Кіріспе 3 I тарау Жастардың әлеуметтік сипаты



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі110,5 Kb.
#82111
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жастар әлеуметі курстық жұмыс
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыла, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыла, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары, Силлабус зерттеудің физикалық әдістері 112, 12 практика
1.2 Жастардың әлеуметтенуі.
Ұрпақтардың өзара қарым-қатынасындағы аса маңызды аспектілердің бірі - балалар мен жастардың әлеуметтенуі. “Әлеуметтену“ термині индивидтің белгілі бір білім, нормалар, құндылықтар, жүйесін меңгере отырып қоғамның толық құқы бар азаматы ретінде қызмет етуіне әсер ететін барлық әлеуметтік процесстер жиынтығын білдіреді.
Әлеуметтену – қоғамның өмірлік қызметіндегі жеке тұлғаның қоғамдық өмірге араласып өндірістенуін қамтамасыз етуінде маңызды роль атқаратын процесс. Әлеуметтену саналы, бақыланатын, мақсатты іс-әрекеттерден құралады, сондай-ақ, жеке тұлғаның дамуында шатасқан, соқтығысуға толы әсері бар процестерден де тұрады.
Э.Дюркгейм, М.Вебер және Т.Парсонс әлеуметтенуді индивидтердің ілеуметтік нормалар, құндылықтар, стереотиптер мен іс- әрекет ережелерін меңгеру процесі деп тұжырымдайды. Қоғам өзінің әлеуметтік құрылымын сақтау мен әлеуметтік жүйені өндірістендіру мақсатында әлеуметтік стереотиптер мен стандарттарды қалыптастырып рольдік іс- әрекет бейнесін құруға ұмтылады (топтық, таптық, этникалық, кәсіби т.б). Қоғамға қарсы қатынаста болмас үшін жеке тұлға әлеуметтік тәжірибені әлеуметтік ортаға ену арқылы, әлеуметтік ұмір сүруші жүйеге байланысқа түсу арқылы меңгереді. Жеке тұлғаның әлеуметтік ерекшеленуі әлеуметтенуді адамның қоғамдағы адаптация мен интеграция процесі ретінде қарастыруына мүмкіндік береді.
1. Әлеуметтену түсінігі. Американдық социологиядағы құрылымдық – функционализм бағыты (Т.Парсонс, Р.Мертон) әлеуметтену түсінігін әлеуметтік жүйедегі жеке тұлғаның толық интеграциясы, бейімделу процесі ретінде қарастырды. Бұл мектеп дәстүрі әлеуметтенуді “бейімделу “ ұғымында (адаптация) зерттейді.
Бейімделу ұғымы биологияда басты орында алатын түсінік, ол тірі ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі негізінде қарастырылады. Социологияға тән бейімделу, адамның қоршаған әлеуметтік орта, жағдайға бейімделу болып табылады. Әлеуметтену концепциясының талдауына ерекше үлес қосушы көрнекті американ социологы Р.Мертон. Ол жеке тұлғаның қоғамдағы құндылықтар мен нормаларға әлеуметтік бейімделу типологиясын ұсынды. Типология негізінде – индивидтің әлеуметтік құндылықтар мен нормаларды мойындап жетуге ұмтылу сәйкестігін жатқызады. Ұсынған тұжырымдамада ол жеке тұлғаның оптимальдысы (маңыздысы) әлеуметтік құндылықтар мен идеалдар, нормалар, оларға жетуді мойындайтындар. Мұндай жеке тұлғаны Р.Мертон конформистис деп анықтады. Әлеуметтік маңызды құндылықтарға қол жеткізу нормасы саласындағы экспериментальды, екінші жеке тұлға типі – инновациялық болып табылады. Керісінше, әлеуметтік мақсаттарға экспериментальды салаға қарсы. Алайда дәстүрлі әлеуметтік нормаларды сақтай отырып, берілгендікті білдіретін жеке тұлға типі - ритуалданған (үрдістенген). Екі қалған типтер әлеуметтік белсенділігіне қарай изоляциондық тип (эскапизм) - әлеуметтік мақсаттар мен қол жеткізу шараларын қабылдамайтын, сондай-ақ адам өз әлеміне кетіп қалатын, қоғаммен ешқандай байлнысқа түскісі келмейтін жеке тұлға. Бесінші тип, “мятежник” дау-жанжалға жақын типтер, наразы тұлғалар - әлеуметтік құндылықтар мен идеалдарға қарсы шығып жаңа идеаалдар мен іс-әрекет нормаларын ұсынушы адамдар. Осы типологияны қарастыра отырып, әлеуметтену нәтижесі жеке тұлғаның қоғамдағы интеграциялық деңгейі мен тұрақтылық дәрежесін анықтайтын әлеуметтену қорытындысын көрсетеді. Әлеуметтенудің идеалды варианты жеке тұлғаның алғашқы қоғамның мәдениетіне бейімделетін типі. Осылайша американ социологиясы әлеуметтенуді мәдени, психологиялық және әлеуметтік қоршаған ортаға бейімделу түсінігі ретінде қарастырады. Алайда, әлеуметтенуді әлеуметтік ортаның жеке тұлғаға әсері ретінде деп бір жақтылы қарау дұрыс емес. Тарихи даму жеке тұлғаның автономдылығын (егемендігін) бейнелейді. Бұл процесс ортаға тек бейімделу емес, өз-өзін дамыту мен өзгерту, өндірістену болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет