Кесте түрлері


Шама мәндерінің өзгеріс ауқымы



бет3/3
Дата11.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#110977
1   2   3
Байланысты:
График
Бүгінде жылдам әрекет ету қажеттілігі әлемде жетекші орынды иеленуде, Едиге Н диплом, ТАРИХ ПРЕЗ
Шама мәндерінің өзгеріс ауқымы

Өзгеріс ауқымы дегеніміз дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәннің айырымы.

1-мысал. Наурыз айының бірінші аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 30, 40, 50, 80, 60, 40, 70 болды. Осы аптадағы ауаның тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымын табыңыз.

Шешімі : Ең үлкен температурадан ең кіші температураны азайтамыз: Демек, осы аптадағы ауаның 80-30=50 тәуліктік орташа температурасының өзгеріс ауқымы 50.

Жауабы : 50
Медиана

Берілген сандардың саны тақ болса, онда олардың медианасы – осы сандардың өсу (кему) ретімен орналастырғанда қақ ортасында тұрған сан. Берілген сандардың саны жұп болса, онда олардың медианасы – осы сандардың өсу кему ретімен орналастырғанда ортада тұрған екі санның арифметикалық ортасына тең болады. Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:



  1. Берілген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек;

  2. Осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы санды табу керек;

  3. Сол сан берілген сандар қатарының медианасы болады.

1-мысал. Қазан айының бір аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 140 С, 150 С, 160С, 140С, 170С, 170С , 200 С болды. Қазан айының осы аптадағы тәуліктік температуралардың медианасын табыңыз.

Шешімі: Апта ішіндегі ауаның орташа температураларын өсу ретімен орналастырып жазамыз: 140 С, 150 С, 160С,140С,170С, 170С, 200 С яғни, 14, 14, 15, 16, 17, 17, 20

Жауабы : Осы сандар қатарының қақ ортасындағы сан: 16. Қазан айының осы аптасындағы тәуліктік температуралардың медианасы 160 С.
Біз қарастырған 1-мысалда берілген сандар саны жетеу еді. 7-тақ сан. Оның қақ ортасында бір ғана сан бар. Енді берілген сандардың саны жұп болғанда, олардың медианасын табуды қарастырайық.
2-мысал. Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайлары: 5,4; 5,2; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6 болады. Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайларының медианасын табыңыз.

А ) 5,2 В) 5,7 С) 5,6 Д) 5,45 E) 5,75

Шешімі: алдыңғы мысалда сандарды өсу ретімен орналастырған болатынбыз. Енді осы мысалда ұпайлар мәндерін кему ретімен орналастырайық: 5,7 ; 5,6 ; 5,6 ; 5,5 ; 5,4 ; 5,3 ; 5,2 ; 5,2 .

Бұл жағдайда берілген сандар қатарында 8 саны бар, олардығ ортасындағы екі сан: 5,5 және 5,4. Берілген сандар қатарының медианасы осы қатардағы 5,5 және 5,4 сандарының арифметикалық ортасы болады:


Медиана
Жауабы : Берілген сандар қатарының медианасы 5,45 саны. Демек, мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайларының медианасы 5,45 болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет