«Кәусар» баспасы Нұр-Сұлтан – 2020


ститут бітірген соң Ақшағыл орта мектебіне мұғалім болып орналасады



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата04.02.2023
өлшемі0,95 Mb.
#167418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Мұң Қосбасар1

ститут бітірген соң Ақшағыл орта мектебіне мұғалім болып орналасады. 
1988 жылдан өмірінің соңына дейін осы мектепте ұстаз, кейінірек дирек-
тор болып қызмет істеді. Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 
Құрмет грамотасымен және облыстық, аудандық білім басқармаларының 
мақтау қағаздарымен марапатталған.
Орал дала дәстүріне қанып өсті, жастайынан домбыраға әуес болды, 
әкесі Исатай да елге белгілі өнерпаз болған еді. Әйгілі Рысқұлбек күйшінің 
тәлімін алған бірден-бір мұрагер болып қалыптасты.
Орал Исатайұлы – өнер саласында өз соқпағын салған дара дарын. 
Ол – Ақадыр кентінде өткен Әбікен Хасенов атындағы І Республикалық 
дәстүрлі күй конкурсының жеңімпазы, Жезқазған облыстық мәдениет 
басқармасы ұйымдастырған «Ұлытау үні» фестивалінің лауреаты. Халық 
күйшілері Сембек, Қыздарбек, Әбди, Мақаш, Аққыздардың күйлерін саф 
рәуішінде жеткізуші ретінде Оралдың аты шертпе күй шежіресіне жазыл-
ды. Орал Исатайұлының орындауындағы халық композиторларының 
туындылары Қазақ радиосының Алтын қорына, «Қазақтың 1000 күйі» 
атты күй антологиясында жарияланған.


4
Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 
заң ғылымының докторы,
 профессор
АЛҒЫСӨЗ
Арқада күй өнері жайлы әңгіме өріле қалса, сөз жүйесі әйгілі Тәттім-
беттен басталады. Себебі Тәттімбеттің аты иісі қазақтың жүрегіне мәңгі 
ұялаған, жалпы өнер мен білімнің, парасат пен мәдениеттің бастауын 
Арқа елі Тәттімбет абыздан тауып жатады. «Күй иесі Тәттіекең» деп атын 
ардақ тұтады.
Ол өз заманында теңдессіз өнер иесі болды, қазақтың күйшілік 
дәстүрінің осы күнгі қосбасарлы үлгісінің негізін салған ұлық тұлға. 
Тәттімбет күйлерін алғаш зерттеген академик А. Жұбанов «Ғасырлар 
пернесі» атты зерттеуінде: «Тәттімбет творчествосы қазақ тарихында ерек-
ше орын алады, қанша уақыт өтсе де, қанша ғасыр артта қалса да оның 
күйлері талай буынның рухани азығы болады», – деп жазады. Тәттімбеттің 
тараулы шертпелері кейінгі ұрпаққа жалғасты, артында жолын ұстанған 
шәкірттері сайран Сарыарқаны сиқырлы әуенге бөледі.
Біздің елде Тәттімбетпен тұстас өмір сүрген Итаяқ күйші жөнінде көп 
айтылады. Тәттімбетпен өнер өрелестірген ірі домбырашы болған деседі. 
Итаяқ пен Дайрабайдың түре тартысы туралы ақсақалдар баян еткенде: 
«Екеуі де буынсыз күйші еді», – деп тамсанады.


5
Жазушы ағамыз Кәмел Жүнісовтің дерегінше, Итаяқтың дүнеге келген 
уақыты – жобамен 1775-1780 жылдар. Қайтқан жылы нақты белгісіз. Сол 
Итаяқтан атақты күйші Қыздарбек Төребайұлы (1850-1922) тәлім алған.
Қыздарбек күйші Қарағанды облысы Шет ауданының Ақтас-Шалтас 
қыстауында дүниеге келген. Сүйегі – Арғын, оның ішінде Қаракесектің 
Кәрсон-Керней руынан тарайды.
Ол өзінің асқан күйшілігімен алашқа аты шыққан адам болған. 
Биыл – Қыздарбек күйшінің 170 жылдық мерейтойы, ел аман болса, осы-
нау елеулі тойды күймен күмбірлете атап өтетін болар.
Қыздарбектен күй үйренгендер – Әбди, Мақаш, Кенжеқара, Ақмолда, 
Аққыз. Әбди мен Мақаштан күй алып қалған – Әбікен Хасенов. Әбікенмен 
қатарлас күйшілердің ішіндегі мықтысы – Бегімсал Орынбеков. Бегім-
салдан үлгі көргендердің ішінде атақтылары – Дәулетбек Сәдуақасов пен 
Орал Исатайұлы.
Шертпе күйдің хас шебері Орал ағамыз бар өмірін ағартушылық са-
ласына арнады, табиғаты біртоға, өнерпазға лайық білік пен парасат 
біткен, қолқаламаса тартпайтын сырбаз күйші еді, өзі теңдес өнерпаздар 
секілді дақпырт қуып Алматыға арнайы барғанын естіген емеспіз. Әйтпесе 
мүмкіндігі де бар, дарыны да жоғары жан еді. Дегенмен, Алатау аспаса да, 
оның орындауындағы күйлер қазақ даласын аралап, радиодан да беріліп 
тұрды. Оркестрлер, ансамбльдер орындады. «Орал күйші» деген аты 
ел аузында жүруші еді.
Орал ағамыз туған өлкеде өскен соң оның күйлеріне жасымнан қа нық 
болып өстім. Күй шерткенде арқаланып, домбыраның мойынын қорға-
сынша балқытып, ішектерін мың толғай тебіреніп отыратыны әлі көз 
алдымда. Тартатыны – Тәттімбет, Қыздарбек, Әбди, Әбікен шертпелері. 
Кейде көңілі түссе Мағауия Хамзиннің, Төлеген Момбековтің, Секен 
Тұрысбековтің жаңаша күйлерін де тәп-тәуір орындайтын.
Ел болған соң әуесқой өнер ұжымдары болады, Орекең сан қырлы 
өнерпаз болған соң Шет ауданындағы алғашқы оркестр ұжымдарын, 
мектептегі домбыра ансамбльдерін ұйымдастырып, ауылдастарының 
алғысына бөленіп жүрді. «Ақбұлақ әуендері» атты ән-би ансамблінің 
жетекшісі болды.
Орал Исатайұлы 1943 жылы Қарағанды облысы Шет ауданындағы
Жамбыл атындағы колхоздың 10-ауылында туған. Сол ауылдың Шет-
жарық бастауыш мектебінде білім алған. 1966 жылы Ақшатау кентінде 
онжылдық мектепті үздік оқып бітіреді де, бірден еңбекке араласып 


6
кетеді. Кейін Қарағанды педагогикалық институтын бітіріп, мұғалімдік 
қызметке кіріседі.
Өнердегі алғашқы ұстазы – өз әкесі Исатай. Сонымен қатар, Рысқұлбек 
күйші, Бегімсал, Аққыз Ахметқызы, Әпике Әбеновалардың да алдын 
көріп, дарынын ұштайды. Ол Арқаның қырық буын қосбасарының қыр-
сырын ұғынып, дала күйшілігінің сарыарқалық салтын ұстануға бел бай-
лайды. Өзі де жанынан күй шығарып, сазгерлік қырымен ауылдастарын 
тәнті етеді.
Бір жылы Қазақстанның халық әртісі, асқан күйші Мағауия Хамзин 
ағамыз елге концерттік сапармен келгенде зәуімен Оралдың шаңырағында 
болады. Оралдың таңнан-таңға талмай күй толғаған дарынын көріп 
қатты разы болады, өзінің домбырасын сыйлайды. Ол қасиетті аспап бұл 
күнде Орекең шаңырағының құнды жәдігері боп сақталуда. Мағаңның 
репертуарындағы «Қыздарбектің қосбасары» деген күй осы Орекеңнен 
жұғысты болған еді.
Жазушы ағамыз Өмір Кәріпов – тіршілікте Арқадағы талай күйшіні 
көрген, тыңдаған, кәріқұлақ күй сыншыларының бірі, екінің біріне 
емірене бермейтін қаталдығы тағы бар. Сол Өмекең Оралдың шеберлігін 
былай сипаттапты: «Шалт қимыл, артық қағысты көтермейтін шерт-
пе күйдің табиғатын тамыршыдай дөп басып, кәнігіленген ол сауатты 
саусақтарымен домбыра ішегін бипаз шертіп, дәмді дыбыстарды сапыра 
бастағанда, табиғатқа тіл бітіп, аққуы сұңқылдап, сарыала қазы сыңсып, 
қурайы ызыңдап, күміс бұлақтары сылқ-сылқ күліп, ағып жатқандай 
әсерге бөленесің».
Орал Исатайұлы Ақадыр ауданындағы Ақшағыл ауылында мек-
теп директоры болып еңбек етіп жүрді. Сол ауылда менің апам Мәкен 
Дулатбекқызы тұратын. Апамыздың шаңырағына барғанымда күй 
аңсаушы едім, оны сезген Мәкен апам Орал күйшіні қолқалап дастархан 
басына шақыратын. Жаны жайсаң күй-шежіре аға еді, әр күйдің шыққан 
тарихын баяндап отырып шерткенде домбыраның қос ішегінен зар төгіле 
беретін. Кешегі кер заманда атылған Арқа күйшілерінің аттары аталғанда 
көзге еріксіз жас келетін.
1991 жылы Жезқазған қаласында «Ұлытау үні» облыстық фестивалі 
өткені есімде. Арқа күйшілерінің есімдері ақталып, азат елдің асылда-
рын ардақтау кезеңі басталған жарқын уақыт еді. Қыздарбек күйшінің 
шығармашылығына арналған кеш фестиваль бағдарламасына енді. 13 
ақпан күні кешкі сағат жетіде С. Қожамқұлов атындағы сазды-драма 


7
театрында жазушы Кәмел Жүністегі ағамыз кешті бастады. Шет ауда-
ны өнерпаздарының күшімен қойылған музыкалық спектакльді тама-
шаладық. Осы кеште Қыздарбек күйлерін Дәулетбек Садуақасов пен 
Орал Исатаев шертіп елді бір серпілткен еді. Ақын қарындасымыз Света 
Жұмкина жырдан шашу шашты. Сол кеште Орекең орындаған «Жұбату», 
«Сылқым қыз» атты күйлер жұртшылықты ерекше әсерге бөледі. Күйлері 
жергілікті радиоға жазылды.
Орал шығармашылығын ашқан Кәмел Жүністегі ағамыздың еңбегін 
айрықша бағалауымыз керек. Тағдыр қыспағын көп көрген жазушы 
ағамыз Арқа күйшілерінің соңғы өкілдерінің мұрасын таспаға жазып 
алып қалды. Солардың ішінде Оралдың өз дауысын, шерткен күйін 
сақтап, оны кейінгі зерттеушілерге ұсынды. Соның арқасында Орал 
Исатайұлы шерткен күйлер бірсыпыра күй жинақтарына шықты. 2006 
жылы Қарағандыдағы «Болашақ» баспасынан Ж. Жүзбайдың «Қазақтың 
шертпе күйлері» атты кітабы шыққан еді. Осы кітапқа алғаш рет Орекең 
орындауында екі күйдің нотасы енді. Арқа күйшілерінің мұрасы қолға 
алына бастағанына қуанып, жинаққа арнайы алғысөз жаздым, себебі 
сол кезге дейін Орекең шерткен тұңғиық күйлер кәсіби оқыту саласында 
ескерусіз болатын.
Кейіннен Б. Ысқақов, М. Әбуғазин, К. Сахарбаева, А. Тоқтаған 
сияқты зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне де Орал Исатайұлының 
орын дауындағы күйлер кірді. 2010 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік 
бағдарламасы аясында «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты антология 
жарық көрді. Бұл жинаққа да Орекең шерткен туындылар жазылды. Сәті 
түсіп Орекеңнің барлық күйлері жинақталған екен, осы жинаққа алғысөз 
жазу бізге бұйырғанына қуаныштымыз.
Орал ағамызбен халық шығармашылығы, күй өнерінің болашағы 
жөнінде жиі әңгімелесіп жүрдім. Ең соңғы рет Қарағандыда ұшырастық. 
Қарағандыдағы «Болашақ» университетінің ректоры қызметінде едім. 
Кең отырып сұхбаттастық, сырластық. Тәттімбет, Итаяқ, Қыздарбек, 
Сембек, Әбди сияқты күй алыптарының мұрасы кейінгі ұрпаққа жұғысты 
бола ма деп уайымдаушы еді. Шертпе күйдің ұлы дәстүрінің соңы селдірей 
бастағанына қамығатын.
Орал Исатайұлы – біртуар, бірегей күйші, Тәттімбет бастаған шертпе 
күй керуенінің ірі өкілдерінің мұрасын бүгінге жеткізген мықты орын-
даушы әрі композитор. Орал күйшінің күй кітабы – кейінгі ұрпақ мұ - 
раты үшін жасалған ғанибеті мол іс деп санаймын. Игілігі елге тие берсін!


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет