Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігін қамтамасыз ететін ҚР заңдары мен заңнамалары


-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары



бет2/5
Дата08.02.2022
өлшемі18,08 Kb.
#98972
түріКодекс
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кәсіпкерлік 1 тапсырма
Кәсіпкерлік 1 тапсырма, Обращение к выпускнику
3-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары
1.Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.
1.Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады:

    1. Заңдылық;

    2. Кәсіпкерлік еркіндігі;

    3. Кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;

    4. Меншікке қол сұғылмаушылық;

    5. Адал бәсекелестік;

    6. Тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;

    7. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік;

    8. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі;

    9. Кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру

    10. Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы;

    11. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;

    12. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу;

    13. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;

    14. Отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау;

    15. Мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу;

    16. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы;

    17. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру;

    18. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы;

4-бап. Заңдылық

  1. Кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті.

  2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және оған сәйкес келетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мазмұны, ресімделуі және (немесе) оларды қабылдау рәсімдері бойынша қайшы келетін актілері мен шешімдері қабылданған кезінен бастап заңсыз әрі жарамсыз деп танылады және күші жойылуға жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет