Кiрiспе. 30 тамыз 1995 ж. ҚР жаңа Конституциясын қабылдау. Конституция құрылымы. Жоспар



бет4/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#86401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
лекция
лекция, лекция, лекция
Бақылау сұрақтары

  1. Қазақстан территориясында алғашқы адамдар қашан пайда болды?

  2. Ежелгі тас дәуіріндегі климатқа сипаттама бер?

  3. Андроновшылар керамикасына сипаттама беріңіз?

  4. Қазақстан аумағындағы қанша мезолиттік тұрақ бар?

  5. Қандай қоғамдық өзгерістер болды?

  6. Бұл дәуірде еңбек құралдарының қандай түрлері болды?

3 тақырып.
Қазақстан қола дәуiрiнде Андроновтық мәдениет - дамыған қола дәуiрiне ортақ мәдениет.
Жоспар

  1. Қола дәуірі.

  2. Андроновтық мәдениеті.

  3. Қола дәуіріне ортақ мәдениет.



Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды. Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің басты ерекшелігі — қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Қазақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады. Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен аумақта табылуына және оның үлкен кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады. Андроновтық тұрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең басты этнографиялық белгілері жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегі бар балшық қыш ыдыстардың өзінше бір жиынтығы, металл бұйымдардың түрлері болып табылады. Андронов тайпалары тұрқы әр түрлі тас қоршаулар түрінде зираттар тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопақталып қоршалатын болды. Кейде, әсіресе Орал өңірінде бұлардың орнына обалар үйілді. Өлген тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол-аяғы бүктеліп, тас тақталардан жасалғтан «жәшікке» немесе қазылған төрт бұрышты шұңқырға салынып жерленді. Ыдыстар қолдан жапсырылып жасалды. Мұның алдындағы уақытта ыдыстардың түбі шығыңқы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. Олардың сырты тарақ тәрізді немесе тегіс қалыппен түсірілген күрделі геометриялық өрнектермен сәнделді. Сәндік заттардың андроновтық тайпалар мәдениетінің тараған шегінен аспаған ерекше түрлері: алтын жапырақшадан бір жарым қайырым бүктеліп жасалған сырғалар, бас киімге және басқа да киімге тағылатын «көзілдірік тәрізді» және «табан із тәрізді» сәнді салпыншақтар, қақтама өрнекті тоталар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды. Өндіріс техникасының дамығандығы және қола заттар мен балшық ыдыстар түрлерінің әдемілігі мәдениет деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді. Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андронов деревнясының маңынан табылуына байланысты осылай атаған. Бұл мәдениет Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі – б.з.б. 17–16 ғасырлардағы Петров мәдениеті; орта кезеңі – б.з.б. 15–12 ғасырлардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі – б.з.б. 11–9 ғасырлардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері. Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар). Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бері өткен уақыттың ішінде орасан көп археологиялық материал жиналды. Бұл мәдениеттің ескерткіштерін кезендерге бөліп, топтастыруды бастаған С.А. Теплоухов болды. Әсіресе М.П. Грязновтың сіңірген еңбегі зор. Ол 30-жылдарда-ак Андронов мәдениетінің тарихи құбылыс ретіндегі суреттемесін жасап берді және далалық қола дәуірінін хронологиялық үш кезеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендерін саралап берді. Кейін К.В. Сальников Орал сыртының Андронов мәдениетіне хронологиялык топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларға шартты түрде мынадай аттар берді: Федоров кезеңі - б. з. б. XVIII — XVI ғасырлар, Алакөл кезеңі — б. з. б. XV — XII гасырлар, Замараев кезеңі — б. з. б. XII — VIII ғасырлар 7. Андронов мәдениетін К.В. Сальниковтың кезеңдерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды. Қазақстанның Андронов мәдениетің кезендерге бөлу мәселесін Ә. X. Марғұлан, К.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, A.M. Оразбаевтар айналысты. Қазіргі кезде К.В. Сальниковтың кезендерге бөлуі қайта қаралып, Э.А. Федорова-Давыдованың, B.C. Стоколостың, Г.Б. Зданович пен басқа да зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана түсті. Зерттеушілердің көпшілігі Андронов мәдениеті неолит пен энеолит дәуірлеріндегі Қазақстан даласының солтүстік айматының және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарының мәдениет жатынан, әрі, шыққан тегі жатынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде кұрылған деп есептейді. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кен кәсібінің бастамасы мәлім болатын. Үй жанында мал бағу мен жайылмада кетпенмен егін салудың одан әрі дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй кәсіпшіліктерінің шығуына, металлургияның дамуына жеткізді. Ұлан-ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы Андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік жағдайына жақын түрлеріне жеткізді. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты - оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі. Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында крематация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған. Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады. Кейінгі кезеңі — Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі — мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған. Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.
Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі моңғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет