Тјжірибелік сабаќтыѕ таќырыптары



Pdf көрінісі
бет1/44
Дата17.11.2023
өлшемі1,31 Mb.
#191660
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
orman biologiyasy met ukaz utebaeva b h
туризм тарихы билеттер (2), фил сессия (2)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 
А.Байтұрсынов атындағы
 
Қостанай мемлекеттiк университетi 
Биология және химия кафедрасы 
Б.Х.Утебаева
ОРМАН БИОЛОГИЯСЫ 
әдістемелік нұсқаулық 
 
 
 
 
 
 
Қостанай, 2017 



ББК 28.5 
У-82 
Рецензенттер: 
Қонысбаева Дамиля Туремуратовна - биология ғылымдарының кандидаты,
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-
математикалық факультетінің деканы 
Сулейманова Куляй Уразгалиевна - биология ғылымдарының кандидаты, 
ветеринарлы медицина кафедрасының меңгерушісі 
 
Авторы: 
Утебаева Балауса Хантаевна, биология және химия кафедрасының аға 
оқытушысы
Орман биологиясы. 5В060700- Биология мамандығы бойынша әдістемелік 
нұсқаулық – Қостанай, 2017.-56б.
Әдістемелік нұсқаулықта тәжірибелік-зертханалық сабақтарының орман 
морфологиясы, орман экологиясы,орманға климаттың, жарықтың, жылудың, 
ылғалдың, ауаның, топырақтың, биотикалық факторлрдың, антропогендік 
факторлардың тигізетін әсері, Қазақстан ормандары мен орманды қорғау 
шаралары тақырыптары қарастырылған. Тәжірибелік – зертханалық 
сабақтарына арналған тапсырмалар және оларды орындауға арналған 
әдістемелік нұсқаулар енгізілген.
Бұл оқу-әдістемелік құралы 5В060700-Биология, мамандықтарының 
студенттеріне арналған. 
ББК 28.5 
Аграрлы – биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен мақұлданған,
__ ____2017 ж, хаттама № __. 
© Утебаева Б.Х.,2017




Мазмұны 
 
Кіріспе ..........................................................................................................................4 
1 Орман морфологиясы........................................................................................5 
1.1
Қарағайлы орман морфологиясы бойынша
зертханалық жұмыс....................................................................................6 
2 Орман – табиғи жүйе....................................................................................7 
2.1 Таулы алқаптың шырша орман биогеоценозы 
бойынша зертханалық жұмыс.........................................................................9 
3 Орман экологиясы...........................................................................................10 
3.1 Орман экологиясы бойынша зертханалық жұмыс ......................................12 
4 Орман және климат.......................................................................................14 
4.1 Орман және климат бойынша зертханалық жұмыс.....................................15 
5 Орман және жарық.......................................................................................17 
5.1 Орман және жарық бойынша зертханалық жұмыс....................................18 
6 Орман және жылу...........................................................................................21 
6.1 Орман және жылу бойынша зертханалық жұмыс.......................................23 
7 Орман және жел...........................................................................................25 
7.1 Орман және жел бойынша зертханалық жұмыс.........................................26 
8 Орман және ауа............................................................................................28 
8.1 Орман және ауа бойынша зертханалық жұмыс...........................................29 
9 Орман және ылғал..........................................................................................31 
9.1 Орман және ылғал бойынша зертханалық жұмыс.....................................34 
10 Орман және топырақ....................................................................................36 
10.1 Орман және топырақ бойынша зертханалық жұмыс.................................38 
11 Орман және фауна...........................................................................................40 
11.1 Орман және фауна бойынша зертханалық жұмыс.....................................42 
12 Орман және фитценоз..................................................................................43 
12.1 Орман және фитценоз бойынша зертханалық жұмыс................................44 
13 Орманға антропогендік факторлардың тигізетін әсері................................47 
13.1 Орманды өртке қарсы орналастыру жобасы
бойынша зертханалық жұмыс...................................................................48 
14 Қазақстан ормандары..................................................................................51
14.1 Қазақстан Шренк шыршасы ормандары бойынша
зертханалық жұмыс....................................................................................53 
15 Орманды қорғау шаралары........................................................................54 
15.1 Орманды қорғау шаралары бойынша
зертханалық жұмыс......................................................................................55 



Кіріспе 
Орман – өсімдіктің көптеген пішіндерінен тұратын, жердегі өсімдік 
жамылғысының негізгі түрінің бірі, олардың ішінен ағаштар мен бұталар
екінші кезекте, бұташықтар, шөптер, мүктер, қыналар және тағы басқалар 
басты рөл атқарады.
Орман, қандай да болмасын, өсімдік тәрізді, қоршаған ортамен тығыз 
байланыста және динамикалық бірліктер бола отырып, оны құрайтын 
өсімдіктердің бірге өсіп – өнетіндігі, бір – біріне әсер ететіндігі орманның өзіне 
тән сипаты болып табылады.
Организм мен ортаның өзара байланысын, организмдер мен орта 
арасындағы өзара ықпалды, жердің тірі жабылғысының тіршілік 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым экология.
Орман экологиясы биогеоценоздарды, яғни популяцияларды және әр 
түрлердің аумақтық жиынтығын зерттейді.
Биогеоценоз – биологиялық ортаның алғашқы қарапайым бірлігі. Ол 
орман өсімдігі мен орта бірлігі екенін өте анық көрсетеді.
Орман экологиясында екі мәселені алып қарауға болады: экологиялық 
факторлардың орман тршілігіне ықпалы және сондай ақ ерекше, өзіне ғана тән 
орман ортасының құрылуы. Осылайша, орман экологиясы міндетіне орта 
жағдайларының орманға ықпалының сипатын, сонымен қатар орманның 
өзіндік алып жатқан аумағы мен жақын жақын жатқан кеңістігіне әсерін 
зерттеуде кіреді.
Орман биоценозында өсімдіктер тіршілігіне әсер ететін барлық 
экологиялық факторлар биотикалық, абиотикалық және антропогендік деп 
бөлінеді. Ормандағы биотикалық факторларға өсімдіктердің, жануарлардың
микроорганизмдердің бір біріне әсер ететін ықпалы жатады. Өсімдіктер 
арасындағы өзара қарым қатынас пайдалы яғни ол бір түрдің өркендеуіне 
бағыттайды, бәсекелестік қатынас болуы мүмкін. 
Антропогендік факторларға немесе адам іс-әрекеті факторларына 
орманды кесулер мен орман өрттері, мал жаю мен шөп шабу, орманды 
жерлерді құрғату мен тыңайтқыштар енгізу, орманның сүректен басқа 
өнімдерін дайындау, адамдардың демалысы үшін орманды пайдалануы 
жатады.
Табиғатта барлық экологиялық факторлар бір бірімен байланыста 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет