Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау


 – ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ



бет5/9
Дата13.10.2023
өлшемі82,75 Kb.
#185226
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
акерке пр (копия)
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
2017 – ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ
«Қазақмыс корпорациясында» «Project Management Professional» (Жобаларды басқару маманы) сертификациясынан өтетін алғашқы үміткерлер белгіленді. РМР атағының иегерлері жобаларды басқару саласындағы ірі әрі маңдайалды сертификатталған мамандар қоғамдастығының мүшелері болып саналады. «Қазақмыс корпорациясының» іріктеу тестілеуден өткен алты қызметкері осы оқуға үміткерлер қатарында.
2016– С. А. БУБНОВСКИЙ КИНЕЗИТЕРАПИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ
«Қазақмыс» компаниясының қаражаты есебінен Жезқазғандағы Медициналық орталықта дәрігер Сергей Михайлович Бубновскийдің әдісімен бірегей кинезитерапия Орталығы ашылды. Жобаның құны – 82 миллион теңге.
Орталықтың мақсаты: компания жұмысшылары мен аймақ тұрғындарын және тіреу-қозғалу аппараты ауруына шалдыққандарды сауықтыру, оның ішінде «Қазақмыс корпорациясы» жұмысшыларының алғаш рет мүгедектікке шығу көрсеткішін 30% ға азайту, әрі қарай да төмендету.
Орталық италиялық жаттығу құрылғыларымен және Бубновский көпфункциялы жаттығу құрылғыларымен жабдықталған. Дәрігерлік мекемеде остеохондрозды емдеу және алдын алу, омыртқааралық жарықты, артрозды, артритті, сколиозды және басқа да ауруларды емдеу жүргізіледі. Орталықта жарақаттан кейін кеншілердің бақылау тобын оңалту және профилактикалық емдеу шаралары өткізіледі.
2015 – ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
«Жезқазғантүстімет», «Қарағандытүстімет» және «Балқаштүстімет» өндірістік бірлестіктерінің тау-кен кәсіпорындары басқару аппараты Жезқазған қаласында орналасқан Тау-кен өндірістік кешені болып қайта ұйымдастырылды.
2015 –ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ СЫНАУ
«Қазақмыс корпорациясы» аз сульфидті мыс кеніннен концентраттар өңдеу бойынша инновациялық технологияларды тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау жұмыстарына кірісті. Гидрометаллургияны енгізу мыс құрамы төмен кенді игеруге және шикізат базасын толтырып, Жезқазған алаңының өндірістік қызметін 50 жылдан астам уақытқа ұзартуға мүмкіндік берді.
2015– «Атомэнергомаш» және «Kazakhmys Energy» ынтымақтастығының басы
«ЗИОМАР» инжинирингтік компаниясы («Росатомның» машинажасау дивизионы – «Атомэнергомаш» АҚ-на қарайды, Ресей) және «Kazakhmys Energy» ЖШС қазақстандық компанияның энергетикалық нысандарындағы құрылғыларды жаңғырту саласында қызмет көрсету туралы келісімге қол қойды. Аталған құжат зерттеу жүргізуді, техникалық шешімдер әзірлеуді, жобалауды, қазандық жабдықтарын өндіру және жеткізуді, сонымен бірге сервистік қызмет көрсетуді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет