Кеңестік Социалистік Республикалар одағының басшылығы 1920 жылдардың екінші жартысында бүкіл ел бойынша индустрияландыру жүргізіп, өнеркәсіптік державаға айналуды мақсат етті


- Жалпы, Қазақстандағы 1930 жылдардағы ашаршылықты зерттеу ресми тарих ғылымында қашан және қалай басталды?



бет9/21
Дата08.02.2022
өлшемі57,27 Kb.
#118105
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
start-me-up, e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1), ХVІІ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Вьетнам, Algoritmder zh 1241 ne derekter 1179 1201 rylymy TEST SPETsIFIKATsIYaSY
- Жалпы, Қазақстандағы 1930 жылдардағы ашаршылықты зерттеу ресми тарих ғылымында қашан және қалай басталды?
- Біздің бүгінгі аға буын 1950-60 жылдары ата-аналарынан «аштық» деген сөзді естіп өсті. Бұл бұрынғы оқулықтарда мүлде жазылмайтын, айтылмайтын. Біз, мысалы, студент кезімізде университеттегі профессор, оқытушыларымыздан «Неге біздің тарихта 1930 жылдардағы халықтың аштан қырылуы айтылмайды?» деп сұрайтынбыз. Сонда олар бұл жабық тақырып деп ескертетін. Жағдай тек 1980 жылдардың соңына қарай өзгерді. Демократиялық күштердің ықпалымен бұрынғы ақтаңдақтар, жабық мәселелер туралы айтуға мүмкіндік туды. 1988 жылы қараша айында бүкіл
Кеңес Одағында бірінші рет Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Қазақстандағы және Орта Азия республикаларындағы ұжымдастыру: тарихы және тағылымы» деген тақырыпта бүкілодақтық конференция өткізді. Оған Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресейден белгілі ғалымдар келді. Сонда тұңғыш рет Қазақстанда 1930 жылдардағы халықтың аштан қырылуын зерттеу керек деген мәселе қойылды. Бұл бастаманы көтерген сол кездегі институт директоры, атақты ғалым Манаш Қозыбаев болатын. Міне, ашаршылықты зерттеу осы конференциядан кейін басталды.
1991 жылы Кеңес мемлекеті тарағаннан кейін, Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесіне демократиялық жолмен жаңа депутаттар сайланды. Соның ішінде академик Шахмардан Есенов, Манаш Қозыбаев, Салық Зиманов сияқты ғалымдар депутат болды. Манаш ағамыз депутат ретінде 1930 жылдардағы ашаршылық пен жаппай саяси репрессияның себеп-салдарын зерттеу жөнінде мәселе көтерді. Сөйтіп, 1991 жылы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1920-30 жылдардағы ашаршылық және жаппай қуғын-сүргін себептерін зерттеу жөніндегі арнайы комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына Жоғарғы соттың төрағасы, бас прокурор, белгілі тарихшылар мен заңгер ғалымдар кірді. Мен де сол комиссияның мүшесі болдым. Бұған дейін ҰҚК (НКВД) архивінен Созақ, Ырғыз көтерілістері турлы тергеу материалдарын қарау үшін Үкіметке хат жазып жүріп қиындықпен рұқсат алған едім. Сондықтан комиссия құрамына Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасын, республиканың бас прокурорын, Жоғарғы сот төрағасын, ішкі істер министрін енгізу жөнінде ұсыныс жасадым. Олар өздеріне қарасты мекемелердегі жабық құжаттарға қол жеткізуге көмек көрсетуге тиіс еді. Өйткені, біздің архивтерде «құпия» деген грифтер алынбаған болатын.
1991 жылғы комиссияға тарихшылар аштық туралы бүкіл қолда бар материалды жинап берді. Комиссия жұмысының қорытынды мәтінін жазып, баяндама жасадық. Сонымен, бір жыл бойы зерттеу жүргізу нәтижесінде комиссия «Қазақстанда 1930-жылдары болған ашаршылық геноцидтік сипатта болды» деген қорытындыға келді. Бұл тұжырым тарихшылар тарапынан ашық айтылып, бүкіл елге жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет