Кіріспе жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет10/59
Дата28.04.2020
өлшемі0,95 Mb.
#64966
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Байланысты:
Ауру атауларының семантика-лексикалық

Емдік өсімдіктер.

Қазақтар қолданған дәстүрлі тәжірибеде дәрінің мынадай түрлері бар:



Оқ дәрі: араның балынан балшық дәрі жасалады, оқтың үлкеніндей дәрі жасалады. Талқан дәрі: Ұзақ дауалауға тиісті болған ауруларға берілетін күрделі дәрілерді залалсыздандырған соң, талқан дәрі дайындап береді. Атпа дәрі: қан же, мұрын өтпесі, қабынуы сияқты мұрын жолы ауруларына насыбай ретінде атқызады. Шөп дәрі: шөп дәрілерді қайнатып, бөліп сүзіп алған соң бұғы мүйізі, меруерт тасы, сиыр өтін қосып дайындайды. Сорпа дәрі: шөпті қайнатып, суын сүзіп алып оған шекер, яки сүт қосып ішкізетін дәрі. Тамшы дәрілер. Ішуге, көзге, құлаққа тамызу үшін әртүрлі дәрілерден түрлі мөлшерде әзірлейді. Сылама дәрілер. Аю, борсық, жылқы, қаз, т.б жануарлардың іш майларын шыжғырып, сылап жағуға әзірлейді. Шәрбат дәрілер. Бірнеше түрлі дәрілерді суда қайнатып, оған шекер, бал қосып әзірлейді. Бұл дәрілер балалардың ішуіне қолайлы болады. [16;13]

Адыраспан. Емдік, шипалық қасиеті мол, халықтық ем-домда көп қолданылатын өсімдіктердің бірі. Адыраспанды жиып аларда «Ассалаумағалейкум, адыраспан! Ем болсын деп жіберді Омар, Оспан» деп айтса шөптің емдік қасиеті жойылмайды деп сенген. Дене сырқырағанда, аяқ-қол қақсағанда, желқұздан қозған буын ауруы, құяң, адамға тіл, көз тигенде пайдаланады. «Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айрықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек. Адыраспанды ирак халқы «уарау аспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен. [17]

Ақжалбыз||Піннә. Біржылдық немесе көпжылдық шөп. Алақан түлеп, аяқ қотыр болғанда, асқазан мен ішектің жедел қабынуына, күн өткенде, тұмауратып, бас ауырғанда.

Ақжүрек. Көпжылдық шөп тектес өсімдік. Жас балалардың кеңірдек қабынуына, тұмаудан асқынған жөтелге.

Аққайың. Қапқа салған аққайың жапырағын, күн көзіне тастап, борсыған соң, төсекке салып жаймалап, науқас адамды үстіне жатқызады. Бірнеше сағат терлетеді. Тәсіл «аққайың бұлауы» аталады. Қазақ тарихында небір «қайың сауған, ел ауған» қиын замандарда , жұт кезінде адамдар қайың шырынын талғажау еткен. Оны алу үшін көктемгі бүрленген шағында қабыршық сызаттары арасын тесіп, оған шүмек жілікті көлбеу орналастырып ағызып алады. Ғылымда диетотерапия аталатын мұндай шаралардың бір түрі емшілік тәжірибесінен туындаған жарату, ашықтыру амалын атайды.

Ақкекіре. Жөтелге, қан құсқанда, туберкулезге.

Аққорғасын. Безгек, битті, шыбын, масаны өлтіру үшін, сіреспе ауруына, тісті құрт жеп ауырғанда.

Аққыша. Біржылдық өсімдік. Буын қабынуында, тұмауға.

Ақлобы. Көкөніс, тұқымы. Асқазандағы желді айдау, жөтел, құлақтың қабынуында.

Ақнар. Сүйел, шиқан, сыздауық шыққанда.

Ақтерек. Теміреткі. Ақтеректі өртеп, күлін ыстық майға араластырып жағады.

Ақшекер. Қант қамысының сығып алынған шырынынан жасалған шекер. Ас сіңбей жатқанда ақшекерді араққа ерітіп ішеді.

Ақшұғынық. Шөптесін өсімдік. Қан қысымының жоғарылауы, тершеңдік.

Алақат. Өсімдіктің тамыр, сабағын дәріге пайдаланады. Бел омыртқаларының қақсауы.

Алмұрт. Қуық пен несеп жолдарының қабынуы. Алмұрттың жапырақтарын қайнатып ішкізеді.

Алоэ. Сыртқы жараның қанауы, тісті құрт жеу, үлкен дәреттің құрғауы.

Алпиния тұқымы. Несеп тоқтамау, іш өту. Суға қайнатып ішеді.

Алтай усойқысы. Жылан шағу, асқазан рагы, тұмау.

Анар гүлі. Бүйрекке тас байлану, жұмыр құртты түсіру, мұрыннан қан тоқтамау.

Арала. Ағаштың жемісі, дәмі ащы. Асқазан мен ішек жаралары, көру қуаты төмендеу, шашқа ақ түспеу үшін пайдаланады.

Арпа бедиян. Шөп тектес өсімдік. Жылан шағу, шыжың, ішекті қара суық алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет