Кiрiспе. 30 тамыз 1995 ж. ҚР жаңа Конституциясын қабылдау. Конституция құрылымы. Жоспар



бет2/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#86401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
лекция
лекция, лекция, лекция
Бақылау сұрақтары:

  1. Конституцияның қызметі қандай?

  2. Конституция туралы не білесіз?

  3. Конституция туралы ойыңыз?

2 тақырып.

  1. Бөлім. Ежелгі Қазақстан

Қазақстан аймағындағы алғашқы құрылыс.
Тас ғасырын дәуiрлерге бөлу.


Жоспар
1. Қоршаған орта
2. Палеолит
3. Қола дәуірі.
4.Ерте темір дәуірі. Б.з.б. VІІ - ІV ғғ. тайпалар және олардың қоныстануы.
Тас дәуірінің ең басты белгілерінің бірі — адамзат баласының пайда болып, қалыптасуы. Бүгінде адамзат баласының жер бетінде пайда болуы жөнінде көптеген көзқарастар бар. Оларды үш топқа бөлуге болады. Біріншісі — бүл мәселені діни, идеалистік жолмен түсіндіру. Ондай ұғым бойынша, күллі дүниені, соның ішінде адамды Құдай жаратты деу. Бұл — ғылыми жолмен дәлелдеуі өте қиын пайымдау. Екінішісі — әсіресе кейінгі кезде көп айтылып жүрген әлемдік гуманоидтер жөніндегі көзқарас. Ол бойынша, адам баласы жер бетіне басқа планетадан келген. Бүл да әзірге ғылыми дәлелденбеген пікір. Адамзат баласының пайда болуы, қалыптасуы жөніндегі үшінші пікір — адамзат баласы жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктер сияқты ұзак жөне біртіндеп дамудың нәтижесінде пайда болып қалыптасқан.
Ч.Дарвиннің ілімі бойынша, бүкіл жанды дүниенің, өсімдіктердің пайда болуы, тарихи дамуы карапайымнан күрделіге карай, дамудың төменгі сатысынан жоғары сатысына қарай жүріп отырған. Адамзат баласының пайда болып, қалыптасуы және дамуы жөніндегі пікірлердің ішіндегі осы эволюциялық теория бүгін де ең дәлелді, сенімді көзқарас саналады. Сондықтан әлемнің көпшілік ғалымдары осы көзқарасты жақтайды.
Ғалымдар ерте палеолит заманындағы адам баласы қоныстанған аймақтың ең солтүстік шегі Сарыарқа деп келген. Соңғы 10—15 жылда біздің жерден әлдеқайда солтүстікте жатқан аймақтардан ерте плейстоцен адамдарының ізі табылды. Қазір Қазақстан жері палеолит заманындағы игерілген аймақтың ең қиыр шегі емесЕуразия материгіндегі палеолиттік мәдениеттің таралу орталығының бірі деп есептеледі.
Адамзат тарихының ең көне дәуірін кезеңге бөлуде археологиялық қазбалар пайдаланылады. Әр замандағы адамдардың негізгі құрал- сайман жасаған материалы да әр түрлі болды. Адамдар ең көне дәуірде құрал-саймандарды тастан жасаған. Сондыктан да бүл заманды тac дәуірі дейміз. Бұдан соң адамдар еңбек құралдарын жасау үшін мысты пайдалана бастады. Бұл өтпелі кезеңді энеолит — мысты тac дәуірі деп атайды. Одан кейінгі кезеңде құрал-сайман қоладан жасалды. Сөйтіп, қола дәуірі пайда болады. Біздің жыл санауымыздан бүрынғы VII ғасырда адам баласы темірді қорытуды үйреніп, содан құрал- сайман, қару-жарак жасай бастады. Бүл — тарихта темір дәуірі, дәлірек айтсақ, ерте темір дәуірі деп аталды.
Тас дәуірі адамзат баласы пайда бола бастаған кезден басталады, бұл — шамамен екі миллион жылдай уақытты қамтыды. Тас дәуірі үш үлкен кезеңге бөлінеді. Олар — палеолит (көнетас), мезолит (ортатас) және неолит (жаңатас) кезеңдері.

Палеолит дәуірінің кезеңдеуінде соңғы уақыттарда біраз өзгерістер болды. Қазір тас дәуірінің ең көне кезеңін олдувай мәдениеті дейді.
Адамның басқа жан иелерінен басты айырмашылығы — оның еңбекке қабілеттілігінде. Бірде-бір маймыл кұрал жасай алмайды. Ол табиғаттағы заттарды құрал ретінде пайдалануы мүмкін. Мысалы, ағашпен жаңғақты немесе бананды ұрып түсіреді. Бүл — құралды пайдалану әрекеті ғана, әлі еңбек емес. Еңбек егер маймыл екі ағашты бір-біріне жалғап, не болмаса ағаштың ұшын ұштап, кейін іс-әрекет пайдаланса ғана еңбек құралын жасау іске асады. Яғни, табиғи құралды өз қажетіне қарай өңдеуден еңбек үдерісі басталады. Еңбекке қабілеттілік адамның басты критерийі, яғни басқа жан иелерінен негізгі айырмашылығы болды, еңбек ету үдерісінде адамның ойлау қабілеті дамыды. Ойлау қабілетімен бірге қатынас құралы — тіл дамыды. Тілдің пайда болып, дамуы қоғамның дамуына өзінің жағымды әсерін тигізді.
Адамның биологиялық, физиологиялық дамуында ет тағамының рөлі зор болды. Қалыптасып келе жатқан адамдардың өмірінде отты игерудің орны да бөлек еді. От алғашқы адамдарды суықтан сақтады, әр түрлі жыртқыштардан қорғануға мүмкіндік берді. Оның үстіне, отқа пісірілген (ысталған) ет адамның күш-қуатының артуына, ойлау қабілетінің дамуына жақсы әсер етті. Адамның адам болып қалыптасуы кезеңінде аталған факторлар негізгі рөл атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет