Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет3/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
Тұнық сәуле таң сұлу


Қандай әсем тұнық сәуле таң сұлу,
Таң сұлуын қарсы алып тұр жан сұлу.
Үнсіз өзен, таулы орман мүлгіп тұр.
Ақ түбіттей ұлпа бұлттар жөңкіп жүр.


Қуаныштан құстай ұшты жыр сыры,
Ақын еркі жүрегінің тылсымы.
Кеңпейілдің ұясынан түлеген,
Нағыз өлең - нағыз ақын секілді.


Жер дауылы, нөсер аспан жауыны,
Мәшһүр ақын әр қазақтың бауыры.
Түнгі дала таңсәрімен тілдесіп,
Құшағына алды бақыт дәуірді.


Ақшолпандай әппәқ таңым ашылды,
Таң рауаннан күміс шашу шашылды.
Құдіреттің қуанышы құшақтап,
Маңдайымнан сүйді сұлу атырап.


Әппәқ таңнан ақ сезімдер оянды,
Ақын жүрек әппәқ нұрға боялды.
Сұлу қыздай сылаңдаған үміттің,
Мәңгілікке руһы болсын баянды. 2011


Ой құрсауы


Өн бойыңды кейде ауыр ой құрсаулап,
Мойындатып қарттығыңды, күрсінтер.
Шырмауықтай шырмап алған шырғалаң,
Көзің талып, жүрек, бір сәт, дүрсілдер.


Бұл сөзімнің себебі де бар шығар.
Жоққа қажып, мүжілмеуің мұң болар.
Салмақ мінез, таудай талап жарасып,
Бітіміне кең арқауы сай болар.


Жайсаң жанның жан сарайы ғұмырлы,
Құпиясы бар сырының құлыпы.
Жүрек сезім түкпіріне жүгінсең.
Қазынасы, көмбесі бар өнімді


Саналыға салмақ түсіп, батады
Жүйкесіне артық жүк те қатады
Жақсыға да, жаманға да, «бір шіркін»,
Жалқау - жаман мол ұйқыға батады.


Пенде ғұмыр баянсызсың мойында,
Жалғандығың жалпақ жұртқа жария.
Ауыр сәттер саябырлап, бәсеңдер,
Терең ойдан көңіл озса, дәриға.


Ой тереңі шымбайына тартады
Ұйуы көп, түбі терең, салмақты.
Өмір, - деген екен ғой, тек, қозғалыс,
Арманыңа қолың жетсе, сол табыс.


Ана құстай әлпештенсе жүрегің,
Көңіл толып, ой құрсаудан босайды.
Орындалса арманың мен тілегің,
Сезім сергіп, өмір жасың ұзайды.


Бұлақ сөзім
Сен менің осы шағым,
Сен менің болашағым.
Сен менің ақылымсың,
Тәнті боп талпынамын.


Сен менің аққұсымсың,
Айдында ән- жырымсың,
Болашақ - бұлақ сезім,
Сен менің биігімсің.


Сезімге қуат берсін,
Сен маған құлақ, көзсің,
Қиналған сәттерімде,
Табылшы бұлақ сөзім.



Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет