Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігін қамтамасыз ететін ҚР заңдары мен заңнамалары



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі18,08 Kb.
#98972
түріКодекс
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Кәсіпкерлік 1 тапсырма
Кәсіпкерлік 1 тапсырма, Обращение к выпускнику

Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігін қамтамасыз ететін ҚР заңдары мен заңнамалары
1-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗАРА
ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-бап. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы
1.Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2.Қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
3.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4.Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде қамтылған Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасы нормаларының олқылықтары немесе осы Кодекстің ережелеріне қайшылықтары анықталған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
5.Кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет