Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау


-1931 – ЖЕЗҚАЗҒАНДЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ



бет8/9
Дата13.10.2023
өлшемі82,75 Kb.
#185226
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
акерке пр (копия)
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
1929-1931 – ЖЕЗҚАЗҒАНДЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ
1927 жылы Қ.И.Сәтпаевтың «Қарсапқай ауданы және оның келешегі» атты жұмысы жарияланды. Онда ғалым Жезқазған кенішін зерттеу мен барлаудың маңызы туралы жан-жақты мәлімет береді. 1929 жылы ғалымға аталған өңірдің қойнауын геологиялық барлау жұмыстары жүктеледі. Ол жетекшілік ететін геологтар ұжымы 1931 жылдың соңында Жезқазғанда аса ірі мыс қоры барын растап берді.
1928 ЖЫЛ – ҚАРСАҚПАЙ МЫС БАЛҚЫТУ ЗАУЫТЫН ІСКЕ ҚОСУ
Жезқазған кеніштерінен алынған ең алғашқы қара мыс балқытылды.
1928 ЖЫЛ – ҚОҢЫРАТ МЫС КЕНІШІНІҢ АШЫЛУЫ
Академик Михаил Петрович Русаков Қоңырат мыс кенішін ашты. Кейін ол Балқаш кешенінің негізгі құрамдас бөлігіне айналды.
1913 ЖЫЛ – ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ ЕҢ АЛҒАШҚЫ ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ
Жезқазған кенішінде ең алғашқы ауқымды тау-кен жұмыстары басталды. Сонымен қатар, мыс рудасы ағылшын азаматы «Лесли Уркарт басшылық еткен «Спасск акционерлік қоғамының» Сарысу кен байыту фабрикасында өңделіп, дайын өнімге айналдырылды. Кәсіпорын 1920-шы жылдары Қазан төңкерісінен кейін мемлекет меншігіне өтті.
2.1 Өнеркәсіптік қауіпсіздік,жарақатсыз жұмыс,қауіпсіздік стратегиясы.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек қорғауды дамыту стратегиясын әзірлеу 2020 жылдың желтоқсан айында басталды, ол 2021-2024 жылдарға есептелген. Стратегия қауіп-қатерлерді жою, автоматтандыру және цифрландыру, қызметкерлерді оқыту және қауіпсіздік мәдениеті бағыттары бойынша іс-шаралардың тұтас кешенін қамтиды.


Стратегияны іске асыру үшін «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС-да «Қауіп-қатерлерді жою» бағыты бойынша тәуекелдерді анықтау жөнінде іс-шаралар, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау саласында тексерулер жүргізіледі. Қабылданып жатқан шаралар 12 165 тәуекелді, оның ішінде қазаға әкеп соқтыруы ықтимал 3327 тәуекелді анықтауға және «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС-да тәуекелдер деңгейін 94%-ға төмендетуге мүмкіндік берді, биылғы және келесі жылы тәуекелдер деңгейін 6%-ға төмендету жоспарланып отыр.
Жыл басынан бері «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС-да өндірістегі жарақаттанушылыққа талдау жүргізілуде, одан әрі маусымдылықты және ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу бойынша жоспарларды ескере отырып – тақырыптық тексерулер жүргізіледі. Тексерулер оқиғалардың негізгі қауіпті түрлерін алдын алуға және жоюға мүмкіндік береді. Олар ай сайын жүргізіледі – мысалы, сәуір айында биіктікте жұмыс істеу шарттары және жұмыс орындарының жай-күйі тексерілді. Мұндай шара 2018 жылдан бастап мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарда жарақаттануды нөлдік деңгейге түсіруге мүмкіндік берді.
Процестерді автоматтандыру мен цифрландыру жағдайды біршама жақсартады. Мысалы, Жезқазған мыс қорыту зауытының IT қызметі бұзушылықтарды есепке алу және талдау бойынша бағдарлама әзірледі, ал шұғыл әрекет ету үшін «ақылды» бейнебақылау камералары енгізілуде.
Компанияда қызметкерлерді оқыту мен қауіпсіздік мәдениетіне көп көңіл бөлінеді, өйткені өндіріс қызметкерлері зиянды факторлардың, тәуекелдер мен қауіптердің әсеріне жиі ұшырайды. Жалпы алғанда, «Қазақмыс Холдинг» ЖШС-ның барлық филиалдарында «Advanced HR» жүйесі енгізілді, онда қызметкерлер интерактивті онлайн-оқытудан өтіп, тест тапсырады.
2018-2019 жылдары «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС-да өндірістегі 3795 операцияға арналған регламенттер әзірленді. Олардың әрқайсысы егжей-тегжейлі сипатталған - қызметкер қандай құралды қолдануы керек және белгілі бір іс-қимыл үшін қандай ЖҚҚ кию керек деген мәселеден бастап, операцияларды қалай орындау керек және ол кезде қандай тәуекелдер болуы мүмкін деген мәселелер қамтылған. Ал өткен жылы компания тағы бір белеске шықты - аса қауіпті топ-100 және топ-30 операцияларды анықтады. Оларға ерекше көңіл бөлінеді - жабдықтарды, жұмыс орындарын, машиналар мен механизмдерді, ғимараттар мен құрылыстарды жаңғырту жүргізілуде. Бұдан басқа, апта сайын бұзушылықтарға талдау жүргізіледі, олар бойынша түзету іс-шаралары әзірленеді. Осының арқасында жұмыс орындарында, әсіресе жарақаттану қайталануы мүмкін жерлерде тәуекелдерді азайтуға болады.
Бүгінгі таңда «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС-да ең қауіпті бес мамандық анықталды - балқытушы, конвертерлеуші, су ерітінділерін электролиздеуші, слесарь-жөндеуші және электрмонтер. Биылғы жылы осы мамандықтың жұмыскерлері үшін де интерактивті онлайн-оқыту бағдарламасы әзірленетін болады.
«Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлерді ынталандыру ісіне жауапкершілікпен қарайтынын атап өткен жөн, ол үшін жыл сайын Еңбек қорғау күнінде бағалы ынталандыру сыйлықтарын табыстаумен байқаулар өткізіледі.
Мысалы, өткен жылы жүлделік қор 5 млн. теңгені құраса, биыл бұл сома екі есеге – 10 млн.теңгеге өсті.
Мерекеге орай еңбек қауіпсіздігі ережелерін жетілдіру бойынша үздік ұсынысқа конкурстар өткізіледі. Жыл сайын ұсыныстар саны артуда және қызметкерлер еңбек қауіпсіздігінің маңыздылығын түсініп, қауіпсіздікті жақсартуға арналған ұсыныстарды белсенді түрде ұсынады.
Сондай-ақ, жұмыскерлер үшін ең үздік бейнероликке, ең үздік жұмыс орнына немесе ӨҚжЕҚ бойынша ең үздік стендке конкурстар өткізіледі.
Айта кететіні, жұмыс орындарындағы тазалық пен тәртіп қызметкерлердің ӨҚжЕҚ мәселелеріне жұмылдыру көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Олардың әрқайсысы нақты қызметкерге бекітілген және ол қауіпсіздік нормаларына сай болуға жауап береді.
Бұл еңбек қорғау жөніндегі қауіпсіздік стендтеріне де қатысты – олар стендттерді регламент бойынша, бірақ өз қиялы мен бастамасын ескере отырып, безендіретін қызметкерлерге бекітілген.
Сонымен қатар, Еңбек қорғау күнінде «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС қызметкерлерінің балалары үшін түрлі тақырыптағы суреттер конкурсы өткізіледі, оған 2021 жылы 400 адам қатысты!
Жезқазғандағы Nur Otan партиясы да бұл іс-шарадан қалыс қалмай, «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытының жеті қызметкерін өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы жетістіктері үшін марапаттады.
Қауіпсіздік ережелерін дамытуға үлес қосқан қызметкерлер де шетте қалған жоқ. Осы жылы «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС жалпы саны 402 жұмыскерді марапаттады.
Компания мұндай іс-шаралар қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелеріне тарту үшін тиімді екенін атап өтті. Қосымша кәсіби оқытумен, еңбек жағдайларын үнемі жақсартумен, қауіптерді азайтумен, автоматтандырумен және цифрландырумен қатар алғанда мұндай іс-шара Стратегияны дамытуға және өндірістегі жарақаттану көрсеткіштерін нөлдік деңгейге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. 2018 жылдың I тоқсанында "Қазақмыс" тобына қарасты 43 кәсіпорынның 93%-ы жарақаттанудың нөлдік көрсеткішіне қол жеткізді. Бұл туралы мыс корпорациясының өндірісте жазатайым оқиғалардың алдын алуға қатысты шаралардың сараптамалық шолуында айтылған. 2018 жылдың I тоқсанында "Қазақмыстың" өндірістік нысандарындағы жазатайым оқиғалар саны 17%-ға төмендеген. 2017 жылдың осындай кезеңінде тіркелген алты оқиғамен салыстырғанда осы уақыт ішінде бес зардап шегуші тіркелген.
Осы жылдың басында "Қазақмыс" тобы мен оның мердігерлік ұйымдарындағы жазатайым оқиғалар негізінен стандартты емес және қауіптілігі жоғары бір реттік жұмыстарды атқару кезінде болған. Сонымен қатар жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, жұмыс орнында және кәсіпорын аумағында жүріп-тұрғанда жарақат алған жағдайлар тіркелген. Дәл осындай қарқынды жағдайларда жекелеген қызметкерлер қырағылық жоғалтып, операциялардың болжамы аз болғандықтан қателіктер жібереді. Салдарынан жұмыскер бірдеңені ұмытып кетіп, жарақат алған жағдайлар болды. Ал, шын мәнісінде, жарақат алған барлық адамдар арнайы оқытылып, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша қажетті нұсқаулықпен таныстырылған.
"Жарақат алған барлық жұмыскерлер жүйелі түрде арнайы оқу оқып, нұсқаулықпен танысып, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесі бойынша білімдері тексерілген. Оларда осыған сай куәлік те бар. Алайда жұмыскерлердің еңбек міндеттерін атқаруда білімі мен өндірістегі қауіпсіз жұмыс дағдыларындағы олқылық қателік жасауға және жазатайым оқиғаларға әкеп соқты", – деп нақтылады "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті директоры Дархан Жәңгіров.
Барлығын қамтитын оқу
Еңбекті қорғау мәселесі "Қазақмыс" корпорациясы басшылығының үнемі назарында. Корпорация жұмыскерлердің бәрін өндірістік, өрт, электр қауіпсіздігі талаптарына оқытуға айтарлықтай қаражат бөледі.
Жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау туралы компанияның негізгі қағидалары басымдыққа ие екенін ескере отырып, сонымен қатар компания қызметкерлеріне арналған саясатқа сәйкес авария мен төтенше жағдайларды жою жоспарына қатысты тренингтер үнемі өтіп тұрады.
Өндірістік қауіпсіздікке оқыту негізінен "Қазақмыс" компаниясының өзінің базасына кіретін Сәтбаев және Балқаш қалаларындағы технологиялық колледждерде өтеді. Сонымен қатар Жезқазған және Қарағанды қаласындағы білім беру ұйымдары тартылады.
Биылғы жылдың алғашқы үш айында "Қазақмыс" компаниясы 9162 жұмыскерді қауіпсіз еңбек әдісіне оқытуға 25,5 млн теңге жұмсаған. Өндірістік қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, еңбек медицинасы және азаматтық қорғаныс тақырыбы сұранысқа ие оқыту курстары.
Жарақаттануды төмендету жоспары
"Жазатайым жағдайлар мен кәсіби ауру санын азайту үшін, біз, "Қазақмыс" корпорациясында өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында 2018-2020 жылдарға арналған орташа мерзімді кешенді жоспар мен қауіпсіздікті басқаруға арнайы әзірленген жүйені іске асырамыз. Пысықтауды және жетілдіруді қажет ететін жерлерден дабыл келіп жету үшін кері байланыс ретінде әрбір кәсіпорын рейтингтік бағалауға ие болады", – деп қорытындылады Дархан Жәңгіров.
Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару мен ұйымдастыру бойынша көп жылдық тәжірибемен жинақталған әдіс пен технологиялар жарақаттануды азайтуға қатысты мақсатты бағдарламалық құжатқа негіз болды. Бұл оқиғаның алдын алуға, жазатайым жағдай мен кәсіби аурудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның арқасында қазір қызметтің барлық бағыты бойынша жұмысты ұйымдастыруға күш салу мен біріктіру бойынша шаралар қабылдануда. Ең бастысы, кешенді жоспар басқару процесіне жұмыскерлерді, желілік басшыларды және мамандарды белсенді тарту арқылы корпорацияның өндірістік алаңдарын толығымен қамтиды.
"Қазақмыс" топтарының 2018-2020 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы орташа мерзімді кешенді жоспарын іске асыру – 2018 жылы жалпы жарақаттануды 2017 жылмен салыстырғанда бес пайызға төмендетуді қарастырады. Кешенді жоспар жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыруға және ӨҚжЕҚ-ті ұйымдастыру мен басқаруды сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Осылайша біз жұмыскерлердің жазатайым жағдайға әкеліп соғатын қауіпті әрекетінің алдын аламыз. 2020 жылға дейін жалпы жарақаттану мен кәсіби ауру деңгейін 15 пайызға төмендету жоспарланып отыр", – деп болжам жасады "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның қауіпсіздік және еңбекті қорғау департаменті директоры.
2018 жылдың алғашқы үш айында мыс корпорациясының кәсіпорындарында кешенді жоспардың 305 шарасы орындалды. Бұл жоспарланған шараның 98,7%-ын құрайды. Кешенді жоспардың технологиялық қауіпсіздік, өндірістік тәуекелді басқару жүйесі, коммуникация және ақпарттық қолдау, ұзақ қолданыстағы ауытқуларды жою, технологиялық жабдықты жаңарту, ғимараттар мен имараттардың сенімділігі мен техникалық жағдайын, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс, табиғи сипаттағы ТЖ, қызметкердің денсаулығын қорғау сияқты тоғыз бағыт бойынша шаралар 100%-ға орындалды, деп атап кетті Дархан Жәңгіров abctv.kz-ке берген түсініктемеде.
Өмірді сақтау үшін қайта жарақтану
Осы жылдың алғашқы төрт айында "Қазақмыс" компаниясы технологиялық жабдықты жаңартуға 6 млрд теңгеге жуық ақша жұмсаған. Мұндай шаралар кешенді жоспардың машиналар мен механизмдерін жаңғыртуға қатысты бағытында көрсетілген. Ескіріп, мерзімі біткен жабдықтың орнына заманауи және қауіпсіз жабдық пайдалануға беріледі.
Сонымен бірге 2018 жылдың басынан бері корпорация жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз етуге 300 млн теңге, сондай-ақ өндірістік ғимараттар мен технологиялық имарттардың жағдайын жақсартуға 285 млн теңге бөлген. Осы уақыт ішінде компания қызметкерлердің денсаулығын қорғауға 72 млн теңге бөлген, ал өндірістік қауіпсіздіктің ережесі мен нормативтік талаптарынан ұзақ уақыт бойы ауытқуды жоюға 60 млн теңге жұмсаған. Сонымен қатар шамамен 16 млн теңге су тасқындарының алдын алу мен азаматтық қорғаныс және ТЖ-ны жою шараларына кеткен.
"Келешекте жарақат жағдайларының қайталануын болдырмау үшін "Қазақмыс" компаниясы тексеру парақтары мен қауіпсіздік талондарын пайдалануды, арнайы бұғаттау мен цифрлық технологиялар, барлық өндірістік панельдерді телефонмен жабдықтауды міндетті түрде енгізіп жатыр. Сонымен қатар жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен еңбегін қорғау бойынша нұсқаулық жұмыста жіберілген қателіктерден келетін қауіп тақырыптық видеоларды көрсету арқылы мықтап жүргізілуде. Еңбек жағдайын жақсарту үшін қолдануға ыңғайлы және тиімді бірыңғай ақпараттық жүйе жасалып жатыр. Ол әр жұмыс орнының қауіпсіздік жағдайын сараптауға, өндіріс ерекшелігіне сәйкес қауіпсіз өндірістік жұмысты қамтамасыз ету үшін барлық басқару деңгейінде түзету шараларын уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді", – деп атап кетті Дархан Жәңгіров abctv.kz.-пен болған әңгімеде.
Оның айтуынша, "Қазақмыс" кеніштерін цифрландыру мен олардың ақпараттық бірігуі жарақаттануды азайтуда ең тиімді құрал болмақ. Мысалы, Нұрқазған цифрлық кенішінде корпорация мамандары көп функциялы қауіпсіздік жүйесін енгізді. Жер бетіне радио сәулелендіретін кабель жіберілді де шахтада рация қолдану мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар жер асты нысанында бас киімдердегі шамдардағы немесе өздігінен жүретін жабдықтардағы датчиктер есебінен жұмыскер мен техниканы терең позициялау жүйесін орнату көзделуде. Осы арқылы диспетчерлер кеніштегі объектілердің қозағалысын бақылай алады және авария жолған жағдайда қызметкерге қауіп туралы хабар бере алады.
Тура осындай жүйені Жомарт кенішінде іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар өздігінен жүретін техника маневр жасауды жеңілдету мен көлік пен адамның соқтығысуын болдырмау үшін жабдықтарға байланыссыз датчик жүйесі орнатылатын болады.
Сонымен қатар аталған жүйе дауыстық радио байланысты, авария туралы хабарлауды, авария кезінде адамдарды іздеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорындардың диспетрчерлік қызметі кеніштегі объектілердің қозғалысын бақылап, авария болған жағдайда қызметкерге қауіпсіздік туралы хабар бере алады.
Жеке қорғанысқа кепіл
"Қазақмыс" жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі. "Ютария ltd" компаниясымен бірлесе отырып, корпорацияда "Бірыңғай кешенді қызмет" атты инновациялық модельді енгізген. Мұндай аутсорсинг жоспарлауға, қамтамасыз етуге, есепке алуға, жеке қорғаныстың алдыңғы қатарлы құралдарын утилизациялау мен беруге көмектеседі.
Мұндай кешенді қызмет жеке қорғаныс құралдарын дербестендірілген есепке алуға кепіл береді. Осылайша жуу мен тазалау және жөндеу бойынша шараларды бақылау, есепке алу, жоспарлаудың толық циклы сақталады. Бұл жеке қорғау құралдарын беру кестесін сақтауға және олармен жұмыскерлерді жүз пайыз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Алдағы уақытта жыл сайын көрме, таныстыру, жеке қорғану құралдарын өндірушілерді тарту арқылы семинар өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы арқылы түпкілікті тұтынушы, жұмыскерлер өздерін толғандырған сұрақты қойып, өндіріс жұмысымен танысып, бізді өндірістік зиянды және қауіпті факторлардан қорғайтын құралдарды өндірушілердің еңбегін бағалай алады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет