Кеңестік Социалистік Республикалар одағының басшылығы 1920 жылдардың екінші жартысында бүкіл ел бойынша индустрияландыру жүргізіп, өнеркәсіптік державаға айналуды мақсат етті


- Ашаршылыққа қатысты тағы қандай түйткілдер бар?



бет11/21
Дата08.02.2022
өлшемі57,27 Kb.
#118105
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
start-me-up, e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1), ХVІІ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Вьетнам, Algoritmder zh 1241 ne derekter 1179 1201 rylymy TEST SPETsIFIKATsIYaSY
- Ашаршылыққа қатысты тағы қандай түйткілдер бар?
- Жоғарыда айтылғандай, 1991 жылы 11 қарашада құрылған мемлекеттік комиссия бір жылдан аса жұмыс істеді. Мен 1991 жылы наурыз айында Қырғызстанның архивіне барып, бір ай бойы ашаршылық жылдары сол елге босқын болып барған қазақтар туралы құжаттарды қарадым. Ол кезде КСРО әлі бар. Құпия құжаттарды қарауға рұқсат беретін КГБ анықтамасы қолымда. Қырғыз КСР Үкіметінің Архив істері жөніндегі мемлекеттік комитеті болды, соның басшысы Бибінұр Құрманова деген жасы келген адам екен. Мен алдымен сол кісіге кіріп, қандай мақсатпен келгенімді айттым. Сонда ол кісі: «Қазақтар, сендердің күндерің туды. Ашаршылықта талай қазақ қырылып еді. Мен ол кезде жас комсомолмын, біз бригада құрып, Пішпектің көшелерінен аштан өліп жатқан қазақтарды жинап жерлейтінбіз» деді. Өзі кейін жауапты қызметтер атқарып, Қырғызстан комсомолы орталық комитетінің хатшысы бопты. Содан құпия бөлім қызметкерін шақырып алып, маған қажетті құжаттың бәрін беруді тапсырды. Қазір бүкіл баспасөзде, кітаптарда, интернетте жүрген ашаршылық кезіндегі сұмдық суреттер сол Қырғызстан архивінен табылған. Ішінде адам етін жеп отырған әйелдердің суреті, қазанда қайнап жатқан баланың денесі, шөптің үстінде жатқан баланың басы, т.с.с. Сол суреттерді тауып әкелген – мен.
Өкінішке қарай, кейіннен ашаршылық трагедиясын саудаға салғандар да кездесті. Деректі кино түсіруші Қалила Омаров пен жазушы Валерий Михайлов аштық жайында «Нәубет» деген фильм түсірмек болды. Солар фильм жасау кезінде қиналып, біздің Тарих институтынан көмек сұрады. Институт директоры М.Қозыбаев осы мәселемен айналысып жүрген мені шақырып алып, көмек беруді тапсырды. Содан телестудияда ертеден кешке дейін отырып сценарийін қайта жаздық. Фильмді жасау кезінде мен Қ.Омаровқа өзім архивтен тапқан жиырма шақты суретті бердім. Сонымен фильм шықты. Бірақ, режиссер Қ.Омаров консультант ретінде қатысқан менің аты-жөнімді атауды артық көріпті. Халықтың трагедиясы ғой деп үндемедім. Институт директорының орынбасары болып жүргенімде бір күні маған Финляндия, Германия журналистері келді, қолдарында бағанағы суреттер. Қайдан алдыңдар десем, «бізге Қ.Омаров сатты» дейді.
В.Михайлов «Казахстанская правда» газетіне аштық туралы мақала жазып, суретті өзі тапқандай жариялап жіберді. Деректің қайдан алынғанын айту оның міндеті ғой. Міне, ашаршылық трагедиясын саудаға салып, жеке басы үшін пайдаланушылар да болғанын айту керек.
Сондай-ақ, біздің қоғамда 1918, 1921, 1930 жылдардағы ашаршылық туралы түрлі пікірлер бар. Мәселен, «1918 жылы Түркістан республикасында 1 миллион қазақ аштан қырылған» дейді. Жоқ, ол кездегі Түркістан республикасында 1 миллион қазақ болған емес. Бұл республиканың құрамына қазіргі Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан кірген. Сол «Түркістан автономиялық республикасында бір миллионға жуық адам аштыққа ұшырады» десе, ол басқа мәселе. Мәселен, мен ҰҚК архивінде ашаршылық, көтерілістер мен қуғын-сүргінге қатысты тергеу істерін қарап алты жарым ай отырдым. Сонда арнайы Сырдария (қазіргі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары), Жетісу облыстарындағы ( Жамбыл, Алматы облыстарының аумағы) халқының 1918, 1920-21 жылдардағы статистикалық мәліметтерін қарадым. Сонда елді мекендер тұрғындарының санынан 418 мың адам кеміген, олардың барлығы түгел қырылған жоқ, басқа жаққа ауып кеткендері бар. Міне, сол Түркістан автономиялы республикасы басшыларының бірі Григорий Сафаров Түркістан республикасында бір миллионға жуық адам ашаршылыққа душар болып, қиындық көріп жатыр деп айтқан екен. Енді оны кейбір «патриоттарымыз» баспасөз бетінен іліп алып, анығына жетпестен, «1918 жылы 1 млн, 1921-22 жылы 2 млн адам қаза болған, тарихшылар мұны ескермейді» дейді.
- Аштық мәселесін зерттеуде архив деректерінің маңызы зор ғой. Қазіргі архивтер қолжетімді ме, қандай кедергілер бар?
- Ахивтердің ашықтығы, қаражат жағынан біраз қиындықтар бар. Ең бастысы, бұрынғы құпия деректер біртіндеп ашылып жатыр. Мәселен, Ресей архивтері жыл сайын көптеген мұрағаттық істерді зерттеушілерге ұсынып отырады. Мен Ресейге жиі барамын, барған сайын жаңа құжаттар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет