Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны


Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы



Pdf көрінісі
бет6/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар
Қазақ әдебиеті методикасы 4 семинар
Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы. 
Стилистиканы түр-түрге тарамдағанда, басшылыққа алатын принцип оның негізгі зерттеу 
бағыттары болуға тиіс. 
Стилистикада ең басты назарда болатын екі бағыт бар. Олардың бірі – мәтіннен тысқары 
стилистикалық ресурстар ( мүмкіндіктер). Бұл аспектіні тіл ресурстары стилистикасы деп те 
аталады. 
Зерттеу нысандарының (объектілерінің) ауқымына, көлеміне байланысты жалпы стилистика, 
салыстырмалы – салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика және дара (индивидуалдық) 
стилистика болып бөлінуі. 
Жалпы стилистика тілдің қай топқа, қай класқа жататынына қарамастан, тіл атауларына ортақ 
стилистикалық пробремалар мен мәселелерді қозғайды.Лингвистикалық стилистиканың 
анықтамасы, басты ұғымдары мен категориялары, әр түрлі топтарға жіктелуі. 
Салыстырмалы – салғастырмалы стилистика әр тілдің ярустарында ұлттық өзгешеліктердің 
болатыны сияқты, тілдік құралдардың қолданылуына да бір заңдылыққа бағына бермейтіндігі 
туралы.Стилистиканың салыстырмалы және салғастырмалы түрлері,ұқсастықтары мен 
айырмашылықтары.



Екі сөзден біріккен атауды (салыстырмалы - салғастырмалы) контрасивтік стилистика 
қатарына жатқызушылық. Контрасивтіліктің жайы сәл басқаша екенін айта кету жөн болар. 
Мұндайй жағдайда көбіне – көп салыстырылып немесе салғастырылып отырған тілдердегі стильдік 
құралдардың жұмсалу реттерінде айырмашылықтарға, қарама-қайшылықтар мен қарама-
қарсылықтарға көбірек көңіл бөлінеді де, олардың арасындағы жақындық пен ұқсастықты зерттеуді 
басқа ізденушілердің міндеті болып саналуы. 
Салыстырмалы стилистика мен салғастырмалы стилистиканың бір-бірінен айырымдарына 
келетін болсақ, мынадай жайды ескеру қажеттілігі.Салыстырмалы стилистикада туыстығы алыс 
тілдердің стилистикалық немесе стильдік құбылыстары жарыстырыла сөз болады.Мәселен, 
ағылшын тілі мен қазақ тіліндегі бірыңғай мүшелердің стилистикалық қызметі немесе неміс тілі 
мен қырғыз тіліндегі зат есім сөздердің қолданылысы т.с.с. зерттеу жұмыстары осы салаға жатқыза 
отырып зерттеу әдістері. 
Салғастырмалы стилистика туыстығы жақын тілдердің фактылары негізінде стлистикалық 
зерттеу жұмыстарын қамтитындығы. Мәселен, қазақ және қырғыз тілдеріндегі сын есімнің 
стилистикасы немесе түрік және әзірбайжан тілдеріндегі сөздердің орын тәртібінің қолданылуы 
т.с.с. мәселелер туралы зерттеу еңбектердің маңызы.
Салыстырмалы –салғастырмалы деп қоса –қабат айтылуы да тегін емес. Бұл салада да 
зерттеулер баршылық. Мәселен, неміс, иқырғыз және қазақ тілдеріндегі синонимдердің 
стилистикалық қызметі немесе ағылшын, француз және өзбек, түрік тілдеріндегі метафоралардың 
қолданылуы жайлы сөз болатын зерттеулерді осы тұрғыдағы еңбектер. Ол арқылы ұлттық стильдік
жүйенің ероекшеліктерін анықтау қажеттілігі.
Ішінара стилистика нақтылы бір ұлт, халық тіліндегі стилистика мәселелерін көтереді.
Қазіргі пайдаланып жүрген қазақ, өзбек, қырғыз, орыс, неміс тілдері стилистиканың оқулықтары 
мен іргелі зерттеулер мұның мысалы болып табылады. 
Дара немесе индивуальдық стилистика деп аталып жүрген стилистиканың түрі жеке 
автордың, жеке шығарманың немесе жеке жанрдың стилистикасын зерттеу нысаны болуы. 
Мәселен, М.Әуезовтің стиліне арналса немесе оның бір шығармасына , айталық. «Қорғансыздың 
күніне» арналса, ол ізденістен осы бағыттағы зерттеу жұмысы болғаны. Сондай –ақ кеңсе 
қағазының тіл туралы, бір ғалымның монографиясының тіліне қатысты т.с.с. жөніндегі үлкенді –
кішілі стилистикалық еңбектер осы салаға жататын қарастыру. 
Лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын айқындайтын ең басты түрлері – 
функциональдық стлистика мен тіл ярустары стилистикасы. 
Функциональдық стилистиканы екінші бір ретте қолданыс тілі стилистикасы (стилистика 
речи) деп те атайды. Қалай болғанда да, стилстиканың бұл түрінің басты бағыты – шығарманың, 
мәтіннің құрылымы ондағы тілдік құралдардың орнымен қолданып, тыңдарманға немесе 
оқырманға ойды мүлтіксіз жеткізуді қадағалау. Шығарманың (бұл жеке шығарма ұғымының 
барынша кең мағынада екенін еске сала кетейік) болмысында саналы немесе кездейсоқ ауытқулар, 
қателіктер бола беруі әбден мүмкін. Функциональдық стилистика мәселенің бұл жағына да назар 
аударады, демек, ол олқылықты қалай толтырудың, кешің тұстарды қалай түзеудің жолдарын 
көрсету қызметі қарастырылады.
 
Функционалдық стилистика өз ішінде стильдер жүйесі бойынша жіктеледі:
Ауызекі сөйлеу стилі. 
Ресми стиль. 
Ғылыми стиль. 
Публицистикалық стиль. 
Көркем әдебиет стилі (тілі) 
Тіл ресурстары стилистикасын бұдан сәл ықшамдап, тіл стилистикасы деп те атап жүр. 
Стилистиканың бұл түрінің басты бағыты – сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі 
стилистикалық қызметін айқындау. 
«Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы.функционалдық стиль және экспрессивтік – 
эмоционалдық стиль, олардың арақатынасы. Функционалдық стильдерді жіктеуге қатысты 
әртүрлі ғылыми көзқарастар. Функционалдық стильдің түрлері.
Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері, бейресми ауызекі сөйлеу шағын стилі.
Ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық-интонациялық ерешеліктері. Ауызекі сөйлеу стилінің
лексикасы мен фразеологиясы. Ауызекі сөйлеу стилінің лексикасы мен синтаксисі. 
Ауызекі 
сөйлеу 
стилінің 
мәдениеті. 
Ойдағыдай 
қарым-қатынас 
жасаудың 
шарттары(коммуникативтік қажеттілік, әңгімелесушінің көңіл-күйі; тыңдаушының айтушы 


10 
көңілін түсіне білуі; айтушының әңгіме нысанын жеткізе алуы; сөйлеу кезіндегі сыртқы жағдай; 
сөйлеушінің сөз әдебін сақтай білуі т.б). коммуникативтік сәтсіздіктердің себептері 
(коммуникативтік ортаның ықпалы; әңгімелесушілердің арасындағы сәтсіздік; сөз арасындағы 
қисынсыз ескертпе т.б.) коммуникативтік мақсат, сөйлеу стратегиясы мен тактикасы тәсілдері. 
Тілдік қарым-қатынастың жанрлары (ақылдасу, әңгімелесу, талас, әңгіме, тарих, хат, күнделік, 
т.б.) тілдік қатынастағы әдеп. 
Ауызекі сөйлеу стилінің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері. 
Ресми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ресми стильдің шағын түрлері; таза заң шағын ресми 
стилі, кеңсе қағаздары шағын ресми стилі; дипломатиялық шағын ресми стиль. 
Ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясы. Ресми стильдің морфологиясы мен 
синтаксисі, 
Ресми стиль элементтерінің ресми қарым-қатынас аясынан тыс жерлерде қолданылуы. 
Ресми стиль мәдениеті. Құжат мәтіндерінің мәтіндік нормалары. Ресми сөз нормаларының 
динамикасы. 
Ғылыми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ғылыми стильдің шағын түрлері: таза ғылыми стиль, 
ғылыми – оқулық шағын стилі, көпшілікке арналған шағын ғылыми стиль. 
Ғылыми стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері. 
Ғылыми стильдің мәдениеті. Арнаулы категориялар мен ұғымдарды білдірудің құралдары. 
Ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктері. 
Терминологиядағы норма және оған қойылатын негізгі талаптар (мазмұнға сәйкестігі, 
дәлдік; бір мағыналылық синонимі болмайтындығы; қысқалық; т.б.). норманың кәсіби 
варианты. Терминдердің қалыптасуы; стандарттағы және сәйкестендірілуі. 
Академиялық сөйлеу кезіндегі және лекция оқу үстіндегі шешендік өнер. 
Публицистикалық стильдің шағын түрлері: саяси-насихаттық шағын публицистикалық 
стилі; таза публицистикалық шағын стилі; газет шағын публицистикалық стилі; газет 
тілінің өз ішіндегі жүктелетіндігі (бас мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, т.б.) 
Публицистикалық стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері. 
Публицистикалық стильдің фонетикасы. Публицистикалық стильдің лексикасы мен 
фразеологиясы. Публицистикалық стильдің морфологиясы мен синтаксисі.
Публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі. Публицистикалық стиль және көркем 
әдебиет тілі. 
Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық өрісі мен ақпараттық нормасы. Сөйлеу 
мәнерлілігінің құралдары. 
Көркем әдебиет стилі. Жалпы сипаттамасы. Көркем әдебиет стилінің түрлері. Көркем 
әдебиет стилі туралы көзқарастар. Көркем әдебиет тілінің эстетикалық қызметі. 
Көркем әдебиет тілі мен әдеби тіл. Көркем әдебиет тілі мен ауызекі сөйлеу стилінің 
арақатынасы. Көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильдің арақатынасы. 
Көркем әдебиет стилінің көп стильдік болып келетіндігі. Шығарманың көркем жүйесі. 
«Автор бейнесі» туралы түсінік. Көкем әдебиет тілін зерттеудің аспектілері.
Көркем әдебиет тілінің әдебиеттің жанрларына байланысты әр түрлі көрінісі.
Көркем әдебиет тілінде диалектизмдер мен кәсіби сөздердің қолданылысы. Көркем 
шығармадағы архаизм мен историзм. Табу мен эвфемизмнің көркем шығармадан алатын 
орындары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет