Кәсіби лидерлік негіздері оқУ ҚҰралы алматы, 2018 шалғынбава қ.Қ. ӘЛімбекова а. А. «КӘсіби лидерлік негіздері»



бет20/63
Дата29.09.2022
өлшемі0,61 Mb.
#151247
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Кәсіби лидерлік негіздері 2018
анатомия (копия), ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ, сопромат, metod1
Жағдаяттық теориясы лидерліктің негізінен жағдайлардың жемісі екендігін сипаттайды. Топта әртүрлі жағдаяттардың шешілуі барысында қандайда бір сапасы бойынша ерекшеленетін адам болады, оны топ лидер жасайды, яғни бұл теорияда лидердің сапасы салыстырмалы түрде қарастырылады.
Жағдаяттық функция ретіндегі лидерлік теориясы (Ф.Фидлер, П.Херси) бір адамның сан алуан топта әртүрлі орын алатынын ескере отырып, лидерлік – тұлғаның немесе топтың функциясы ғана емес, сан алуан факторлар мен жағдаяттардың күрделі, көпжоспарлы ықпал етуінің нәтижесі деп тұжырымдайды.
Жағдаят дегеніміз – бұл жағдайлардың мақсатты, ұйымдастырылған үйлесімі, онда жағымды эмоциялық, психологиялық әсерленушілік, психологиялық жайлылық қатар жүреді. Басқару әрекетінің әртүрлі жағдаяттары сан алуан қабілеттерді пайдалануды талап етеді. Осыдан лидерлік тұлғалық және жағдаяттық факторлар әрекеттестігінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан жағдаят лидердің іс-әрекетінде үлкен рөл атқарады, егер, топтың болуының әлеуметтік жағдаяты түбегейлі өзгеретін болса, онда лидердің алмасу мүмкіндігі де жоғарылайды.
Харизматикалық теория лидерлердің туа біткен қасиеттеріне назар аударумен ерекшеленеді. Бұл теория бойынша қажетті, нақты жеке тұлғалық сапалар мен психологиялық мінез-құлықтардың жиынтығына ие болған адам ғана лидер бола алады.
XX ғасырдың 50 жылдан бастап отандық психология және педагогика ғылымында лидерлік пен жетекшілік, ұйымдастырушылық қызмет мәселелері зерттелінді.
Психологтар А.Г. Ковалев, В.Н. Мясищев ұйымдастырушылық қызмет психологиясы және олармен байланысты ұйымдастырушы – лидер тұлғасы мәселесін алғаш қарастырды. Психологтар көрнекті ұйымдастырушы, басшы және лидер тұлғаларына берілген сипаттамаларды басшылыққа ала отырып, лидердің немесе ұйымдастырушының жоғары интеллект деңгейіне, байқампаздығына, ақыл орамдылығына, шығармашылық инициативтілігіне және іске қызығушылық, жауапкершілік, адамды тану, оларға жол табу, айналасындағыларға ықпал ету, олардың әртүрлі психикалық жақтарына әсер ету, табандылық, еркіндік тұрақтылығы сияқты тұлғаның мінез-құлық қасиеттеріне ие болуы керек деп есептейді.
Ізгілікті психологияны қалаушы, атақты американдық психолог Абрахам Харольд Маслоу – «Маслоу Пирамидасы» атты қажеттілік диаграммасымен танымал. Бұл жерде лидерді қалыптастыруда қажеттіліктің ерекше орынға ие екенін білеміз.
А. Маслоу адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы 1943 ж. "Psychological Review" журналында басылып шыққан "Адамның мотивациясының теориясы" ("A Theory of Human Motivation") мақаласында алғашқы рет қажеттілік иерархиясын бейнелеген.
Толығырақ 1954 жылғы "Құлшыныс пен Тұлға" (Motivation and Personality) атты кітапта берілген.
А. Маслоу 5 деңгейлік қажеттілік атап көрсетті:
Физиологиялық: аштық, шөл, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.
Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.
Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.
Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.
Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.
Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады.
Қажеттіліктер - адам тұлғасының, қоғамның жалпы өмір сүруін және дамуын қолдау үшін объективті кажетті нәрселерді кажетсіну. Қажеттіліктер биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді, олар экономика мен мәдениет дәрежесіне байланысты. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттердің бірі болып табылады.
Жүйеде жеті деңгейлі (приоритеттер) қажеттілік бар:
- Физиологиялық (ең төменгі)
- Қауіпсіздік
- Махаббат/бір нәрсеге тиеселілік
- Құрмет
- Білім алу
- Эстетикалық
- Өзінің маңызын түсіну


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет