Казахский язык класс 9 каз



бет6/8
Дата10.06.2017
өлшемі1,73 Mb.
#18423
1   2   3   4   5   6   7   8

D) Жапты

E) Салды


394_

Автор сөзі қатыспаған қатарды табыңыз.

A) Уай, дариға, талай қызықтар бастан өткен-ау!..

B) – Шын айтасың ба? - деп Әбдірахман басын көтеріп алды.

C) – Сізден несін жасырайын? – деді жолдасым.

D) – Қасқыр қой жемейді деп ешкім айтпас, - деп қарқылдап күлді.

E) – Міне! – деп Шығанақ тарыны көрсетті.

395_


Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Әңгіменің көбі үй шаруасы, мал жайы болды.

B) – Қош, енді жүрейік, - деді.

C) Тәттімбет күй шежіресі аяқталмағандай сезінді.

D) Бастық сенбілікке бүкіл қызметкерлердің келуін бұйырды.

E) Шіркін, дүние-ай, бұл өңірден талай Тәттімбеттер өтер, сансыз ұрпақ сапырылысар.

396_

Автор сөзі төл сөздің ортасында тұрған сөйлемді табыңыз.



A) – Нені айтасыз? – деп мен елең ете қалдым.

B) Артынша: «Ләззаты мен мұңы бірдей әсем күй осы болар», - деп түйді.

C) Оған: «Шаршадың ғой, азырақ көзіңді іліндіріп мызғып алсайшы»,- деп айтқысы келді.

D) – Бұдан былай иісі қазақ Абылайдың туы астына жиналуы керек, - деді Бұқар жырау.

E) – Елаға, - деп әңгімесін соза түсті, - көрші отырған қоныстас ауыл едік.

397_


Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Сағынай асына жиналған Арқаның өңкей атақты әнші, ақындары осында.

B) Жамбыл өз шығармашылығында Сүйінбайды пір тұтатынын айтып отырған.

C) – Алысқа дейсің бе? Қайда барады сонда? - деді Төлеутай таңырқап.

D) Бұл ғасыр – өркениет ұландары ғарыш көгіне саяхат жасау үшін көтерілетін XXI ғасыр.

E) Тәттімбеттің «Сылқылдақ», «Былқылдақтардан» басталған күйлері бір-біріне тетелес-ті.

398_

Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.



A) Бақытта баян жоқ: о да – бір ұшқан құс.

B) Ердің күні елмен болса, елдің рухы – ерден.

C) Ахмет Иүгнеки: «Тегі таза кісінің қылығы – нұр», – депті.

D) – Алда, жарығым, келдің бе? – деді апам.

E) Шаруа еккен егінінің шықпай қалғанын айтты.

399_


Автор сөзі қатысқан қатарды табыңыз.

A) Шешені сыйлау, әкені тыңдау – бала парызы.

B) – Кешіріңіз, біз асығып бара жатыр едік,- дегеннен басқа ештеңе айтпады.

C) – Қарақтарым, біздің көргенімізді лайым сендердің бастарыңа бермесін!

D) Бауырласың болмаса, жолдас ізде: жақсы жолдас – бауырлас.

E) Шілденің аяқ шенінде ауа райы біртіндеп өзгере бастады.

400_

Дара анықтауышты сөз тіркесі



A)Өткел бермес шың

B) Қылқан жапырақты қарағай

C) Терең өзекті сай

D) Қалың қарағайлы тоғай

E)Шыршалы орман

401_


Күрделі анықтауышы бар сөйлем

A) Алтынгүл Сәбитті көп іздеді.

B) Көп балалы үй – базар.

C) Биыл жайлауға ерте көштік.

D) Жез самаурын тез қайнады.

E) Етікші бізге жарымас.

402_

Дара мүшеден жасалған лингвистикалық термин



A)антоним

B)аммиак


C)ақуыз

D)аксиома

E)ауыспалы мағына

403_


Сөйлемнің күрделі мүшесі бола алатын ай аты

A) Ақпан


B) Сәуір

C) Маусым

D) Қараша

E) Желтоқсан

404_

Күрделі мүше бола алатын тіркес



A) Көз салды

B) Төсек салды

C) Тамақ салды

D) Қалтасына салды

E) Нан салды

405_


Дара мүше бол алатын тіркес

A) Көз байланды

B) Тілі байланды

C) Сөз байласты

D) Қолы байланды

E) Жіп байланды

406_

Бірыңғай дара мүшеден болған сөйлем



A) Қойды жайылымға шығарды.

B) Көзін ала алмай, телміре қарап қалыпты.

C) Қыздың үйге көп кіріп-шығысы қонақ қамы екен.

D) Жіп-жіңішке қасы айдай болып қосылып тұр.

E) Түн тыныштығын ұрлап кеткендей

407_


Шылаулы тіркеспен келген күрделі мүше

A) Таудың басы

B) Есіктің алды

C) Түннен бері

D) Орманның іші

E) Ауылдың жаны

408_

Бастауышы жасырын тұрған сөйлем



A) Сәуле хатты оқығанда қатты толқыды.

B) Қазақ – табиғатынан шешен халық.

C) Хабарын хат арқылы жеткізді.

D) Оның туған жері – Алтай өлкесі.

E) Балалар бұл кездесуді шыдамсыздана күтті.

409_


Сөйлемнен дара баяндауышты табыңыз

A)Сәулет жаттығуды тыңғылықты орындады.

B) Ауыл қариясы төрде қозғалыссыз отыра берді.

C) Жауынгерлер неміс селосын қоршап алды.

D) Кешкі ауада атылған мылтық дауысы шаңқ ете түсті.

E) Сынақ тапсырмасын орындау уақыты тез өтіп кетті.

410_

Асты сызылған сөздердің сөйлемдегі қызметі



Салалы ұзын саусақтар пернені жоғарыдан төмен бірнеше қайтара жүгіріп өтті.

A) күрделі бастауыш

B) күрделі анықтауыш

C) күрделі пысықтауыш

D) күрделі толықтауыш

E) күрделі баяндауыш

411_

Пысықтауыштың мағыналық түрін ажыратыңыз



Енесінен айырылған жас ботаның алғашқы зарлы үні үзіліп-үзіліп шығады.

A) Мезгіл пысықтауыш

B) Себеп пысықтауыш

C) Мекен пысықтауыш

D)Амал пысықтауыш

E) Мақсат пысықтауыш

412_

Іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше



A) Толықтауыш

B) Бастауыш

C) Анықтауыш

D)Баяндауыш

E) Пысықтауыш

413_


Мезгіл пысықтауыш

A) Төмен


B)Таңертең

C)Жоғары


D)Әрең

E)Ілгері


414_

Тура толықтауыш бола алатын нұсқа

A)Сеніммен

B)Борышын

C)Тәуекелге

D)Азаматтыққа

E)Ар-ұяттан

415_


Жанама толықтауыш қатысқан сөйлем

A)Білгенін жасырды.

B)Ойындағысын айтты.

C)Анасына қарады.

D)Кітабын берді.

E)Әңгімесін айтты.

416_

Мекен пысықтауыш



A) Ерсілі-қарсылы

B) Жоғары-төмен

C) Бүгін

D) Босқа


E) Әдейі

417_


Тек тұрлаулы мүше қатысқан сөйлем

A) Отанын шексіз сүйеді.

B) Тіл – қылыштан өткір.

C) Тіл – тіршілік тірегі.

D) Үні жақсы екен.

E) Басқа пәле - тілден.

418_

Есімдіктен болған бастауыш



A)Әке көрген – оқ жонар.

B)Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

C)Оқу инемен құдық қазғандай.

D)Сөз ине сабақтайды.

E)Тәрбие тілден басталады.

419_


Жаман мінез-құлық – рухани кесел.

Асты сызылған сөздер қандай сөйлем мүшесі

A) Бастауыш

B) Баяндауыш

C) Анықтауыш

D) Толықтауыш

E) Пысықтауыш

420_


Баяндауыш қызметіндегі сөз табы

Өзеннің екі жағы бірдей сықасқан тал, итмұрын, шетен.

A) Етістік

B) Зат есім

C) Сан есім

D) Етістік

E) Есімдік

421_

Бастауыш қызметіндегі сөз табы



Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша ,

Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.

A) Етістік

B) Зат есім

C) Есімдік

D) Одағай

E) Сын есім

422_

Күрделі етістіктен жасалған баяндауыш



A) Олар Марқакөл ауданының орталығында тұрады.

B) Күн бұлттанып батса,келесі күні жауын-шашын болады.

C) Шөл даланың аумағы мемлекет қорғауына алынған.

D) Ұлы ақынға есерткіш орнатылды.

E) Он шақты бала жидек теруге келген едік.

423_


Сөйлемдегі есімдіктің қызметі

Шыным да, бар жауабым да – осы!

A) Бастауыш

B) Баяндауыш

C) Толықтауыш

D) Пысықтауыш

E) Анықтауыш

424_

Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есім



A) Жиырманы беске бөл.

B) Әйелімнің он үш жылғы еңбегін бер.

C) Тоқсан – тоғызға бөлінеді.

D) Үшеулеп жүріп отынды әзер жинадық.

E)Анамның бесінші перзентімін.

425_


Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз

A) Біз қос Шалқардың ортасында тұрмыз.

B) Баршасы патшаның айтқанын мүлтіксіз орындады.

C) Кей құрбы бүгін тату, ертең бату.

D) Ешкім бұл жоспардың орындалмайтынын білмеді.

E) Әр оқушы мектеп ережесін сақтауы тиіс.

426_

Айқындауыш мүше



A) Айгүл Серікова

B) Сабырлы ақсақал

C) Шебер қолдар үйірмесі

D) Балуан Шолақ

E) Семіз жылқы

427_


Етістіктен болған бірыңғай мүшелі сөйлем

A) Денесі ірі әрі сұңғақ.

B) Балаларым бесінші, жетінші, оныншы сыныптарда оқиды.

C) Демалыста Омар көлігін тазалады, жөндеді.

D) Базаралы мен Ербол – Абайдың ең жақын достары.

E) Жігіттің бет – ажары анасына, тұлғасы әкесіне тартыпты.

428_

Айқындауыш айқындап тұрған сөйлем мүшесі



Анам – оқымаған, қарапайым қазақ әйелі – бүкіл ауылға ортақ ана сияқты болатын.

A) Бастауыш

B) Толықтауыш

C) Баяндауыш

D) Толықтауыш

E) Анықтауыш

429_

Қосарлы айқындауышы бар қатар



A) Әсем қала, көгілдір көктем

B) Шығыс Қазақстан, бота-тайлақ

C) Бұқар жырау, қалың орман

D) Барша жұрт, Әлдеке шебер

E) Алдар көсе, Бөлтірік шешен

430_


Айқындауыш болып тұрған сөйлем мүшесі

- Бәйбіше, қызыңды, Бізбикешті, киіндір! – дейді.

A) Бастауыш

B) Толықтауыш

C) Баяндауыш

D) Анықтауыш

E) Пысықтауыш

431_

Дефис арқылы жазылатын қосарлы айқындауыштар қатары



A) Әйел Ана, инженер техник

B) Амангелді батыр, әнші Күләш

C) Пәтер мұражай, Ақан сері

D) Ер Тарғын, Жер Ана

E) Қарт шахтер, панфиловшы ұландар

432_


Айқындауыш айқындап тұрған сөйлем мүшесі

Біз, Сережа екеуміз, қолымызға түскен бояулы қағаздарды да , суреттерді де жапсыра беретінбіз.

A)Бастауыш

B)Баяндауыш

C)Толықтауыш

D)Пысықтауыш

E)Анықтауыш

433_

Бірыңғай толықтауыш қатысқан сөйлем



A) Келесі жылы осы уақытта, қалада кездесейік.

B) Ербол мен Дәрмен құс салып, тазы жүгіртті.

C) Оралым, менің, Оралым

D) Өлеңдеріміз шалағай, тілі кедей, ұйқасы кедір, әлсіз шығыпты.

E) Ата-анасын, бауырларын қатты сағынды.

434_


Жалпылауыш сөзге қатысты қойылатын тыныс белгісі

Әкемнің, анамның, апамның барлығының өздерінің сүйікті орындары бар.

A)Қос нүкте

B)Сызықша

C)Нүктелі үтір

D)Дефис

E)Үтір


435_

Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің қызметі



Айгүл, Әсем, Әдемілер бүгінгі жауапкершілікті айқын сезінді.

A)Бірыңғай толықтауыш

B)Бірыңғай анықтауыш

C)Бірыңғай пысықтауыш

D)Бірыңғай бастауыш

E)Бірыңғай баяндауыш

436_

Бірыңғай мүше қатысқан сөйлем



A) Кездесуден кейін мен көп ойландым.

B) Ықылас Дүкенұлы асып туған қобызшы болды.

C) Қобыз – әулетіне қонған бақ екен.

D)Қыздың сұлулығына жұлдыз да, ай да, күн де теңесе алмады.

E) Әнші тау жақтан күшті жел соғып тұр.

437_


Сөйлем болатын нұсқа

A) Қызыл отау.

B) Су төгілмес жорға.

C) Құздың астында тоғай бар.

D) Баянды ғұмыр.

E) Таудың ұшар биігі.

438_

Сұраулы сөйлем



A) Бұл – жұмыстан қайтып келе жатқан терімші әйелдер

B) Есік ашылып, үйге шешем кірді

C) Барлығың да Дариғамен сыныптаспысыңдар

D) Ештеңенің керегі жоқ, маған тек нан тауып бер

E) Айналайын, туған жер, сені де көретін күн болады екен-ау

439_


Сұраулы сөйлем

A) Аңырып тұрып қалды да, тез таныды

B) Құанбайдың қамқоры Алшынбай бопты ғой

C) Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба

D) Шәке, қайда қаласың, өзің таңда

E) Үй иесі ішке қарай жүгіріп кетті

440_

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрі



A) Жайылма сөйлем

B) Жалаң сөйлем

C) Жай сөйлем

D) Хабарлы сөйлем

E) Атаулы сөйлем

441_


Хабарлы сөйлемді табыңыз

A) Сен қашан қайтасың.

B) Пойыз бекетке тоқтады.

C) Қызыл күрең шай.

D) Тоғызқұмалақ жарысы.

E) Кешке кімдер қатысты.

442_

Тиянақты ойды білдіретін синтаксистік бірлік



A) Сөз тіркесі

B)Күрделі сөз

C) Сөйлем

D)Тұрақты тіркес

E) Еркін тіркес

443_


Сөйлем бола алмайтын қатар

A) Мен жастарға сенемін.

B) Ас – адамның арқауы.

C) Мұңлық пен Зарлық.

D) Ақжүністен Ардаби деген ұл туды.

E) Жазғытұрым барамын.

444_

Хабарлы сөйлем



A) Шырағым, қай баласың

B) Үйден шығыңыз

C) Тәттіңіз қандай болды

D) Тәттім шырын болды

E) Атаңа сәлем берсеңші

445_


Жетек сұрақ түрінде келген сұраулы сөйлем

A) Ұшаққа қашан мінеміз?

B) Ауа-райы қалай?

C) Театрға сен де барамысың?

D) Өзің ше?

E) Қойылым ұнады ма?

446_

Сұраулы сөйлем



A) Аяжан киноға барған еді.

B) Дүйсенбіге дейін боспын.

C) Жиналыс қашан аяқталатынын білмеймін.

D) Сен осында келгенбісің

E) Тойға Дүрия да келіпті-мыс

447_


Лепті сөйлемді анықтаңыз

A) Мынау аттан түсіп жатқан кім

B) Жұрт ду күліп, қошеметтей жөнелді

C) Абайжан-ай,қайдағыны айтқыздың-ау

D) Ол жерге сіз де бардыңыз ба

E) Құнанбай баласының осы көңілін анық таныды

448_

Бұйрықты сөйлем



A) Әй, Бақтығұл, жөніңе көшсеңші

B) Сен осы қай күшіңе сенесің

C) Ғабит, сені телефонға шақырып жатыр

D) Жанып тұрған от екенсің

E) Жігіт өнерлі болса, қадірлі болады

449_


Хабарлы сөйлем

A) Жетек сұрақтар арқылы жасалып, ой толымсыз болады

B) Көңіл-күйді білдіреді, одағай сөздердің қатысуымен жасалады

C) Ерекше сезіммен айтылады, көтеріңкі сезімді білдіреді.

D) Іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын білдіреді

E) Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады

450_

Бұйрық не шартты райға –шы,-ші жұрнағының жалғануы ақылы жасалған сөйлем түрі



A) Хабарлы

B) Лепті


C) Сұраулы

D) Бұйрықты

E) Атаулы

451_


Лепті сөйлем

A)Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем

B)Сөйлем соңында дауыс ырғағы көтеріңкі айтылатын сөйлем

C) Бірдеңені талап ету мақсатамен айтылған сөйлем

D) Баяндау,суреттеу мағынасында айтылған сөйлем

E) Тілек,өтініш ету мақсатымен айтылған сөйлем

452_

Одағай арқылы жасалған лепті сөйлем



A) Мен ердім соңыңнан, баста Батыр Баян!

B) Уа, аруақ! Ақжол ата!

C) Тарыны жапырып кетті-ау,тарыны!

D) Майда тілдің бізге бір тиынға керегі жоқ!

E) Сұлтан! Дума мүшесі! Дала өлкесіне депутат!

453_


Сұраулы сөйлем

A) Мен не қылдым, япырмау

B) Қаныш – қазақтың тұңғыш академигі

C) Ол көп ойланады, аз сөйлейді.

D) Арыңды жасыңнан сақта

E) Іздесең мені кімде - кім,

Сол жерге келіп көрінгін!

454_


Лепті сөйлем

A) Жаса, жаңар, жас өмір,

Толған айдай жарқыра

B) Мал тауға қарай жайылып барады.

C) Жоғары, төмен үйрек-қаз,

Ұшып тұрса сымпылдап

D) Ол қарамағындағылардың пікірімен санасты

E)Өз есеңді ешкімге жіберме

455_

Демеулік шылау қатысқан лепті сөйлем



A) Қандай айып тағасың!

B) Ол бір қызық дәурен екен - ау!

C) Ал, қарындасым, сахараның сандуғашы!!

D) Балуан, сені Паң шақырады,тез жүр!

E) Жай қолыңды! Батамды берейін...

456_


Демеулік шылау арқылы жасалған лепті сөйлем

A) Шіркін, ауылдың ауасы!

B) Саматтың жүгіріп жетіп келмесі бар ма!

C) Абылай!Абылай!

D) Тәуекел, тағы бір шабалық!

E) Бәсе, менің қырандарым осылай болса керек-ті!

457_

Сұраулы сөйлем



A)Кеше мұнда кім келіп кім кеткенін өзім де білмеймін.

B) Ауру ма, сау ма белгісіз, жүзі адам көргісіз

C) Бүгін ауа райы қандай тамаша

D) Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек

E) Күн алай-түлей боран болды, күткен адамдарымыз келмейтін де шығар

458_


Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлем

A) Аһ, дүние-ай, өтеріңді білдім бе?

B) Әбілғазы қайдан келдің?

C) Уа, шіркін, ән деп осыны айт?

D) Шіркін, қазақтың келіндері-ай

E) Өкінішке орай, олар кетіп қалды.

459_

Одағай арқылы жасалған лепті сөйлем



A) Оның жетіп келмесі бар ма!

B) Пай-пай, мына суреттің кереметін-ай!

C)Неткен айтқыш тіл!

D) Осының-ақ қадір-қасиетіңді тануға жетіп тұр!

E) Аты ат-ақ екен!

460_


Бұйрықты сөйлем баяндауышының жасалу жолы

A) Сөйлемде -ақ,- ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады.

B) Етістіктің бұйрық райының ІІ жақ жекеше, көпше түрі мен ІІІ жақ түрі

C) Көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады.

D) Сөйлемнің етістік формалары арқылы жасалады.

E) -қы,-ғы,-кі,-гі формалы қалау райлы етістіктен жасалады..

461_

Хабарлы сөйлем



A) Жігіттер, жол болсын

B) Туған жер қандай тамаша

C) Әмірқан кісіге үйір болатын

D) Атаңнан бата ал, балам

E) Бұл кітапты оқығанбысың

462_


Тыныс белгісі қате қойылған сөйлем

A) Осының бәрі рас, Абай аға!

B) Менің тілімді алсаң, мектепке кір, оқы.

C) «Қош бол, Гүлсары!» шығармасы

D) Жамалдың елден апасы келе жатыр.

E) Ел ішіне сау келсең, тағлым айтпас ер ме едің!

463_

Атаулы сөйлем



A) Адал болу – әр адамға тән қасиет.

B) Бүгін күн біресе жылынды, біресе суытты.

C) Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы түн.

D) Мынау – өзен.

E) Өзен бойындағы ел қайда?

464_


Жақты сөйлем

A) Шахмат үйренгім келеді.

B) Ауылға қайтқаның жөн.

C) Концертке қатысуға тура келді.

D) Ілімнің қайнар көзі – кітап.

E) Сабаққа дайындалуым керек.

465_

Жақсыз сөйлем



A) Өзіңіз сөйлесесіз бе?

B) Дос жүрегіне сенемін.

C) Менің айтқаным келді.

D) Өткелден аман-есен өттік.

E) Біз саяхатқа бардық.

466_


Бастауышы жасырын тұрған жақты сөйлем

A) Балалар көлге кесек-кесек тас лақтыруда.

B) Өмір бойы осындай қиындықтың шырмауында жүр.

C) Амал не, көнуге тура келеді.

D) Абайдың Шұбарға жаны ашығандай болды.

E) Көлдегі құстар дамылсыз қиқулайды.

467_

Жалаң сөйлем



A) Қоңыр күз.

B) Нұрмағанбет киіне бастады.

C) Ай ақырын-ақырын толысты.

D) Ол ойын-сауықтың сәні болатын.

E) Сапабек ауылға сәлем беруге келді.

468_


Қалау рай арқылы жасалатын жай сөйлем

A) Жалаң


B) Жақты

C) Толымды

D) Жайылма

E) Жақсыз

469_

Толымды сөйлем



A) Естідің бе?

B) Қарлығаштар тағы келді.

C) Қайта-қайта кешірдім.

D) Аққағаз шебер еді.

E) Мұқағалидың шығармалары

470_


Толымсыз сөйлем

A) Мінезі жақсы төрге озар.

B) Дос адам артық сұрамайды.

C) Досыңды барда да, жоқта да сына.

D) Қатты қиналды.

E) Ауылнайды кім сайлайды?

471_

Жалаң сөйлем



A) Көзді ашып - жұмғанша.

B) Жақсыда жаттық жоқ.

C) Бір тойда екі жар жоқ.

D) Жарқ етіп шам жанды.

E) Бұлар жүріп кетті.

472_


Жайылма сөйлем

A)Жаңбыр сіркіреп тұр.

B)Қаһарлы сөз қамал бұзар.

C)Нұрмағанбет көзге түсті.

D)Қар жауып тұр.

E)Сөз атасы – құлақ.

473_

Жай сөйлем



A) Өзіңе қарай дос таңда:тең-теңімен жарасады.

B) Ақ болсаң қараға жуыма: аққа қара тез жұғады.

C) Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да онша емес

D) Түскі үзілістен соң ағаш отырғызу қызу жүргізілді.

E) Басқарма мәжілістен шығып, Мамыттың пәтеріне қарай беттеп келеді.

474_


Жалаң сөйлем

A) Бүгін де үлкен-үлкен кемелер толқынды теңізді тіліп келеді.

B) Бұлардың қасына томпаңдап кішкентай бала келді.

C) Биік ағаш бұрын құлайды

D) Жаңбыр сіркіреп тұр.

E) Өзен құлдилап ағады.

475_

Жайылма әрі жақсыз сөйлем



A) – Сонда менің малшыларға көмекке баруым керек пе?

B) – Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі көрінбейді.

C) Алыстан мұнартып тау көрінді.

D) Едіге ұзақ жол жүрді.

E) Саусақтары жетпейді.

476_


Жайылма сөйлем

A) Бір кезде жарық жарқ ете қалды.

B) Жаппар көз шырымын алды.

C) Ол байқамады.

D) Апасы күтіп отыр.

E)Түс болды.

477_

Жалаң сөйлем



A) Ол киіне бастады.

B) Хан уәзірлерімен бірге қарап тұр.

C) Ол бүгіп қала алмады.

D) Назар аударды.

E) Бәрі де тап-тұйнақтай.

478_


Жалаң сөйлем

A) Мырзаның өзі тұр.

B) Тез сөнді.

C) Әлдеқандай тұспал іздейді.

D) Әр сөзі аңдулы.

E) Өңінде бір жылылық бар сияқты.

479_

Атаулы сөйлем



A) Маужыраған жазғы түн.

B) Қасы мен қабағына қарайды.

C) Маңай тым-тырыс.

D) Оның жақсы көретіні осындай түндер

E) Самсаған көп шатырда сес жоқ

480_


Атаулы сөйлем

A) Одан артық қандай рахат керек.

B) Бәрі жіптіктей, бәрі момақан.

C) Ертеңіне ертемен басталғалы тұрған ду-ду сайран.

D) Әлдеқайдан шілделік шырылдайды.

E) Төңірегінің бәрі көк майса.

481_

Жақсыз сөйлем



A) Кермеде күміс ер-тоқымды көп аттар тұр.

B) Мұнда болсаң, ел көресің, сөз ұғасың, тәлім-тәрбие аласың

C) Үйде қаршыға бар еді, құс мол екен.

D) От әлі маздап жанып жатыр.

E) Біраздан соң көз байлануға айналды.

482_


Толымсыз сөйлем

A) Күн бата берген кезде аттарын қан сорпа қып Қарашоқыға жетті.

B) Ауыл сыртында кішкене тостақ төбе бар еді.

C) Қара бие тыныштық ала алмай кермені сүзе тартып тұр.

D) Мал сырын бұлжытпай білетінкөреген көзге сол белгінің өзі де жеткілікті.

E) Төбеде жүрген жау самолеттері сирей бастады.

483_

Толымды сөйлем



A)Маған жақындай берген жолдастарымның бәрі де бір нәрсені күбірлесіп келе жатыр.

B) Бірақ ондай сәтті кезеңдер сирек кездеседі.

C) Тас қабаққа жұмсақ қана сүйеніп, демалып отырғандай.

D) Ақынның құйындатқан тобын қайтаруға дәрмені жетпеді.

E) Сәлден кейін не болғаны айқындала берді.

484_


Жақсыз сөйлем

A) Мына кісінің кім екенін білмеді.

B) Ақырын тыныс алады.

C) Әдепкіде түк көрмеді.

D) Жиекте екі қара киімді жүр екен.

E) Мұндай әділетсіздікке көнбеген Әділдің сағы сынды.

485_

Толымды сөйлем



A) Қатты жел үйден шыға берген Ақбаланың жаулығын ұшырып әкетті.

B) Шашы көзін жауып кете барды.

C) Ызғырып тұрған жел шекесінен өтіп бара жатты.

D) Аяз қысқан денесі қалшылдап жаурай бастады.

E) Еламан сүйменді лақтырып жіберді.

486_


Толымсыз сөйлем

A) Теңіз үстінің дауылы тым қатты еді.

B) Ауылда қалған жігіттер жаяу-жалпылап көмекке жүгіріп кетті

C)Пеш түбінде құндақтаулы жатқан балаға қолын созды.

D) Кәлен қолына көптен домбыра ұстамаған-ды.

E) Аздан соң үлкен баласының маңдайынан шып-шып тер шықты.

487_

Атаулы сөйлем




Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет