КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы


қордағы коректік заттардьі тұқым ұрығынын, өсуіне пайдалануға мүмкіндік жасайды. Цитокининдер



бет2/7
Дата09.06.2017
өлшемі1,89 Mb.
#18291
1   2   3   4   5   6   7

13

қордағы коректік заттардьі тұқым ұрығынын, өсуіне пайдалануға мүмкіндік жасайды.



Цитокининдер. Цитокининдер — өсімдіктердің өсу үдерісін де реттеуші рел атқаратын фитогормондардың үшінші тобы химиялық табиғаты бойынша олар азот негізіндегі аденинні туындысы болып табылады. Цитокининдердің табиғи өкілдернің бірі зеатин алғашқыда жүгерінің пісіп жетілмеген тұқымынан бөлініп алынса, кейіннен көптеген өсімдіктерде байқалған. Оның молекуласында амин тобы алтыншы күйінде (жағдайында) изопентил спиртінің қалдығымен ауыстырылған.

Зерттеу жұмыстарында және биотехнологияда оқшауланған ұлпалар мен жасушаларды жасанды қөректік ортада өсіргенде табиғи цитокининдердің синтетикалық ұқсасы 6-бензи аминопурин (қысқартылып БАП) деген атаумен белгілі.

Тамыр жүйесі цитокининдердің түзілуінің негізгі орны болып саналады, одан олар көтерілуші ағынмен пасоканың құрамында өсімдіктердің жер үстіндегі мүшелеріне жетеді. Ода басқа бұл гормондар пайда бола бастаған тұқымдарда да түзлуі мүмкін,

Цитокининдердің әсер ету спекторы өте кең. Олар жасушаның бөлінуін және өсуін жеделдетеді. Цитокининдердін. бұл екі әсері де акуыздың түзілуінің артуымен тығыз байланысты; ол бірнеше жолдармен іске асады. Біріншіден, цитокининдер өздері тұрған ұлпаларға алғы метаболиттердің, алдымен амин қышқылын келуін күшейтеді. Екіншіден, цитокининдер ақпаратық РНК-ның және жасушада ақуыз түзетін жүйенің барлық құратсырушыларының құрылуын, полисомдардың жиылуын белсендіреді.



Цитокининдермен байытқанда ұлпадағы ақуыз мөлшерінің артуы олардың ыдырауының тежелуінің нәтижесін, де болады. Ақуыздың түзілуін арттырудан басқа, цитокининді

14

сы кезге дейін бұл жасушада түзілмеген дербсс ақуыздар—фер-менттерінің пайда болуына ықпал жасайтыны туралы жайлар белгілі.

Цитокининдер хлоропластьщ құрылуында маңызды реттеуші рөл атқарады. Жарықта олардың әсерімен пропластидтерден граналық құрылысы бар хлоропластар пайда болады. Мұндайда цитокининдер рибосомдық РНК-ның және бүкіл лоропластық акуыздардың, Кальвин тізбегінің негізгі ферменті булезодифосфаткарбоксилазаны қоса санағанда, сонымен бірге пластидтік пигменттің де биологиялық түзілуін күшейтеді. Соңғысы цитокининдермен ескі жапырақтарды өңдеген кезде де байқалады. Оларда жасыл түс қайтадан пайда болады ;әне РНК-ның, ақуыздың және тағы да басқа заттардың түзілуіне мүмкіншілік туады.

Жоғарыда ескертілгендей, цитокининдер апикальдық ба-

сымшылықты түсіреді және қолтық бүршіктерінің көктеуіне

ықпал жасайды, ол өсімдіктерде бүйірлік өркендердің көптеп

ұрылуына әкеп соғады. Осы әсерге бүршік пен тұқымнын ты-

15


пыштық күйін бұзу, олардың өсуін жеделдету жақын тұрады. Қоректік ортаны цитокининдермен байыту, каллустық ұлпаны өсіргенде сабақтың органогенезіне ықпал жасайды, бұл фито-гормондардың осы тобы жасушалардың бөлінуі мен созылуына ғана емес, бұлардың дифференциалану үдерісіне жасаптын әсерінің куәгері сияқты. Олардың кейбір өсімдіктердің гүлдеуіне ықпал жасауы, сонымен қатар осы үдерісті аніалық гүлдердің құрылуына қарай бағыттау мүмкіншілігінің барлығы да осыны дәлелдейді.

Цитокиндердің реттеуші әрекеті өсімдіктердің өсуімен ғана байланысты емес, сондай-ақ басқа да қызметтеріне қатысады. Бұның мысалы ретінде олардың устьицелік аппарат пен транспирацияға әсерін келтіруге болады. Жапырақты цитокипинмен (БАП) сырттай өңдеу устьицелердің ашылуына (тіпті қараңғыда да) әкеледі және мұнымен транспирацияны күшейтеді. Табиғи да, синтезделінгенде де цитокининдер өсімдіктердің көптеген қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады деген деректер бар (құрғақшылыққа төзімділік, қызып кетуден, улы заттардың пайда болуына).Соныменен цитокининдер басқа гормондар сияқты өсімдік ағзасында көптеген реттеуші қызмет атқарады.



Брассиндер (брассиностероидтар) жақында табылран фито-гормондардың жаңа тобы. Олардың химиялық табиғаты және қасиеті жөніндегі алғашқы мәліметтер тек 1979 жылы алынған болатын. Бұл табиғаты стероидты зат. Рапстың тозаңынан алынған брассинолид бұның өкілі бола алады:

Брассиндер жасупіалардың созылуын да, бөлінуін де жеделдете алады. Олармен өсшдіктерді өңдегенде сабақтың буын аралығының қарқынды ұзарғаны байқалады және де басқа мүшелершщ көлемі артады. Қёйбір өсімдік объектілерінде брас-

16

синдёр, ауксиндерғе, гиббереллиндерге ұқсас өсу әсерін шақыра алады, бірақ олардың әрекетінде толық ұқсатық бар деу қиын. Бірнеше зерттеулерде брассиндер қолданған ауксиннің немесе гиббереллиннің әсерін күшейте түскен, яғни бірлесіп әреттескен. Соған қарамастан олардың өсімдіктің өсуіндегі және дамуындағы реттеуші физиологиялық рөлі толық анықталынған жоқ. Брассиндердің басым мөлшері тозаңда болатынын ескеріп, тозаңдану кезіңде ол тұқым бүршігіне түсіп тұқымның құрылуында белгілі бір рөл атқарады деген болжам айтуға болады. Ал олардың басқа мүшелердің өсу үдерісіне қатысуы мүмкін бе деген сұрақ әзірше ашық қалады және әрі қарай зерттеуді қажет етеді.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет