Кестелі грамматика



бет28/30
Дата16.01.2022
өлшемі1,58 Mb.
#129360
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
КЕСТЕЛІ ГРАММАТИКА
Каз тили Аныктамалыктар
түрлері

Мысалдар

1. Көмекші есім

алд, арт, үст, аст, жан, ман, шет, төбе, бет, т.б

2. Көмекші етістік

е, де, ет, отыр, жатыр, тұр, жүр, т.б

3. Шылау

мен, бен, пен, да, де, та, -ақ, -ау, т.б


ЖАЙ СӨЙЛЕМ










1

2

3

4

5

6

7

Жақты

Жақсыз

Жалаң

Жайылма

Толымды

Толымсыз

Атаулы

I

II

III

IV



Жай сөйлемнің түрлері

Грамматикалық белгісі

І. а) жақты сөйлем

ә) жақсыз сөйлем



Бастауышы бар.

Бастауышы болмайды.



ІІ. а) Жалаң сөйлем

ә) Жайылма сөйлем



Тұрлаусыз мүшелер қатыспайды.

Тұрлаусыз мүшелер қатысады.



ІІІ. а) Толымды сөйлем

ә) Толымсыз сөйлем




Айтуға тиісті мүшелері түгел қатысады.

Айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінің бірі түсіріліп қалады.



ІV. Атаулы сөйлем

Іс-оқиға баяндалмай, тек соған байланысты жағдай (мезгіл, мекен, т.б.) атап көрсетіледі.

СИНТАКСИС


Сөз тіркесі
Толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жақтан бағына байланысуын сөз тіркесі дейміз.











Сөздердің байланысу тәсілдері

Грамматикалық тәсілдер

Мысалдар

1. Жалғау арқылы

Алматыға келді,

Машинамен кетті



2. Орын тәртібі арқылы

Жақсы дәрігер, озат жұмысшы,

алтын сағат



3. Шылау арқылы

Оқу үшін келді, батыр жайында айтты

4. Интонация арқылы

Сәбит – мұғалім, бұл – мектеп,

Жібек – сауыншы






Сөздердің байланысу тәсілдері

Тәсілдер

Мысалдар

1. Қосымшалар арқылы

Олар көрінді, автобусқа жақындадық, көлдің жағасында

2. Септеулік шылаулар арқылы

Батыр жайында айтылды.

Жыл сайын көмектеседі



3. Сөздердің орын тәртібі арқылы

Салқын самал, тәтті қауын

4. Интонация арқылы

Сәрсен – ұшқыш,

Сәуле – тігінші






Сөздердің байланысу түрлері

Түрлері

Мысалдар

1. Қиысу

Сен оқушысың, ол оқиды

2. Меңгеру

Өнерді үйрен, қалаға барды,

кітап оқыды



3. Матасу

Болашақтың кітабы, ауыл малы,

сенің ойың



4. Қабысу

Жеті жыл, көк шөп, қой қора

5. Жанасу

Сәуле Алматыдан кеше келді.

Кеше Сәуле Алматыдан келді






Сөздердің байланысу түрлері

Түрлері

Анықтамасы

Мысалдар

1. Қиысу


Сөз бен сөздің жіктік жалғаулар арқылы немесе жіктелу ретінде жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесе байланысқан түрі

Болат-оқушы.

Сәрсен келді.





2. Меңгеру



Сөз бен сөздің іліктен басқа септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі

Ауылға кетті, атқа мінді


3. Матасу


Сөздердің ілік септік пен тәуелдік жағаулары арқылы жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесе байланысқан түрі

Олардың өтініштері, даланың гүлі


4. Қабысу



Сөздердің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы байланысқан түрі

Қызыл көйлек, өте әдемі көрініс

5. Жанасу


Сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысқан түрі.

Бүгін кездеседі, биыл қатысады.




Сөздердің байланысу түрлері

Грамматикалық белгісі

Мысалдар

1. Қиысу

Бастауыш пен баяндауыштың байланысы

Ол сөйледі

2. Меңгеру

Сөздердің атау мен іліктен басқа септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі

сөзін сөйледі

3. Матасу

Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің грамматикалық байланысы

косының сөзін

4. Қабысу

Сөздердің ешбір жалғаусыз, орын тәртібі арқылы байланысы

кезек сөйледі

5. Жанасу

Сөздердің ешбір жалғаусыз кейде іргелес, кейде алшақ тұрып байланысуы

кеше сөйледі




Сөйлем мүшелерінің байланысы

Сөйлем мүшелері

Байланысу түрлері

1. Бастауыш пен баяндауыш

Қиыса байланысады

2. Толықтауыш пен толықталатын мүше

а) меңгере байланысады

ә) жанаса байланысады



3. Анықтауыш пен анықталатын мүше

а) қабыса байланысады

ә) матаса байланысады



4. Пысықтауыш пен пысықталатын мүше

а) жанаса байланысады

ә) меңгере байланысады

б) қабыса байланысады





Сөз тіркесі

бағыныңқы

басыңқы

мысалдар

Зат есім

Зат есім

алтын сағат

Есімше

Зат есім

оқыған азамат

Сын есім

Зат есім

қызыл гүл

Есімдік

Зат есім

оның кітабы

Септеулі зат есім

Етістік

ұшақпен келді

Үстеу

Етістік

жоғары көтерілді

Сын есім

Етістік

кішісі өтті

Сан есім

Етістік

бірінші сөйледі

Зат есім

Етістік

кітап оқыды

Көсемше

Етістік

әзілдеп сөйледі


ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ


Құрмалас


салалас


аралас

сабақтас

Көп бағыныңқылы



Жарыспалы бағыныңқылы

Бір бағыныңқылы


Жалғаулықты



Жалғаулықсыз

Сатылы бағыныңқылы





Құрмалас сөйлемнің түрлері

Түрлері

Құрамына қарай

Белгісі

Мысалы

1. Салалас құрмалас

Кемінде екі жай сөйлемнен тұрады.

Өзара тең дәрежеде байланысады, баяндауыштары тиянақты болады.

Қоңырау соғылды, мұғалім мен директор сыныпқа кіреді.

2. Сабақтас құрмалас

Кемінде екі жай сөйлемнен болады.

Бірі екіншісіне бағынады, бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болады.

Олар үйге жеткен соң, әңгіме де үзілді (М.И.)

3. Арала құрмалас


Кемінде үш жай сөйлемнен болады.

Өзара салаласып та, сабақтасып та байланысады.

Үсен манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, от шығып, мақта тұтанды. (Ы. Алтынсарин)





Салалас құрмаласты таныту

Бірыңғай мүшелі жай сөйлем

Салалас құрмалас сөйлем

Салаласа құрмаласу тәсілі

Оның әкесі де, шешесі де мұғалім

Оның әкесі де мұғалім, шешесі де мұғалім

Жалғаулық шылаулар арқылы

Ол ән айтты, биледі

Зәуре ән айтты, Сәуле биледі.

Компоненттерінің орын тәртібі, интонация арқылы


Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері




Жалғаулықты

Жалғаулықсыз

Ыңғайлас салалас

Да, де, та, те, әрі, және
Дүниеде бар жаман да көпте, қызық та көпте.

Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас

Қарсылықты салалас

Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де
Көп уақыт өткен сияқты болды, әйткенмен мағынасыз өткізген уақытқа Хакім өкінген жоқ. (Х. Ер.)

Күн суық, үй жылы

Себеп-салдар салалас

Сондықтан, сол себепті, өйткені себебі
Ол кісінің өзін кенші деуге болады, себебі жастардың тегін, түрін жақсы біледі.

Бұл бетке біз бөгелмек емеспіз, оны азды-көпті көрдік.

Түсіндірмелі салалас

Құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз іргелес орналасып, интонация арқылы байланысады

Саған ашып айтарым сол: мен осында қаламын.

Талғаулы салалас

Не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса, яки, я, әйтпесе, әлде бірде, біресе, кейде




Кезектес салалас

Бірде,біресе, кейде






Салалас құрмалас сөйлем

Бірыңғай мүшелі жай сөйлем

Салалас құрмалас сөйлем

Салаласа құрмаласу тәсілі

Оның әкесі де, шешесі де дәрігер

Оның әкесі де дәрігер, шешесі де дәрігер

Жалғаулық шылаулар арқылы

Ол әндетті, биледі

Сәбит әндетті, Сәуле биледі

Компоненттерінің орын тәртібі арқылы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет