Кафедра: Терапия кафедрасы



бет15/16
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#80094
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Реферат Зубина А

Стенокардия емі:
Медикаментозды емес ем:

  • шұғыл госпитализация;

  • физикалық белсенділікті шектеу, қатаң төсектік тәртіп.

Дәрілік терапия
Ауырсыну синдромын басу:
Тез әсер ететін нитраттар: тіл астына нитроглицерин ( 0,5-1 мг) немесе изосорбид динитрат (10 мг). Эффект жеткіліксіз болса әрбір 4-5 мин сайын препаратты қабылдайды. 20 мин ішінде ангинозды ұстама басылмаса наркотикалы анальгетиктерді вена ішілік енгізеді. Оны әрбір 5-30 мин қайталап отыруға болады. Қарсы көрсеткіштер: гипотензия, тыныс тежелуі, сана бұлыңғырлану
Емінде нитраттар, бета-блокаторлар, аспирин, гепарин қолданылады.
Көктамырға инфузия үшін әдетте нитроглицерин ( 0,1% спиртті ерітіндісі, 0,01 % сулы ерітіндісі — перлинганит ) немесе изокет ( 0,01 % изосорбит динитратының сулы ерітіндісі). Енгізуді 5-10 мкг/мин жылдамдықпен бастайды.
Антиишемиялық және антифибрилляторлы әсер етудің эталоны – пропранолол. 0,5-1 мг вена ішілік енгізеді, міндетті түрде ЭКГ мен АҚ бақылау. 1-2 сағат кейін ішке 40-80 мг әрбір 6-8 сағат сайын.
Гепарин жоғарғы және орташа қауіп тобындағы науқастарға көрсетілген. Терапия гепаринді болюс түрінде 80ед/кг есеппен бастайды. Ары қарай тұрақты инфузия 1000 ед/сағ жылдамдықпен тұрақты инфузия. Қан ұю жүйесін әрбір 24 сағат сайын бақылау.
Антиагрегантты терапия: аспирин 500 мг күнделікті, гепаринмен бірге ем жүргізілгенде 100-250мг/тәул


Хирургиялық ем:
Стенттаумен бірге коронарлы ангиопластика – тарылған тамыр ішіне арнайы каркас-стент орналастыру
Аорто-коронарлы шунттау — жүрек бұлшықетінің қан айналым деңгейін хирургиялық қалпына келтіру, бұл кезде ишемия аймағына қан жеткізетін, қосымша қан тамыры жасалады. Бұл әдіс дәрілік ем эффективті болмаған жағдайда, басты коронарлы артерия зақымдалған кезде жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет