Кейс тапсырма. Саяхаттың пайда болуы мен дамуының алғышарттарын сипаттаңыз


Кейс. 1 тапсырма. Васко да Гаманың ашылулары мен саяхаттарын сипаттаңыз



бет9/40
Дата27.12.2023
өлшемі89,94 Kb.
#199594
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
туризм тарихы билеттер (2)
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h, фил сессия (2)
1 Кейс.
1 тапсырма. Васко да Гаманың ашылулары мен саяхаттарын сипаттаңыз
кулумб Батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп барып, жаңа жерді – Американы ашып жүргенде, Васко до Гама Африканы айналып жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды. Васко до Гама шамамен 1469 жылы Португалияда туған. Ол жасында Португалияны Испанияға қарсы соғысында ерлік көрсеткен, бірінші рет Гвинея жағалауын айналып жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко до Гама Жуан II королінің тапсырмасын орындап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан аты әйгілі болады. 1497 жылы 8 маусымда Васко до Гаманың төрт кемелі экспедиясы Лиссабон портынан шығады. Бір апта жүзген васко до Гама Эскадрасы Камал аралдарына келеді. Содан кейінгі сапары сәтті болып, 4 қарашада Африка жағалауына келеді. Бұл жерді адмирал «әулие Елена» қойнауы деп атайды. Васко до Гама Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды және өздері шетінен батыл келеді деп жазады. Бұдан әрі жүзіп, өздерімен бірге келе жатқан Бартолимимен көрсетуімен Африка материгінің оңтүстік нүктесі «Добрая надежда» мүйісін айналып өтіп, 1497 жылы 25 қарашада Санто Барс қойнауына келіп бөгеледі. Мұнда тастан белгі қойып, бұрын Бартоломи келген Инфанд өзененен қарай Васко до Гама белгісіз теңіз жолымен жүзе біледі. Эскадрада ауыз суы азайып, екі кемені жөндеу қажет болып, енді бұлар кез келген жағаға тоқтайды. Бұл жердің халқы кафрилер деп аталады екен. Олар келгендермен жылы шырайлы болады, сондықтан бқл жерді Васко до Гама «жақсы адамдар жері» деп атайды. 1498 жылы 23 қаңтарда Эскадра Замбизи өзені жағасына жетіп, мұнда бір ай бөгеледі. Үнді мұхитынан жүзіп өтуге дайындық жасайды. Кемелерін бүтіндейді, ауырып өлген матростарды жерлейді Бұдан әрі жағалауға жақындай жүзіп, аралға келіп тоқтайды, мұндағы қаланы Момбаса деп атайды. Мұндағы Маврлар (мұсылмандар) Васко да Гамманы қалаға шақырып, қолға тұсірмек болады., оны сезген адмирал аралда аялдамайды. 14 сәуірде флот Малинда қаласына келіп тоқтайды. Бұл өте бай мұсылман қаласы еді, қала сұлтанына сыйлық беріп, азық-түлік алады және сұлтан Васко да Гаммаға тәжірибелі лоцман қосып береді. Оның аты Ахмет Ибн Маджит еді, оны португалдар Малемо Кана деп атайды. Ол бұрын Үндістанда болған, компас пен картаны пайдалана білетінтәжірибелі теңізші екен. Соның жол сілтеуімен Васко да Гамма ұзақ жүріп, 1498 жылы 10 мамырда Үндістан жағалауындағы қалаға – Каликутке келеді. Васко да Гама кемелерітеңіз айдынында аулақ тоқтайды. Бұларға төрт қайықпен келгендер оларды жағаға шақырады, бірақ Мозамбик пен Мобаса оқиғасынан «ауызы күйген» адмирал сақтық етіп, жай-жағдай біліп келуге бер теңізшісін жібереді. Ондағы Мусайд деген тілші оларды шақырып, Раджаның сарайына баруға көмектеседі. Бірақ Самудри-раджа оның отарлаушылардың бірі екенін біліп жақтырта қоймайды. Оның сауданы сылтауратып жергілікті байлықты игеруге келетінін араб көпестері алдын ала хабардар еткен. Енді Васко да Гамма раджалар шақыруына бармайды, қатты қауіптеніп кері қайтады. Олар үш ай бойы Үнді Мұхитындағы дауылдан шыға алмай, 2 ақпанда 1499 жылы Африка жағасындағы Малинда қаласына жетеді. Момбасаға өтіп теңізшілер азайып өлген соң «Сан-Рафаэль» кемесін өртеп жібереді. Васко да Гама «Добрая надежда» мүйісін айналып өтіп, Атлант Мұхитына шығып, содан 1499 жылы қыркүйекте Лиссабонға оралады. Халық Васконы үлкен құрметпен қарсы алады, өте көп шығынға ұшыраса да ол Колумб армандаған Үндістанды ашады. Бұл жолдың Европалықтар үшін саяси, экономикалық маңызы зор еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет