Кіріспе І. Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп


КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет2/35
Дата22.12.2021
өлшемі0,82 Mb.
#127599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
1. Топтық жұмыстарда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 2. Топтық жұмысты бағалау ерекшеліктері
14, Практикалық жұмыс 9 (1), мотив, Тапсырма лгілері ж не балл ою кестесі 2-то сан бойынша жиынты
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Егеменді елімізде болып жатқан түбірлі жаңарулар, ізгілендірілген қоғам құруға беталыс, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім мазмұнын , оқыту әдісттемесін жетілдіру, бүкіл білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін педагогикалық жаңаша ойлау , тың ізденістерге жол ашу сияқты көкейтесті мәселелерді алға тартты. «Қазақ мектептері қандай болу керек? » деген өзекті сұрақ та өз жауабын тосуда. Мектеп оқушыны бұрыңғыдай өз талабына ғана тәуелді ете оқытудан бас тартуы, бала қабілеті, сұранымына қарай ынтымақтастықпен жұмыс істеуі керек.

Қазақ халқы өз еркін өз қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды білім мен тәрбие ісіне көңіл бөліп, өзіндік бағыт ұстап, жасампаздық жолға меңзейтін әдістер ұсынуда.

Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осы міндеттерді жүзеге асыруда  мектептің әдістемелік жұмысының алатын орны ерекше. Мектеп мұғалімдері арасында өтілетін түрлі әдістемелік отырыстар жаңаша түрде ұйымдастырып өткізуді дәстүрге айналдыру керек.

Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетіне айналды. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы мүмкін.

Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік     педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.

Бүгінгі мектепке оқушы ақпаратты өте көп біліп, меңгергенімен , оны қолдану , өз қажетіне жарату жағдайында қиындықтарға кездесетіні ешкімге де жасырын емес. Соңғы уақыттарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы туралы жиі айтылып, әсіресе , тілдік дағдылары дамытудың өзекті мәселелері қарастырылып жүр. Бұл білімнің болғанымен , қолданылуының төмен деңгейде екенін көрсетеді. Сондықтан да білім мазмұнын жаңарту –уақыт күтпейтін талап.

Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат "Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында" бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай делінген: "Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет".

Білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі танда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу - біздің зерттеуіміздің негізгі мақсатын құрайды. Тәжірибелік әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критеррийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен байланысты талап ету мәселесі - педагогикалық психологияның негізін құраушы принцип болып табылады (Д.Б.Эльконин, Н.Ф. Талызина).

Қазақстандық психологтар С.М.Жақыпов, Ж.Ы. Намазбаева, Қ.Б.Жарықбаев, Х.Т.Шерьяздановалар еңбектері де осы оқыту процесінде басшылыққа алатын пікірлерді алға тартады.

Жалпы білім берудің Қазақстандық моделі негізі болуы үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын азаматтық және отан сүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет.Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет