«Кәусар» баспасы Нұр-Сұлтан – 2020



Pdf көрінісі
бет7/17
Дата04.02.2023
өлшемі0,95 Mb.
#167418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Мұң Қосбасар1

Мадияр СҮЛЕЙМЕНОВ,
Қарағанды қаласындағы Тәттімбет
атындағы өнер колледжінің мұғалімі, 
республикалық конкурстардың лауреаты
ОРАЛДАН ҚАЛҒАН КҮЙ-САРЫН
Кең-байтақ қазақ даласының алты алаш құрмет тұтатын киелісі – 
Сарыарқа. Үлкендер «Сарыарқаның төр қақпасы» деп Ұлытау, Қарқаралы, 
Ортау, Қызылтау, Аюлы сияқты таулары бар, Балқаш секілді айнакөлі
Нұра, Есіл, Кеңгір, Сарысу, Тоқырауын сияқты өзендері бар қазіргі 
Қарағанды жерін айтады. Қарағанды – әйгілі Тәттімбеттің елі.
Тәттімбет Қазанғапұлы заманында ешкім шендесе алмаған бал бармақ 
күйші әрі елтұтқа болғаны тарихтан белгілі. Оның «Саржайлауы» ұлы 
даланың күй-ұраны сияқты, қосбасарлары – бабалардан қалған сыр 
секілді, «Бестөресі» мен «Бозайғыры» намысты жанитын жігер сынды, 
өлмейтін туындылар. Сол Тәттімбеттің мұрасын жалғастырған күмбез 
пәуескелі күй көшін барласақ, небір қазақтың ірі классиктерінің шоғырын 
көреміз, олардың әрқайсы – бір төбе. Әлбетте, солардың ішіндегі бірегейі – 
Төребайұлы Қыздарбек күйші екені елге аян. Ал Қыздарбек күйін біздің 
мамыражай заманымызға алып келген дара күйшілердің алдыңғы сапын-
да біздің Орал ағамыз – Орал Исатайұлы бар.
Күй дүлдүлі атанған Орал ағамен бір елденмін. Сондықтан жастай 
ағаның күй-сарынына қанығып өстім.


25
Дүниеден ертерек өткен ағаның артында оның ізін жалғастырған 
шәкірттері көп қалды. Дәл Орекеңдей шертпесе де бірқағары бар 
өнерпаздар баршылық.
Орекеңнің өнердегі жақын ағасы – атақты Дәулетбек Садуақасұлы. Ол 
кісі де Орал інісіне деген құрметін үнемі айта жүрді. Үзеңгілес досы, сыр-
шыл күйші Қалкен ағамыз да Орал Исатайұлының өнерін кең насихатта-
ды. Бізге солардан жұққан бірер көсем қағыс бұйырды, қал-қадерімізше 
үлкен сахналарда Орал аға үлгісімен домбыра шертіп жүрміз. Ал Орал 
өмірі мен шығармашылығын баспасөз беттерінде жазып жүрген – журна-
лист ағамыз Төрехан Майбас.
Өзім білім алған Тәттімбет атындағы өнер колледжінде жүргенімде 
Орал Исатайұлының атын кәсіби күйшілер қауымы құрмет тұтатынын 
көріп еңсем көтерілді. Ақсу-Аюлы күйшілік мектебінің тағы бір мықты 
өкілі, атақты қобызшы әрі ұстаз Жаңқаш Жұмабеков аға – ел шежіресіне 
білімі терең жан, сонау Итаяқтан басталып, Оралға жалғасқан күйшілік 
дәстүрді жақсы білетін. Студент кезімде сол кісінің Орал күйшінің 
шеберлігі туралы айтқан естеліктері жадыма жаттала берді. Кейбір 
күйлердің аңызын да сол кезде естідім. Кейін білім қуып Елордаға, универ-
ситетке барғанымда Орал күйшінің аты шертпе күй мәдениетінің тарихын-
да берік орныққанын аңдап, туған жеріме деген перзенттік мақтанышым 
арта түскенін жасыра алмаймын.
Орекеңді еске алу кеші 1915 жылы Ақжал кентінде өтті. Бұл 
Тәттімбеттің қос ғасырлық (200 жылдық) мерейтой жылы еді. Сәті түсіп 
концертке шықтым, Орал аға жеткізген «Тәубе қосбасарды» шерттім. Кеш 
барысында елдегі өнерпаз ұрпақтың күйіне қанықтым, әсіресе Өмір Кәріп
Зәрубай Сүйіндікұлы сияқты ағалардың әңгімесін естіп, Орал күйші тура-
лы білігім молая бастады.
Осы жерде жалпы Тәттімбет мектебінің болашағына, оқытылу мәсе-
лесіне тоқтала кетуді жөн санаймын. Арқада шертпе күйдің насихаты әлі 
кемшін екендігі сырт көзге тез байқалады. Арқа күйшілерінің күй анто-
логиясын шығару, Сайдалы сары Тоқа, Аққыз, Қыздарбек, Әбікен сынды 
саңлақтардың күй байқауларын дәстүрлі түрде өткізу шараcын көпшілік 
болып қолға алуымыз керек шығар. Сонымен қатар, Арқаның жалпы 
музыкалық мұрасын зерттейтін ғылыми орталық, фольклорлық кабинет-
тер ашу жұмыстары бүгінгі талапкерге һәм болашақ ұрпақ үшін аса қажет. 
Шертпе күйдің мәдениеті, орындалуы, сахналық саясаты жөнінде алқалы 


26
жиындар, шығармашылық басқосулар болса құба-құп дер едік. Осынау 
шаралардың арасынан Орал Исатайұлының да орындаушылық үлгісі кең 
насихатталғаны жөн болар еді. Себебі оның орындауында Қыздарбектен 
Рысқұлбекке дейін жалғасқан ұлы мектеп бар.
Орал ағаның соңында қалған сирек күйтаспалардың бұзылмай бізге 
жеткені үшін күллі Арқа елі жазушы Кәмел Жүністегінің алдына жүгініп, 
бас исе артық іс болмас. Кәмел аға кешегі шертпе күй қудаланған, мүлде 
тартылмай, сазы үзіліп кеткен кезеңдерде соңынан қалмай жүріп, талай 
күйшілерді ыждағаттылық сезіммен магнитофонға жазып алып қалды.
Бұл күнде сол қазына ел игілігіне айналып отыр. Егер Кәмел аға жазба-
ғанда, насихаттамағанда Қыздарбек, Сембек, Әбди, Мақаш, Бегімсалдарды 
ел білер ме еді, білмес пе еді?!
Арада талай уақыт өтсе де Орал шығармашылығы өзінің тұнық мело-
диясымен таңдандырмай қоймайды. Ол – шындығында күй қонған тұлға. 
Оның әр дыбысы сөйлеп тұрады. Сазы жігерлі, қағысы көркем, перне 
басуындағы виртуоздық қабілет – екінің біріне біте бермейтін өнер.
Орал ағаның соңына ерген, қолынан күй алғандардың ішінде менің 
ұстазым Жанғали Жүзбайдың болғанына шүкір дегім келеді. Себебі ол – 
Орал ағаның шертісіне қанық, шеберлігіне куә болған адам.
Жанғали аға 2006 жылы шыққан «Қазақтың шертпе күйлері» атты 
кітабына Орал ағаның орындауындағы күйлерді алғаш енгізген болатын. 
Кештеу болса да Орал Исатайұлының күй жинағы шығатынын естіп шат-
танып отырмыз. Жанғали ағамыз – күйді нотаға түсіру саласында көп 
тәжірибе жинақтаған адам. Сондықтан бұл еңбек кәсіби оқыту саласында 
ғылыми жаңалық болары сөзсіз. 


27


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет