Кеңес өкіметі кезіндегі өлкенің тарихы



бет3/3
Дата04.11.2022
өлшемі44,29 Kb.
#156573
1   2   3
Байланысты:
2 практика Отан тарихы
Дәріс 2, 8cc73292-3164-4e79-83ae-c6a997d5007f-Математика-329377, КТП 3 34 нед. Рогова В.В., КТП 3 кл № 399 Рогова В.В. (1)
 «edu.e-history.kz» – электронды ғылыми журналының редакциялық алқа құрамында бөлім кадры т.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер А.Т.Қаипбаева жауапты редактор ретінде журналдың елімізде тарих ғылымының келелі мәселелеріне арналған зерттеулер нәтижелерінің ғылыми айналымға енуі мен насихатталуы жолындағы қызметіне белсене атсалысуда.
Бөлім қызметкерлері құрамы мамандармен толығып отырады. Қазіргі кезеңде бөлімде ғылым докторлары Ж.Б.Абылхожин, Г.С.Жүгенбаева, О.Х.Мұхатова, ғылым кандидаты А.Қайпбаева, PhD Н.Құрманалина, магистрлар Б.Бұрханов, А.Қоңқабаева, З.Байжұманова өнімді зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Атап айтсақ, т.ғ.д., профессор Ж.Б.Абылхожиннің жетекшілігімен жүзеге асырылатын «Мифотворческие тенденции и фальсификации в современной историографии Казахстана как угроза модернизации общественного сознания» тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасының, «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті», «Қазақстан тарихы энциклопедиясы» іргелі мақсатты бағдарламалар бойынша жобаларға және мемлекеттік тапсырма бойынша әзірленген «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын «аналитикалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» атты ғылыми жобаға тартылған. Ағымдағы жылы 2020-2022 жж. арналған ҚР БжҒМ ҒК-нің Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі бойынша ЖҒҚ, т.ғ.к. А.Қайпбаеваның жетекшілігіндегі «ХХ ғ. 20-30 жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім мен ағарту жүйесі» тақырыбында бекітілген ғылыми жоба аясында бөлімнің ғылыми кадрлары нәтижелі зерттеу жұмысын жүргізіп, Отан тарихы ғылымының, еліміздің білім беру саласының, экономиканың дамуына үлес қосуды назарға алған. Еліміздің интеллектуалдық әлеуетін дамытуға, тарихи сананың қоғамды біріктіруші рөліне бөлім қызметкерлері ғылыми кәсіби біліктілігімен аянбай еңбек етіп келеді.


Әдебиеттер:
1. «ХІХ ғ. 20-40 жылдарындағы Қазақстан» Е.Б. Бекмаханов
2.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін:Очерктер. М.Қ. Қозыбаев
3. Интернет материалдары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет