Казахстан


Бүйір қарыншаның алдыңғы пункциясы



Pdf көрінісі
бет11/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия
Лекция-СД-2курс-каз, Макро- мен микропрепаратар №1, Лейкозы
Бүйір қарыншаның алдыңғы пункциясы.
Фрезалық тесік 
тәждік тігістен 2 см алға және сагитталды тігістен 2 см шеткері 
жасалады. Канюляны сагитталды жазықтыққа параллель, сыртқы 
есту жолдарын ойша қосқан сызыққа бағыттай енгізеді. Қалыпты 
жағдайда қарыншаға 5-5,5 см тереңдікке енеді. Алдыңғы мүйіздің 
едәуір кеңеюінде бұл қашықтық қысқарады. Алдыңғы мүйіз 
пункциясын жас балаларда бітпеген еңбектің шеткері бөлігі 
арқылы үшкір инемен жасайды. 
Кез-келген этиологиялы окклюзиялық гидроцефалия кезінде 
сұйықтық жоғары қысыммен едәуір мөлшерде ағады, ал соңынан 
жиі тамшылап аға бастайды. Бүйір қарыншаның кеңеюінің 
басымдылығына, канюляны алға қарай 2-3 см жылжытқанда көз 
жеткізуге болады. 
Ісіктен немесе мидың iciнyi салдарынан қарыншаның eдәуір 
қысылуы канюляның қарыншаға енуін қиындатады. Бұл кезде не 
6әpi 2-3 мл ғана жұлын-ми сұйықтығы ағады да, содан кейін ол 
алғашында жиі, сонынан қысымы төмендеп тамшылайды. Мұндай 
жағдайда канюляны жақсылап бекіту қажет,өйткені ол қарынша 


17 
қуысынан оңай шығып кетеді де,қарыншаға қайта енуі қиындайды 
[12]. 
Ми қарыншаларын фрезалық тесік жасамай-ақ қарапайым 
әдіспен пункциялауға болады. Бормашинаның ұштығымен кішкене 
тесік жасап, осы арқылы үшкір инемен миды тесіп, қарыншаға 
қарай жылжытады. 
Мидың пункциялы биопсиясы. 
Мидың пункциялы биопсиясы. 
Мидың биопсиясы операцияға дейінгі кезеңде мына жағдайларда: 
терең орналасқан ісіктерде операция жасаудың тиімділігін 
ангиографияның немее компьютерлі томографияның көмегімен 
iciктiң орналасуын алдын-ала аныктағаннан кейін трепанациялық 
фрезалық тесік жасап, мидың қатты қабығын ашады. Содан-соң eні 
2-3 мм ұшы доғал канюляны миға енгізеді, ол iciктi ұлпаға енеді. 
Егер канюляны қайтара тартып алып жатқанда шприцтің көмегімен 
аздап сорса, iciк ұлпасы цилиндрлі канюляның ішінде қалады. 
Алынған ұлпаның бөлігі микроскопиялық тeкcepiлуге жіберіледі.
 
Арнаулы канюлямен жасалатын ми ісігінің стереотаксикалық 
биопсиясында жарақаттану азырақ болады, бірақ жасалуы күрделі. 
Осыған ұқсас әдісті иноперабельді iciк ұлпасына радиобелсенді 
заттар енгізгенде емдеу негізінде рентген сәулелерін дәл бағыттау 
мақсатымен iciк ұлпасын металл сымдарымен маркілеу үшін 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет