Кесте Педагогикалық қарым қатынас түрлері Педагогикалық қарым-қатынас түрлері



бет1/2
Дата03.11.2023
өлшемі44,9 Kb.
#189170
  1   2
Байланысты:
кесте
Еркінова Қ.Н (психология); , 6 сынып БЖБ 4 тоқсан, kommercheskaya-deyatelnost

Кесте 1. Педагогикалық қарым қатынас түрлері



Педагогикалық қарым-қатынас түрлері:

1



Вербальді қарым-қатынас

Бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы. 

2

Вербальді емес қарым-қатынас

Мимика, ым-ишара, пантомимика аркылы сөзсіз қарым қатынас. Бір қарағанда сөзсіз карым-қатынастың болуы мүмкін емес сияқты, бірақ айналаға зейін қойып көңіл бөлсек ақпараттармен алмасудың қаншама сөзсіз тәсілдері қолданылатынын аңғаруға болады.

3

Интерактивті қарым-қатынас

Адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады. Интерактивтік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды, оның барысында оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы жағдай жасалуы көзделеді.

4

Перцептивтік қарым-қатынас

Басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция - сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудьң, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі процесс. Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда байқалады. 

Кесте 2. Оқытудың жалпы заңдылықтары

Оқытудың жалпы заңдылықтары:



1.Оқытудың мазмұны, мақсаты, сапасы мен әдіс-тәсілі қоғам талабына, мүмкіндігіне, ғылымның даму деңгейіне тәуелді.



2.Білім беру, дамыту және тәрбиелеу өзара байланысты.

4.Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, түзетуге, қайталауға тәуелді.

3.Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.



5.Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.

6.Оқытудың мақсаты, мазмұны, сапасы мен жоспары өзгеріп, жаңарып толықтырылуы.

Кесте 3. Оқыту түрлері



Оқыту түрлері

1

Міндетті оқыту

ағартушы саясаттың ұстанымы, осыған сәйкес заңнама тәртібінде белгілі бір жастың балалары белгіленген мөлшерде білім алуы тиіс. Барлығына жалпы және ақысыз білім

2

Ашық оқыту

бірқатар шетелдердегі мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыру тәсілі. Ашық оқытуға сынып-сабақтық жүйеден және берілген мөлшерлер негізінде үлгерімді бағалаудан бас тарту, оқу кеңістігінің «ашық», икемді ұйымдастырылуы

3

Оқыту тәжірибесі

табиғи тәжірибенің әр түрлілігі, ол психикалық құбыластардың (зерттеу мәнін құрайтын) шақырылумен қатар, оның тәжірибе жағдайларында қалыптасқанымен ерекшелінеді. 

4

Енгізілген оқыту 

тәжірибелі нәтижеге жетуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылатын және жоспарланатын оқу әрекеті, ал бұл үшін қажетті білімдер жолшыбай игеріледі. 

5

Дистанциялық оқыту 

бұл кез келген жерде тұратын әр адамның кез келген колледж немесе университеттің бағдарламасын оқуға мүмкіндік беретін білім технологиясы.

6

Инклюзивті оқыту

мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. 

7

Контекстік оқыту

болашақ кәсіби еңбектің пәндік және әлеуметтік мазмұны байланысқан және бұл арқылы студенттің оқу қызметін маманның кәсіби қызметіне аударудың шарттары қамтамасыз етілетін оқыту. 

8

Политехникалық оқыту

оқушылардың қазіргі заман өндірісінің жалпы ғылыми ұстанымдарын игеруге, өндірістің техникалық құралдарымен жұмыс істеудің тәжірибелік әдістері мен дағдыларын үйренуге және дамуына қарай қазіргі заман техникасы мен технологиясын білу қабілеттілігін қалыптасуына бағытталған оқыту. 

9

Проблемдік оқыту 

оқытылушылардың іздену қызметіне, олардың шынайы өмірлік және оқу қарама-қайшылықтарды айқындау мен шешуге негізделген белсенді дамыта оқыту. 

10

Бағдарламалы оқыту

алдын ала кұрастырған оқыту бағдарламасы бойынша қамтамасыз етілетін оқытудың бір түрі, ол әдетте бағдарламалы оқулықтар мен оқыту машиналары арқылы іске асырылады. 

11

Дамыта оқыту

оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады. 

12

Интеграциялық оқыту 

мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. 

Кесте 4. А.К.Маркова кәсіби құзыреттіліктің тӛрт түрін ажыратып көрсетеді



Атауы

Сипаттамсы

1

Арнайы, немесе әрекеттік

кәсіби құзыреттілік іс-әрекетті жоғары
кәсіптік деңгейде меңгеруді сипаттайды және өзіне тек арнайы білімдерді
ғана емес, сонымен бірге оларды тәжірибеде қолдана алу іскерлігін де
қамтиды

2

Әлеуметтік

кәсіби құзыреттілік кәсіби қауымдастықта
қабылданған кәсіби қарым-қатынас, бірлескен кәсіби әрекет және
ынтымақтастық тәсілдерін меңгеруін сипаттайды

3

Тұлғалық

кәсіби құзыреттілік кәсіби құлдырауға тӛтеп беру
құралдарын, өзін-өзі кӛрсету және өзін-өзі дамыту тәсілдерін меңгерумен
сипатталады. Осында маманның ӛз кәсіби әрекетін жоспарлауға, шешімдерді
дербес қабылдауға, мәселені көре білуге қабілеттілігін жатқызады

4

Дара

кәсіби құзыреттілік өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеруін,
кәсіби өсуге даярлығын, тұрақты кәсіби мотивацияның болуын сипаттайды

Кесте 5.. Жоғары мектеп педагогикасына қазақстандық ғалым педагогтардың қосқан үлесі





Аты – жөні

Қосқан үлесі

1

Г.Ж.Менлибекова, Б.Т.Кенжебекова, Ш.Курманалина, М.Жадрина,
К.Устемиров, Н.Р.Шаметов

Қазақстанда білім берудегі құзыреттілік көзқарас мәселесін зерттегендер

2

М.Ж. Жадрина,
К.Л.Кабдолова, Г.У.Кунакова, А.Аргымбаева, А.Б.Изделеуова, Д.П.Мучкин,
Р.Дәулетова

өз зерттеулерін оқушылардың құзыреттілігі мәселелеріне
арнаған, олар құзыреттіліктерді орта білім берудің нәтижелері ретінде
анықтайды

3

Ш.Таубаева

«Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену
процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның
жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның
кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады.

4

Нәзипа Құлжанова

Ол қазақ әйелдерi арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске белсене араласқан әрi мұғалiм, әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды. Мектепке дейiнгi балаларды тәрбиелеу” атты еңбегiн жазып, Орынбордан бастырып шығарды. Кейiн “Әйел теңдiгi” журналында қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер жайында бiрнеше мақалалар жазады.
1924 жылы “Ана мен бала” атты еңбегiн жазып шығарады.

Кесте 6. Педагогикалық зерттеулер әдістері



Жалпы ғылыми әдістер

Нақты ғылыми әдістер

Теориялық әдістер

Эмперикалық әдістер



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет