Кеңестік Социалистік Республикалар одағының басшылығы 1920 жылдардың екінші жартысында бүкіл ел бойынша индустрияландыру жүргізіп, өнеркәсіптік державаға айналуды мақсат етті


- 1930 жылдары болған ашаршылық жаппай саяси репрессияға ұласты. Жалпы бұл екеуінің бір-бірімен қандай байланысы бар?



бет6/21
Дата08.02.2022
өлшемі57,27 Kb.
#118105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
start-me-up, e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1), ХVІІ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Вьетнам, Algoritmder zh 1241 ne derekter 1179 1201 rylymy TEST SPETsIFIKATsIYaSY
- 1930 жылдары болған ашаршылық жаппай саяси репрессияға ұласты. Жалпы бұл екеуінің бір-бірімен қандай байланысы бар?
- 1928 жылдың желтоқсанында шаруаларды ұжымдастыру науқанына кірісер алдында, бүкіл КСРО бойынша азамат соғысы кезінде большевиктерге қарсы шыққандар, Колчак армиясының құрамында соғысқандар, Деникиннің әскерінде болғандар алдын ала тұтқындалды. Оның ішінде «Шуро-и-Исламия», «Шуро-и-улем», «Тюрк одами марказият фиркаси», «Алашорда» сияқты ұлттық ұйымдарға қатысқандар бар. Олар Кеңес мемлекетінде өткізілетін жаппай ұжымдастыру науқанында басты қарсылас болуы ықтимал деген жоспармен алдын ала қоғамнан аластатылды.
1937-38 жылдары құрбан болған басшы қызметкерлердің дені тікелей осы ашаршылыққа қарсы шыққаны үшін жазаланды. Мен архивте көптеген тергеу құжаттарымен таныстым. Қудаланғандардың көбі аудан, облыс басқарғандар. Олар биліктің нұсқауын жергілікті жерде орындаушы болғанмен, зорлық-зомбылыққа төзе алмаған. Кеңестік билік ашаршылық нәубетін біреулерге жабу ниетімен репрессия жүргізді. Оған қоса, КСРО-ны билеп отырған большевиктер партиясының өз ішінде де бірлік болмады. Сталинмен билікке таласқан Л.Троцкий, Л.Каменевтердің жақтастары көп еді. Олар Ленин қайтыс болғаннан кейін партия ішінде фракциялық күрес жүргізді. Белсенділердің басшысы Лев Троцкийді қызметтен босатады. 1927 жылы Қазан төңкерісінің он жылдығы кезінде Мәскеуде, Ленинградта ресми биліктің демонстрациясымен қатар Троцкий, Зиновьев, Каменев, Бухарин өз демонстрациясын өткізіп, қақтығыс туғызуға дейін барған. Сол кездің оппозициясы ғой. Осыдан кейін Кеңес билігі Л.Троцкийді Алматыға жер аударуға шешім қабылдайды. 1928 жылы қаңтарда Мәскеуден поезға отырғызып, Пішпекке, одан Алматыға жеткізеді. Қазіргі Көк базар маңындағы «Түркістан» қонақүйінің орнында ол кезде екі қабатты ағаштан салынған үлкен үй болған. Троцкийді сонда орналастырады. Жергілікті ОГПУ органы бақылауда ұстайды, тіпті аңға шығуға, балық аулауға да рұқсат етіледі. Шетелмен хат алмасып отырады. Бірақ астыртын қадағалауда болған. Сонда Троцкийді көреміз деп барған қазақтар бар, оларды арнайы тізімдеп отырған. 1928 жылдың желтоқсанында кеңестік билікке қарсы жұмысын тоқтатпағаны үшін Троцкийді Мәскеуге алдыртып, Түркияға қуады. Содан тоғыз жылдан кейін, яғни 1937-38 жылғы қуғын-сүргін кезінде Троцкийді көруге барған адамдардың бәрін тауып алып жазалаған. Тағылған айып – Троцкийден арнайы тапсырма алып, жаулық әрекет жасады-мыс.
Қазақстанда 1920 жылдардан бастап 1937-38 жылдарда саяси репрессияға ұшырағандардың жалпы саны –125 мың адам. Оның ішінде 25 мыңы атылған. Біздің Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 1996 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен әрбір облыс бойынша қуғын-сүргінге ұшырағандардың тізімін алды. Соның ішінде ату жазасына кесілген адамдарды іріктеп алып, әр облыс бойынша «Азалы кітап» басылып шықты. Мысалы, Алматы облысына арналған екі кітап 1996 және 1998 жылы жарық көрді. Бұл басылымның кіріспе мақаласын Манаш Қозыбаев, Мұрат Баймаханов және мен үшеуміз жаздық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет