Кіріспе Бюджет жүйесін басқарудың теориялық негіздері


Бюджет жүйесін қалыптастыруды талдау



бет3/3
Дата17.06.2018
өлшемі74,42 Kb.
#42546
1   2   3

2.Бюджет жүйесін қалыптастыруды талдау
2.1 Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау
2.2 Экономиканы мемлекеттiк реттеудегi бюджет жүйесінің алатын орны талдау


3.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары

3.1 Бюджет жүйесін басаруды жетiлдiру жолдары

Мемлекеттiк бюджеттiк түсiмдерiң соңғы жылдардығы,яғни 2006 жылы артығымен орындалғанымен оның iшiнде мүлiк, көлiк құралдар салықтары толығымен орындалмаған. Мүлiк және көлiк құралдар салығының толығымен орындалу үшiнм жергiлiктi жердегi мүлiк салығына тартылуға тиiс, барлық мүлiк және көлiк құралдар түгел есепке алынуы тиiс. Жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығының жұмысын жандандыру керек. Барлық заңды және жеке тұлғалардың мүлкi түгелдей осы орталықта тұруы тиiс.

Бұрын соңды салыққа қатысты заңдар бiр жүйеге түсiрiлмегенде оның үстiне аталған салық жүйесiнiң тұгелдей iргетасын қалаудан, яғни бәрiн жаңадан бастадық. Салық заңдарын дайындау, оны қалыптастыру, кез -келген мемлекетте болатын күрделi процесс. Өйткенi, онда қоғамның барлық тобының мүддесiн тепе-тең жағдайда қарастыру талап етiледi. Елiмiздегi салық заңдарының қалыптасуы қоғамдық түпкiлiктi реформалау уақыты мен түспа түс келедi. Осының бәрi жинақталып келiп, салық заңдарының көп жағдайда талас тартыс шеңберiнде өрбуiне әкеледi. Әу баста салық жүйесiнде жiберiлген кемшiлiктер де, қателiктер де жеткiлiктi болады. Оған үкiметтiң рүқсатымен салықтан босатылған ұйымдардың қызметi де өзiнiң зардабын тигiзбей қойған жоқ (27).

Қазiргi кезде экономика тұрақтады. Ең алдымен, ол негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң тұрақтануы мен, iшкi жалпы өнiмнiң өсуiмен сипатталады. Өндiрiстiк өнiмнiң өсуi де мұнайға дүниежүзiлiк бағаның өсуi де, салық жүйесiнiң бiр арнаға түсiрiлуiне ұйытқы болады. Бұрынғы кеңестiк елдер аумағында Қазақстан мен Ресейде iшкi өнiм өндiрiсiнiң көлемi бiртiндеп ұлғайып келедi. Қазақстан ТМД аумағында орташа айлық мөлшерi жағынан бiрiншi орынға шықты. Осы оң нышанды қалыптасқан жағдайлар жиынтығы жаңа Салық Кодексiн қабылдауға мүмкiндiк берiп отыр.

Салық кодексiнiң жобасын талқылау барысында Парламент депутаттары тарапынан әлеуметтiк салық пен қосымша құн салығына байланысты ұсыныс көтергендi. Әлеуметтiк салық 26%-21%, қосымша құнға салынатын салық ставкасы 20% 16% төмендетiлдi. Салықтық жүктеменi осылайша төмендету бiздiң елiмiзде реформаны жүзеге асырудан берi тұңыш рет қолданып отырғандығын айта кету керек. Әрине, бұл үлкен қадам. Өйткенi бұл кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қажеттi жағдай жасауға көмектеседi. Кәсiпкерлiктi қодап оларға жағдай жасасақ бюджетке түсетiн түсiмде ұлғаяды. Әлеуметтiк салық ставкасын төмендету еңбек ақы мөлшерiне де оңтайлы ықпал жасайды.

Салық кодексi кәсiпкерлiктi дамытуға да өзiндiк үлес қосатын болды. Бүрын салықтан жалтарғандар өте көп болғандығы жасырын емес. lшкi табыстың 40% жуығы өткен кезеңде көлеңкелi экономикаға жұмыс iстегенi де белгiлi. Сол себептен қабылданғалы отырған кодекстiң бiр ерекшелiгi, салықтан жалтарғандарды айқындап отырады. Салық жинау тәсiлдерiн жетiлдiру жолдарында енгiзетiн тағы да бiр өте маңызды жаңалық, декларация экономикалық қызметтiң кодтары көзделген және салық төлеушiлер кәсiпорын қызметiнiң үш түрiнiң проценттiк арақатынасын көрсетуге тиiстi болады. Мысалы, металлургия кәсiпорны металлургия өнiмдерiн шығарады, мұнымен қоса, онда жолай химия өндiрiсi және машина жасау өнiмдерiн шығарудың қандай да бiр түрi бар. Экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi туралы мәлiметтер бұларды одан әрi электрондық өңдеу мен талдау үшiн ақпарат легiне жиналатын болады. Осы мәлiметтердi талдау негiзiнде экономикалық қызметтiң нақтылы түрiне тән салық жүктемесiнiң деңгейi, жалақы көлемi, капитал көлемi,айналым көлемiне қосымша құнға салық үлесi және басқалары сияқты орталандырылған өлшемдер айқындалды.

Мұның өзi салық әкiмшiлiшгiнiң бүкiл жүйесi мен салық тексерулерi тәртiбiн түбiрiнен өзгертетiн немесе мүлде жаңа құбылыс, яғни мәнi мынада: белгiлi бiр қызмет саласындағы кәсiпорыннның өлшемдерi орташа немесе орташадан жоғарыға жақын болса, онда мұндай кәсiпорынды салық органдары ең болмағанда бiрiншi кезектегi тәртiппен тексермейдi. Іызметтiң осы саласы үшiн қабылданған орташадан төмен көрсеткiштерi бар кәсiпорындар салық тексерулерiне жатқызылады және экономикалық қызмет түрлерi бойынша декларацияларды электрондық талдау ұқыпты және ұқыпсыз салық төлеушiлер арасындағы беделдi неғұрлым дәл айқындауға мүмкiндiк бередi. Яғни жүйе былайша көрiнiс табады: салық төлеушiнiң қызмет салалары бойынша орташаландырылған өлшемдерге қатысты оның салық төлемдерiнiң мөлшерi көп болған сайын салық инспекторы соншалық сирек, мүмкiн бiрнеше жыл iшiнде тексеруге келедi. Осыған байланысты қызмет сапалары бойынша тоқсандық, жарты жылдық және жылдық ағымдағы орташаландырылған өлшемдердi жариялап отырған тиiмдi. Мұндай шаралар ұқыпсыз салық төлеушiлердiң бизнестi неғұрлым адал жүргiзуiне итермелейдi.

Осының бәрi салық төлеушiлердiң қалыптасқан ортасын салық мәдиниетiн арттыру жағына қарай байыпты түрде өзгертуге тиiс және салық есептiлiгiнiң электрондық талдауы фискалдық саясатты жүргiзуге байыпты түрде әсер ете алады. Ол уақыттың қысқа аралығында сол немесе өзге салық көрсеткiшiнiң кәсiпорындардың экономикалық жағдайына және бюджетпен өзара есеп айырысуларына әсер етуiн бағалауға мүмкiндiк бередi.

Жаңа жүйенi енгiзуге орай келешекте мемлекеттiк бюджетке түсiмдер көбеюге тиiс және нәтижесi ретiнде – барлық салық төлеушiлер үшiн салық жүктемесi одан әрi азайтылмақ. Салық кодексi шеңберiнде енгiзiлетiн тағы бiр жаңалық шот фактуралар тiзiмi болып табылады (28).

Таяудағы уақытта заң жүзiнде тiзiм нысаны енгiзiлмек. Іазiр бұл құжат Қазақстан Республикасы әдiлет министiрлiгiнде құқықтық сараптама мен тiркеуден өтуде. Ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн салық органдары шот—фактуралар тiзiмдерiнiң есебiн жүргiзетiн болады. Бұл жүйе қосылған құн салығына қатысты әкiмшiлiк жүргiзудi жақсартпақ. Тiзiмде әрбiр шот—фактурада тiркелген мынадай деректер көрсетiледi: төлеушiнiң атауы, СТТН, тауар түрi, өткiзу көлемi, қосымша құнға салық және басқалары. Осынау тiзiмдердiң бәрi қағазбен, сондай-ақ электрондық түрiнде қабылданатын болады. Осыдан кейiн барлық тiзiмдер арнайы машинаға салынады және компьютерлiк өңдеу көмегi мен әр түрлi айқындамалар бойынша жанаспаушылық анықталмақ.

Сонымен қатар, әр түрлi төлем көздерiнен келетiiн азаматтардың кiрiстерiн есепке алудың электрондық жүйесi және бұл кiiрiстерге салық салудың тәртiбi. СТТН бар жеке адамдар туралы мәлiметтер есепке алу жүйесiнде тiркелетiн болады және салық кодексiне сәйкес жеке адамның алған кiрiстерi мен төлем көзiнен төлеген салықтары туралы барлық деректер электрондық түрде салық органдарына берiлмек. Есепке алудың осынау жүйесi жеке табыс салығына, сондай-ақ әлеуметтiк салыққа бақылау жасаудан басқа зейнетақы аударымдарына да бақылауды жолға қоюға мүмкiндiк бередi, өйткенi қазiргi кезде зейнетақы жарналарын уақтылы және дұрыс есептеуге сыйатын күрделi проблемалар түр, болашақта салық әкiмшiлiгiiн жүргiзу саласында келешекте енгiзу жоспарланып отыр және басқа да жаңа енгiзiлiмдер болады (29).

Нарықтық қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономикалық әсер етушi құрал ретiнде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан әлеуметтiк процестерге әсер ететiн негiзгi реттеушi ретiнде пайдаланады.

Салықтар өте к үштi әлеуметтiк құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз бағыттарында пайдалану керек. Салықтық заңдылықтардың принциптерiн сақтау керек. Ал мұның барлығы салықтық инфрақұрылымды құрайтын салықтар туралы, салық салу, салық жүйесi туралы және тағы да басқалар ғылыми негiзделген бiлiмдi қажет етедi.

Мемлекеттiң экономикасын көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Іоғамның тарихында салықтық формаларымен әдiстерi мемлекеттiк сүранымды және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге үшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге ролi де өзгерiп отырады. Тауар-ақша қатынастары неғұрлым дамыған елдерде салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi. Қай мемлекетте болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады. Бұл бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк салығын акциздердiң және басқа да салықтардың мәнiн арттыру. Ұқсас жағдайларда салық салудың шамамен тең тәртiбi қолданылатын болады.

Салық салу механизiмi кез-келген экономикалық жүйенiң күрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi. Кез-келген елде, мемлекет шығындары мен салық салу мәселелерiне өте көңiл бөлiнедi. Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты рол атқарады да, экономиканы басқарудың к үштi ынталандырушы құралы болып келедi.Әсiресе, олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады. Сондықтан салықтарды төлеу - төлеушiлер үшiн онша қызық iс болып келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады.

Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие-қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп, мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.

Қазiргi кездегi жағдайларға салықтардың мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен қаматамсыз ету шекарасынан шығып отыр. Ендi, салықтар ұлттық табысты мемлекеттендiрудiң маңызды құрамы бола бастады. Олар макроэкономикалық реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi ұлттық табыстың жалпы көлемiнде салықтық төлемдердiң салыстырмасы мөлшерiнiң өсуiн қамтамасыз етiп отырады. Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерге де әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әркет ете отырып, мемлекет капиталының қорлауына асқан ықпал етедi. Сондай-ақ салықтық реттеу шаралары әртүрлi салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруна ықпалын тигiзедi (30).

Үкiметiмiздiң алдында тұрған мiндет ол тұрақты қабылданған заңдардың негiзiнде қаржы жүйесiн тез арада қалпына келтiрiп, ондағы салық арқылы түсетiн түсiмдердi реттеп, олардың дұрыс бөлiнуiн қамтамасыз ету болып табылады және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы ролiн атқаруы қажет деп тұжрымға келемiн. Олар кәсiпкерлiкке деген ынтаны тежеу механизiмi болып келемей, керiсiнше оның тиiмдi әрекет етудiң қосымша, бiрден бiр фактордың ролiн атқаруы қажет. Сондықтан бiздер салықтар жүйесiн жақсартуда әрқашан қарапайым және баянды принципiн естен шығармауымыз қажет.

Салық төлеушi және жинаушы салық төлеу процесiнде белгiлi бiр қарым-қатынасқа түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi болса, соғұрлым салықтық жиналу денгейi де жоғары болады. Салық жинауына әсер ететiн объективтi және субъективтi жағдайлар бар. Олар: өндiрiс қаржысының ұтөмендеуi, кәсiпорындар мен мекемелер арасындағы төлемақылар дағдарысы, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң төмендеуi, салық салу нормаларын бұзу, салық жүйесiндегi қызметкерлердiң жалақысының аздығы тағы басқалар. Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады. Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң өз салық кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әр-түрлi болып келедi. Экономикалық iс-шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы жүзеге асырады. Оның тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.

Кiрiс пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе бүтiн өндiрiс түрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрiнен бүтiндей босату қолданылады. lскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне жеңiлдетiлген салық жүйесiн пайдалану, экономика мемлекеттiк реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы, мерзiмдi амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мүдделiк қарым-қатынасқа өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына қатысты- салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен салық кеңiстiгiнде елеулi қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда.

Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай қамқорлық пен қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жүгендерге салық әмiрiн пәрмендi қолдануда қиыншылық тудырады. Оның үстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден б ұлтару үшiн арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция түрiнде жататын салық каникулының ұлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, түбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр.

Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн 85-90% салықтар мен салықтық емес түсiмдер құрайды. Салық салудағы күрделi жағдайларды ескере келе, салық салуды жүйелi жолға қою қалыптасқан проблемаларды шешу үшiн келесiдей шаралар ұсынылады:

- салық қызметiн қатаң бақылауға алу;

- салық қызметкерлерiнiң құрамына тиiмдi өзгерiстер жасау, яғни бiлiктi мамандарды саралап алып, олардың ешбiр алаңсыз жұмыс iстеуiне моральдiк-материалдық жағдай жасау;

- салықтық органдары салық төлеушiлерiмен интенсивтi байланыс орнату қажет, сондай—ақ салық төлеудегi ынталандыру шараларын қолданған жөн;

- ең бастысы ауылшаруашылығы өндiрiстiк-өнеркәсiп және орта, кiшi кәсiпкерлiкке барынша қолайлы жағдайлар туғызу, мәселен ауылшаруашылығын жолға қою соласындағы салық төлеушiлерге белiглi бiр салық жеңiлдiктерiн беру;

- Салық мәдениетiн түзелдiру қорын жедел iске қосу керек. Ол үшiн ағартушылық, тәрбиелiк және зерттеушiлiк бағыттары жүргiзiлуi қажет. Мұнда тәрбиелеу шаралары балалар мен жас өспiрiмдер арасында жүргiзiледi. Шаралардың мiндетi- жеткiншектердiң келешекте салық төлеушi Қазақстанның азаматы ретiнде әлеуметтiк мақсатқа бағдар беру, сөйтiп оларды өркениеттi қоғамда жұмыс iстеуге даярлау. Қорды түзу мақсаты - Қазақстанға салық мәдениетiн түзiлдiру процесiн белсендi түрде ықпал ету.



Қорытынды
Қазақстан Республикасының дамуының негiзгi принциптерiнiң бiрi ҚР бюджет құрылымын жетiлдiру. Яғни, бюджет құрылымындағы өзгерiстермен, кiрiс шығыс арасындағы айырмашылықтарды ескере отырып, бюджет тапшылығына тиесiлi шаралар мен әдiстер қолдану.

Өркениеттi iрi мемлекеттердiң экономикалық даму деңгейлерi олардың жан-жақты жетiлдiрiлген, тиянақты да, қолданбалы салық заңдары жүйесiне “күштi салық заңы- күштi мемлекет” қағидасына байланысты екенi белгiлi.

Елiмiз экономикалық дамудың нарықтық бағытына бет алған кезеңнен бастап-ақ Республика Президентi салық мәселесiне үлкен маңыз берген едi. Өйткенi, бұрынғы Кеңестiк жоспарлы экономиканың салық жүйесi нарықтық қатынастар заңдылықтары талабынан шыға алмады. Бұл заңды да құбылыс. Қайта құру кезiнде салық жыл сайын, кейде халық шаруашылығындағы күрделi дағдарыстар мен әр түрлi әлеуметтiк орталардың қысымына байланысты, жылына бiрнеше реттен де өзгерiске үшырап отырады. Түрлерi көбейiп, мөлшерi, мерзiмi сан түрлi құбылып, қайшылықтарға түскен салық ережелерi салық төлеушiлердiң де мүддесiн қорғаудан қалды.

1991 жылы елiмiз тәуелсiздiк алып, өз алдына егемендi мемлекет болған жерде шүғыл мерзiм iшiнде дербес экономикалық реформалар жасау мiндетi алда тұрды. Сондай iрi өзгерiстер енгiзетiн экономиканың басты тармағының бiрi- салық жүйесi болып саналды. Осы мақсатта Салық кодексi дайындалып, қабылданды. Мұндай саяси-экономикалық мәнi зор заңды құжатты жасап шығуға Мемлекеттiң салық комитетiнiң мамандары, заң қызметкерлерi мен шетелдiк сарапшылар зор күш салды. Демек, бұл заң қабылдаудан бұрын үлкен сарапқа түстi деген сөз. Республикамызда Салық кодексi тұңғыш рет қабылданып отыр. Ең бастысы, алдымызда үлкен бағыт бар, салық түрлерi бұрынғыдан да азайды. Салық кодексiн қабылдаудағы басты мақсат – салық төлеушiлерге түсiп отырған қысымды төмендету, салық қатынастарын реттеу, бюджеттiң табысты бөлiмiн қамтамасыз ету.Әрине, заңды қолдану барысында алғашында кемшiлiктер болды. Дегенмен, бұл заң республикамыздың салық қызметiнiң халықаралық қағидаларға көшуiне негiзгi себеп болады деген сенiм бар. Халықаралық нәтижелерге сүйенсек, нарықтық қатынастарға көшкен әрбiр елде де осындай заң қабылданған. Бұл- салық жүйесiн жетiлдiрудiң бiрден-бiр жолы.

Қазiргi кезде экономика тұрақтады. Ең алдымен, ол негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң тұрақтануы мен, iшкi жалпы өнiмнiң өсуiмен сипатталады. Өндiрiстiк өнiмнiң өсуi де мұнайға дұниежүзiлiк бағаның өсуi де, салық жүйесiнiң бiр арнаға түсiрiлуiне ұйытқы болады.

Елiмiздiң әлемдiк аренаға танылып қабырғасы қатайып келедi. Мемлекеттiгiн нығайтуда үлкен шаруалар атқарып та жатыр.

Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлға үлкен табыс табуға ұмтылатын болса, онда өнеркәсiптiң қайта төлеуiн, кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни жұмысшылардың табысынан бюджетке кiрiстiң көбеюiн, салық көлемiнiң де нақты өзгерiстерге үшырап, әлемдiғк қауымдастықтың дамыған мемлекеттерi ұмтылып отырған биiктерге жететiндiгiмiзге күмәнiм жоқ. Шегерiстерге салық салу теориясының фискальдық маңыздылығы көзқарасынан қарайтын болсақ, мынаны айтып өткен жөн. Егер де кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы жеке тұлғаның қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижесi бойынша табысы болмаса да шығындары болады, яғни мемлекетке әрқашанда неден салық алатыны белгiлi болады.

Дамыған елдердiң салық саясатының ерекшелiгi кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы тұлғалардың салық ставкаларын төмендету болып табылады. Егер салық ставкалары төмендетiлсе бюджетке төленетiн түсiмдердiң бiразы азаяды, бiрақ салық салынатын базаның үлғаюына әкелiп соқтырып, кейiннен төленетiн салық мөлшерi де көбейедi.

Салық төлеушi және жинаушы салық төлеу процесiнде белгiлi бiр қарым-қатынасқа түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi болса, соғұрлым салықтық жиналу денгейi де жоғары болады. Салық жинауына әсер ететiн объективтi және субъективтi жағдайлар бар. Олар: кәсiпкерлiк iс-әрекетпен айналысушы жеке тұлғалардың қаржы көздерiнiң төмендеуi, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң төмендеуi, салық салу нормаларын бұзу.

Мемлекеттiң экономикасын көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Іоғамның тарихында салықтық формаларымен әдiстерi мемлекеттiк сүранымды және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге үшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге ролi де өзгерiп отырады.

Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады. Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң өз салық кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әр-түрлi болып келедi.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Салық кодексі 2001 жыл( 2007 жылғы өзгертулер мен тлықтыруларды қоса алғанда)

2. Аманбеков Б “Бюджет есептерi” Қазақстан қаражаты-1999 жыл. N8.

3. Амрекулов Н “Қаржы жүйесiн ұйымдастыру және бюджет жүйесi” Т.Экономика –2004 жыл.Оңтүстiк Қазақстан облысының және Қазақстан республикасының статистикалық мәлiметтерi.

4. Бюджет жүйесi туралы: Қазақстан Респубикасының Заңы.-Алматы: Юрист, 2006.- 8 б.

5. Аблиакимов К Бюджет-1999. “Баға және талдау” Іазхстанская правда 1998 жыл N12 .

6. А.И. Худяков, Н.Е. Наурызбаев. Налоги: понятие, элементы, установление, виды. Алматы 1998г. ТОО Баспа.

7.Юткина Налоги и налогооблажения. Учебник.- Москва: Инфра, 1999.-224с.

8. Бабкина С. Новая налоговая политика: Финансы Казакстана.- 1999-N6, с 20-22.

9. Бухгалтерлiк бюллетенi, 2004ж, 1999ж N1-12

10. Аблиакимов К Бюджет-1999. “Баға және талдау” Казхстанская правда 1998 жыл N12 .

11. Салық жинауда салғырттық болмасын. І. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.

12. Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2004ж.

13. Жүнiсова Н.А Бюджет саясаты. Саясат-2005-1.

14. Жанибеков С. Бюджеттiң орындалуын қалай көтеру керек. Қазақстан қаржысы1999 жыл N8 .

15. Мемлекеттiк салық саясаты Заң газетi. 1999 жыл 3 желтоқсан.

16. Бюджетке жаңаша қарау қажет. Қаржы-ақпарат.- N5- 03.2006

17. Салық және бюджет саясаты Қазақстан ХХI ғасырға жол 2004 ж. N2

18. Салық- халық несiбесi Еегемендi Қазақстан, 2004ж.1 қазан

19. Салық бюджеттiң қайнар көзi// Заң газетi 2004 жыл шiлде.

20. Облыс бюджетiнiң басты бағыты. Оңтүстiк Қазақстан N81.29.06.2006.

21. Бурабаева О. Б., Ермекбаев Б. Ж. Жергiлiктi салықтар мен алымдар: Оқу құралы. – Алматы 1998 .

22. Бурабаева О. Б., Ермекбаев Б. Ж. жергiлiктi салықтар

23. Бухгалтерлiк бюллетенi, 2004ж, 1999ж N1-12

24. Гражданский кодекс РК- Алматы- Қаржы-қаражат.

25. Дуканич Л.В. ''Налоги и налогообложение'' Ростов-не-Дону Феникс 2006г.

26. Деловой мир Казахстана –2004г. N3,с 20-22.



27. Дамудың бiр кепiлi салық Заң және заман 2004 ж. N4 47-51б.
Каталог: web -> uploads -> doc
doc -> Урок Воздушная оболочка Земли. Физика 7 класс. Учитель: Злобина Л. Л. Тема урока: Воздушная оболочка Земли. Вид урока: комбинированный Тип урока: изучение и первичное закрепление знаний
doc -> Конспект урока по биологии в 11 классе «Предпосылки возникновения учения Ч. Дарвина»
doc -> 2 Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару
doc -> I – Бөлім Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. 11 2
doc -> «Меңдiқара ауданы әкімдігінің білім бөлiмiнің Буденный орта мектебі» мм
doc -> Диплом жұмысы Мамандық 050102 «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі»
doc -> Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі
doc -> Час общения «Традиции и обычаи казахского народа»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет