Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет1/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ШАЛҒЫНБАВА Қ.Қ. ӘЛІМБЕКОВА А. А.


КӘСІБИ ЛИДЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ


ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Алматы, 2018


ШАЛҒЫНБАВА Қ.Қ. ӘЛІМБЕКОВА А. А.


«КӘСІБИ ЛИДЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ»
ОҚУ ҚҰРАЛЫ

ӘОЖ
БКК


С

Баспаға Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті


Метепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы мәжілісінің шешімімен және редакциялық баспа кеңесі шешімімен ұсынылған.


Пікір жазғандар:
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р. К. Бекмағамбетова
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Т.С.Сламбекова
Шалғынбава Қ.Қ. Әлімбекова А.А. «Кәсіби лидерлік негіздері» – Оқу құралы. – Алматы 2018. 250 - б.
ISBN
Оқу құралында лидер және лидерліктің теориялық негіздері және қазақ ағартушыларының кәсіби лидерлік іс-әрекеттері мен кәсіби лидерлік идеялары берілген. Лидерлікке ықпал ететін факторлар анықталған. Тұлғаның жас ерекшеліктеріне сәйкес лидерлік сапаларын дамытудың мүмкіндіктері мен жолдары, әдістері қарастырылған. Оқу құралының мазмұнында дәріс материалдары, семинар сабақтарының сұрақтары, тест, СӨЖ тапсырмалары ұсынылады.
Оқу құралы жоғары оқу орнында болашақ педагогтардың кәсіби лидерлік сапаларының дамуына және кәсіби іс-әрекеттерінде лидерді тануға, тәрбиеленушілерінің лидерлік сапаларын дамытуға ықпал етеді.
Оқу құралы студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға, лидер және лидерлік мәселелері қызықтыратын оқырмандарға арналған.
Кіріспе

Қоғамның дамуына сәйкес мемлекеттің білім беру саясатының да өзгеріп отыруы заңды құбылыс. «Мемлекет пен ұлт өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қаблетті болу керек» делінген Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Рухани жаңғыру – ұлттық сана, бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы. Аталған мәселелер соңғы жылдары жиі айтылып жүрген лидерлік сапалар жиынтығын құрайды. Сондықтан еліміздегі жоғары білім беруде, соның ішінде педагогтарды кәсіби даярлауда лидерлік сапаларын дамытудың өзектілігі жылдан жылға арта түсуде.


Болашақ педагогтар қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік-саяси және экономикалық дағдарыс кезінде бәсекеге қабілетті, жауапкершілікті алуға дайын, өзгермелі жағдайға бейімделгіш, зияткерлік және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы бар, қоғамдағы өз орнын өзі белгілеуге қабілетті саналы тұлғаны қалыптастыруда ерекше орынға ие.
Болашақ педагогтар әлемдік стандартқа сай интеллектуалдық элита өкілдерінің үлгісінде басқарушылық, зияткерлік және коммуникативтік қабілеттері мен ұйымдастырушылық дағдылары жоғары дамыған кәсіби лидер тұлға болуға тиіс. Олай болса жоғары оқу орындарының негізгі міндеттерінің бірі кәсіби лидерлік сапалары дамыған мамандарды дайындау.
Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсіндірудің басты ерекшелігі, қоғамдық қатынастар мен байланыстар. Қоғамдық қатынастар негізінен екі түрге, яғни материалдық және идеологиялық қатынастар болып бөлінеді. Материалдық қатынастарға табиғат және оның қазына байлықтарын адам арқылы өңдеп, қоғам өміріне пайдалану жолдары жатады. Ал идеологиялық қатынастың негізгі мәселесі адамды адам арқылы тәрбиелеу, жетілдіру іс-әрекеттері болып табылады. Лидерлік сапалар болашақ педагогтардың қоғамдық қатынастар мен байланыстардағы бәсекелестіктерде кәсіби біліктілігін, шеберліктерін дамытуға зор ықпалы етеді. Лидерді - лидер тәрбиелейді. Лидерлік сапалар болашақ педагогтардың кәсіби әлеуметтік бейімделіп, мамандықтары бойынша қызметтерін табысты атқару үшін де аса маңызды.
Лидерлік жеке тәртіп, мінез-құлық, лидер мен топтың өзара қарым-қатынастарының әртүрлі механизмдерін қамтиды. Осыдан ұйымдастыру қызметі және оған қажеттілік топтық әрекеттің әртүрлі салаларында лидерлікті туындатады.
«Лидерлік негіздері» оқу құралы заман талабына сәйкес болашақ педагогтардың кәсіби лидерлік сапаларын дамытуға байланысты туындап отыр.
Оқу құралында лидер және лидерлік теориялық тұрғыда анықталып, практика түрінде жүзеге асыруың әдістемесі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет