Кіріспе Етістікті мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері 1


Ой шақыру. Мағынаны тану



бет2/3
Дата13.08.2017
өлшемі456,62 Kb.
#23598
1   2   3

Ой шақыру.

  • Мағынаны тану.

  • Ой толғаныс.

    Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ бұлар бір-бірімен өзара өте тығыз байланысты болып келеді.


    1. Ой шақыру кезеңі.




    Мұғалімнің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Қолданылатын әдістер /стратегиялар/

    Оқушының көсемше жайында не білетінін анықтау, белсенділігін арттыру, алдағы жұмысқа қызығушылығын ояту.

    Оқушы бұрын білетіндерін еске түсіреді, оны жүйелейді, өз ойын көршісімен бөлісіп ортаға салады және көсемше жайлы болжамдар жасап, сұрақтар қояды.

    • Кесте стратегиясы.

    • топтастыру стратегиясы,

    • сұрақ стратегиясы. т.б.




    1. Мағынаны тану кезеңі.




    Мұғалімнің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Қолданылатын әдістер /стратегиялар/

    Оқушы қызығушылығын сақтау, көсемше туралы бұрынғы білетіндері арқылы біртіндеп жаңа білімді игеру;

    Оқушы көсемше туралы кітаптағы мәліметті оқиды, тыңдайды. Әр түрлі белгілер қойып, оны талдайды, жазбаша жұмыс түрін жүргізеді, көптеген тапсырмалар орындайды, яғни жаңа білімді өзі игеруге тырысады, әрекет жасайды;

    • сұрақ стратегиясы.

    • күнделік стратегиясы,

    • джик со т.б.


    1. Ой толғаныс кезеңі.




    Мұғалімнің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Қолданылатын әдістер /стратегиялар/

    Оқушының сабақтың басында жасалған жұмысына қайтып келіп, оны толықтыру, өзгеріс енгізу;

    Жаңа ақпарат арқылы бұрын білетінін толықтыру, яғни не үйренгенін саралау;

    • синквейн стратегиясы.

    • кесте арқылы

    • эссе стратегиясы т.б.

    Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – дамыта оқыту жүйесінің барлық қағидаларын ескереді. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:



    1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

    2. Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

    3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

    4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

    5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.

    6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

    7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

    Ал оқушылар осыған байланысты:

    • сенімділікпен жұмыс жасау;

    • бар ынтасымен оқуға берілу;

    • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

    • өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

    Тек сонда ғана олар:

    • Мен көсемше туралы не ойлаймын?

    • Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрыңғы көсемше туралы білетініме сәйкес пе?

    • Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

    • Маған бұл ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

    Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы көптеген стратегиялардан тұрады. Бұл әдістердің өзіндік қолдану ерекшеліктері бар. Сол әдістердің қайсысы көсемшені оқытуға тиімді екенін қарастырып көрейік:

    1. Кестелер стратегиясы.

    Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстарды графикалық бейнелеу. Бұл әдістің бірнеше тәсілі бар.




    1. Синтез кесте.
    Сабақтың «ой шақыру» кезеңінде мұғалім оқушыларға осы сабақта өтілетін тақырыпты және қарастыратын сұрақтарды хабарлайды. Берілген ақпарат бойынша оқушылар бүгін өтілетін тақырыппен /көсемшемен/ жұмыс істеу барысында кездесуі мүмкін және осы тақырыптың мазмұнын ашады – ау деген сөздермен мына кестенің 1-ші бағанын толтырады.


    Көсемшенің мазмұнын ашатын негізгі сөздер

    Негізгі сөздермен байланысты фразалар

    /Тақырыптан көшірме/



    Мен үшін бұл ой неліктен маңызды.

    Тақырыпты өткенге дейін

    1

    2



    3

    Тақырыпты өткеннен кейін

    1

    2

    3










    Кестенің қалған бағандарын «Көсемшемен» танысқаннан кейін «Мағынаны тану» кезеңінде толтырады.

    II. Екі түрлі түсініктеме күнделік стратегиясында оқушы тақырып бойынша өз ойын жазбаша білдіреді.

    Мынадай тапсырмаларды орындайды.

    1/

    Бұл тақырып бойынша маған не белгілі еді?

    Сабақтан мен қандай жаңа ақпарат алдым?








    2/

    Ережеден үзінді

    Үзінді туралы пікір


    «Тақырыптан үзінді» бөліміне оқушы өзіне әсер еткен, ұнаған тұстарын немесе керісінше қарсы пікір тудыратын, кейде келіспейтін тұстарын жазады. Ал келесі бағанға оқушы – ережеден келтірген үзінді туралы өз пікірін білдіреді, яғни ол тұс несімен әсер етті, нені еске түсіреді, жалпы себебін түсіндіреді. Күнделік жазғаннан кейін жұпта талқылау, топпен ой бөлісу жұмысын жүргізуге болады.

    3/ Үш түрлі түсініктеме күнделігі


    Ережеден үзінді

    Осы үзінді маған несімен ұнады?

    Мұғалімге сұрақ










    Бұл әдіс арқылы оқушы ережемен ғана емес, сонымен қатар, оқығаны туралы мұғаліммен де бөліседі. Күнделікті жазу арқылы оқушы көсемшені өзі меңгереді, өзі игеруге әрекет жасайды. Ережені оқи отыра, күнделіктің нақты тапсырмаларын орындау нәтижесінде оқушының ойлау әрекеті туындайды. Ол ережеден не үйренгенін және оған әсер еткен тұстарды, әсердің себеп – салдарын түсіндіруге тырысады.

    Мұғалім өз шеберлігіне қарай күнделіктің басқа түрлерін де ұйымдастыруға болады. Күнделік жазу әдісін «Мағынаны тану», «Ой толғаныс» кезеңдерінде қолданамыз.
    III. Сұрақтар стратегиясы.
    «Біреу алаларға сұрақ қоюды үйрететін кітап жазса ғой, сонда ол нағыз педагогика болар еді»

    С.Соловейчик

    Тақырып бойынша екі түрлі сұрақ қойылады. Бірі – күрделі, екіншісі – жеңіл. Оқушыға сұрақ қоюды үйретудің маңызы зор. Сұрақ неден туады? Қызығушылықтан, білмегендіктен, біреулерді тексеру үшін т.б. Сұрақ – ойдан туады. Өз тыныштығын қалаған, ешнәрсеге қызықпаған адам сұрақ қоймайды, өйткені сұрақ – ойымызды мазалауы мүмкін. Қандай сұрақ қоямын, қалай қоямын? т.б. Сұрақ қою әдісін сабақтың үш кезеңінде де қолдануға болады.





    1. Венн диаграммасы стратегиясы.

    Айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуінің ортақ сипаттары тізіледі. Венн диаграммасын «Мағынаны тану» бөлімінде қолдану тиімді.









    1. Топтау стратегиялары.

    Тақырыптың мазмұнын ашатын негізгі сөздерді графикалық бейнелеу. Бір-бірімен байланыстыра отыра, тақырыпты дөңгелектер мен сызықтар арқылы жүйемен толтыру. Мысалы ең ортасындағы дөңгелек тақырып, ал айналасындағы осы тақырып мазмұнын ашатын негізгі ұғымдар.



    Мысалы, сен көсемше туралы не білесің деген тақырып бойынша оқушының жасаған жұмысы:

    Сабақтың тақырыбы: Көсемшеден өткенді қайталау

    Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың көсемшеден алған білімдерін саралап, әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы білімдерін толықтырып, бекіту;

    2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есту, қабылдау қасиеттерін, зейінін, ақылын, дүниетанымын дамыту;

    3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

    Сабақтың типі: дәстүрлі емес

    Көрнекілігі: сызбалар, сұрақтар, қанатты сөз жазылған плакаттар

    Әдіс-тәсілі: қайталау, жаттығу, байқау, кітаппен жұмыс істеу, сұрақ, грамматикалық талдау, өз бетімен іздену, венн-диаграммасы, топтастыру

    Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, этнопедагогика

    Барысы:

    Ұйымдастыру. – Сәлеметсіздер ме, оқушылар?



    І. Ой шақыру. Көсемше деген не? Сол сұраққа жауап беру үшін, көсемшені топтау стратегиясы бойынша топтастырайық.

    Көсемшенің -а, -е, -й, етістіктің

    -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі категориясы

    тұлғасы бар.




    Каталог: ld
    ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
    ld -> Қош келдіңіздер!
    ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
    ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
    ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
    ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
    ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
    ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
    ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
    ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет