Кiрiспе. 30 тамыз 1995 ж. ҚР жаңа Конституциясын қабылдау. Конституция құрылымы. Жоспар



бет7/42
Дата07.02.2022
өлшемі1,04 Mb.
#86401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
лекция
лекция, лекция, лекция
Бақылау сұрақтар:
1) V ғ. Қазақстанда қандай тайпалар мекендеген?
2) б.з.б. нешінші ғасырда жекелеген байлықтар шоғырланған?
3) Қаңлылардың орналасу мәселесі нешеге бөлінеді?
6 тақырып.
Ғұн тайпалары.
Жоспар:
1) Ғұн көшпелі халық.
2) Алтай тайпалары.
3) Чжиджи әскері.


Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялык материалдар да көрсете алмады. Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста да қызу кимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілеріне қарсы оз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы туктерін (князьдарын) юедилерге қарсы жорыққа аттандырды. Ғұндардың атты әскерлері Чжанье-Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратты және сонымен бірге ғұндардың қалыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: «Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе багындырып, (оз билігін) ныгайтты. Лоулань, Усун, Хуцзе және оларга шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге қаратылды. Олардын бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды». Бұл құжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. «Отыз алты мемлекет» деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьдіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардың» (Шицзи) авторы Сыма Цянь юедилердің «толық» талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б. з. б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бактрияны талқандаганнан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды. Сірә, б. з. б. 177 жылы сюнну-гұндардың Тынық мүхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты Лоулан, Усун және Хуцзэ бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың географиялық орны онша айқын емес. Қазіргі картаға Лобнор ауданындагы Лоулан (Крораина) князьдігі ғана азды-көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындагы басқа деректердің есімен теңестірілген Хуцзе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Усун және Цзянь- кунь елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геродоттың аргиппейлер тайпасы осы маңайда орналасқан деп саналады. И. X. Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше «арғамақ», «тұлпар» дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға жақын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердің «арғымақ» немесе «айғыр» деген сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты.[1] Ғұндар бірлестігіне шыкқан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық- саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық өміріне бір орталықка бағынғысы келмейтін куатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн коғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы арқылы орнаған. Сюнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзогамиялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген: «Хуянь руы, Лань руы, олардан кейін Сюйбу руы пайда болды; оларда ең атақты тармақтар да нақ осы үш әулет»11. Бұл орайда сол қанатты құрайтын Хуянь руы ең атақтысы болган, ал Лань және оған еншілес Сюйбу он қанат болга. Бір қызығы, шаньюйлік Люаньти руы атақты ру деп аталмаған. Ал Хуянь мен Лань шаньюймен құдандалы туыс болған. Біздің заманымызға жақындағанда құдандалы туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сюннулерде шаньюй руы Сюй-Лянь-ти деп атала бастады, баска ақсүйектер әулетінен Хуянь, Сюйбу, Цюлинь және Лань аталған. «Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болды және әдетте шаньюймен құдандалы туыс еді». Онда бұдан әрі былай делінген: «Хуянь руы сол (яғни шығыс және үлкен) қанат, ал Лань және Сюйбу рулары оң (яғни батыс және кіші) канат болды». Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалық руы алмасқан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атақтысы енді Дугэ (Туглаг) руы болып шыгады, ол «ең батыр және ұлығы болды, сондықтан шаньюйлер солардан шықты. Олардың атақты төрт руы Хуянь руы, Сюйбу руы, Лань руы, Цяо (Цюлинь) руы болды, бірақ ең атақтысы — Хуянь руы, одан канцлерлер, сол және оң қанаттағы жичжулер шықкан». Уақыт өте келе шаньюй руының белгісіз рудан «ең ержүрек» болуы негізінде «ең ұлық» руга айналған эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мұнда белгілі бір кезенде сол кезде-ақ болған ер адам жағынан мұрага қалатын принципті көрсеткен еркек (патриархаттық) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуалдық ұйым қалыптасқан болса керек.
Б. з. б. I ғасырдың орта шенінде-ақ сюнну қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айырылумен бірге «байырғы» құрамында екі топқа — Хуханьешаньюй бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік сюннулер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстік сюннулер өз тайпаластарының қысымымен Саян мен Байкал өңіріне ыгысты, яғни солтүстік пен батысқа қоныс аударды. Б. з. б. 49 жылы Чжичжи көрші князьдікке дипломатиялық сапарға кеткен Хуханьенің аз уақыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы конфедерацияның бірлігін қайта орнатуға әрекет жасады. Алайда оның күші жетпейтін еді. Шежірешінің айтқанындай, «Чжичжидің өзі сюннуде күшпен нығая алмайтынын білді». Ол үйсін гуньмосы Уцзютудан көмек сұрады, бірақ соңғысы оның елшісінің басын алып, Чжичжиге шабуыл жасауға 8000 атты әскер жіберді. Чжичжидің атты әскері үйсіндердің отрядын талқандады, бірақ одақтассыз қалған Чжичжи оңтүстік ғұндар- дың жерінен кетуге мөжбүр болды. Одан әрі деректемеде бұл және одан кейінгі оқиғалар былайша суреттеледі: «Чжичжи үйсін әскерінің көп екенін, өз елшісінің әлі оралмағанын көріп, өз әскерін орналастырды да, үйсіндерге лап қойып, оларды тас-талқан етті; солтүстікке бет бұрып, Уцзеге соққы берді, Уцзе бағынды. Чжичжи өз әскерінің кәмегімен батыста Цзянькуньді қиратты, ал солтүстікте Данлинді бағындырды. Үш князьдікті бағындырған соң ол бірнеше рет үйсінге әскер жіберіп, әдетте оны жеңіп жүрді». Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет