«Кім айтады?» Мақсаты: Өз сыбайласының назарын,есту қабілетін дамыту. Балалар жарты шеңбер болып тұрады. Бір бала-ортасында тұрады,басқаларға арқасымен. Балалар оғаан сұрақ қояды,сол сұраққа жауап беру қажет



бет3/7
Дата27.05.2020
өлшемі23,27 Kb.
#71310
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ОЙЫН
ОЙЫН
«Телефонмен сөйлесу»

Мақсаты: Белгілі бір тақырыпта телефонмен сөйлесудегі дұрыс диалог

құруды үйретуін дамыту.

Тақырыпты тәрбиеші береді.(мысалы:туған күнімен құттықтау,қонаққа шақыру,немесе бір нәрсеге келісу туралы т.с.с.)

«Кездескенде не туралы сұрайды».

Мақсаты: Балаларды қарым-қатынасқа түсуге үйрету.

Балалар шеңбер құрып отырады.Жүргізушіде-эстафета(Әдемі таяқша,доп т.с.с.)Эстафета қолдан-қолға ауысады.

Ойыншының міндеті-танысқан адамын кездескен соң,амандасқаннан кейінгі қоятын сұрағынқалыптастыру,оған жауап қайтару.

Бір бала сұрақ қояды,екіншісіжауап береді.( «Қалыңыз қалай?», «Жақсы»,

«Шаруаңыз қалай болуда? «Жақсы», «Қандай жаңалық бар»-«Бәрі баяғыдай»т.с.с.)Екі рет бір сұрақты қайталауға болмайды.

«Сұрақ-жауап»

Мақсаты: Өз досының сұрақтарына жауап беруін үйрету,дамыту.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір баланың қолында доп.Бала бір сұрақ қоя отырып, допты келесі балаға лақтырады.Екінші бала оны қағып алады да сұраққа жауап береді.Өзіөз сұрағын қойып келесі біреуге лақтырады.(Мысалы: «Сенің көңіл -күйің қандай» «Көңілді», «Демалыс күні сен қайда болдың?», «Әкешіммен қонаққа бардым», «»Қандай ойыншықты жақсы көресің?», «Допты».т.с.с.)



«Сау бол»

Мақсаты:Балаларды қарым-қатынастан шығуға,қайырымды сөздер мен

жақсы интонация қолдануға үйрету.

Балалар шеңбер құрып отырады да,бір-біріне эстафета береді де қоштасқанда қандай сөздер айтылады,соны айтқызады.

(Мысалы:Сау бол,кездескенше, әлі кездесеміз,бәрі жақсы болсын,сәт сапар,қайырлы түн,келесі кездескенше,сәттілік тілеймін).

Тәрбиеші қоштасқан кездегі балалардың бір-бірінің көзіне қарауына назар аударады.

«Қол-аяқ»

Мақсаты: Балаларды күрделі емес нұсқауларды нақты орындауға үйрету.

Балалар қимылдарды тәрбиешінің нұсқауы бйынша қатесіз орындау қажет.Мысалы.-Бір шапалақ ұрғанда-қолды жоғары көтеру,-екі рет-тұру.

Егер қолдар жоғары тұрып,бір ғана шапалақ ұрылса,онда қолды төмен түсіру қажет.Ал егерде балалар тұрса,онда екі шапалақ ұрғанда отырулары қажет.Тәрбиеші балаларды шатастыру арқылы,балалардың жинақылығын жаттықтырады.

«Затты ұста»Мақсаты:Достарының іс-қимылдарындағы келісімділікті,

ұйымшылдықты дамыту.

Балалар жұптарға бөлінеді.Жұптар бір-бірімен,жарысады.Тәрбиеші бір бет қағазды маңдайларымен ұстап тұруға нұсқау береді.Қолдың көмегінсіз (Үрделген шарды-ішпен)келесі топқа жүреді.Көп уақытқа дейін ұстап тұрған жұп қана жеңіске жетеді.

«Жылан»

Мақсаты: Топ болып жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

Балалар бірінің-артына бірі тізбектеніп тұрады.Қолдарын белге немесе иықтарына қою арқылы.Ең бірінші бала «Жыланның басы»,соңғысы «Жыланның құйрығы». «Жыланның басы», «құйрығын»ұстап алуға талпынады да одан айналып кетеді.Ойын барысында жүргізуші өзгеріп отырады.Ойында музыка әуенін қолдануға блады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет