Кіріспе Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері



бет2/3
Дата17.06.2018
өлшемі74,42 Kb.
#42546
1   2   3

1.2 Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi

Салықтар дегенiмiз – мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардың белгiлi бiр мөлшерде түсетiн мiндеттi төлемдер. Салықтар-шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың мемлекет пен екi арадағы мемлекеттiк бюджет арқылы жүзеге асырылады, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәнi мынада: салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының белгiлдi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi. Салықтар мемлекеттiң құрылуымен бiрге пайда болады және мемлекеттiң өмiр сүрiп, дамуының негiзi болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi қашан да болса оның салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңаруымен бiрге қалыптасады. “Салық саяси басқару мен экономикалық бақылаудың негiзгi құралы болып табылады,”- дейдi Мишин Г.К. (5). Әрбiр мемлекетке өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн белгiлi бiр мөлшерде қаржы көздерi қажет. Салықтар - мемлекеттiң түрақты қаржы көзi. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, түрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады.

Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн, олардың экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметiне тiкелей қатысты. Салық салудың қазiргi жүйесiн қарастыра отырып келесiдей қызметтерiн атауға болады:

1.Салықтардың фискалды немесе бюджеттiк қызметi- ең негiзгi функция болып табылады. Бұл қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi артады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк әскери – қорғаныс, тағы да басқа шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Жалпы "Фискон"латын сөзi,қазақша "Себет"деген мағынаны бiлдiредi.

2.Бөлу қызметi - салықтардың көмегiмен мемлекеттiң қоғамдық табысты халықтың әртүрлi топтары арасында бөлiнуiн айтамыз. Бөлу функциясының жүзеге асырылуына салығы, прогрессивтi салық ставкiлерi және тағы да басқалар жатады.

3.Салықтардың реттеушiлiк қызметi- арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигiзедi, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудiң ең басты маңызы өндiрiстiң дамуына ықпал ету. Салық түрлерi, салық ставкалары,салық жеңiлдiктерi,салық салу әдiстерi салықтық реттеудiң тетiктерi болып саналады.

Жоғарыда көрсетiлген салықтық реттеудiң тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты,шетелдiк инвесторларды ынталандыру,шағын және кiшi кәсiпкерлiктi дамыту жұмыстарын жүзеге асырады.Салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару үшiн,олардың басқа да экономикалық тетiктермен тығыз байланыста болуын қажет етедi. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерiнiң алатын орны ерекше. Себебi ғылыми негiзделмеген,шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсiпкерлердiң ынтасын төмендетедi, өндiрiстiң төмендеуiне және мемлекеттiк бюджет кiрiсiн азаюына әкелiп соқтырады. Реттеу қызметiнiң өзi 2 қызметтен тұрады:

-ынталандыру қызметi - мемлекетке тиiмдi өзгерiстердi салық ставкасын төмендету немесе жеңiлдiктер беру арқылы дамуына немесе кеңеюiне жағдай жасау;

-шектеу қызметi - мемлекетке тиiмсiз кәсiпорындарды салық ставкiлерiн жоғарылату арқылы дамуына,кеңеюiне шектеу жасау.

4.Бақылау қызметi - салықтардың көмегiмен мемлекет салық төлеушi заңды және жеке тұлғалардың кез келген қайнар көздерiнен тапқан табыстарына, жұмсалған шығындарына, айналысатын шаруашылық қызметiне бақылау жасап отыруы болып табылады. Бұл қызмет салықтық декларация арқылы жүзеге асырылады.

5.Қолдау немесе мадақтау қызметi кез-келген мемлекетте қоғам алдында ерекше еңбегi сiңген азаматтар категориялары бар. Бұл азаматтарға мемлекет қандай жағдай болмасын қолдау жасап отыруы қажет. Бұл қолдау қызметi салықтық жеңiлдiктер және салықтан толық босатулар арқылы жүзеге асырылады (еңбек ерi, Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, көп балалы аналар).

Мемлекет мына жоғарыда көрсетiлген салықтардың қызметiн (функциясын) пайдалана отырып елiмiздiң салық жүйесiн анықтайды. Салық механизмiнiң қызмет ету жолдарын белгiлейдi,жалпы экономикалық саясатты негiзге ала отырып,салық саясатын анықтайды. Салық жүйесi - белгiленген тәртiппен жиналатын салықтар алымдар және тағы да басқа төлемдердiң жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар кез келген мемлекеттiң салық жүйесiн қалыптастыруға негiз болатын келесiдей мiндеттi элементтерi бар:

1. Салық органдарының жүйесiнiң болуы.

2. Салық заңдылықтарының жүйесi және принциптер жүйесi.

3. Салық саясатының принциптерi.

4 Салықтардың бюджеттер бойынша бөлiну тәртiбi.

5. Салықтық бақылаудың формалары мен әдiстерi.

6.Салықтық өндiрiстiң шарттары мен тәртiптерi.

7. Халықаралық екi рет салық салуды шешу мәселелерiнiң нақты қадамдары.

Салық жүйесi келесiдегiдей экономикалық көрсеткiштермен сипатталады:

1.Салықтық ауыртпашылық (бiздiң елiмiзде 48-50%, ал дамыған шет елдерде 45%)

2.lшкi және сыртқы саудадан түсетiн салықтық табыстар қатынасы.

3.Тiкелей және жанама салық салу қатынасы.

Салық ауыртпашылығы дегенiмiз қоғамдағы салықтардың рөлiн сипаттайтын және салықтық алымдар сомасының жиынтық ұлттық өнiмге қатынасын көрсететiн көрсеткiштер болып табылады немесе басқаша айтқанда, салық ауырпашылығы – бюджеттiк механизм есебiнен қайта бөлiнетiн өндiрiлген қоғамдық өнiмнiң бiр бөлiгi болып табылады (6).

Салықтарды мынадай нышаны, белгiлерi бойынша топтастырамыз немесе жiктеймiз.

1. Салық салу обьектiсiне байланысты .

2. Іолданылуына қарай.

3. Экономикалық ерекшелiктерiне байланысты.

4. Салық салу обьектiсiн бағалау дәрежесiне қарай.

1 Салық салу обьектiсiне қарай салықтар тiкелей және жанама салықтар болып жiктеледi.

– Тiкелей салықтар – тiкелей салық төлушiден ұсталатын салықтар. Мысалы: табыс салығы, мүлiк салығы, жер салығы, көлiк салығы болып табылады.

– Жанама салықтар – тiкелей емес жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.

Жанама салықтарға жатады: қосылған құнға салынатын салық, акциздер, -баж салығы.

Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейдi. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгiзiлмегендiктен, iс жүзiнде оны бюджетке сатушы аударады.

2. Бюджетке түскеннен соң қандай шараларға жұмсалатын белгi-сiне қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлiнедi.

Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салық акциздер . болып табылады.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгiленген мiндеттер бойынша нақтылы шараларға жұмсалады.

3. Экономикалық белгiсiне қарай салықтар табысқа салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып жiктедi.

Табысқа салынатын салық төлеушiнi кез келген салық салынатын обьектiсiнен түсетiн табысынан алынады.

Олардың қатарына мына салықтар кiредi: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы, мүлiк салығы, көлiк салығы тағы басқалар.

Ал, тұтынуға салынатын салықты, салық төлеушi тұтынушы ретiнде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзiнiң шығынынан төлейдi. Тұтынуға салынатын салыққа қосылған құнға салынатын салық және акциздер жатады.

4. Салық салу обьектiсiн бағалау дәрежесiне қарай салықтар нақтылы және дербес салық болып жiктеледi.

Нақтылы салықтар – салық төлеушiнi салық салу обьектiсiнен алынатын табысының мөлшерiне байланысты емес, яғни салық төлеушiнiң мүлкiнiң сыртқы белгiсiне қарай алынады. Оларға жер салығы, мүлiк салығы, көлiк салығы жатады.

Дербес салықтар салық төлеушiнiң салық төлейтiн обьектiсiнен алынатын табыстың мөлшерiне байланысты алынады. Оларға заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жатады (7).

Жалпы алғашқы салықтардың пайда болуының күннiн анықтау мүмкiн емес.Бiр нәрсе күмән келтiрмейдi – салықтардың прототипi адамзат қоғамымен басқарудың ең алғашқы формаларымен пайда болған.

Алғашқы қауымдастықтың өзiнде , қоршаған ортаның қатаң шарттарына амалсыз бейiмделуге , сыртқы жаудан қорғау үшiн, сонымен қатар ашаршылық жағдайына азық-тұлiк қоғамдық запастарын сақтау үшiн, бiрнеше адамдарды қолдануды түсiнген.

Осыдан келiп, мынаны айтуға болады, салықтардың алғашқы пайда болуына қоғамның осы немесе басқа да қызығушылықтардың қанағаттандырылуының ұжымдық тұтынуы болады.

Байлар өздерiн байыту үшiн кедейлерден түрлi салықтарды жинағанын ұмытпау керек.Бұл түрде салықтар ұзақ уақыт бойы әрекет еттi және де қоғам бұны объективтi қажеттiлiк ретiнде түсiндi.

Тек XVғ. бастап ғана, ғалымдар ақшалай қатынастар жүйесiн, сонымен қатар мемлекеттiң экономикалық негiзi мен экономикалық функцияларын зерттей бастағаннан кейiн, салықтардың қайта маңыздылығының алғашқы әрекеттерi пайда болды (8).

Салықтар қоғамдық өнiмнiң бiр бөлiгiн мiндеттi төлемдер ретiнде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс жағының негiзгi қайнар көзi ретiнде құрылуы ертеден келе жатқан дәстүрдiң бiрi. Және бұл дәстүр нарық экономикасы жағдайында, нарықтық емес экономика жағдайында да әрекет етедi. Сондықтан, салықтар мен салық салу адамзат цивилизациясының айырмас бiр бөлiгi ретiнде қарауға болады.

Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие - қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономиканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп, мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ, салықтар қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi. Қазiргi кездегi жағдайларға салықтардың мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету шекарасынан шығып отыр.

Ендi, салықтар ұлттық табысты мемлекеттендiрудiң маңызы құрамы бола бастады. Олар макроэкономикалық реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi ұлттық табыстың жалпы көлемiнде, салықтық төлемдердiң салыстырмалы мөлшерiнiң өсуiн қамтамасыз етiп отырады.

Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерiне де қатты әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтар мен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының қорлануына ықпал етедi. Сондай–ақ, салықтық реттеу шаралары, әр түрлi салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып, капиталдың қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап, кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруға ықпалын тигiзедi. Бюджет жүйесiн реформалау қажеттiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалық жаңа деңгейге жетуiнiң көрiнiсi. Республикалық халықаралық аренаға шығу үшiн қазiргi кезеңде, ең алдымен заңдылық базасын тиiстi әлемдiк үлгiлерге келтiрудi талап етедi. Мемлекеттiң орталықтандырылған ақшалай қаражатының қорын жасау және пайдаланумен бапйланысты бюджеттiң қызметi айрықша экономикалық формалар – бюджеттiң кiрiстер мен шығыстары арқылы атқарылады. Осы екi категорияда объективтi және бюджет секiлдi өздерiнiң арнайы қоғамдық мiндеттерi бар. Кiрiстер мемлекеттi қажеттi қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиiсiнше жалпы мемлекеттiк қажеттерге бөледi (9).

Бүгiнгi таңда бюджет жүйесi республикалық және жергiлiктi бюджеттерден түрады. Республикалық бюджет негiзiнен жалпы мемлекеттiк салықтар есебiнен қалыптастырылатын және ҚР Үкiметi өзiне Конституциямен, заңдармен ҚР Президентiнiң актiлерiмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн белгiлейтiн жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады. Жергiлiктi бюджеттер бюджет жүйесiнiң дербес буыны ретiнде өз қызметiн жүзеге асырады. Дербес бюджет - аумақтық басқарушы органдар өздерiне Заң жүiзнде бекiтiлiп берiлген кiрiстер базасы негiзiнде бюджеттiң көлемiн, кiрiспен шығыстың мөлшерiн баптарға сәйкес анықтап, олардың құрылымын белгiлейдi. Олардың орындалуы Республика заңдарына сәйкес атқарылады.

Республикамыздағы жергiлiктi бюджеттер облыстық, қалалық бюджеттер аудандық бюджеттер және арнайы экономикалық аймақтарының бюджеттерiнен тұрады. Жергiлiктi бюджеттен жергiлiктi бағдарламалармен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етiледi және жергiлiктi бюджет арқылы жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шаралардың бiр бөлiгiн iске асыруға жол берiледi. Жергiлiктi салықтар мен алымдар жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн толтыруға, бекiтiлiп берiлген және жергiлiктi мақсаттағы қажеттердi қаржыландыруға жұмсалатын жеке тұлғалар мен кәсiпорындардың заң жүзiнде белгiленген мiндеттi төлемдерiнен тұратын ҚР салықтар жүйесiнiң бiр бөлiгi.

Жергiлiктi салықтар мен алымдарды құру мен алудың мынадай ерекшелiктерi бар:

-олар өзiн-өзi басқарушы жергiлiктi органдардың аумақтық көлемiнде жергiлiктi органдарының шығындарын өтеуге жұмсалады;

-жергiлiктi органдар заң жүзiндегi құқықтық шеңберi негiзiнде олардың уақытылы, әрi толық түсiн қамтамасыз етуiн бақылап отырады;

-жергiлiктi басқару органдары Салық Кодексi негiзiнде, өз билiгi шеңберiнде кейбiр салықтардың ставкаларын реттеп, алымдарды бөлу объектiсiнiң базасын белгiлеп отырады;

-жергiлiктi салықтар мен алымдар тек қана жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерiне енгiзiлiп, осы бюджет арқылы жұмсалады.

Жергiлiктi салықтар мен алымдардың тағы бiр ерекшелiгi - жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiнде үлес салмағының қомақты болуы, онымен ғана шектелiп қоймай қаржы ресуртарын бөлiп беру қатынастарының бақылау функциясын атқаратындығы. Жерiлiктi салықтар мен алымдарды алудың объектiлерiне жер учаскелерi, мүлiк, көлiк құралдары, аукционда жүргiзiлетiн ақша операциялары, кәсiпкерлердi тiркеу және жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқы үшiн қызметтер жатады және оларды иемдену мен пайдаланудың бiрден-бiр есебiн жүргiзiп, осы объектiлердi бақылауға жағдай жасайды (10).

ҚР “Бюджет жүйесi туралы” Заңы негiзiнде жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер мынадай кiрiстерден тұрады:

1.Бекiтiлген кiрiс көздерi – яғни заң жүзiнде тұрақты кiрiс көздерi ретiнде қарастырылған жергiлiктi салықтар мен алымдар. Оларға заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың жер, мүлiк және кiлiгiне салынатын салықтары мен әр түрлi алымдар жатады.

2.Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс көздерiнiң екiншi түрi реттеушi кiрiс көздерi. Оларға аймақтық әлеуметтiк экономикалық даму деңгейiн ескере отырып, бюджеттердi реттеу тәртiбi мен жалпы мемлекеттiк салықтардан бөлiнетiн қаржы салалары жатады. Оның түрi мен проценттiк бөлу мөлшерi әр жыл сайын өзгерiп түрады және заң жүзiнде республикалық бюджет туралы заңда берiлiп отырады.

3.Жергiлiктi бюджет кiрiс көдерiнiң үшiншi түрiне – актiлерiмен белгiленген салықтық емес түсiмдер жатады. Мысалы, орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер, су үшiн төленетiн төлем, коммуналдық меншiктегi мүлiктердi жалға беруден түскен кiрiстер, әкiмшiлiк айыппұл төлемдерiнен түскен сомалар, жеке меншiк иесiнiң құқығы мен жердi пайдалану құқығын сатудан (жер учаскелерiн берумен қоса есептегендегi) түскен сомалар.

Сонымен бiрге жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс көздерiне кейбiр облыстардың әлеуметтiк – экономикалық даму деңгейiн теңестiруге арналған ресими трансферттер, тоқсан сайын кассалық үзiлiстi жабу үшiн төменгi бюджеттердiң жоспары тұрғаны бюджеттерден қарызға алған қаражатының түсiмдерi, бұрын берiлген несиелердi өтеуден түсетiн түсiмдер жатады.

Жергiлiктi салықтар мен алымдар бюджетке түскеннен кейiн, жергiлiктi басқару органдары белгiлеген тәртiп бойынша, жергiлiктi аумақтық қажеттерiне сәйкес мақсаттарға жұмсалады. Мысалы, тиiстi аумақтық жергiлiктi бюджеттерден жұмсалатын қаражаттары мыналарды қамтиды:

-жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн қоғамдық құқық тәртiбi мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

-бiлiм беру мен денсаулықты сақтау;

-әлеуметтiк сақтандыру және халықтық жекелеген санаттары үшiн заңмен белгiленген жеңiлдiктердi iске асыру;

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту, сумен жабдықтау және инженерлiк инфрақұрылым;

-мәдениет, туризм, спорт, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарын ұстау және демалысты ұйымдастыру;

-аграрлық реформа, жер реформасын жүзеге асыру, ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн қолдау, өсiмдiктердiң аса қауiптi зиянкестерi мен мал ауруларына қарсы күрес және басқа мақсаттар;

-экология және табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;

-шағын және орташа бизнестi дамыту;

-табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған шығыстырды жұмсау.

Бүгiнде бюджеттi түрдегi қаржылық қатынастар екi бағытта қарастырылып жүзеге асырылуда, бiрiншiден экономиканы дағарыстан шығару үшiн қаржы ресурстарын орталықтандырылған жүйеде бөлiп беру болса, ал екiншiден, жергiлiктi басқару органдарының қаржы қорларын құру және пайдалануға байланысты құқыларын арттыру ақылы iске асырылуда. Осы орайда жергiлiктi бюджеттердiң дербестiгi орасан зор рол атқарады. Бiрақ аумақтардың экономикалық дербестiгi абсолюттi бола бермейдi. Өйткенi қазiргi кезеңдегi аумақтардың әлеуметтiк экономикалық дамуының деңгейi, елiмiздегi нарықтық қатынастардың қиындықтарымен сәйкес келуiн ескерсек, көптеген жергiлiктi бюджеттердiң дербестiгiн iске асыру үшiн елiмiздiң экокномикалық қаржылық бюджеттiк салаларындағы проблемаларды неғұрлым кең заң жүзiнде құрулармен қамтамасыз етудi талап етедi.



1.3 Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасу ерекшелікері

Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық жүйесi өте күрделi болып келедi. Бiр салықтың әр түрлi мемлекеттердегi рөлi де әр түрлi болып келедi. Мысалы, Францияда бюджетiнiң кiрiс көзiнде жанама салықтар 62%, Голландияда ол тек 41% алады. Еуропада ең негiзгi салықтардың қатарына пайда салықтары жатады. Бұл салықтардың ставкiлерiнiң көлемi 10%-52% дейiн тараған. Мысалы, Ұлыбритания мемлекетiнде ставканың прогрессивтi әдiсi пайда көлемiне қарай 25%-35% дейiн қолданылады (11).

Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң көбiнде жеке тiкелей салықтардың негiзгiсi болып – жеке тұлғалардың табыс салығы жатады. Мемлекеттердiң көбiнде бұл табыс салығының прогрессивтi ставка жүйесi қолданылады. Еуропалық экономикалық қоғамдастық азаматтарынан табыс салығы әр мемлекеттiң тұрғылықты азаматы мен келiп-кетушi азаматтардан бiрдей көлемде алыну көзделуде. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа екi реттiк салық салуды болдырмау үшiн қоғамдастық басқа мемлекеттерде төленген салық өз мемлекетiнде төленген салық өз мемлекетiне келген тұлғалардан қайта үстамауы керек. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекттердiң салық жүйелерi әр түрлi салық бойынша жеңiлдiктер есебiнен күрделенiп отырады. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердегi салықтардың үйлесiмдiлiгi жайлы сөз қозғалғанда бiрiншi еуропалық мемлекеттердiң фискалды саясатының басты элементiнiң бiрi – қосылған құн салығы.

1970 жылдың ортасынан бастап, қосылған құн салық еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң салық жүйесiнiң ажырамас бiр бөлiгi болып қалыптасты. Қазiргi кезде, қосылған құн салық Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң салықтық үйлесiмдiлiгiнiң бiр мысалы болып табылады. 1991 жылы жазда Еуропалық зкономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң келiсiмiмен қоғамдастыққа қосылған құн салығының 15% минимальды ставкасын белгiлеудi ұйымдастырды. Бұған дейiн қосылған құн салығының ставкасы 9%-19% дейiн әрекет ететiн. Бiрақ әлi салықтық үйлесiмдiлiкке толық қол жеткiздi деген сөз емес. Салықтық үйлесiмдiлiкке қол жеткiзудегi келесi мысал болып корпарацияның пайдасына салынатын салықты алуға болады. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң келiсуiмен корпорациялық салық бойынша ставка 30%-40% дейiн белгiленедi. Сондықтан, Германия, Франция, Грецияда әлi де корпарация пайдасынан салынатын салықтық ставкасын төмендету қажет болды. Себебi, бұл салық Францияда 42%, Германияда 50% дейiн жеттi. Ал, керiсiнше бұл салықтың ставкасы бойынша төменгi Ұлыбритания, Люксембург, Испания, Голландияда одан әрi салық ставкасын төмендетуi мүмкiн емес. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң салықтық үйлесiмдiлiк бойынша жүргiзген жұмыстар нәтижесiнде соңғы кезде көптеген салықтар бойынша ставкiлер төмендетiлдi. Салықтық үйлесiмдiлiк еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң ортақ нарық пен мақсатқа қол жеткiзу үшiн қажеттiлiгi өте маңызды болып отыр (12).

Германияның салық жүйесi 25.07.1990ж. қабылданған заңға сәйкес әрекет етедi. Бұл заң бойынша салықтар федеральды және жергiлiктi түрлерге бөлiнедi. Федеральды салықтарға келесiлер жатады: акциздер, кеден баж салығы, капитал қозғалысына салық, сақтандыру салығы, жеке тұлғаның табыс салығы және қосылған құн салығы. Жергiлiктi салықтарға: мүлiк салығы, жер учаскiсiн иелену салығы, көлiк құралдар салығы, сыра салығы, жер салығы, шiркеу салығы және жергiлiктi сатудан үсталынатын салық. Мемлекеттiк бюджеттiң табыстарын және мәселелерiн бөлу федерациямен жергiлiктi органдармен ерiктi түрде жүргiзiледi және бюджеттiң жоспарлаумен қолдану қызметтерi де өз қалаулары бойынша жүзеге асырылады. Германияда табыстарды теңестiру қызметiмен айналысатын бiрден бiр мемлекеттер қатарына жатады. Яғни жоғары табысты тұлғалар төмен табысты тұлғаларға табыстарына бiр бөлiгiн аудару процестерi жиi жүргiзiледi. Бұл салық жүйесiнiң ұзақ уақыттар бойы қалыптасуының нәтижесi болып табылады.

Францияда салықтар мемлекеттiк және жергiлiктi сияқты трлерге бөлiнедi. Орталық бюджеттiң бюджеттiк түсiмдерiнiң 95% дейiнгi мөлшерде қосылған құн салық, жеке тұлғаның табыс салығы, акционерлiк қоғамдарға салынатын салық, кейбiр тауарларға салынатын акциз салығы. Жоғарыда көрсетiлген салықтардың iшiнде ең негiзгiлерiнiң бiрi –қосылған құн салығы болып табылады. Бұл салықтық стандартты сатвкасы – 18,6%. Жоғарлатылған ставка 22% жеңiл автомобиль, темекi бұйымдары, парюфмерия, бағалы мех тауарларға белгiленедi. Келесi салық – акционерлiк қоғамдарға салынатын салық. Бұл салық акционерлiк қоғам ретiнде тiркелген кәсiпорындар, мекемелер, фирмаларға салынады. Бұл салықтың ставкасы Франция территориясында орналасқан барлық акционерлiк қоғамдарға бiрдей мөлшерде белгiленген салық ставкасы - 34%. Жеке тұлғалардың табыс салығы Франция мемлекетiнде прогрессифтiк әдiспен 0%-56% дейiн салынады. Жергiлiктi салықтардың iшiнде келесi салықтар ең негiзгi салықтарға жатады: құрылыс салынған учаскiге салық, құрылыс салынбаған учаскiлердiң жер салығы, тұрғын үй салығы, профессионалдық салық.Құрылыс салығын, учаскiлердiң жер салығы барлық қозғалмайтын мүлiкке, ғимараттар, құрылыс жүрiп жатқан жер учаскiлерiне және тағы басқалар белгiленедi.

Құрылыс салынбаған жер учаскiлерiн салығымен жерлер, ормандар жатады. Тұрғын үй салығы тұрғын үйлердiң иелерiмен қатар, олардың арендаторларынан да ұсталады. Профессионалдық салық профессионалдық қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар төлейдi. Бұл салықты есептеу үшiн 2 элемент көрсеткiшi жергiлiктi органдардың белгiлеген салықтық ставкiсiне көбейтiледi. Франция мемлекетiнде салық төлеушiлердi салық қызметi оргондарынан қорғау, салық салудағы табыстарын жасырғаны үшiн қатаң жауапкершiлiкпен теңдей байланыста жүргiзiледi. Мысалы, кездейсоқ табысын жасыру немесе декларацияны толтыру кезiнде қате жiберiлген жағдайда салық толығымен алынады және жылына 9% айыппұл төленедi. Егер табыс әдейi кемiтiлген жағдайда салық екi еселiк түрде салынады. Салық заңдылықтарын айтарлықтай бұзған жағдайда, заң бойынша қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылып, ол бас бостандығынан айыруға дейiн барады. Ұлыбританияда бюджет екi толықтыруы болады: мемлекеттiк бюджет және жергiлiктi бюджет. Бұл жалғыз бiркелкi бюджет жоқ. Жергiлiктi билiк оргондарының бюджетi формальды түрде жекеленген. Бюджеттiк жүйенiң басты түрi әсiресе Ұлыбританияда бұл мемлекеттiк бюджет. Осы арқылы мемлекеттiң шамамен жалпы ұлттық кiрiсi үлестiрiледi. Мемлекеттiк бюджеттiң құрылымы Ұлыбритания мемлекеттiк бюджетiн қаржы жоспары ретiнде де қарастырсада болады, оның iшiнде келе жатқан кезеңге экономикалық болжау және салық салымында болуы ықтимал өзгертулер бар. Ол екi бөлiмнен түрады. Қарыздардың мерзiмiн үзарту және ұлттық қор. Мемлекет бюджетiнiң қаржысының негiзгi бөлiмi осы шоғырлау қоры арқылы өтедi, оның iшiнде ағымдағы кiрiстер мен оларды шығындалуы көрсетiлген.

Қарыздардың ұлттық қоры - бұл ақша қаражатын жұмсайтын бюджет,шоғырлау қорының шығысқа қарағандағы кiрiс көлемiнiң ұлғайуы ұлттық қордың - табыс бөлiмiне қосылады. Егерде шоғырлау қорында дефицит болатын болса, ол қарыздардың ұлттық қордағы ссудаларымен өтеледi. Бұл сомма Үкiмет мемлекеттiк қарызды ұлғайтады. Бюджеттiң табыс бөлiмiнде салықтары қазiргi уақытта Ұлыбританиядағы мемлекеттiк бюджеттiң табысының 90 пайызын салықтар құрайды. Оның үстiне Ұлыбритания салықтарын қарастыру кезiнде өте мұқият болу керек, ол елдiң салықтары тұрақсыздығымен және кейбiр салық түсiмiнiң сәйкес келмейтiн баптарымен ерекшеледi. Ұлыбританиядағы кiрiс салығының құрылымы, табыс көзiне сүйене отырып бөлiктерге бөлiнген: жылжымайтын мүлiктiң табысы, мемлекеттiк облигациялар арқылы дивидендтерден алынатын табыс, шет елде жасалатын операциялар сауда табысы, зейнетақыдан алынатын табыс (13).

Сондықтан да бiз шет мемекеттердiң тәжiрибесiн талдай отырып, оны тиiмдi жүзеге асыра бiлуiмiз керек. Шет мемлекеттерiнiң жеткен нәтижелерiне бiздiң де жетуiмiзге болады. Сонда ғана бiздiң елiмiздiң әлеуметтiк қал- ахуалi жақсарады деп ойлаймыз


















Каталог: web -> uploads -> doc
doc -> Урок Воздушная оболочка Земли. Физика 7 класс. Учитель: Злобина Л. Л. Тема урока: Воздушная оболочка Земли. Вид урока: комбинированный Тип урока: изучение и первичное закрепление знаний
doc -> Конспект урока по биологии в 11 классе «Предпосылки возникновения учения Ч. Дарвина»
doc -> 2 Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару
doc -> I – Бөлім Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. 11 2
doc -> «Меңдiқара ауданы әкімдігінің білім бөлiмiнің Буденный орта мектебі» мм
doc -> Диплом жұмысы Мамандық 050102 «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі»
doc -> Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі
doc -> Час общения «Традиции и обычаи казахского народа»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет