Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»


тaқырып. Лидерлiк теориялары, ұғымдaры



бет19/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
5 тaқырып. Лидерлтеориялары, ұғымдaры

  1. Лидерлік» феноменін анықтайтын теориялар

  2. Сапа және лидерлік сапалар теориясы.

  3. Лидерлік және басшылық феномені

Негізгі ұғымдар: сапа, феномен, лидерлік сапа, теория, ұғым, стилдерi, басшылық, лилерлік, тұғыр,т.б.



Лидерлік» теориялар. Лидерлік – көне заманда да, қазіргі кезеңде де философ, тарихшы, педагог, психолог ғалымдардың шұғылданып келе жатқан мәселелерінің бірі.
Жалпы теориялық білімге тұлға, іс-әрекет, таным, құндылықтар, басқару, көпмәдени білім беру теориялары жатады. Бұл теориялар лидерлік сапаларды дамыту үдерісін ұйымдастыруда әдіснамалық қызмет атқарады.
Алғашқы ғылыми тұрғыдағы лидерлік теориялары XX ғасырдың бірінші жартысында пайда бола бастады. Соған қарамастан оның мәнін анықтауда, табиғатын сипаттауда әлі де ортақ пікір қалыптаспағаны байқалады.
Оған профессор Дж.М. Бернстің «лидерлік өзіне қызығушылық тудыратын күрделі феномен, әрі әлемдегі түсініксіз құбылыстардың бірі» - деген тұжырымы дәлел бола алады.
Кейінірек XX ғасырдың 1940-шы жылдары ғалымдар өздерінің «Ұлы адамдар» теориясында (тұлғалық сипат теориясы) лидерлік сапалар тізімдерін талқылайды, нағыз лидер меңгеруге тиісті маңызды сапалардың тізімін құрастырады. Ғалымдар лидер тұлғалық сапалар жиынтығын меңгерген адам болуы тиіс деп есептейді.
1950 жылы лидерлікті топтың қызметі (Р.Крачфилд, Д.Креч, Г.Хоманс), жағдаяттық қызмет (Р.Бейлс, Т.Ньюком, А.Харе) ретінде қарастыратын теориялар пайда болды. Топтың қызметі ретіндегі лидерлік теориясы лидерлік феноменін топтың барлық мүшесі – бұл үрдіске қатысушылардың ішкі-топтық дамуының нәтижесі деп түсіндіреді.
Лидерлікті зерттеудің шетелдік тәжірибесінде: тұлғалық сипат теориясы; мінез-құлық пен тәртіп тәсілі; лидерліктің жағдаяттық теориясы бөліп көрсетіледі.
Сипат теориясы тұлғалық сапалар ұстанымы тұрғысынан сипатталады (Р.Стогдилл). Бұл теорияға сәйкес кез келген адам емес, тек тұлғалық сапалардың белгілі жиынтығын (инициативтілік, интелллект, жігерлілік, белсенділік, сенімділік, жауапкершілік, шешендік) меңгерген адам ғана лидер бола алады.
Сонымен бірге лидерлік сипат теориясын ағылшын психологы әрі антропологы Ф.Гальтон да зерттеді. Ол лидерлікті тұқымқуалаушылық негізінде түсіндіре отырып, лидер тұқымқуалаушылықпен берілетін сапаларды меңгереді деп есептеді. Бірақ тұқымқуалаушылықпен берілетін сапалардың қажеттілігін анықтаса да оның тізімдерін құрудың сәті түспеді деп тұжырымдайды.
Бұл теория тұрғысынан лидерлік дарынды тұлғаның қасиеті ретінде қарастырылып, индивидке, кез келген топқа немесе жағдаятқа тән ортақтық болып табылды.
Мінез-құлық пен тәртіп тәсілі (К.Левин). Бұл тәсілге сәйкес ұйымдастырылған іс-әрекеттің тиімділігі жетекшінің тұлғалық сапаларымен ғана емес, оның басқа адамға қатынасы бойынша мінез-құлық стилімен анықталады. Бұл тәсілдің маңыздылығы жалпы ұйымдастырушылық негізгі стилдерді айқындау, оның өзіндік ерекшелігі өкілеттік билікті жүзеге асырудың басқару формасының мәніне қарай бөлінген өлшем негізінде қалыптасқан лидер стилімен байланысты. Лидер өзінің өкілеттілігімен басқаның мінез-құлық мәнеріне, қарым-қатынас стиліне әсер етеді. Сондықтан авторитарлық, либералдық, демократиялық стилдер бөліп көрсетіледі.
К.Левиннің пікірінше, авторитарлық стилде либералдық және демократиялық стилге қарағанда топ іс-әрекетінің көптеген нәтижесіне қол жеткізуге болады. Бір мезгілде лидерліктің мұндай типі үшін бағынушылардың төмен мотивациясы тән, сонымен бірге қабылданған бірегей шешімдер саны аз, топтық ойлау қалыптаспаған, топ мүшелерінің мінез-құлқы мен тәртібінде қорқыныш пен агрессивтілік болады. Осы мінез-құлық пен тәртіп тұғырларын жүзеге асырудың басқа тәсілін Р. Лайкерт ұсынған. Ол лидер әрекетін жағдайлар жиынтығы контекстінде қарастырады. Оның негізіне жұмысқа және адамға бағдарланған лидер алынады. Жұмысқа бағдарланған лидер алдымен іс-әрекет мазмұны мен міндеттеріне, ал адамға бағдарланған лидер адамзаттық қатынастарды жетілдіруге ерекше көңіл бөледі деп тұжырымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет