Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет5/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
БАЛАЛАРЫМ БАЛДЫРҒАН
Сіздерге арнап жаздым ән


Әжені сүй
Әжеңді сүй, немере,
Сыйла гүлді өсіріп
Ата - анаңды жеткізіп,
Саған айтты өсиет.


Балақай
Оу, балақай, балақай,
Оқуды да ойлаңдар
Жаз жайраңдап өтеді
Білім төріне бойлаңдар

Сәлем, мектебім


Сәлем саған, мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, жазу үйретіп,
Санама ғылым сепкенсің,


Дәл осылай сезінем


Күн боп туып,
Гүл боп жерге егілген,
Гүл қызғалдақ құлпырып,
Бүршік жарып төгілген.
Өз ісінің,
Жүрегінің патшасы Ұстаздарды,
Дәл осылай сезінем.
Шәкірттерін сүйіп Таза көңілмен,
Кейде ұрсып,
Сипап шәшін түзеген,
Дәріс беріп,
Ақыл айтып үйреткен
Ұстаздықты ұстазынам үйремген.
Ұстаздарды дәл осылай сезінем


Нағыз ұстаз-
Ұстаздардың ұстазы,
Бастау алар
Бар тірліктің бастауы.
Сөз өнердің
Көңіл бөліп көгіне,
Өрлеп өсер
Бәйтеректтердей дүние.
Дәл осылай сезінемін ұстазды. 2004


Көбелек
Түрлі - түсті көбелек
Біреуі оның көкпенкөк,
Әне, бірі - сары,
Себілгендей тары.
Қызыл жасыл гүлдер
Гүлзарларда түрлен
Жүйрік желмен ойнап,
Көбелек жүр тойлап.


Жаз мезгіл
Көк майса жайқалып
Гүлдер тұр шайқалып,
Күн көзін сіміріп,
Бас изеп найқалып.
Көкорай көк шалғын,
Жұпары аңқыған.
Тамаша жаз мезгіл
Гүл көрпе жамылған.
Құстар


Құстар ұшып келеді лек - легімен
Сусылдайды қанаты жел лебінен.
Қауырсыны жалтылдап күн көзіне
Дем алуға қонады айдын көлге.


Көк аспанның қос қанат кербездері
Ұлы Дала төсінің перзенттері.
Қуанасың оралып туған жерге,
Қуанамын әніңді естіп мен де.


Жаңбыр


Жаңбыр, жаңбыр, жау жаңбыр,
Жауа берші себелей
Егін көкке өрлесін,
Көп қуаныш еселей.
Жаңбыр жаңбыр төгіп өт,
Жалдап бала мәз болсын.
Жайқалт егіс бақшамды,


Күнді көрдім.

Күнді көрдім


Таудан асып келеді,
Ақ қайыңның
Шашын өріп,
Алтын жіппен зерледі.
Күнді көрдім,
Шыңнан түсіп келеді,
Кірпігінен
Нұр шашылып,
Гүлден шілтер өреді


Анашым


Анашым,
Сүйіктімсің, сұлу едің
Саған қарап,
Мен жайлап биіктедім!


Күн нұры


Аман болсын анам,
Болсын аман балам.
Нұрын сепсін Күнім,
Назды болсын үнім
Еңбек


Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты - еңбек.
Кесте тіксең терлеп,
Оның да аты - еңбек.
Сабағыңды діттеп,
Әзірлесең еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.


Гүлдер
Сүйемін гүлдерді
Желбірей жайқалған.
Сүйемін түр түсін
Күлімдеп шайқалған.


Ғашықгүл
Эдельвеис - Ғашықгүл
Өседі шыңдарда
Кім көріп, кім алса,
Ғашық боп қалат та


Бақытгүл /Орхидея/
Бақытгүл қуаныш нышаны,
Ол кербез, нәзік гүл.
Сұлулық сырын ашады.
Аузын ашып үлбіреп,
Тілін күнге тосады.
Шатқал таста биікте,
Сұлу гүлдің тұрағы.


Үлфілмәлік /Ромашка /

Ромашка қазақша Үлфілмәлік


Рахатты, рақымды, исі нәзік .
Рауандап, рабаттап атқан таңда
Үлфілмәлік тұрады күлім қағып.


Рабаттап-шаттанып
Бөртегүл /Сирень/

Әппәқ, күлгін бөртегүл,


Қауызын ерте жарған гүл.
Қол бұлғайды мамырға,
Самсап тұрған өртең гүл.


Күнбағыс /Подсолнух/

Күнбағыс - ау, күнбағыс,


Күнге ғашық Күнбағыс.
Басыңды иіп, тәж киіп,
Күнге айтасың мол алғыс.


Жауқазын /Подснежник/

Нәуірзек гүл назданып,


Қар астынан бой созды.
Жауқазынның бойы өсіп,
Ақылы толып, ойы озды


Бақбақ /Одуванник/

Жайқалып дала төсінде,


Алтын түстес бақбақ тұр.
Сары ауызы үлбіреп,
Күнге қарап күліп тұр.

Жаз өтіп, күз келеді,


Бақбақтың екеу кезеңі
Ақторғынға оранып,
Үлфілдеп тұр толғанып


Бәйшешек /Тюльпан/

Жарқырайды аспанда Күн күледі,


Қарды азыққып жер беті гүлденеді.
Жұпары бал, суы мол, сұлу көктем
Күнге ұмтылып бәйшешек түрленеді


Бұлбұлым.

Әсем үнді бұлбұлым,


Есенбісің, жұлдызым,
Қайда жүрсің күн қызым,
Сайра, сайра, бұлбұлым !


Күнім.
Күнім, күнім, күншегім ,
Саған қарап күлемін
Қытықтайсың көзімді
Тауыстың ғой төзімді.
Шырша

Кішкене ғана шырша,


Қыстың әнін жырла.
Сенің үйің орман ғой,
Орман саған қорған ғой


Жұпар иіс
Күн қызарып батады
Тұнық кеш жерді жабады.
Кешкі самал тербеліп,
Жұпар исін шашады.


Өрік


Өрік , өрік , өрік-ті
Өрікті бала теріпті.
Құрбысына, досына
Бір - бір уыс беріпті


Қауын.
Күз түсе пісті қауын,
Қызығып, таңдадым дәуін
Көтере алмай, ұялдым,
Ауырын - ай, ауырын.


Қарбыз.
Мен қарбыз деймін,
Әжем дарбыз дейді.
Жасыл жолақ сырты,
Қызыл тәтті іші.


Жүзім.
Өзбектер үзім дейді,
Бір бірлеп үзіп жейді.
Біз жүзім дейміз,
Бір сәтте жүзін жейміз.


Бірде төрт ауылдан келе жатқан төрт жолаушы кездесіп, достасып та үлгеріпті.
Шөлдедік қой, үзім жейік, -дейді өзбек.
Ангур ғой, - дейді араб,
Анфур, - деңдер дейді парсы.
Жүзім ғой бұл, - дейді қазақ.
Сонда төртеуінің айтып тұрғаны бір тағам екен.


Қызанақ.


Доп домалақ қызанақ,
Қызыл гүлдей қызғалдақ.
Неткен өзі дәмді
Дастарқанда сәнді.


Ана
Ана — әсем сөз әлемде
Ана, - деп , әндетсем
Күн көзі күледі.
Ана, - деп , жыр төксем
Гүлдер де бұраңдап ,
түледі.
Жел қағып әйнекті
Шегіртке секіріп ,
Құмырсқа шабады.
Көңілді көбелек
Айналып ебелек
Барлығы қуанып күледі.
Гүлзарда гүл раушан
Бас изеп құлпырды.
Сайрайды Аққұстар
Әніме қосылып,
Ән салды жарысып.
Көк аспан, шуақ күн,
Алтын Ай, сам Жұлдыз,
Жершары жар салды ;
Ана, ана, ана! – деп
Тіршілік ән салды.
Ана, - деп Туған жер ,
Ана, - деп Байтақ ел ,
Ана, - деп Әлемім
Жар салды.

Іренжітпе, ананы.


Бала - ана жүрегі
Бала - гүлі ананың.
Айтқан тілін аламын,
Жұмсаса анам барамын.
Іренжітпей анамды,
Ыдыстарды жуамын.
Ауланы да сыпырып,
Үйді жинап қоямын.
Торғай мен бұлбұл

– Түймедей ғана торғайсың,


Шырылдап мүлде қоймайсың.
Шенейсің мені не деп, сен
Бәрібір мендей болмайсың.
–Болмасам, мейлі, болмайын
Ешқашан қыста тоңбаймын.
Естиміз сені, тек, жазда,
Ал мен күнде жырлаймын.
–Шырылдан басқа тілің жоқ,
Шымшық-ау, сенде білім жоқ.
Бағаңды өзің білмейсің,
Жұрттан нені тілейсің ?
–Таласпаймын ешкіммен
Шырылдаймын күнімен,
Кішкене ғана торғаймын,
Әніммен елді қорғаймын.
–Мені қалқым бұлбұл дер,
Бағамды дұрыс ел берер.
Тамылжи шыққан нәзік жыр,
Ғашықты талай сүйсінтер.
–Түймедей ғана торғаймын,
Әнімді мәңгі қоймаймын.
Тамылжыған әніңнің,
Қайырмасын жолдаймын.


Балық неге ән салмайды


Қимылы басым, қылық бар
Жүзеді ылғи тұнықта
Көзі -де бар, тірлік көп
Топтасады ұжым боп.
Ауызын ашып жабады
Бірақ әнге салмайды.
Болсада өлеңнен ойы
Құлақ - аузы суға толы.
Қораз бен қаз


Қораз көрші,
Несіне қоқиасың?
Қызарып алқымың
Бәрібір шоқисың
Ол -пұлын қорданың, - деді Қаз.
Бұрқ етіп,
Шақырды ашуын:
– Сақтасын сендейден
Су жалдап, құм жеген.
Мен жеймін дәннің асылын,-деп,
мақтанды Қораз.


Тайқардай

Тайқардай -ау, тайқардай,


Анау жатқан Тайқарбай.
Жатыр жалқау жамбастап,
Ұйқысы бір қанбастан.
Тайқар - есек айғыры,
Кежегесі кейін тартып,
Жүреді ылғи артқа тартып. 2004


Аққайың


Аққайың, аққайың,
Күз келгенін білдірдің,
Жапырағыңды күлдірдің.
Айналып ұшып біреуі,
Жерге асықпай түседі,
Сірә, күздің белгісі
Ертең суық түседі.


Ақ мысық


Біздің үйдің төрінде
Ақ мысығым керілді.
Келе ғой деп, шақырсам
Келуге ол ерінді.
Мішім, мішім, мішім - ай
Саған берем сүт пен май
Десем де ол сенбеді
Көзін қысып, келмеді.
Міне, саған сүт пен ет
Дегенім сол, керемет,
Қасыма келді жүгіріп,
Салды етке тұмсығын.
Көпжасаңыз, рахмет, -деп,
Бұлаңдатты құйрығын.
Қарлығаш
/Н.М.Рубцовтан/


Қолайсыз бір жай болып,
Қарлығаш сонша шулады.
Балапаны құлап ұядан
Қарлығаш мұңлық жылады.
Мұны естіп балалар,
Шауып, шауып қиядан
Келді бәрі көмекке.
Амал қанша...
Басқа енді не шара,
Жарықшағын тауып алып
темірдің
Балапанды көмді жерге
арулап.
Не болғанын біле алмай
Шырылдайды қарлығаш
Зарлап ұшып ұзамайды
Әлі ұшып жүр сол маңда
Түсінді ме не болғанын,
алайда,
Қарлығашым, айналдым,
Ұқыптырақ қарасаңшы.
Балаңа бол ықтият,
Өзің салған ұяңа
Болшы өзің мұқият.
Көк төсінде самғайсың
Ауыл маңын шарлайсың.
Не тіршілік,
Балапанды, ұяңды
Өзің қорғай алмайсаң.


Іс тіктім
Он ойланып,
Тоғыз толғанып,
Іс тігуге кірістім.
Сегіз мәрте сыздым
Жеті рет өлшеп,
Алты рет аударып,
Бес рет бүктеп,
Төрт рет көктеп,
Үш рет ұштап,
Екі қолды алмай
Шаршап талмай
Қайта , қайта қарап
Бір рет тіктім,
Осымен мәнді
Бір киім болды сәнді.


Боламын
Мынау, ел Мынау, жер
Менің байтақ отаным,
Үздік білім,
Тоқып ілім,
Үлкен маман боламын.
Өнеріммен Өміріммен
Қадірлі қарт боламын. 2004


Қос қарлығаш
Қос қарлығаш қақпадан
Ұшып кірді аулаға.
Балалар жүр қуанып
Жүгірісті даурыға.
Қос қарлығаш қасықтай
Қонды шатыр қасына
Балаларға қарайды
Асықпай шәшін тарайды.


Төлдер
Лақтан серкеш болады
Тауға тасқа шығады.
Бұзау тана момақан
Ат деп, мінбе балақан.
Қозы тоқты толысты
Өріс іздер қонысты.
Құлын тайы арғымақ
Келеді, әне, шапқылап.
Бота тайлақ атанар
Мөлдіреп көзі ойнақтар.
Төлдер атын біліп ал
Үйрет оны шақырып:
Ауһау, ауһау танашым
Моп-момақан қарашы
Шөре, шөре лағым
Шұнаңдаған шырағым.
Соф, соф менің боташым
Еркелейді ботасы.
Құроу, құроу кұлыншақ
Арғымақ боп өседі.
Төлді сипап мақтап,
Мал өсірем баптап.


Қазақ малсақ
Малсақ қазақ
Шақырады малдарын
Атап - атап:
Құроу - құроу, құраулайды,
Ауһау - ауһау, ауһаулайды,
Шөре-шөре, шөрелейді,
Шөп - шөп, - дейді,
Көс - көс , - дейді
соф-соф , - дейді - ау
Басқа елде жоқ мұндай атау
Көз салып бір ойланайық,
Қасиетті сөз - ақ
Аудармасыз, дара сөзді
Ойлап тапқан қазақ.


Балара


Ұшып келіп ара
Амандасты гүлге
Амансың ба, тәттім,
Қыстай дем алып жаттым.
Сенің исің аңқып
Ойатты -ау мені жақсым,
Деді де , келіп сүйді
Аймалады күлді
Ұшып қонып жүрді
Мыңшұңқырға барып
Тәтті балын үйді


Бұртиады бала


Бұлт түзеді көшін,
Айдың көрді көзін
Тынышталды дала
Тәтті ұйқыда бала
Оянғанда Айды іздеп
Бұртыйады бала


Қамыс


Қамыс көлге иіліп,
Сыр айтуға түйінді.
Суда сырын ұққандай,
Қамысын сүйіп, сүйсінді.


Орман


Орман қандай тамаша,
Сүмбіл шаштар өрілген,
Ғажап сурет тау-тасы,
Әлемгүлдер керілген.


Тамашаға таңырқап,
Тамсанамын, таңғалам.
Жақпартастың санынан,
Ой оздырдым сан қадам.


Күз
Күзгі аспан күрсініп,
Күн қызуы азайды.
Күн биіктеп алысқа
Түн мезгілі молайды.
Далаға түсті көк тұман
Қоңырлап жер де сарғайды,
Қоштасып аққу, тырна, қаз
Тоғай, дала мұңайды.



Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет