Кешен № «Тартылу»


Кешен № «Сиқырлы гүлдер»



бет14/15
Дата21.12.2022
өлшемі168,5 Kb.
#163788
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ояну жаттығулар кешені
Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологиясын пайдалану, Кажкенова Динара ДОиВк211уск-Дене шынықтыру
Кешен
«Сиқырлы гүлдер» шынықтыру жаттығулары
Балалар, сіздер жазда көкалдың, алаңқайдың қандай тамаша екенін көріп жүрсіздер.Себебі ол жерде көптеген әдемі гүлдер өседі.Олар қалай өседі?Сіздер соны қазір көрсетесіздер.

Керуетте.



  1. «Дәндер». Арқаларымен жатып, тізелерін кеуделеріне жеткізу,екі қолымен құшақтап,алға артқа,содан соң түзеліп,орнына келу.

  2. «Гүл сабағы». Арқаларымен жатып, қолдың көмегімен отыру, қолды жоғары көтеру,бастапқы қалпына келу.

  3. «Бүршіктен-жапыраққа». Тізерлеп тұру, қолдарын алақандарын жаттықтыру арқылы бүршікті елестету,қимыл арқылы жапырақтардың бүр жаруын көрсету.

  4. «Гүл өсті». Өкшеде отырған қалпынан тізерлеп отыру,қолды жоғары көтеру,бастапқы қалпына келу.

Еденде.

  1. «Гүл қауызын ашты». Қолды жаймен жоғары көтеріп,екі жаққа дөңгелекті жіберген кезде аяқтың ұшымен көтерілу,бастапқы қалпына келу.

  2. «Гүлдер желмен тербеледі». Қолдың саусақтарын қозғау,тербелету.

Орнында тұрып жәй жүгіру, секіру,би қимылдары.
Тыныс алу жаттығуларына, сонымен қатар өлең жолдарын қолдануға болады.
Епті де күшті болам десең...

Тыныс алу жаттығулары.


1. Ішке тыныс алу жаттығулары
Арқа мен жатып бір қолы кеуде де, екінші қолы ішіне қою.
Ауаны ішке тарту: іштің көмегімен қолды кері итеру
Жай дем шығару: іштің тартылуы бастапқы қалыпқа келу.

2. Ішке тыныс алу жаттығуларын үйренгеннен соң баланың ішіне қолдың орнына үрілген шар қойып,жаттығуды жасауға болады.


Ауаны ішке тарту: «бір-екі» дегенде тәрбиеші:«Біз шарды үре бастадық»,-дейді.
Жай деп шығару: «1,2,3,4,5,6,7,8» есептегенде тәрбиеші жәймен «Біз...әуе шарын... үреміз: қызыл...сары...жасыл.»
Қазіргі кезде ұсынылып отырған тыныс алу жаттығуоарының түрлері көптеп кездеседі.

3. бір деген кезде ауаны ішке тартылады.


Жәй дем шығару: «6,7,8» дегенде орындалады.

4. Ауаны ішке тарту,жәй дем шығару кезінде мұрынның бір жағын, сосын келесі жағын басу арқылы бір нәрсеге үруге болады.


5. Мұрынның ұшын кезекпен-кезек басу.
6. Саусақты ауналдыру арқылы мұрын қуысына жаттығулар жасау.

Жаттығуларды кезең-кезеңмен үйренгеннен соң тыныс алу жаттығуларын түгелдей орындауға көшуге болады.


Тыныс алу жаттығуларының ең көп таралған түрлері өлең жолдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет