Капитал түсінігі орындағАН: Кадырова Тахмина



Дата17.10.2022
өлшемі314,67 Kb.
#153482

КАПИТАЛ ТҮСІНІГІ

ОРЫНДАҒАН: Кадырова Тахмина


КАПИТАЛ дегеніміз не?
Шағын түсінік
Капитал[1] нем. kapіtal, ағылш. capіtal, лат. capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік
  • Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі. Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан пайда түсіріп, капиталын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.

Өндіргіш Капитал
  • өнеркәсіп капиталының ауыспалы айналым процесінде қолданатын үш қызмет атқару формасының бірі. Өнеркәсіп капиталының басқа екі формасы — ақша және товар. Өндіргіш капитал капитализм тұсында тек матерпалдық игіліктер ғана емес, сонымен қатар қосымша құн жасайтын өндіріс процесінде қызмет атқарады. Өндіргіш капиталдың элементтері — жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдығы. Бірақ бұл элементтер өзінен-өзі капитал болмайды, белгілі бір тарихи жағдайларда, капитал өндірістік қатынастардың үстемдік етуі, ендірушінің өндіріс құрал-жабдығынан бөлектенуі және жұмыс күшінің товарға айналуы нәтижесінде ғана капитал болады.Қосымша құн өндіру жөніндегі атқаратын роліне қарай Өндіргіш капитал тұрақты капитал және өзгермелі капитал болып екіге белінеді. Өндірістің заттық факторлары немесе түрақты капитал жаңа құн жасамайды, өзгермелі капитал жұмсалып, сатып алынған жұмыс күші ғана құн және қосымша құнның шығар көзі болып табылады. Өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге ауыстыруы және айналыс әдісі жағынан Өндіргіш капитал негізгі капитал және айналмалы капитал болып

КАПИТАЛ органикалык кұрылыс
Капитал органикалық құрылысы - құн тұрғысынан өндіріс құралдары көлемі мен өндіріс үрдісіне салынған еңбек арасындағы қатынастар. Сәйкесінше, бұл тұрақты және айнымалы капитал арасындағы қатынастар. Маркстың талдауындағы осыған жақын ұғым - капиталдың техникалық кұрылымы (машиналар мен зауыттардың еңбекке қатынасы), шамамен қарапайым болып табылатын сияқты, бірақ шын мәнінде өлшемге келмейді.
Нақты капитал
  • Нақты капитал – тұрақты бағамен көрсетілген капитал. Ол негізгі және айналым құралдарынан тұрады. Негізгі құралдарға бірнеше өндіріс кезеңдерінде пайдаланылатын үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, аспаптар жатады, айналым құралдары өндірістің тек бір кезеңінде ғана толық тұтынылады немесе өңделіп өзгереді, оларға өзіндік немесе нарықтық құны бойынша бағаланатын тауар-материалдық құндылықтар (өндірістік босалқы қорлар, дайын өнім, т.б.), ақшалай қаражат (дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржы салымы, т.б) жатады. Қаржы капиталы кәсіпорынның нақты К-на меншік құқығын беретін бағалы қағаздар құнының ақшалай өлшемдік көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет