемеде туындаса, енді олар тыныштықта, түнгі, таңға жуық мезгілде ( Принцметал стенокардясы) мазалайды, кейбіреулері тұншығумен бірге15 ж/е жоғары минутқа созылып тек наркотикалы анальгетиктермен жойылады. Тұрақсыз стенокардия коронарлы ауырсынусыз кездеспейді. Сонымен қатар бұрында байқалмаған ЭКГ өзгерістері тіркеледі. Осының барлығы коронарлы жетіспеушілікті көрсететін болады.




Диагностика:
Ауру анамнезі мен шағымдары — алғашқы шағымдары қашан (қанша уақыт бұрын) және қандай шағымдар болғанын анықтау (кеуде тұсындағы ауырсыну, ентігу, әлсіздік), науқас сол уақытта қандай шара қолданды және қандай нәтиже болды, дәрігерге қаралды ма, бұл симптомдардың пайда болуын науқас немен байланыстырады.
Өмір анамнезі — стенокардия даму қауіп факторларын анықтау (мысалы, шылым шегу, жиі эмоциональды стресс), диетасы, өмір сүру жағдайы.
Жанұялық анамнез —жақын туыстарында жүрек – қан тамыр ауруларының бар – жоқтығын анықтау.
Дәрігерлік қарау — тыңдау, жүрек тұсын қару, гипертрофия көріністерін анықтау
Жалпы қан анализі — ағзадағы қабынуды анықтауға көмектеседі (лейкоцит, ЭТЖ деңгейінің жоғарылауын анықтайды).
Жалпы зәр анализі — қосымша патологияны анықтауға көмектеседі.
Биохимиялық қан анализі – холестерин деңгейін анықтау маңызды, қандағы глюкоза деңгейін анықтау
Кардиоспецификалық ферменттер (КФК, МВ-КФК, ЛДГ, АСТ) белсенділік деңгейі қалыпты немесе қалыптының жоғарғы шекарасы 50%-дан аспайды. Тропонин Т тұрақсыз стенокардиясы бар науқастардағы миокардтың зақымдалу маркері. Тропонин Т деңгейінің ( 0,55 – 3,1 мкг/л) жоғарылауы ұзақ н/е қысқа мерзімді болуы мүмкін. Жиі ақырғы 48 сағат ішінде тыныштық ұстмасы болған науқастарда кездеседі. Тропонин Т-нің жоғарылауы тұрақсыз стенокардиясы бар науқастардың болжамды мағынасы ЭКГ-дағы қарыншалық комплекстің соңғы бөлімінің өзгерісінің тіркелуімен тең.
Электрокардиография (ЭКГ) — қағазға жүректің электрлік белсендігін анықтаудың әдісі —ST сегментінің және Т тісшесінің өзгерістері байқалады
Эхокардиография (ЭхоЭКГ) – аз ақпарат береді. Себебі тек ауырсыну эпизодында ғана сол қарыншаның патологиялық қозғалысын анықтауға болады.
Тәуліктік холтерлік ЭКГ мониторингі – 24-72 сағат ішінде электрокардиограмманы жазу, зерттеу кезінде миокард ишемиясы анықталады, оның пайда болу жағдайы, ұзақтығы, ритм бұзылысы анықталады. Зерттеу үшін портативті құрылғы (холтер мониторингісі) қолданылады
Коронарлы ангиография: Бұл әдіс хирургиялық ем ( тері арқылы транслюминальды коронарлы ангиопластика немесе АКШ) жайлы сұрақ қозғалғанда немесе аурудың қолайсыз болжамы бар науқастарға жүргізіледі. Ангиографиялық зерттеуде коронарлы артериялардағы тромб белгілерін ( 40% науқаста ) және стенозын (40-60% науқаста) анықтауға болады. Сонымен қатар 15% науқастар гемодинамикалық болмашы коронарлы артерия стенозы ( артерия өзегінің 60 % -дан төмен тарылу) жағдайында болуы мүмкін, ол стеноз айқындылығына қарағанда фиброзды бляшка сипатының тұрақсыз стенокардия дамуын дәлелдейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет