Казахский язык класс 9 каз



бет3/8
Дата10.06.2017
өлшемі1,73 Mb.
#18423
1   2   3   4   5   6   7   8

E) Жаңа қоныс болғанда қандай!

148_

Сұраулы сөйлемнің көркем әдебиетте жиі кездесетін түрін табыңыз.



A) Ашық сұрақты сұраулы сөйлем.

B) Жетек сұрақты сұраулы сөйлем.

C) Анықтауыш сұрақты сұраулы сөйлем.

D) Риторикалық сұрақты сұраулы сөйлем.

E) Қарсы сұрақты сұраулы сөйлем.

149_


Ұран, үндеу мәніндегі бұйрықты сөйлемді табыңыз.

A) Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта!

B) Келші, қалқам, менің қасыма отыршы!

C) Қане, осы баланың бәйгесін бермей көрші!

D) Керімбек малды тез жайлауға айдасын!

E) Егіс көлемін ұлғайтыңдар, егіншіліктің мәдениетін көтеріңдер!

150_

Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.



A) -Шіркін, Көкшетау! Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен!?

B) -Шіркін, Көкшетау, Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен?

C) Шіркін Көкшетау! Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен!

D) Шіркін, Көкшетау. Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен.

E) -Шіркін, Көкшетау? Шіркін дүниеде сендей де жер бар ма екен...

151_


Жақты сөйлемді көрсетіңіз

A) Өлеңімді өрлеттім.

B) Не істеу керек?

C) Жиенді олай қумас болар.

D) Оңаша сөйлесу қажет.

E) Немеремді көруге рұқсат па?

152_

Жақсыз сөйлем



A) Мұны шу дегенде аңғара да бермейсің.

B) Сол үшін оған құрметпен қарайсыз.

C) Түнде осында қонуыма тура келер.

D) Мен, әрине, бұрынғы Рысқұл емеспін.

E) Күзге салымғы шуақ күндердің бірі.

153_


Жалаң сөйлем

A) Ендігі сөзді үйде кеңесейік.

B) Жерді жыртқан ақысын төлеңдер.

C) Төлеген жоғары өрлеп кетті.

D) Әжем мен Жаншора келіп кетті.

E) Әбішті ұзақ тыңдағысы келді.

154_

Жайылма сөйлем



A) Күреңкөз қожа да айтып отыр.

B) Жетім жалғыз да панасыз.

C) Атасы байқап қалған сияқты.

D) Сөйлеп тұрған-Смағұл Санат.

E) Ақынды өмір өсіреді екен.

155_


Толымды сөйлем

A) Ақындық – табиғат сыйы.

B) Арашалар дәрмені де жоқ.

C) Еріксіз егіліп жылайды.

D) Шырылын естіп келеді.

E) Мойымай көтеруге тиістімін.

156_

Толымсыз сөйлем



A) Аллаһ сүйген құлына ғана сынақ жібереді.

B) Бұл-өмірдің сынағы.

C) Мен оны көтеруге тиістімін.

D) Мені қолдаған адамдарға мен ризамын.

E) Адамдықты ешқашан ұмытпаймын.

157_


Атаулы сөйлем

A) Отыра қал, тумалар.

B) Тыңда, дала, Жамбылды.

C) Қарағым, бермен кел.

D) Бізге де көңіл бөл.

E) Биік-биік белес тау.

158_

Баяндауышы -қы,-ғы,-кі,-гі жұрнақты қалау райлы етістіктен жасалатын сөйлем



A) Жақты сөйлем.

B) Белгілі жақты сөйлем.

C) Белгісіз жақты сөйлем.

D) Жалпылама жақты сөйлем.

E) Жақсыз сөйлем.

159_


Жалаң сөйлемнің негізгі белгісі

A) Тұрлаусыз мүше қатысады.

B) Тұрлаулы мүше қатыспайды.

C) Тұрлаулы мүшелерден ғана тұрады.

D) Пысықтауыш қана қатыспайды.

E) Тұрлаусыз мүшенің біреуі ғана қатысады.

160_

Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыратын сөйлем мүшесі



A) Бастауыш.

B) Баяндауыш.

C) Толықтауыш.

D) Грамматикалық негіз.

E) Үйірлі бастауыш.

161_


Жақсыз сөйлемнің жасалу жолы

Дариядай шалқар өмірде еркін жүзе бергің келеді.

A) Септеулі тұйық етістіктен.

B) Қалау райлы күрделі етістіктен.

C) Көсемше тұлғалы күрделі етістіктен.

D) Тұрақты сөз тіркесінен.

E) Есімше тұлғалы күрделі етістіктен.

162_

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолы



A) Барыс септіктегі тұйық етістікке кел етістігінің тіркесіп келуі арқылы.

B) Көмектес септіктегі есімшеге айт етістігінің тіркесіп келуі арқылы.

C) Шығыс септіктегі есімшеге жүр етістігінің тіркесіп келуі арқылы.

D) Табыс септіктегі тұйық етістікке отыр етістігінің тіркесіп келуі арқылы.

E) Атау септіктегі есімшеге жоқ сөзінің тіркесіп келуі арқылы.

163_


Жақсыз сөйлемнің жасалуына негіз болатын жұрнақ

A) -ған, -ген, -қан, -кен.

B) -атын, -етін, -итын.

C) -ғы, -гі, -қы, -кі.

D) -са,-се, -қы, -кі.

E) -ар, -ер, -с.

164_

Жақсыз сөйлем



A) Сонан соң оны қадірлей бастайсыз.

B) Жуандығы төрт құшаққа дейін жетеді.

C) Осындай бумаларды қазақтар "қарабура" дейді.

D) Абайдың Шұбарға жаны ашығандай болды.

E) Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді.

165_


Жақсыз сөйлемдерде негізгі етістіктермен тіркесіп келетін көмекші етістіктер қатары

A) Бол, кел, жара.

B) Отыр, де, айт.

C) Екен, кел, тұр.

D) Жүр, деп, жара.

E) Жүр, кел, отыр.

166_

Атаулы сөйлем болатын сөз табы



A) Зат есімнен.

B) Сын есімнен.

C) Сан есімнен.

D) Етістіктен.

E) Үстеуден.

167_


Жақсыз сөйлем

A) "Құсты арал" деп атын да тауып қойған екен.

B) Алтайдың жері де алтын, көлі де алтын.

C) Мал таппаған жігіт-жігіт пе, тәйірі.

D) Бұлардың беті- қалың таудың іші.

E) Мұнда бізге біраз ғана күн қиындау болар.

168_

Мезгіл мәнді білдіретін атаулы сөйлем



A) Қазан айы. Түнерген кеш. Баяу ескен қоңыр жел.

B) Дала. Егін даласы. Егін даласы рақат құшағында.

C) Торғай. Егін. Шалғын

D) Айнала аппақ жер, қалың қар.

E) Міне, дала көрінеді. Бұл – егін даласы.

169_


Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болған сөйлем

A) Сан жүздеген адамнан көшеде аяқ алып жүруге мүмкін емес еді.

B) Әлден уақытта белден келген суға былш ете түскеніңді білесің!

C) Жанына батыра дүреледі, сабаққа қайта отырғызды.

D) Биік толқынның қыр арқасына шыққанда, арттағыларды көресің.

E) Қалың ағаштың ортасындағы алаңды қолдан жасаған ба дейсің.

170_

Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомалы жақсыз сөйлем



A) Абайдың ұғына түскісі келді.

B) Енді біраздан кейін көз байлануға айналды.

C) Енді сізге айтуға тура келді.

D) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

E) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.

171_


Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу жолы.

A) Бір.


B) Екі.

C) Үш.


D) Төрт.

E) Бес.


172_

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

A) Ел үмітін ел ақтар, ер атағын ел сақтар.

B) Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.

C) Бірден біледі: бұл- Серғазы адамдарының жасағы.

D) Бірталай уақыт өткен соң, Қалтай келді.

E) -Әй, ол жеңер сені, себебі келешек онікі ғой.

173_


Ыңғайласа байланысқан жай сөйлемдердің арасында қайталанбай бір-ақ рет қолданылатын шылау

A) Да.


B) Де.

C) Әрі.


D) Және.

E) Соң.


174_

Салалас құрмаластың өйткені, неге десеңіз жалғаулықтары арқылы байланысатын түрі

A) Ыңғайлас салалас.

B) Қарсылықты салалас.

C) Түсіндірмелі салалас.

D) Кезектес салалас.

E) Себеп-салдар салалас.

175_


Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

A) Мұз жарылды, өзендерде сең жүре бастады.

B) Сонда я жүрегім жеңер, я білегім жеңер.

C) Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан қонуға тура келді.

D) Баршагүл сәлем беріп еді,- ол қырын қарап кетті.

E) Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді.

176_

Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем



A) Елінен безген кісі оңбайды, көлінен безген құс оңбайды.

B) Оларды кінәлауға да болмайды: қыстауда орын да жоқ.

C) Жай өзінен-өзі танылды да, басқа сұраулар берілген жоқ.

D) Абай енді байқады: әкесі сөзін аяқтап келеді екен.

E) Мұны орталық кешпеді де, орындарынан түсті.

177_


Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

A) Сөз бергенге ерме,- бөз бергенге ер.

B) Ел үмітін ел ақтар, ер атағын ел сақтар.

C) Елінен безген кісі оңбайды, көлінен безген құс оңбайды.

D) Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады.

E) Ақ болсаң, қараға жуыма; аққа қара тез жұғады.

178_

Талғаулы салалас құрмалас сөйлем



A) Я алқымда булығып ашу тұрады, я көзінде жаңа бір үрей тұрады.

B) Тұманның қалыңдығы сонша- түк те көрінбейді.

C) Қазақ халқы-ел сұлуының бірі, қазақ жері-жер сұлуының бірі.

D) Әр адамның бағасына бір ғана өлшеуіш бар: ол-өнімді адал еңбек.

E) Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес.

179_


Кезектес салалас құрмалас сөйлем

A) Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.

B) Қазанаспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды

C) Опасыз адам жел сияқты: алдыңда құдық барда артыңнан итереді.

D) Ұлпан Есенейді аяп та кетті, Есенейдің үлкен адам екендігіне қызығып та кетті.

E) Нұрым қамшыны да босатпады- басқа соғар деп қауіптенді.

180_

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлем



A) Олардың сөздерінде бояу аз, бірақ баурап алады.

B) Жүзінде қайғы жоқ, алайда қорқыныш бар.

C) Бас болмақ оңай,- бастамақ қиын.

D) Санат тереңнен түсінеді, дегенмен мойындағысы келмейді.

E) Айзат осыған да риза, әйтсе де жүрегі ауырады.

181_


Талғаулы салалас құрамындағы жай сөйлемдердің байланысатын шылаулар қатары

A) Я, әлде, немесе.

B) Себебі, өйткені, және.

C) Алайда, неге десеңіз.

D) Бірде, сонда да, да.

E) Әйтсе де, сондықтан, де.

182_

Түсіндірмелі салалас құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысуы



A) Жалғаулықтар арқылы

B) Жалғаулықсыз іргелесе

C) Септеуліктер арқылы

D) Интонация мен шылау арқылы

E) Демеуліктер арқылы

183_


Түсіндірмелі салалас құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігіне қойылатын тыныс белгілері

A) Үтір, сызықша.

B) Нүктелі үтір, көп нүкте.

C) Қос нүкте, сызықша.

D) Көп нүкте, үтір.

E) Нүктелі үтір, сызықша.

184_

Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас



A) Абай енді байқады: әкесі сөзін аяқтап келеді екен.

B) Жалпы мәліметін ала қайтшы: оқуға жоғарғы жақтан жіберіледі екен.

C) Бұл егіннің дәнін мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным ауырады.

D) Күріш суға қолмен себіледі: тұқымсепкіш суда жүре алмайды.

E) Нұрым қамшыны да босатпады - басқа соғар деп қауіптенді.

185_


Жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың салдар мәнді жай сөйлемі бұрын келгенде, одан кейін қойылатын тыныс белгі.

A) Үтір.


B) Қос нүкте.

C) Нүктелі үтір.

D) Үтір мен сызықша.

E) Үтір мен көп нүкте.

186_

Себеп-салдар салалас құрамындағы жай сөйлемдер сондықтан, сол себепті шылаулары арқылы байланысқанда, бірінші жай сөйлемінің білдіретін мәні



A) Салдар мәнді.

B) Қарсылықты мәнді

C) Себеп мәнді.

D) Түсіндірме мәнді.

E) Талғау мәнді.

187_


Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас

A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сіз бармайсыз.

B) Мезгіл кешкіріп кетті, амалсыз қонуға тура келді.

C) Кейін қайта алмаймыз: өткел тосатын уақыт жоқ.

D) Географиялық картада ондай ат жоқ, оларды кінәлауға болмайды.

E) Ол мені қатты сыйлады, оны ұмыту оңай емес.

188_

Жалғаулықсыз қарсылықты салаласқа тән тыныс белгісі



A) Үтір мен сызықша.

B) Қос нүкте мен сызықша.

C) Көп нүкте мен үтір.

D) Үтір мен көп нүкте.

E) Нүктелі үтір, сызықша.

189_


Салаластың түрін және қойылуға тиісті тыныс белгісін анықтаңыз

Абай енді байқады әкесі сөзін аяқтап келеді екен.

A) Түсіндірмелі салалас, қос нүкте.

B) Талғаулы салалас, сызықша.

C) Қарсылықты салалас, үтір.

D) Себеп-салдар салалас, қос нүкте.

E) Кезектес салалас, үтір мен сызықша.

190_

Талғаулы салалас құрмалас сөйлем



A) Тоғыз санына жеткізіп сый-сыяпат жасау немесе айып салу дәстүрі сақталған.

B) Я алқымда булығып ашу тұрады, я көзінде жаңа бір үрей тұрады.

C) Шаруашылық басшыларын не кеңселерінен, не үйлерінен таппады.

D) Бұл істің не шындығын, не жалғандығын біліп болмайды екен.

E) Бұл сөздердің бірін де я Раушанның, я Бекеннің көзінше ешкім айтпады.

191_


Салдар мәнді жай сөйлем, себеп мәнді жай сөйлем тізбегінде келгенде қолданылатын шылаулар

A) Өйткені, себебі, неге десеңіз

B) Сондықтан, сол себепті.

C) Неге десеңіз, сондықтан.

D) Сол себепті, себебі.

E) Өйткені, сондықтан.

192_

Жай сөйлемдерінің ара жігіне үтір мен сызықша қойылатын салалас



A) Жалғаулықты ыңғайлас салалас.

B) Жалғаулықсыз қарсылықты салалас.

C) Жалғаулықсыз түсіндірмелі салалас.

D) Жалғаулықсыз себеп-салдар салалас.

E) Жалғаулықты қарсылықты салалас.

193_


Салалас құрмаластарды байланыстыратын амалдар

A) Интонация мен демеуліктер.

B) Септеуліктер мен жалғаулықтар.

C) Интонация мен жалғаулықтар.

D) Демеуліктер мен жалғаулықтар.

E) Интонация мен септеуліктер.

194_

Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас түрлері



A) Екеу

B) Үшеу


C) Төртеу

D) Бесеу


E) Алтау

195_


Сабақтастың түрі

Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар еді.

A) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Себеп бағыныңқылы сабақтас.

D) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

E) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

196_

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем



A) Сын тезі құрылмай, әдебиет сөзі сындар болып шыға алмайды.

B) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

C) Еселі далаға шықса, таң құланиектеніп атып келеді екен.

D) Ол қапелімде қайда жатқанын есіне түсіре алмай, маңдайын сипай түсті.

E) Дәуіт ұшып кетпеу үшін, қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.

197_


Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың баяндауышының жасалу жолы.

Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды.

A) Есімшеге көмектес септік жалғауының қосылуы арқылы.

B) Есімшеге-ша, -ше жұрнағының жалғануы арқылы.

C) -а,-е,-й жұрнақты көсемшеден.

D) Шартты райдың болымсыз түрінен.

E) Шартты райлы етістікке де шылауының жалғасып келуі арқылы.

198_

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем



A) Үйдегілер далаға шықса, таң аппақ болып атқан екен.

B) Әлдене қызы болғанмен, Салтанаттың өзіне Абайды кепілге бермейтін болыпты.

C) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

D) Дәуіт ұшып кетпеу үшін, қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.

E) Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды.

199_


Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

A) Бұл сұрауым көпшілікке түсінікті болу үшін, сіздерге екі түрлі сұрау берейін.

B) Абай Семейге келгенде, Михайлов оған орыс классиктерінің еңбектерін көрсетті.

C) Бұл мәжіліс еңбек айынан басталғандықтан, Абай кейін өзінше түйін түйді.

D) Дәуіт ұшып кетпеу үшін, қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.

E) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

200_

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем



A) Абай Семейге келгенде, Михайлов оған орыс классиктерінің еңбектерін көрсетті.

B) Сын тезі құрылмай, әдебиет сөзі сындар болып шыға алмайды.

C) Еселі далаға шықса, таң құланиектеніп атып келеді екен.

D) Бұл сұрауым көпшілікке түсінікті болу үшін, сіздерге екі түрлі сұрау берейін.

E) Әлдене қызы болғанмен, Салтанаттың өзіне Абайды кепілге бермейтін болыпты.

201_


Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

A) Дәуіт ұшып кетпеу үшін, қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.

B) Сын тезі құрылмай, әдебиет сөзі сындар болып шыға алмайды.

C) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

D) Тың адам келіп отырса да, айтып отырған әңгімесінің желісін өзгертпеді.

E) Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты.

202_

Бағыныңқының баяндауышы тұйық етістік пен септеулік шылау арқылы жасалған мақсат бағыныңқылы сабақтас



A) Дәуіт ұшып кетпеу үшін, қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.

B) Абай бүгін бір әдейі сөйлесейін деп, Әбіштерді оңаша шақыртқан.

C) Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, сар желіске сала жөнелді.

D) Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай жүрді.

E) Ата-анасын көрсін деп, сонау жақтан әдейі шақыртқан болатын.

203_


Қайтсе де? қайткенмен? не еткенмен? деген сұрақтарға жауап беретін сабақтастың түрі

A) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

D) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

E) Себеп бағыныңқылы сабақтас.

204_

Сабақтастың қай түрі екендігін анықтаңыз.



Ұйықтасын деп бөбегім,

Домбыраның қос ішегін

Жамбыл бабаң қағады.

A) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

D) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

E) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

205_

Етістіктің түбіріне -ысымен, -ісімен қосымшаларының жалғануы арқылы жасалатын сабақтас



A) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

D) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

E) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

206_


Сабақтасқа да, салаласқа да ортақ термин

A) Ыңғайлас

B) Талғаулы

C) Қарсылықты

D) Мақсат

E) Түсіндірмелі

207_

Себеп бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолы



A) Есімшенің өткен шақ формасына соң шылауының тіркесуі арқылы.

B) Етістікке шартты райдың -са,-се жұрнағының жалғануы арқылы.

C) Шартты райлы етістікке де шылауының тіркесуі арқылы.

D) Тұйық етістікке үшін шылауының тіркесуі арқылы.

E) Мезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылы.

208_


Етістіктің шартты, қалау, бұйрық райының ІІІ жағынан кейін деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалатын сабақтас

A) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

D) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

E) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

209_

Берілген бағыныңқы сөйлемнің мағыналық қарым-қатынасына қарай басыңқы сөйлем



Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, ...

A) қарлығаш оның қанатын қырқып қояды.

B) көкпар шығармай, айналма бәйгемен тынбаққа келісті.

C) бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді.

D) Мағаш, Әбіштерді оңаша шақыртқан.

E) қайта шүйілді, айдаһар оған қайта жалын бүрікті.

210_

Ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалатын сабақтас



A) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

D) Себеп бағыныңқылы сабақтас.

E) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

211_


Келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалатын сабақтас

A) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

B) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

D) Себеп бағыныңқылы сабақтас.

E) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

212_

Сабақтастың түрі



Дәмді жеміс іздедім,

Бойы өссін деп баланың.

Дәмді сөзді іздедім,

Ойы өссін деп баланың.

A) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

B) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

D) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

E) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

213_

Берілген сөйлем сабақтастың қай түрі екендігін анықтаңыз.



Құстың қанаты қанша жеңіл болса да, сүйенетін ауа болмаса, құсты жоғары көтере алмаған болар еді.

A) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

B) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

D) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

E) Көп бағыныңқылы сабақтас.

214_

Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі екендігін анықтаңыз.



Олар қыстан қоңсыз шыққан арық-тұрық мал жайын ойлап, күннің қабағына қарап, қай ауыл бастап көшер екен деп, біріне-бірі қарайлап отырғанда, ұсақ мал төлдеп қалды.

A) Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас.

B) Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас.

C) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

D) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

E) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

215_

Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі екендігін анықтаңыз.



Біз ауылға таяған кезде, ауыл азаматтары құрметпен күтіп алды.

A) Жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас.

B) Сатылы көп бағыыныңқылы сабақтас.

C) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

D) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

E) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.

216_

Оқшау сөздің атқаратын қызметіне қарай түрлері



A) Екі

B) Үш


C) Төрт

D) Бес


E) Алты

217_


Қаратпа сөздің тұлғасын және орнын анықтаңыз

-Құлыным, қашан кетіп қалар екенсің?

A) Тәуелдеулі зат есім, сөйлемнің ішінде.

B) Тәуелдеулі зат есім, сөйлемнің басында.

C) Септеулі зат есім, сөйлемнің соңында.

D) Жіктелген зат есім, сөйлемнің басында.

E) Септеулі зат есім, сөйлемнің ортасында.

218_

Қыстырма сөз қатысқан сөйлем



A) -Балам, өмірге аралас, өмірге!

B) -Сері қайным, бері кел.

C) -Құнанбай деймін, әңгіме айтшы.

D) Сөз жоқ, тағы шайқасамыз.

E) Игіліктің өзіне өкпелегендей болды.

219_


Көңіл күй одағайы

A) Шөре-шөре.

B) Ойбай.

C) Абырой болғанда.

D) Әрине.

E) Құрау-құрау.

220_

Ойдың ретін білдіретін қыстырма сөз



A) Несін айтасың, рас.

B) Амал қанша, мүмкін.

C) Сірә, әлбетте.

D) Сіздіңше, мен білсем.

E) Алдымен, екіншіден.

221_


Одағай сөз қатысқан сөйлем

A) -Қап! Тоқтай тұр, бәлем!

B) Арбаның үстінде бір қап қалыпты.

C) Бір жағынан, сүйсіндіреді екен.

D) Дәмештің көркемдігі-қуаныштың көркемдігі.

E) Меніңше, бұл- өте мықты адам.

222_

Өзі қатысқан сөздерге сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін оқшау сөз



A) Қаратпа сөз.

B) Қыстырма сөз.

C) Одағай.

D) Оңашаланған айқындауыш.

E) Қосалқы айқындауыш.

223_


Оқшау сөзге байланысты қойылатын тыныс белгісі

A) Сызықша.

B) Нүктелі үтір.

C) Қос нүкте.

D) Үтір.

E) Көп нүкте.

224_

Қыстырма сөз қатысқан сөйлем



A) Оның кешігіп жүруі мүмкін емес.

B) Екінші күні жолдың жартысына келдік.

C) Бала кезде естіген әңгімелерім әлі есімде.

D) Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз.

E) Мен саған бірдеңе айтпақшы едім.

225_


Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет