Кіріспе 3 I тарау Жастардың әлеуметтік сипаты


Құрылымдық–функционалдық бағыт



бет4/8
Дата07.02.2022
өлшемі110,5 Kb.
#82111
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жастар әлеуметі курстық жұмыс
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыла, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыла, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары, Силлабус зерттеудің физикалық әдістері 112, 12 практика
Құрылымдық–функционалдық бағыт ұрпақтар арасындағы өзара әрекет “жыныстық ревалюция” теориясын құруда маңызды рөл атқарады (В. Райх, Г. Маркузе), “ұрпақтар жанжалы” (Д. Белл, Э. Фромм, Р. Мертон) және тағы басқа. Ш. Эйзенштадт өзінің атақты “Ұрпақтан ұрпаққа” атты кітабында жастар тобын бірнеше әлеуметтік статусы және соған сәйкес әлеуметтік рөлдері бар, индивидтерге толы құрылымдық көзқарастар жүйесі ретінде қарастырды. Әрбір рөл құрылымдық өзара іс - әрекетте жас жеке тұлға іс - әрекеттерін реттеуші белгілі бір анықталған аспекті ретінде негізгі бірлікті құрайды. Бұл бағытқа елеулі үлес қосқан еңбектер жастар социологиясын сын зерттеуші В. Боровик, В. Васильев, А. Капто, А. Колесников, В. Шубкин, В. Мансуров, Л. Рубина, В. Староверов, С. Фролов және тағы басқа ғалымдар. Олар жас ұрпақтардың жұмысшы табына толуы, колхоз шаруашылығы, интеллигенция, оның әлеуметтік жағдайы, еңбекші және қоғамдық белсенділік, сондай – ақ кәсіби статустардың сәйкес келмеу проблемалары мен білім деңгейі және материалдық қамтамасыз етілуге кәсіби дайындығының тендециясын зерттеді.
Алайда, қоғамның теңдік – интеграциялық үлгісіне негізделген құрылымдық – функционалдық бағыт жастар ортасындағы жанжалды анықтап, оның дамуы мен болжам жасау тенденциясының өзгерісін талдауда жеткіліксіз.
Мәдени бағыт адамзат мәдениеті феноменологиясы аспектісінде оның ішінде жастар арасындағы әлеуметтік процестер мен құбылыстарды зерттейді. Бұл бағыттың классикалық үлгісі неміс социологы К. Маннгейм еңбектері болып табылады. Ұрпақтар бірлігі феноменін зерттей отырып ол әлеуметтік мұрагерлік механизмін анықтады: материалдық және рухани тәжірибені меңгеру мен таратуға деген аса қажеттілік үнемі адамзат мәдениеті феноменінде жаңа адамдық толқындарға келіп тіреледі; бұл жас ұрпақтардың өркениеттілігіне жетуге деген үздіксіз ұмтылысы қоғам үшін маңызды, сондықтан да жаңа бағытқа қозғалысы мен мәдени мұрагерлікті бағалауға жол ашады.
Ұрпақтар ауысымы – адамзат өміріндегі биологиялық қарқынға негізделген тамаша процесс, оның нәтижесі: мәдени процесте оның жаңа мүшелері пайда болды, онда ескі мүшелері біртіндеп жоғалады, ұрпақтардың кез – келген мүшесі тарихи процестің хронологиялық шектеулі бөлігінде ғана қатыса алады, сондықтан да мәдени жинақты үнемі мұрагерлік ретінде беріп отыру керек, ұрпақтан ұрпаққа ауысу жалғасатын процесс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет