Кестелі грамматика



бет19/30
Дата16.01.2022
өлшемі1,58 Mb.
#129360
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
КЕСТЕЛІ ГРАММАТИКА
Каз тили Аныктамалыктар
Мақсат пысықтауыш

Cұрақтары

Жасалу жолдары

не істеуге?

не үшін?


не мақсатпен?

неге бола?



  1. Жорта, босқа бекер, әдейі, әшейін, қасақана, т.б. үстеулері сөйлемде мақсат пысықтауыш қызметін атқарады. Лизалардың тойына әдейілеп академик келді (С.Еру.)

  2. Есім сөздерінен кейін үшін шылауларының тіркесе айтылуы арқылы мақсат пысықтауыш болады. Отан үшін аттанам, Ақ семсерді қолға ала (Жамбыл)

  3. Тұйық етістік пен көмектес жалғауы зат есімнің тіркесуі арқылы мақсат пысықтауыш жасалады. Түркия Президенті Тұрғыт Озал Қазақстанды өз көзімен көріп, танысу мақсатымен келді («Егемен Қаз.»)

  4. Дара күйінде немесе басқа сөздермен тіркесіп келген мақсат мәнді -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақты көсемшелер сөйлемде мақсат пысықтауыш болады. Асқар ата-анасына көмектескелі келді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет