Кестелі грамматика



бет27/30
Дата16.01.2022
өлшемі1,58 Mb.
#129360
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
КЕСТЕЛІ ГРАММАТИКА
Каз тили Аныктамалыктар
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕР


Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Бірыңғай мүшелер

Мысалдар

1. Бірыңғай бастауыш


Бұлардың артында Ербол мен Баймағамбет бір бөлек келді. (М.Әуезов.)

2. Бірыңғай толықтауыш


Сәуле столдың үстін жаңа кітаптармен, газет-журналдармен, қалам-қарындаштармен толтырып қойды. (М.Иманжанов.)

3. Бірыңғай пысықтауыштар


Рахмет әрбір сөйлемді ерінбестен, жалықпастан аударып отырды. (С.Ерубаев.)

4. Бірыңғай баяндауыштар


Өмір жайын үйрен, оқы, біле біл.

(Ә. Сейітбеков.)



5. Бірыңғай анықтауыштар

Жасы өзгелерден кішірек, аласа бойлы, жұқа жүзді, Айтқазы болыс өзгенің бәрінен бұрын Базаралымен жақсы амандасты.



Бірыңғай мүшелердің жалғаулықтарының кестесі

Жалғаулықтардың түрлері

Жалғаулықтар

1. Ыңғайластық жалғаулықтар

да, де, та, те, әрі, және, мен бен, пен

2. Талғаулықты жалғаулықтар

я, не, немесе, әлде

3. Кезекті жалғаулықтар

бірде, біресе, кейде

4. Қарсылықты жалғаулық

бірақ



Бірыңғай мүшелердің жалғаулықтарының кестесі

Жалғаулықтардың түрлері

Жалғаулықтар

Мысалдар

1. Ыңғайластық жалғаулықтар

да, де, та, те, әрі, және, мен бен, пен

Мәкіш Абайды кінәлай да, сынай да қарады (М.Әу.)

2. Талғаулықты жалғаулықтар

я, не, немесе, әлде

Жаңағы сапарынан кейін, әлде шыны, әлде мазағы әйелдер оны «басқарма» деп кетті (Ғ.Мүср.)

3. Кезекті жалғаулықтар

бірде, біресе, кейде

Асан біресе ұшаққа, біресе сағатына қарады.

4. Қарсылықты жалғаулық

бірақ

Бұл – қысқа, бірақ қызық әңгіме.




Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері

Үтір мынадай жағдайда қойылады

Мысалдар

1. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса

Меркурий, Венера, Марс планеталары жерден кіші

2. Жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып айтылса

Дауыл күшті жуан теректі де, еменді де, қарағайды да құлатады.


3. Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылық жалғаулығы арқылы байланысса

Орта бойлы, бірақ қара сұр жігіт еді

Үтір мынадай жағдайда қойылмайды

Мысалдар

1. Бірыңғай мүшелердің арасын мен және жалғаулықтары бір-ақ рет байланыстырса

2. да, әрі, не, немесе, яки жалғаулықтары бірыңғай мүшелердің арасына бір-ақ рет тұрса



Илья мен Шөмішбай шығып кетті.

1.Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы.



2.Жасыл шырша ертеден ерекше ерліктің әрі батырлықтың белгісі болып келген.



Бірыңғай мүшелі сөйлемдердегі жалпылауыш сөздер

Жалпылауыш болатын сөз таптары

Мысалдар

1. Зат есім


Қазақстанның ірі өзендері: Іле, Шу, Қаратал, Ертіс, Орал

2. Сілтеу есімдігі



Қазақстанның басты қалалары мыналар: Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Жамбыл, т.б.

3. Жалпылау есімдігі


Есіл-дерті үміт-тірегі – бәрі сол оқу орны екені айқын аңғарылып тұр.

4. Сан есім

Ақылбай, Ербол және Мағаш пен Кәкітай – төртеуі оңаша әңгімелесіп отыр екен.


Жалпылауыш сөздің тыныс белгілері

1. Қос нүкте мына жағдайда қойылады

Мысалдар

Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелердің алдына келсе


Дене мүшелері мыналар: көз, құлақ, мұрын, ауыз, тіл

2. Сызықша мына жағдайда қойылады

Мысалдар

Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе

Сәрсен, Игілік, Сәбит – үшеуі қалаға оқуға кетті.

3. Бірыңғай мүшелерден бұрын қос нүкте олардан кейін сызықша қойылады.

Мына металдар: алтын, күміс, темір, қорғасын – қыздырған кезде көлемін ұлғайтады.


ОҚШАУ СӨЗДЕР







Қыстырма сөздер

Мағынасына қарай бөлінуі

Схемасы

Басты-басты қыстырма сөздер

қуаныш, аяныш, өтініш








оның бұлай деуі,

Амал қанша, әрине,




ақылға сиятын нәрсе




байғұс-ай, абырой бергенде, бишара-ай, соры қайнағанда, бақытына қарай, несін айтасың, шіркін, амал қанша, әттеген-ай

мойындау, мақұлдау









осы рас

Шынында да,




болуы керек


шынын айту керек, жалғаны жоқ, сөз жоқ, дау жоқ, расында, рас, шынын айтқанда, тегінде, шынын айту керек, о не дегеніңіз, өзіңіз білесіз, мүмкін

ойдың кімнен шыққандығы







ол үшеуі өздерін

орасан


Сәуленің айтуына

қарағанда,






әдепті ұстапты



мен білсем, оларша, меніңше, оның сөзіне қарағанда

сенер-сенбестік







Ислам жұмысқа

Байқаймын,




белсене кіріскен сияқты



байқаймын, кім біледі, сірә, тегі, тегінде, мүмкін, бәлкім

ой тәртібі



Ең әуелі, жайдақ суға теңедіңіз. (М.Әуезов)

біріншіден, екіншіден, бір жағынан, ең әуелі, ақырында

ой жалғастыру, қорыту

Бүгін, сонымен, он жеті арба тары кетті пункіне (Ә.Ә)

қысқасы, сонымен қатар, олай болса, сонымен, сонымен бірге, сондай-ақ, сол сияқты, әсіресе, онымен бірге, сүйтіп, қорыта айтқанда, айтпақшы

сөйлемдегі кей сөзді түсіндіру, айқындау

Бірденеге (кішкене орындыққа) сүрініп жығылды

осыған орай, осыған байланысты, мұнымен бірге, мұнымен қатар




Қыстырма сөздердің тыныс белгілері

Үтір мына жағдайда қойылады

Мысалдар

Қыстырма сөздер сөйлем мүшелерінен үтірмен бөлінеді


а) Меніңше, мұнда Қазынаға жететін ешкім жоқ.

ә) Маған, ең алдымен, көше-көше болып орнауы ұнады.

б) Бұл кітапті алармын, мүмкін




Екі жағынан жақшамен не сызықшамен мына жағдайда қойылады

Мысалдар

Қыстырма сөйлемдер екі жағынан жақшамен не сызықшамен қоршалады


а) Үміткүл қызының (біз Надежда деген атын осылай атап кеткенбіз) алғашқы қадамын осылай бастағанын әр кезде атап айтқым келеді.

ә) Оған менің Қоныс Сүлейменов деген досым – бұл жігіт жөнінде мен сізге айтқам – дереу хат жазыпты.




Қаратпа сөз

Қаратпа сөз болатын сөз тобы

Мысалы

1. Зат есім

Айжан, бері келіп кетші.

2. Заттанған сын есім

Кербез, сұлу, сен айта қойшы.

3. Есімше

Туысқаным, неге кешігіп келді?




Қаратпа сөздің тыныс белгілері

Тыныс белгілерінің қойылу тәртібі

Мысалдар

1.Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, не үтір, не леп белгісі қойылады

Сәкен, маған беремін деген кітабын қайда?

Уа, Асқар! Тоқта деймін!



2. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында тұрса екі жағынан үтір қойылады

Төгілт, қалқам, біз бір қанаттанып қалайық.

3. Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады

Мынада бір қалың сыр бар-ау, жігіттер!





Одағай

Одағайдың түрлері

Мысалдар

1. Негізгі одағайлар


ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, не, т.б.


2. Туынды одағайлар


мәссаған, бәрекелді, әттегенай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға, т.б.





Одағайдың тыныс белгілері

Тыныс белгілерінің қойылу тәртібі

Мысалдар

1.Одағай сөйлемнің басында келсе не үтір, не леп белгісі қойылады



1. Бәрекелді, жігіттер, осы беттеріңнен қайтпаңдар.

2. Бәрекелді ! Жігіттер, осы беттеріңнен қайтпаңдар.

2. Көтеріңкі көңіл-күймен айтылған одағайлы сөйлемнің соңынан келсе, алдынан үтір, соңынан леп белгісі қойылады


Әй, сол ма, жәйірі!



Басын бастаса, түсіне кетесін-ау, байғұсым-ай!








Атауыш сөздер

түрлері

сөз таптар

Есімдер

1. атаушы есімдер

зат есім, сын есім, сан есім, есімдік

2. үстеуші есімдер

үстеу, еліктеу

Етістіктер

етістік



Көмекші сөздер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет