Кіріспе Ақпарат тасушылар дәуіріндегі қадам оптикалық дисктер



бет16/34
Дата31.05.2023
өлшемі4,32 Mb.
#178056
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
Диплом Наурызбай Қатты дискілерге техни
ОББ Тест ЕТ, АЖ-30г01.11.2021, Кол,аяк суйектери, СЖ 15, ЖБП метод отчет 2021-2022 1 семестр, лаб 1 басы, бекитуге1, Документ Microsoft Office Word, сабақ жоспары (2), Дж Морено «Социометрия» әдістемесі, Зейнакуль, модуль рп (1), Дифференциалды күшейткіш, БҚ-9-11 СЕТЬ

2.11 Температураны бақылау



Әр қондырма жұмыс кезінде қызады: кейбіреулері көп, ал кейбіреулері аз. Егер қызу температурасының диапазоны жоғары болмаса, бұл қондырмаға кедергі келтірмейді. Егер температура жоғарласа, жұмыс үрдісі нашарлай бастайды. Осындай жағдайда, қондырманың қызуын уақытында анықтап, қызу себептерін жоюға тырысу керек.
HD Tune бағдарламасы қарапайым болса да, функционалды интерфейсі бар. Қосымшаны іске қосқаннан кейін хабарламалар бөлігінде қатқыл дискінің температурасының сандық көрсеткіші беріледі. Егер температура көтерілсе, температура белгісінің түсі қолданушы таңдаған түске (қызыл немесе басқа) өзгертіледі.

Сурет 2.8. HD Tune бағдарламасымен дискілердің жағдайы тексеру
Осы бағдарламаның ыңғайлылығы қатқыл дискінің қызуын хабарлау, винчестердің өшірілуі және т.б. үрдістерін анықтау. Осыдан басқа, шығатын температура көрсеткішінің түсін таңдауға немесе басқа компьютерге және электрондық пошта жәшігіне хабарлама жіберуге болады.

S.M.A.R.T. қалпын байқау


S.M.A.R.T. (Self Monitoring Analysis and Reporting Technology) – арнайы жарамсыздық болжамын көрсететін алгоритмі бар, қатқыл дискінің қалпын бағалау технологиясы. Бұл технология қатқыл дискі өндірілуінің нашарлылы-ғына байланысты пайда болған.
Ең алғашқы винчестерлердің критикалық параметрлерін бақылау мәселесі 1995 жылы бастады. Қатқыл дискілер істен өте жиі шығып отырды, ал ол қажетті ақпаратты сақтау үшін көптеген мәселелер туғызды. Дәл сол уақытта винчестердің кейбір маңызды параметрлерін бақылайтын PFA технологиясы пайда болды. Ол жиналған мәліметтерді талдап және оларды эталондық көрсеткіштермен салыстыра отырып, жүйе жаңылуын болжамдай алады.
PFA болжамдық технологиялардың дамуына түрткі болды. Нәтижесінде, зерттеу командалары қосылып, қатқыл дискі өндірушілері PFA және IntelliSafe технологиясының негізінде S.M.A.R.T технологиясын құрды.
S.M.A.R.T өзінің даму жолында ұзақ жол жүрді. Бірінші нұсқауы арнайы командамен жүргізілді, дискі қалпының нақты бейнесін көрсетпей, тек қана бірнеше ғана параметрлерді бақылауға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта барлық қатқыл дискілерде критикалық атрибуттарды бақылайтын технология қолданылады.
Әрбір атрибут қатқыл дискінің қазіргі қалпын көрсететін - Value шамасымен белгіленеді. Ол эталондық көрсеткішпен салыстырылады. Әдетте, бұл шама 0 – 100 диапазонында болады. Жоғары болған сайын, дискінің де қалпы және сенімділігі жоғары болады. Ал егер төмендесе – дискінің тозуы басталады. Бұдан басқа, тағы да бір шама – Threshold, қатқыл дискінің жұмысын кепілдендіретін, атрибуттың минималды мәнін анықтайды. Егер Value Threshold-қа қарағанда төмен болса, онда жақын арада дискі жұмысының нашарлауы болуы мүмкін.
Дискінің барлық атрибуттары критикалық емес, яғни жұмыстың барлығы тек осы жағдайдан тәуелді болмайды. Ол тек жылдамдықтың төмендеуін шектелуі мүмкін, алайда дискінің жұмысқа қабілеттілігі сақталады.
HD Tune ерекшеліктерінен S.M.A.R.T бағдарламасының бақылау ғана емес, сонымен қатар басқа да қызметтерін көрсетуге болады: мәліметтерге қатынау жылдамдығын өлшейді, дискінің бетін тексереді, температурасын көрсетеді және т.б.
Қатқыл дискінің қалпына келсек, ол ақпаратты Health қосымша бетінен көруге болады. Benchmark қосымша бетінен Start пернесін басып, қатқыл дис-кіні тестілеуге болады. Бірнеше минут күтіп, графикалық түрде мәліметтерді жіберудің төменгі, жоғарғы және орташа жылдамдықтарын көрсететін бейнені аламыз. Сонымен қатар, орталық процессордың жүктемесі көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет