«Кәусар» баспасы Нұр-Сұлтан – 2020



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата04.02.2023
өлшемі0,95 Mb.
#167418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Мұң Қосбасар1

«Шет шұғыласы», №21.
21.05.2015


20
Төрехан МАЙБАС,
Қазақстанның мәдениет қайраткері,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
М. Қабанбай атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты
КҮЙҒҰМЫР
Ел тәуелсіздігінің келуімен Арқаның бой 
лауық шертпе күйі де 
күндеден босады-ау. Астанамыз Алматы жақ сырт қалғанымен, бой лауық 
күйлердің Арқа қазақтары үшін орны бір бөлек. Бес қаруы түгел болған 
кеше гі бабаларымыздың алтыншы қаруы осы қа лақ домбыра болатын.
Жорықта түн қатып жүргенімен, бабаларымыз үнемі соғыса бермеген 
ғой. Олар да өзекті жан. Туған жерін, бала-шағасын сағынады, аңсайды. 
Үзірмен майсақал көдесін иіскейді, ыңылдап әнін салады.
Соғыс – қалай да соғыс. Адам – қалай да адам. Оның да өзіндік пәлсапасы 
бар. Соғыс адамды тағыға айналдырады. Ал адамның тағы болғысы жоқ. 
Содан да ол қалақ домбырасына жүгінеді. Тартады-ай келіп Арқаның 
бойлауық күйлерін, шертеді-ай келіп Арқаның шертпе күйлерін... 
Көздерінің соралары ағып... Бұл – құран күйлер болатын...
Қанішерліктен бабаларымыз солайынша аман қалған. Тәубесіне келер 
еді. Біреудің жеріне зәру емес. Өз жері жетеді. Өз жерін қор ғап қалды ма? 
Болды. Бітті. Аттың басын кері бұрар еді.
Тоқсаныншы жылдардың басында шертпе күйдің кіші отаны Ақадырда 
Әбікен Хасенов атындағы бірінші күй додасы өтті. Республика көлемінде. 


21
Сол доданың ішінде ақ тер, көк тер болып өзіміз де жүрдік. Өзіміз 
қосылмасақ та домбырамызды қостық.
Сол алқалы топта бізге де сөз тиген. Сол биік мінберден мен осыны айт-
тым. Қазақтың құран күйлері жөнінде. Күй өнерінің табиғатын зерттеу-
де көзінің майын берген Ақселеу ағамыз Сейдімбек төр ағалықта отырған. 
Сол кісі айтып еді. «Қазаныма олжа салдың-ау!» деп. «Аузымызға түспей 
жүрген сөзді сен айттың-ау!» деп. Қарилердің сайысын білеміз. Бұл да сон-
дай сайыс болатын.
Әбдидің қосбасары тартылғанда көзіне жас алмаған жан қалмаған.
Бұл – «Тәубе қосбасар» еді. Сахна төрінде отырған Дәулетбек Сәдуақасұлы 
да жылап отыр еді. Бірақ көзінде жас жоқ еді. Сарқылған еді көз жасы. 
Жылай-жылай...
Тағы бір адамның көзінен жас шықпаған. Ол – Орал Исатайұлы еді. Ол 
да көз жасын сарыққан еді... Тарта-тарта... Ол да шертер еді. Әбдиді.
Әбди деген – тұң ғиық. Арқа өңірінде қосбасарды жіліктеп алып кетуде 
Әбдидің алдына түскен адам жоқ. Оның қосбасарлары зар болып, шер бо-
лып, қарға болып, тәубе болып кете барады. Оралдың со ның ішінде кіре 
алғаны – тәубесі.
Ақтық сынға осы Дәулетбек ағасымен жарыса Орал да шыққан. Әбдидің 
«Тәубе қосбасарын» ол да кемеліне келтіріп бойлататын. Алайда жолды
аяулы ағасына берген. Сол додада бас бәйгені Дәулетбек ағасымен 
бөліскен.
Оралды осал күйші деп ешкім де айта алмайды. Күйшілік оның қанында 
бар. Әкесі Исатай марқұм өз ортасының көркі болатын. Домбырасын ба-
сына жастап ұйықтады. Ояуында қолынан тастамады. Бәрінің тартаты-
ны – бір сарын. Соны әрі қарай таратып әкетеді. Әркім өзінше ширатады. 
Бұл Арқаның атақты қосба сарлары болатын. Қанша күйші бар, сонша 
қосбасары бар. Батыста да сондай дағды бар. Қанша дәулескері бар, сонша 
ақжелеңі бар.
Кәрсен атасының бір бұтағы Баймұрат аталады. Айдың аманында со-
лар балаларын тө белестіріп отырады. Намыстары қалғып кет песін дейді 
де. Осы Кәрсен мен Керней елінен талай марқасқалар шыққан. Батыр-
лары да, би-шешендері де, ақындары да, жыраулары да, күйшілері де... 
Бүгінгі қазақ баласы солардың арасынан тек Әбікенді – Әбікен Хасеновті 
ғана жақсы біледі. Қалғандарынан беймағұлым, бей хабар. «Қоңыры» бол-
маса Әбікеннің өзін де танымағандай екенбіз-ау. Сол Әбікеніңіз Жағыпар 


22
мен Қараның Аманының алдында домбыра ұстамаған дейді. Рысқұлбек 
күйші алдында Қараның Аманы ән шейін жай тыңдаушы болып отырады 
екен. Әбі кен Рысқұлбекке айтады екен:
– Қараның Аманындай тыңдаушың бар, сенде арман жоқ, – деп. Сөйткен 
Рысқұлбек Оралдың әкесі Иса 
тай 
ды, Шыныбектің Сапуанын, Жолай 
күйшінің немересі Тоқтыбекті, Мұсабектің Саматын, Әшімхан күйшіні, 
Әбеннің Әпикесін, Қа лидың Ноғайын, келіп жатса Аққыз күйшіні ап-
талап қамалап ұстап, күй шалады дейді.
Рысқұлбек кешегі он жеті мың қылқұйрық біткен Адамбайдың бір 
түндік жақсы ұйқысы ғой. Сол он жеті мыңды барлыққа санамапты. Соны 
сарын туғызғанға үйірлеп жылқы айдатқан дейді. Кеңес өкіметі оларға 
күн туғызбады. Сібірге айдады. Ит жектірді. Сонда да қалақ домбырала-
рын тастамады.
Жаз шыға Қарабұлақтың үш бұлағын жаға лап, он екі қанат үй көшіп 
жүрер еді. Ішіндегі адамдарымен. Бұл қарабұлақтықтардың күй ор дасы 
болатын. Киіз үйдің сыртындағы адам дары өзгергенімен ішіндегі адам-
дары өзгер мейтін. Сол топтың ішінде Исатай күйші де жү ретін. Олар-
мен бірге көшіп салпаңқұлақтар да жүрді. Ақыры оларды айдады. Отыз 
жеті болса бір сәрі. Соғыстың қайнап жатқан тұсында. Басқа шаруалары 
қалмағандай. Сөйтіп, Ар қада, Ақадыр өңірінде домбыра мен домбыра-
шыларды соттау басталды. Он жыл арқалап Қараның Аманы кетті. Сон-
дай мерзімді алып ағаш кесуге Рысқұлбек те айдалды. Орманға барып 
күңірене тұр деп Әкішті де айдаған. Ноғай бір емес, екі отырып келді. Иса-
тай, Әшімхан, Тоқтыбектер бұл тізімде тұрғанымен аман қалған. Бірақ 
олардың сөзін алған. Домбыра көрсек тамызыққа жағамыз деп. Емініп қу 
тақтай сабаламаймыз деп.
Айдаудан Аман да келген, Рысқұлбек те келген, Әкіш те келген. Олар-
мен бірге жаңа сарын да келген. Рысқұлбектің «Түзқамақ», Аманның 
«Итжеккені» өз алдына бөлек дүние лер еді. Бұлар сол сарынды, сол бебеуді 
алты қыр асып, ұрланып құлақтарына сіңірді. Сал паңқұлақтарға берген 
уәдесі бойынша әлгі сарындарды іштей ыңылдап айтар еді.
Исатай күйшінің де көрмегені жоқ. Аманның «То қылдағын» тарта-
мын деп бір ай бойы үй қарасын көрмегені бар. Әйтеуір, «Молотов» күйі 
деп әзер құтылған. Өзімдікі деп. «Неге Молотов, неге Сталин емес?» – деп 
қысады екен. «Мұным – соған дайындық», – депті.
Сол тыңқылдарды Орал алып қалды. Құ лаққа кірген сарын қалмайды 
екен. Домбы раға әдейілеп үйреткен ешкім болмады. Үйретер де ме еді?! 
Бірақ қауіп еді ол. Өзіне. Айналасына.


23
Рысқұлбектің орнына Балтабай, Сапуанның орнына Медет, Тоқтыбек-
тің орнына Ержандар келді. Әкенің құлаққа құйғаны бар, өзінің көріп 
өскені бар бұлар құран күйлерге жоламады. Бұлар қу тақтайды сабалап 
өсті. Алақанына ат айдап, шанағында үйіретін қу тақтай солайынша 
мөңірей бастаған. Алайда ішінде оқта-текте де болса жылқы кісінес те 
шығып қалатын. Бұл Орал еді...
Ол табиғатынан аса алмаған. Әуелі ұрланып тартты. Соңынан қорланып 
тартты... Алайда алдында ешкім де қалмаған еді. Жол көрсетер. Бағыт-
бағдар сілтер. Дәу летбек ағасы да қапалы жүретін. Ол да сал паңқұлақтар-
дың қырына іліккен. Іліккені сол, қолына қалағын ұстамай да кеткен. 
Алдындағы аға толқын күйді тартып қана қоймай, әңгімесін қоса ай-
тып отыратын. Тәтекеңнің күйлері деп жүрген күйдің бәрі бірдей 
ұлы бабасының шығармалары емес екен. Өз әкелері жанынан шы-
ғарған сарындарын еріксізден ұлы бабаларына барып телиді екен. 
Оны Орекеңнің өз аузынан естігем.
– Тартар күйің бөлек те, айтар әңгімең бөлек. Ең қиыны осынысы, – дер 
еді күрсініп күйші ағамыз. Расында-ау дейсің еріксіз. «Бестөре» деп күй 
тартады да, бұлар кешегі Шыңғыс сұлтан, Ыбырай дуан, Құнанбай қажы, 
Шорманның Мұсасы, Сандыбайдың Ердені еді дейді. Уау, Шыңғыстан 
басқа бұлардың төресі қайсы, кейінгі үшеуінен басқа бұлардың қазағы 
қайсы деп айқайлағың келеді. Тіпті, Бопай ханымға арналған деп те 
көкідік-ау. Соны ағамызға құлаққағыс қылғам. Сонда ағамыз:
– Қай атаң қатынын атап, күй арнап, өлең оқыпты? – деген. Жерге кіріп 
кете жаздағам. Елден үлкен ешкім жоқ. Радиоға сый мағанның елге сыюы 
мүмкін. Ноғайдың «Қайыр масы» солай табылған. Бәлкім, Орал шалған 
күйлер таспада қалған шығар. Олай бол ған жағдайда іздестіруді жалғаған 
жөн болады.
Орал ағамыз шығармашылықтың адамы болатын. Өлең туындататын. 
Бәлкім, сарын да тудырған болар. Өйткені ол тартқан күйлердің көбісінің 
атаулары бола бермейтін. Дәулетбек ағамыз да сондай еді-ау. Өз күйлеріне 
ие болғаны кейінде ғана. Оған дейін өзінің сарынынан өзі бас тартып оты-
ратын. Орал інісі екеуінің қалпы бір еді-ау...
«Шет шұғыласы», №02.
12.01.2012


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет