Кеңістіктік мәліметтердің инфрақұрылымы



Дата27.06.2022
өлшемі470,4 Kb.
#147122
Байланысты:
лекция 12

Кеңістіктік деректердің инфрақұрылымы


Кеңістіктік деректер инфрақұрылымы (КДИ) – бұл ұлттық кеңістіктік қорларға кең қол жетімділікті, кеңістіктік мәліметтердің азаматтар, ұйымдар, билік органдарымен, сондай-ақ өзін-өзі басқару органдарымен нәтижелі қолдануды қамтамасыз ететін негізгі кеңістіктік мәліметтердің, метамәліметтердің, ұйымдастырылған құрылымдардың, құқықтық реттеу механизмдерінің, әдістемелік базаның, технологиялар мен техникалық құралдардың жүйесі.
Кеңістіктік деректер инфрақұрылымы
әрекеттер технологиясы
жалпы стандарттар
қаржылық және адам ресурстары
Құрамына кіреді
жинауға
өңдеуге
таратуға
пайдалануға
қолдануға
сақтауға
қажет
Кеңістіктік деректер инфрақұрылымының мақсаттары
бірыңғай аумақтық ақпараттық кеңістіктің құрылуы
жылдам және нәтижелі геоақпараттың тұтынушыларымен жеткізушілерінің, өзара ақпараттық әрекеттестігін қамтамасыз ету
геоақпаратты шешімдерді қабылдауда сүйемелдеу, аумақты басқару жүйелерінде, салалық аумақтық жүйелерде пайдалану
Кеңістіктік деректер инфрақұрылымындағы стандарттар
стандарттау бойынша халықаралық ұйым
(ISO)
Геоақпарат облысындағы ISO стандарттары КДИ-дың жалпы ұстанымдарын анықтауға бағытталған және «Географиялық ақпарат/ Геоматика»- жеке бағыт шегінде құрылады, ISO сериясы 19100.
Оларда геоақпаратты құраушылар қатары: метаақпараттар, объектілердің кеңістіктік қасиеттері, объектілердің уақытша сипаттамалары, координаталар арқылы кеңістіктік байланыстыру, географиялық идентификаторлардың кеңістіктік байланыстырылуы, векторлық мәліметтерді қолдану, растрлық мәліметтерді қолдану, кескіндер үшін мәліметтер үлгісін қолдану, сапаны бағалау және т.б. бойынша ұстанымдық жағдайларын реттейді.
ашық ГАЖ консорциумы
(Open Geospatial Consortium - OGC)
OGC стандарттары КДИ құрудың негізгі ұстанымдарын техникалық жүзеге асыруына бағытталған
өзара әрекеттестік мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін бағдарламалық жүйелерге деген техникалық жаңартылуларды (спецификацияларын) зерттеп жасау
мақсаты
ГАЖ облысындағы коммерциялық бағдарламалық өнімдерді пайдалану фактісі бойынша спецификациялардың толық қатары жасалған, соның ішінде кең таралғандары:
Web Map Service (WMS) – пайдаланушының сұранысы негізінде құрылып, растрлық кескінді шығаратын картографиялық веб−қызметтері интерфейсінің спецификациясы
Feature Service (WFS) – векторлық объектілер жиынтығын шығаратын картографиялық веб−қызметінің басқа түрі
Web Coverage Service (WCS) – «жабындарды»− кеңістікте кез-келген белгінің бірыңғай үлестірілімін беруге бағытталған және картографиялық кескіндерді негізгі картамен үйлесімін табатын жаңа түрлі WMS қабаттарымен толықтыруға мүмкіндік береді;
Catalog Interface (CAT) – геоақпараттық ресурстар каталогы сызбасының және оған қол жетудің хаттамалар спецификациясы
SFS – SQL тілінің геокеңістіктік кеңейтілімі
Filter Encoding (Filter) – кеңістіктік объектілерді іріктеу талаптарын анықтау ережелері
Ресейлік КБИ стандарттары
  • МЕСТ Р 51605 2000 "Топографиялық сандық карталар. Жалпы талаптар"
  • МЕСТ Р 51606-2000 "Топографиялық сандық карталар. Сандық картографиялық ақпаратты классификациялау және кодтау жүйесі. Жалпы талаптар."
  • МЕСТ Р 51607-2000 "Топографиялық сандық карталар. Картографиялық ақпаратты сандық сипаттау ережелері. Жалпы талаптар."
  • МЕСТ Р 51608-2000 " Топографиялық сандық карталар. Сапа талаптары"
  • МЕСТ Р 52155-2003 "Федералды, аймақтық, муниципалды географиялық ақпараттық жүйелер. Жалпы техникалық талаптар."
  • МЕСТ Р ИСО 19105-2003 "Географиялық ақпарат. Сәйкес келу және тексеру"
  • МЕСТ Р ИСО 19113-2003 "Географиялық ақпарат. Сапаны бағалау ұстанымдары"
  • МЕСТ Р 52438-2005 Географиялық ақпараттық жүйелер. Терминдер және анықтамалары.
  • МЕСТ Р 52439-2005 Жергілікті жердің сандық үлгілері. Жергілікті жер объектілерінің каталогы. Құрамына қойылатын талаптар.
  • МЕСТ Р 52440-2005 Жергілікті жердің сандық үлгілері. Жалпы талаптар.
  • МЕСТ Р 52571-2006 Географиялық ақпараттық жүйелер. Кеңістіктік мәліметтердің сәйкес келуі. Жалпы талаптар.
  • МЕСТ Р 52572-2006 Географиялық ақпараттық жүйелер. Координаталық негіз. Жалпы талаптар.
  • МЕСТ Р 52573-2006 Географиялық ақпарат. Метамәліметтер.

  •  

Бақылау сұрақтары
  • Кеңістіктік деректер инфрақұрылымының құрамы
  • Кеңістіктік деректер инфрақұрылымындағы негізгі стандарттар
  • Краудсорсингтің түсінігі
  • Геоақпараттану түсінігі
  • ГАК негізгі функциялары
  • Геоақпараттық кеңістік түсінігі
  • Геоақпараттық картографиялауды құрудың негізгі формалары
  • ГАК (Геоақпараттық кеңістік) тағайындалуы

1 нұсқа
2 нұсқа

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет